УМКД 042-18-2.1.001/03-2016
|
Басылым №_____
____________________
|
Бет -
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042-18-2.1.001/03-2016
|
«Менеджмент» пәнінің оқу-әдістемелік материалы
|
Басылым № 1 08.09.2016ж.
|
5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандығы студенттері үшін «Менеджмент»
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей 2016
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Басқару- бұл ұйымның мақсатын құру және оған жетуді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бқылау процессі
3аңдылық - бұл тұрақты, құбылыстар арасында қайталанатын байланыс.
Методология –бұл зерттелетін мәселенің нақты құрылымы.
Ұйым – бұл адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа жетуuе арнайы түрде бағытталған
Бизнес – жеке бастың, мекеменің пайдасын арттыруға бағытталған іс, кәсіпкерлік, сауда.
Биржа – ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды көтерме нарықта стау, мұнда бағалы қағаздар да, шетелдік валюта да сатылады.
Бәсекелес - әдетте, бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топ-тоқа бөлінген адамдар тоды және фирмалар мен кәсіпорындар түседі. Бәсекелестердің әрекет етуі әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Шаруашылықтар арасындағы бәсеке – бұл жұмыс нәтижесін жақсартуға бағытталады.
Делдал – бәлгелі бір келісімді үйлестіруші, оғвн көмектесуші делдал адам.
Менеджмент ұғымы - өндірісті басқару, өндірісті басқару принциптерінің әдістерінің құралдары формаларының жиынтығы.
Менеджер - өндірісті, өткізу және қызмет көрсету саласындағы босқару жөніндегі кәсіптелген маман, оның қолында белгілі бір әкімшілік, шаруашылық, дербестік болады. Бизнес дегеніміз – белгілі бір өнімді, тауарды сату арқылы пайда табуға бағытталған қызмет.
Құн өлшемі – ақша кез – келген нәрсенің құнын бізге түсінікті түрде жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, 10 жұмыртқа 85 теңге болса, жұмыртқаның құнын ақша арқылы есептей аламыз.
Жиналатын қаржы – сонымен біз ақшаға тауар беріп ал ақшаны бас тауар сатып алу үшін қолдануымыз керек.
Менеджменттің негізгі түрлері.
Ұйымдастырушылық басқару оның негізгі объектілері, ұйымды құру процестері, ұйымды басқару жүйесін және құрылымын қалыптастыру, инструкцияларды құрастыру нәтижесінде ұйымды қалыптастыру қалыпты жағдайлары құрылады.
Өндірісті басқару техникалық процестіңнегізгі параметрлерін қолдауға бағытталады. өнімді шығарудың ағымдағы көлемі анықталады. Құрал жабдықтарды және техниканы жөндеу баға санасына бақылау жасау.
Материалдық техникалық қамсыздандыру мен дайын өнімнің өтімділігін басқару. Шаруашылық келісім шарттарды бірлесе отырып жасау шикізаттарды материялдарды сақтау, жеткізу, сатып алу, сатып алушыларға немесе тұтынушыларға тауарды жеткізу.
Инновациямен басқару. Жаңалықтарды енгізу, яғни ғылыми зерттеулер нәтижелерінің объектілері өндіріске жады енгізе білу.
Маркетингті басқару. Нарықты зерттеу сұрақтарымен айналасады. өтімділіктің каналдарын қалыптастыру, баға саясатын талдау жарнамасын жасау.
Кадрларды басқару. әлеуметтік басқару түрінде кең тараған маманданған кадрларды дайындау еңбекті ынталандыру жұмысшылар жұмысшылардың еңбегінің жағдайларын жақсарту еңбектік дауларды шеше білу.
Қаржылық басқару. Ұйымның қаржының жоспарын құру, қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу ағымдағы және алдағы қаржылық жағдайға баға беру.
Функция дегеніміз – міндеттерді н/е мақсаттарды шешу жиынтығы. Жоспарлау кез келген ұйым және фирманың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру, қызмет ету стратегиясын таңдайды. Өнімді алдағы уақытта қалай өтетіндігін жоспардайды.
Ұйымдастырушылық функция. Ұйымды және фирманы құру оның құрылымын қалыптастыру қамтамассыз ету.
Бағыттау функция. Ұйымның жұмысын жақсы жоғары нәтижеде алу үшін бағыттай білу, шығынсыз жұмыс істей білу.
Мотивациялық функция. Жұмысшыла және кәсіпорын басшылары шығынды аз жібере атырып, жоғары пайда алуға ұмтылу керек.
Бақылау функциясы. Ұйымның қызметінің нәтижелерін және оның қызметкерлерінің жұмысын белгілі бір уақыт өйткеннен кейін бақылап, бағалап, тексеріп тұру
Мақсат дегеніміз – нақты соңғы жағдай және қалаулы жетістік. Бұған жетугу әрбір топ ұмтылады.
Құрылым дегеніміз – басқару деңгейлерініңлогикалық қарым – қатынасы.
Технология – бұл құралдардың инфрақұрылымының жабдықтардың квалификациялық дәрістердің техникалық білімдердің жиынтығы материалда, материалда ақпаратта, адамдарда қажетті анықталған өндіріс тәсілі.
Комуникация – бұл екі немесе бірнеше адамдар арасындағы ақпаратпен алмасу процесі.
Сыртқы комуникация бұл кәсіпорынның сыртқы ортамен қатынасы.
Шешім – бұл альтернативаны таңдау. Шашім түрлері: 1. алдын ала бағдарланылған шешім. 2. бағдарланылмаған шешім. 3. интуитивті. 4. талдау негізіндегі шешім. 5. ұтымды шешім
Интуитивті – адамның ойында қалыптасқан шешім. Талдау негізіндігі – интуициямен қатар өйткен, тәжірибеде қолданылған білімдер мен шешілген шешім. Ұтымды – объективті аналитикалық басқару процесі негізіндегі қабылданған шешім.
Шешім – нақты өмірді, объектіні қарапайым түрде көрсету.
Статегиялық жоспарлау – жетекшімен қабылданатын әреккеттермен шешімдер жиынтығы, бұлар арнайы статегияларды дайындауға көмектеседі, негізінен ұйымның мақсатына жетуге арналады.
Стратегия – бұл грек тілінен аударғанда генерал өнері деген мән береді. Стратегия жан жақты бөлшекті кешендік жоспар.
Миссия – ұйымның құрылуының ерекше себебі миссияны қалыптастыруда келесі жағдайлар есепке алынады.
Процедура – нақты жағдайда қабылданатын әрекеттердің жиынтығы.
Ереже – нақты жағдайда да не істеу керектігін көрсетеді.
Саясат – шешім қабылдаумен әрекеттердің жалпы бағдарламасы.
Тактика – нақты қыска мерзімдік стратегия.
Бақылау – бұл ұйымның мақсатына жетуді қамтамасыз етуші процесс.
Мотивация - өзін және басқаларды ұйымның мақсатына жетуге ояту және ынталандыру процесі.
2. Дәріс тақырыптары бойынша қысқаша түсініктеме.
Модуль 1 Менеджменттің теориялық-әдістемелік негіздері
Тақырып 1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай тұсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология ,өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
2. Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. “Менеджер бұл жауынгер ” оған қателесуге болмайды. Өзінің жеке мүдесін фирма мүдесіне бағындыра білдіруге өзінің жанұясы фирманың гүлденуі үшін күресуі тиіс.
Жапонияда менеджер мектебінің негізгі жапон корпорациларын болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орның жүздеген тыңдаушылар осы өсиет қайталайды. Менеджердің табиғатына Дракер осындай сипаттама береді. Оның пікірінше менеджер арнайы екі міндетті атқарады және ол міндеттер әскер кәсіпорын жұмыскерлерінде ешқайсында жоқ. 1. Қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндіріс құру.
Кезкелген шешімді қабылдау іс- әрекетке кіріскенде.
Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады.
А) Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды.Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады.
Ә) Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет.
Б) Менеджер көтермелу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады.
В) Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді.
Г) Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.
3. Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.
Менеджмент даму кезеңдерін теориялау және практикалау қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.
1. Ежелгі кезең б.з.д. 9 – 7 ғ. бастап бұл ең ұзақ дамыған кезең. Қазіргі 18 ғасырға дейін қамтыды. Кезең бастапында басқару тәжірбиесі өте баяу жиналды. Алғашқы қауымдың құрылыс бірігіп етуді басқару және ұйымдастыру үшін 9 – 7 мың. жылдары таяу Шығыста шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне көшу бастабында, яғни өндіруші экономикалық басталды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикалық көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египет мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірбиесі болды. Бұл уақытта дамыған мемлекеттік басқару апараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты.
Сократ грек философы басқаруды ерекше қызмет сферасы деп сипаттама берді.Ол әр түрлі басқару фориалар таңдау негізінде басқарудың жан – жақты принціпін алға қойды.
Платон ( 428 – 348 ж. ж. ) мемлекеттік басқару формаларын классификациясын жасады.
Александр Македонский б.з.д. 356 – 323 ж. ж. теориясын жауынгерлерді басқару және практикасын жасады.
2. Индустриялық кезең ( 1776 – 1890 ж. ж.) Бұл кезеңге мемлекетік басқарудың дамуынды А. Смит ол тек классикалық өкілі ғана емес. Ол еңбектің әр түрлі формалардың бөлінуі мемлекет пен мемлекет басшысына сипаттама берді. Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді. Р. Оуэннің өндірісті басқару әділеттілігі және жұмысының еңбек және жұмыс жағдайын жоғарлату мәселелері қазір маңызды байланысты. Басқару теорияның есептеу техниканың шығуы және пайдалануына байланысты. 1883 жылы ағылшын математигі Гэобидж қазіргі заманғы цифрлы машинаның үлгісі аналитикалық машина жобасын жасады. Оның көмегімен сол уақытынан бастап, басқару шешімдері оперативті түрде қабылдана бастады.
3. Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960 ж. ж. Басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты. Ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді. Негізінен алғанда менеджмент 19 ғасырда өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Өндірістің алғашқы типі фабриканың пайда болуын көптеген адамдарды жұмысын қамтитын қажеттілігі жекелеген қожайынның олардың басқаруынан мүмкіндік болған жоқ. Соның нәтижесінде ең жақсы жұмысшылар таңдап, оларды оқыта бастады. Олар алғашқы менеджер болып табылады. Менеджмент облысындағы алғашқы зертеулер классикалық мектеп арқылы жасалынады. Зерттеулер нәтижесінде адамдар қасиеттер бойынша параметрлі анықтап көмектесе алмады.Қорытындыда мінез – құлық концепциясы маңызды емес тұжырымға келуге болады.Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор жасады. Ол адам тиімділігі емес, ұйым қызметінің тиімділігіне қарады. Ғылыми басқару мектебінің дамуына әкелді. Ғылыми басқару концепциясы арқылы менеджмент тұрақты ғылыми зерттеу Тейлор өзінің фабрикалы басқару менеджмент. Еңбектің түрі ғылыми қалыптасты Жылберт есімдерімен байланысты. Олар еңбек қозғалысы аймағына зертеулер жүргізді. Тронометражды сонымен қатар жұмыс орнының ұйымдастыру ғылыми принципін жасады. 1916 жылы зертеуде тұтас бағыт қалыптасқан. Алғашқы ғылыми мектеп бірнеше атаумен аталады.
а) Ғылыми
ә) Классикалық
б) Дәстүрлі
Бұл идеяның басқаруының бірі Анри Файоль болды. Ол басқару процесін бес негізгі фунцияға бөледі:
а) Жоспарлау
ә) Ұйымдастыру
б) Мамандарды таңдау, орналастыру
в) Жетекшілік ( мотивация )
г) Бақылау
Фаели еңбегінің арқасында фирманың ұйымдастырушылық құрлымы деген ұғым қалыптасты. Фаельмен жасалған принцптерін басқарушының бір түрі әкімшілік, тұрақты қорытындысы деп мойындады. Менеджмент облысындағы дамудың тағы бір кезеңі 1930 жыл. Осы мектептің өкілі Оуэн фабрикадағы адам жағдайын жасады. Адамгершілік мектебі пайда болды. Беки борастик мектеп ( тәртіп) мінез құлықтарын бақылады.
Ақпараттық кезең 1960 – 2000 . Осы кезден сандық ықпал пайда болды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру
3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Тақырып 2. Менеджменттегі жүйелі ықпал
1.Жүйенің кез келген типке қолдану бір шама шақты абстракты ұғым. Философияның жүйелер сандар жүйесі, байланысты жүйелері, белгілі беру жүйелері, құрал жүйелері дегендер болады. Жүйенің біреуі физикалық техникалық мәндеріне концепцияның өзіндік үлесімі болып саналады. Жүйелік бұл табиғат құбылысының жалпылама қасиеті. Қоғам әр қашанда ұйымдастыруда болады және белгілі бір жүйе ретіндежұмыс істейді. Карл Маркс осы тарапында қоғам тұтас ретінде дамиды деп көрсетті. Табиғи байланыс осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болды. Оның мақсаты дамуы қоғамның барлық элементтінің өзінің бағындыруға немесе соған жетіспейтін орган құруға бағытталды.
Жүйе – күрделі бірлікті құрайтын бір – бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектінің жиынтығы немесе кешені белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп арналды, бірнеше білімнен тұратын тұтастық. Жүйе тұтастай құрлымды құрайтын жаңа қасиетке ие болған өзара әрекетесетін элементтің жиынтығы. Бүкіл жүйені шартты түрде 3 түрге бөлуге болады:
1. Техникалық
2. Биологиялық
3. Әлеуметтік - экономикалық
Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі дербес жұмыс істейтін бөлімдерін шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтықты түрде тарматар деп атайды.
Әлеуметтік – экономикалық жүйе ең күрделі динамикалық дамудың, өзін – өзі басқаруып жүйе саласына жатады. Әлеуметтік негізгі қасиеттеріннің белгілері тән: ал, мұның өзі оларды қалыптастырып жұмыс істеу және даму үшін айрықша маңызы бар.
2. Кез келген жүйеде элементер өзара тығыз байланысты әрі белгілі бір әдістерімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуі жүйедегі әлемдер арасындағы байланыс арқылы көрініп, ал олардың өзі заттың немесе ақпараттың болуы мүмкін. Кез келген жүйе сияқты кәсіпорын жекелеген элементтің ұйымдастыру бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрлымды құру. Әрбір элемент өзіне тән функция орындайды. Оның өзіндік орны болады және өзара тәуелділігі жүйеге қатынасы. Осыған байланысты болды. Жүйенің жалпы қасиеті – ол Иеиархиялық, яғни жүйеге неғұрлым енгенде оның элементіне ену және керсінше жүйе элементтінің дербесті ала отырп, өзі жүйеге айналды. Әр деңгейде жүйе өзінің белгілерімен және елшіліктермен өзгешеленеді. Құрлымдық заңдылық және жүйенің жақсы жұмыс істеуді көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер басқару буындары атқару міндеттер жүйедегі жалпы түрткі мақсатқа жетуге бағытталған. Егерде кез келген бөлімшенің басқару буынының мақсаты, бірақ тұтастай жүйе құрамына келмесе, онда жоғары деңгейдегі жүйе тарапынан енгізуін талап етеді. Әлеуметтік – экономикалық жүйенің маңызды қасиетті. Оның дербестігі және өзін – өзі басқаратындығы , бұл жүйенің белгілі бір заңдарға негізделген өздік басқару органы және өз бетінше өздігімен дамуынын қабілеті бар. Жүйенің 2 түрі бар: ашық және жабық.
1. Ашық жүйенің ерекше сыртқы ортамен тығыз байланысты энергия, мәліметтер, материалдар.Жүйе шекарасы арқылы енетін сыртқы ортадан мәліметтер енетін объектілер экономикалық, саяси бәсекелестік.
2.Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болды. Оның іс – әрекеті қоршаған орта жүйенің бір шама тәуелсіз.
Ашық жүйе өзін – өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның өмір сүруі сыртынан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады. Басшылар ашық жүйелерін жұмыс істеу ұйым сыртқы ортадан мәліметтер капитал адам ресурстарын материалдарды алады. Осы өнімдерін қызметтер ұйымның сыртқы ортаға шығын компонентер болып саналады.
3. Кез келген ұйымдастыру компониялар жүйе ретінде алуан түрлі затарды сыртқы экономикалық ортаға шығарды және одан кез келген өнімді немесе қызмет алуға сөйтіп, сыртқы экономикалық ұғымын белсенді қатысып орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элеметтеріне жататыны: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
- жұмысшы күші. Қойылған мақсаттқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету.
- баға деңгейі. Мәселен, инфляция (ақшаның құнсыздығы) коммерсиялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді.
- жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады.
- үкметтің қаржы және салық саясаты экономикалық ортаның маңызды элементі.
- сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта біру үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және нені алғысы келетіндігін біліп отыру тиіс.
Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсендік пен технология арасында тығыз байланс бар. Аумалы – төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүру үшін технологияның соңғы жетістіктерінен хабардарт болуы тиіс, өйткені оның өзі таур немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де, сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Жүздеген жылдар бойы америкалық әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенім қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмады. Бұлардың ең бастылары мыналар:
Сенімділіктің болатын себебі сол, жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
Бизнеске сену және кәсіпорын басшысын құрметтеу.
Тұрмыстың барлық саласында, әсіресе, іскерлік қыметте бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.
Жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына қарамаста құрметтеу.
Өз меншікіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік білімін саясй орынын құрметтеу.
Білімге сені және оны құрсеттеу.
Қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену.
Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына жәнеде бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланста болады. әдетте әлеуметтік қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесіне қабылданады.
Саяси орта, әдетте, саяси және үкмет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсендеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.
Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады.
Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байлансты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатындабасқару ықпалынжүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.
Бақарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жйынтығы.
Басқарушы жүйе – бұл «нені» немесе «кім» басқарады, ел басқарылатыны – «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар – «басқару субъектісі» мен «басқару объектісі».
Басқаратын және басқарушы жүйелер субъектіден объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен байлансты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Жүйенің тармақтары құру
Ашық және жабық жүйелердің ерекшеліктерін талдау
Менеджменттегі сыртқы және ішкі ортасына сипаттама беру
Кәсіпорнының басқару саясатын құру
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Тақырып 3. Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту
1. Өндірісті басқарудың ғылыми негізінде қалыптасты. Өткен ғасырдың соңында жүз жылдықта бастады. Ғылыммен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға жаратылыс техникалық білімінің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмысына ықпал етті. Менеджмент дәстүрлерді тарихты концепцияларды институт теорияларын практикалық қамтыды бүкіл адамдардың мәдениетінің басқару ісіне жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қаржылық еңбекті ұйымдастыру қажет болды. Соған байланысты сол кезден бастап ең озық ақыл – ой жетістіктер бел алды. Клот пен Джоттың басқару ақыл ойының тарих кітабында б.з.д. 5 мың жылдар бұрын шумерлер сына жазуды ойлап бастаған. Бастағанын анықтап Ресейде енді және өндірісті басқарудың бір қатар маңызды идеясы 1 Петр заманына байланысты. Ол мемлекетінің биліктің және терең экономикалық өзгеруінің бір қатар реформасын жүзеге асырды.
Ғылыми басқару мектебі Осы мектептің пайда болуы Ф. Тейлормен байланысты. Оның басты еңбегі Фабриканы басқару ғылыми менеджмент принцптері арнайы комисия алдында көрсетті. 1880 жылы инженер білімі алғаш американ ғалымы Ф. Тейлор еңбек процесін зертеп бастаған. Тейлор еңбегін жалғастырған Генрик Форт болды. И. Гант, Ф. Гилборт, Л. Гилберт, К. Стенфорт, Ф. Тейлордың негізгі қағидалары:
1.Практикасы қалыптасып дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми ірге тасын құру. Әрбір элементтің ғылыми тұрғыдан зертеген .
Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластыру практикаға енгізу жүргізгенде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
Еңбекті бір келкі бөлісу және әкімшілік арасындағы жауапкершілік.
Тейлор – пікірінше еңбек өнімдерінің артуы қожайынға да, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиялық түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдап отырып, мынаған келеді. Дәстүрлі әдістердің орнына ғылым, қарама – қарсылықтың орнына үйлесімдік, дербес жұмысшының орнына ынтымақтастық, еңбек өндіруші мектептің орнына еңбек өнімдері барынша арттыру. Оларға барынша қолайлы жағдай жасау, Тейлор жұмысының басты жүйе жекелеген жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару прцесін ұйымдастыру қайта құру болды.
Гилберт прибор ойлап шығарып, оны микропораметр деп атады. Оны кино камерамен қоса қолданылады. Белгілі бір операцияда қандай қозғалыстың және олардың әр қайсысы қаншама уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланады.
Эмерсон ойлап шығарған өнімдердің “ 10 принципі ” деген жұмысында жұртқа кеңінен мәлім болды. Ол кәсіпорының басқаруының принцптерін қарастырады, әрі тұжырымдады. Эмерсонның 10 принципі:
1.Дәл тұжырымдама мақсат. Басқарудың басқа деңгейде бұған жетуле әрбір басшы және оның қоласындағылар ұмтылды.
2.Болашақ мақсатты ескере отырып әрбір жаңа процесті таңдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу.
3.Білікті кеңес беру, өндіріске және басқаруға байланысты арналған білімнің қажеттілігі және барлық мәселелерде білікті кеңес бірлесіп ғана нәтижелі болды.
Барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіппен ережелерге бағыну.
Қызметкерлерге әділ төрелік.
6.Басшыны қажетті мәліметтерін қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп.
7.Ұжым қызметтің мұқият жедел басқаруды қамтамасыз ететін дисперчилік жұмыс.
8. Ұйымдастырудың бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығарды. Азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері.
9.Ең тиімді нәтижеге жетуде мүмкіндік беретін уақыт. Күш қуат және өзімдік құнының үлесін қамтамасыз ететін жағдайды халыққа келтіру.
10.Уақытты белгілеуді және әрбір операцияның кезегінен ұсынатын операцияның нормасы.
Ғылыми басқару қозғалыста АҚШ тыс жерлерге қала жерлерге Германия, Англия, Франция, Швеция және т.б Европа елдеріне кеңінен мәлім болды. Мұның өзі оларды басқару, ғылыми басқару, рациянализациялау, еібек ғылымын ұйымдастыру және т.б аттармен жайылды. Егер объектіні өндіріс бизнеске ғана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар саласында бірдей қолданылған басқа ұйымның ғылыми принцптер концепциясы қалыптасты.
Классикалық немесе әкімшілік мектебі 1920 – 1950 ж. Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеген негізінен өндіріс басқаруға арнады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінен артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принцптерін ойластырды. Бұл мәселелер Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.
Файоль пікірінше әкімшілік ету жан – жақты қызмет алқымымен қамтамасызданды. Басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу,қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік функцияны талдайды. Файоль оны 5 элементке бөліп көрсетті:
Жоспарлау
Ұжымдастыру
Басшылық ету
Үлестіру
Бақылау
Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принцптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принципінде басқарушылардың қызмет қалай орындау екендігін көрсетеді.
Файольдің функциямен принцптері уақыт кезінен ойдағыдай өтіп жаппай қолдана бастады.Файоль былай деп бастады басқару процес ретінде тәуелсіз саламен функцияға бөлінуі мүмкін. Классикалық мектептің өкілі Урвин Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамытып тереңдете түсті. Урвинде Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штабты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зертеулерінің түп қағазы ретінде пайдаланып отыр. Урвин формалді ұйым құру принцптеріне ерекше көңіл бөледі.
1.Құрлымның сәйкестігінде атап көрсетілетін әуелі ұйымдастыру құрлымын мұқият ойластыру, содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет. Арнайы және басштабты құру.
2.Басқаруды күрделене түсу ескеріп Урвин ұйымдастыруда штабтық мамандандардың маңыздылығын жете түсінді. Бар штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындаудың және таратуын күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар қызметін үйлестіруде басшылар көмек жасауға жатады.
3.Құқықпен жауапкершіліктің салыстырмашылығы.
4.Бақылау өрісі – басшыға тікелей бағынатын адамдар саны.
5.Мамандандыру басшы қызметкерлерге мамандандырудың 3 түрі болуы мүмкін:
1. Мақсат белгісі
2. Операциялар бойынша
3.Тұтыну түрлері немесе географиялық белгілер бойынша
6.Анықтық ұйымдағы әрбір қызметкер үшін міндеті жауапкершілігі басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жаз болса анықтауы тиіс тек сонда ғана ұйым қызметінің айқындығына қол жеткізуге болады.
Адамгершілік қарым – қатынас мектебі ( 1930 – 1950 ж. ) Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психологы жанадан дами бастаған кезде жарық көрді. Сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторының маңызын мойындай тұрсада олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу. Экономиканы ынталандыру және формальдік қызмет қарым – қатынас орнату секілді, нәрселер мен шектеледі. Адамгершілік қарым – қатынас жөніндегі қозғалыс ұйымының негізгі тиімді элементі ретінде адам факторы толық мойындай алмауында жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көз қарас табу кемшілікті шешу мақсатында пайда болатын. Адамгершілік қарым -қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп атайды.
Тейлор мен Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
Тейлор жүйесі
|
Мэйо жүйесі
|
Жұмыс істеушілерге энергетикалық ықпал ету
|
Психологиялық ықпал ету
|
Жеке еңбекке (кесімді ақыға) сену
|
Тоқпақ психологиялық заңдылықты ескере отырып, ұжымдық еңбекке сену
|
Жұмысшыларды әкімшіліктің ұйғару бойынша орналастыру
|
Жұмысшыларды өзара ұнатуына қарай топтау.
|
Жұмысшыларға интеллектуалдық іске қабілетсіз, «үйретілген маймыл» ретінде ықпал ету.
|
Жұмысшыларға творчестволық іске қаб ілетті адам ретінде ықпал ету
|
Жұмысшыларды өндірісті жақсарту туралы ойлауға тыйым салу
|
Жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру
|
Еңбек процесстеріндегі жұмыс тәртібін жиіжиі өзгертіп отыру
|
Өндіріс процесінде творчесволық бел сенділікке жол беру
|
Әкімшілік нұсқауын сөзсіз орындау
|
Жұмысшыларды өндіріс процесін тал- қылауға, онда тиісті шешім қабылдауға қатыстыру
|
Материалдық көтермелеу, жазамен қорқыту
|
Өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, олардың мақсатты фирма мақсатын сай келетіндігі туралы ынталандыру.
|
Жұмысшылардың ішкі өміріне басшылар тарабынан немқұрайды қарау
|
Адамдарға көңіл бөлу, мастерлердің қарамағындағы жұмысшыларға қамқор болуын насихаттау.
|
Мэйо «Уэстерн электрик компани» фирмасымен шартқа отырып, Хоторнс қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторларының ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс кезінде бүкіл АҚШ-қа әйгілі болған «Хоторенстік эксперимет» деп аталды.
1926 жылы «Фонд Рокфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіптік зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Мэйо жұмысын дамытты.
1933 жылы Мэйо «Индустриялық өркениеттегі адамгершілік қарым қатынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басыты идея – еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл-күйінің қажеттігі туралы. «Бақтты жұмысшы дегеніміз тиімді жұмысшы», деп тұжырымдайды Мэйо. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек өнімділігін барынша арттыру үшін, оны бақытты ету қажет.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің көрнекті өкілдері К. Арджерис, Ф. Ферцберг, Р. Ликатт, Д. Макгрегор, Р. Блейк т.б.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шығын топтардың ролін орындау, басқару практикасында топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жұйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынады.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» приципін қаты сынаға алып, биліктік тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатнасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын, әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осындай қортындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері бойынша топшылады: егер басшылар өз жұмыскерлері туралы көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет ету, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатнас жасауға барынша толық мүмкіндік беру арқылы адамдармен қарым-қатнас жасау амалдарын пайдалануды ұсынады.
Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін психология мен социологияның даму, зерттеу әдістерінің жетілдіру жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак Грегор, Фредрик Герцберг, бихевиористік мінез-құлық мектебінің басқа да өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипаттың, ұйымдық құрылымдардың, ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы сапасының алуан түрін жайларын зерттеді.
Бихевористің мектеп адамгершілік қатынас мектебінен едәуір ауытқып, адамдар арасындағы қатынасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағытта көбінесе адамдардың өз мүмкіндігіне ықпал етуге, ұйымды құруға және басқаруға негізделген. Тұтастай алғанда, бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарын тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастыру тиімділігін арттыру болады.
Мұндағы басты мәселе мынада: мінез-құлық туралы ғылымды дұрыс қолдану жеке жұмыскерлерді де тиімділігін акртыруға ықпал етеді. Алайда, менеджментті зерттеушілердің атап көрсеткендей, жұмыс мазмұнын, өзгертудің және жұмыскерлердің басқаруға қатысуы секілді амалдар тек кейбір жұмыскерлерге ғана, әрі кейбір жағдайда ғана тиімді болады екен.
Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
Шет елдегі басқару теориясының жаңа бағыттардың бірі – «басқару ғылымы» деп аталатын – басқару ғылымына сандық тәсілдер мен дәл ғылым аппаратын енгізуге тырысуымен сипатталады.
«Жаңа» мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р. Акофф, Л. Берланфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Н. Джорджекску – Реган, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер секілді ғалымдар жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеудің пайда болуына байлансты. Алғашында операцияны зерттеу сандық талдау әдістерін тұтастай, бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі.
Кейіннен операцияны зерттеу ғылымының дербес саласы ретінде қалыптасып, негізгі екі бағытта дамытылады.
Біріншісі, басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың матиматикалық моделін құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бөлуге, бұқаралық қызмет көрсету міндеттеріне, ескі жабдықтарды ауыстыруға, жұмыс уақытын реттеуге т.б. байлансты болады.
Екіншісі, жүйені зерттеуге – «жүйе техникаларын» құрауға айрықша мән береді.
Әрі қарай дербес ғылыми пән – басқару шешімдерінің теориясы қалыптасты.
Қазырғы кезде басқару шешімдерінің теориясы саласындағы зерттеулер мынандай бағыттарда жүргізіледі:
ұжымдарда шешімдер шығару процестерін математикалық модельдеу тәсілдері;
статистикалық шешімдер теориясын, құбылыс теориясын (теория игр) т.б. қолдана отырып қолайлы алгаритімдік шешімдер;
экономикалық құбылыстардың сандық қолданбасы жәнеабстрактілі матиматикалық модельдерді, соның ішінде қоғам мен жеке фирмалар ауқында ұдайы өндіріс модельдері; ғылыми-техникалық және экономикалық дамуды болжамдау модельдері («Паттерн», «Форекаст» т.б. жүйесі).
Қазіргі кезде рыноктардағы фмрмалардың стратегиясына байлансты салаларда зерттеу жұмыстары, ұйымды болжамдау мен қайта құру тәсілдері кең көлемде жүргізілуде. Рыноктардағы күшейіп отырған бәсекелестік және дербес өндірістік конгломеераттар құру, өзгеріп отырған факторға сәйкес жетістіктерге жету үшін фирмалар алдына ұйымдық құрлымды үнемі өзгертіп отыру проблемасы туады. Осы мақсатта жаңа ұйымдық фирмалар (матрицалық және басқа да құрлымдар), жан-жақты талдау жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа есептеу техникалары, барынша децентрализациялауға ықпал ететін жаңа басқару психологиясы, нақты міндеттерді қою мен шешу (мақсатты басқару) қолданылады 5 кестеде басқаруды дамытуға үлес қосқан төрт мектеп келтірілген.
Әр түрлі бағыттардың қосқан үлесі 5-кесте
Ғылыми басқару мектебі
|
Міндеттерді орындаудың таңдалуы әдістерін анықтау үшін ғылыми талдауды пайдалану.
Міндеттерді орындауға ең қолайлы жұмыскерлерді таңдау, оларды баулауды қамтамасыз ету.
Міндеттерді ойдағыдай орындауға қажетті ресурстармен жұмыскерлерді қамтамасыз ету.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін материалды ынталандыруды ұдайы және дұрыс пайдалану.
5. Жұмысты дернбес жоспарлау және ойластыру
|
Басқарудың классикалық мектебі
|
Басқару принциптерін дамыту.
Басқару функциясын бейнелеу.
3. Бүкіл ұйымды басқарудың жүйелендірілген ықпалы
|
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі және мінез-құлық ғылыми мектебі
|
1. Қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігін арттыру үшін адамдар арасындағы қатнасты басқару амалдарын қолдану.
Адамгершілік қарым-қатнас туралы ғылымды басқаруға қолдану және әрбір жұмыскерлерді қабілетіне қарай толық пайдаланатындай етіп ұйымды қалыптастыру.
|
Басқару ғылымы мектебі
|
Модельдерді ойластыру және қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсіндіруді тереңдету.
Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.
|
Шет елдегі басқару териясының барлық мектептері зерттеу тақырыптары мен тәсілдерін іздестіру үстінде. Соңғы он жыл шамасында менеджмент әр түрлі мектептердің жетістіктерін біріктірді, ал қазырғы кезде экономика ғылымының ссоциологияның, психологияның, кибернетиканың, жүйелер теориясының және шешімдер қабылдаудың табиғи жиынтығы болып саналады. Тиімді менеджмент қазіргі ғылыми-техникалық революция ағымында ерекше бағады. өйткені, сыртқы әлемдегі үдемелі және күрделі өзгерістерде, күн сайын шиеленісіп отырған бәсекелестікте, менеджменттің ролі зор.
Менеджменттің алуан түрлі тәсілі мен функциясы бар. Бірақ практикасының көрсеткеніндей, ең тиімді тәсілдердің бірі (экономикалық және әлеуметтік-психологиялық) - әкімшілік талап ету шаралары. Толып жатқан функциядан жалпылама ұсынылатыны: мақсат қою, болжамдау, жоспарлау, үйлестіру, реттеу, есептеу, талдау, бақылау. Даму функциясының да ерекше маңызы бар.
Менеджмент – жоғары нәтижеге жету үшін ресурстарды тиімті жүйеге асыруға жауапты «антрепенер» әлемі. Тек әр түрлі елдердегі ұлттық дәстүр ғана оны күрделендіре түседі. АҚШ-тағы бәсекелестік, Батыс Европадағы өзара тиімділік ара салмағы, Жапониядағы «біріңғай отбасы» факторы және Ұлыбританиадағы клубқа сенімділік. Менеджерлік дүрбелеңнің айқын дәлелдегені-менеджмент тек американдық ерекше белгі (атрибут) емес.
Достарыңызбен бөлісу: |