Умкд 042-18-35 63/01-20 Редакция №2



бет2/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#37266
1   2   3   4

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №7.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Көпқылтанды құрттар класы.

Мақсаты: Буылтық құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі.

Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

Сырғанайтын, жүзетін, қазатын және түтіктерде өмір сүретін полихеттердің құрылыс ерекшеліктері. Көбеюге байланысты биологиялық құбылыстар.


Аннелида типінің негізгі белгілері:

Буылтық құрттардың денесі бас жақтауынан, бунақталған кеудеден және артқы аналь жақтауынан – пигидийден тұрады.

Жақсы жетілген тері-бұлшықет қапшығы болады.

Екінші кезектегі дене қуысы – целом бар.

Ауыз тесігі кеуденің бірінші буынының құрсақ жағында орналасады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь жақтауынан және ұшында ашылатын аналь тесігінен тұрады. Көпшілік буылтық құрттарда жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі пайда болады.

Зәр шығару қызметін нефридий атқарады, әр бунақта бір жұптан болады.

Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Қарапайым құрылысты буылтық құрттар дара жынысты; кейбір аннелидтерде екінші рет гермафродитизм пайда болған.

Типтің төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфозды жүреді, дернәсілі – трохофора.

Көп қытландылар класы. Бұл класс 5300 түрден тұратын өкілдерге бай буылтық құрттар, негізінде теңізде тіршілік етеді. Көпшілігі белсенді қоғалып судың түбінде жорғалайды, шөгіндіні қазады және жүзеді; басқалары – қорғаныш түкшелерінде қозғалмай отырады. Біраз ғана өкілдері паразиттер.

Полихеттер класына тән белгілер: бас жақтауының сезім өсінділері жақсы дамыған, әрқашан да бір жұп пальпасы болады, қозғалмайтын полихеттерде қармалауыштар тәрізді өсінділер шашағына, яғни желбезектерге айналады. Дененің әр буынында бір жұп қарапайым аяқшалар – қылтанды параподийлер орналасқан.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №8.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Азқылтанды құрттар класы. Сүліктер класы.

Мақсаты: Азқылтанды құрттар және сүліктер туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Азқылтанды құрттар класының жалпы сипаттамасы.

Сүліктер класының жалпы сипаттамасы.

Жартылай паразиттікке көшуге байланысты азқылтанды құрттардың және сүліктердің құрылыс ерекшеліктері. Практикалық маңызы.


Азқылтанды құрттар класы. Олигохеттердің 3400 түрі белгілі. Алдыңғы бөлімінде кішкене қозғалмалы басжақтауы орналасқан, оның көздері, антенналары және пальпалары болмайды. Қылтан саны аса көп болмағандықтан аз қылтандылар деп атайды.

Ас қорыту жүйесі жақсы жіктелген бөлімдерден тұрады – жұтқыншақ, өңеш, етті қарын, ортаңғы және артқы ішек. Жауын құртының өңешіне үш жұп ерекше ізбес бездері ашылады. Қан айналу жүйесі көп қылтанды құрттардағы сияқты. Арқа қан тамыры және сақиналы тамырлары бар. Зәр шығару мүшелері бунақталып орналасқан көптеген метанефридийлерден құралған. Зәр шығаруға қатысатын хлорагогенді клеткалар ортаңғы ішек пен қан тамырларының үстінде жатады.

Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері аз қылтандыларда нашар дамыған. Көздері болмайды.

Жыныс жүйесі. Олигохеттер гермафродитті, гонадалары аз мөлшерде жыныс бунақтарында шоғырланған. Аналық жыныс жүйесі 13-бунақта орналасқан бір жұп өте ұсақ жұмыртқа бездерінен және 14-бунақта ашылатын бір жұп оймыш жұмыртқа жолдарынан, тұқымқабылдағыштардан тұрады.

Жауын құрттары айқас ұрықтанады. Олигохеттердің дамуы трохофора дернәсілінсіз жүреді. Жұмыртқалар пілләнің ішінде дамып, одан жетілген құрт шығады.

Сүліктер класы. Сүліктер еркін өмір сүруші жыртқыштар немесе басқа жануарларға шабуыл жасап, олардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Теңіз, тұщы су және сирек жағдайда құрлық жануарлары. Сүліктердің 400-ге жуық түрлері белгілі. Сүліктердің полимерлі жануарлар, бунақ сандары тұрақты, қылтандары жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы ұштарында бір-бірден сорғыштары бар, айқын бас және аналь жақтаулары болмайды. Целомы жойылып, қаны бар лакунды жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толып тұрады. Гермафродиттер, тура дамиды.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №9.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Тақтажелбезектілер класы.

Мақсаты: Былқылдақденелілер типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Былқылдақденелілердің құрылыс ерекшеліктері.

Бауыраяқтылар класының жалпы сипаттамасы.

Тақтажелбезектілер класының жалпы сипаттамасы.


Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типіне тән белгілер:

Былқылдақденелілер билатеральды-симметриялы жануарлар, кейбір өкілдерінің денесі асимметриялы.

Былқылдақденелілердің дене бітімі бунақталмаған.

Былқылдақденелілер – екінші кезектегі дене қуысы бар жануарлар. Целомның метамерсіз қалдығы жүрек қабы мен гонадалар қуысы түрінде берілген.

Былқылдақденелілердің денесі үш бөлімнен тұрады – бас, көкірек және аяқ. Көкірегі ішкі қапшық түрінде арқа жағына қарай үлкейіп өседі. Аяқ - дененің құрсақ қабырғасының бұлшықетті сыңар өсіндісі және қозғалу қызметін атқарады.

Көкіректің негізі үлкен терілі қатпар – мантиямен қоршалған. Мантия мен дененің арасында мантия қуысы орналасады да ішінде желбезектер, кейбір сезім мүшелері жатады.

Дененің арқа жағында мантия бөліп шығаратын қорғаныш бақалшағы болады, ол көбінесе тұтас, кейде қос жақтаулы немесе бірнеше тақталардан тұрады.

Көпшілік былқылдақденелілердің жұтқыншағында асты ұсататын ерекше аппарат үккісі немесе радуласы болады.

Қан айналу жүйесі қарынша мен жүрекшелерден тұратын жүректің болуымен сипатталады.

Тыныс алу мүшелері – алғашқы желбезектер – ктенидиялар.

Зәр шығару қызметін түрі өзгерген целомодуктылар – бүйректер атқарады.

Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді жүйке жүйесі деп аталады.

Былқылдақденелілердің дамуы көп қылтанды құрттарға ұқсас. Төменгі сатыдағы өкілдерінде дернәсілі трохофора, қалғандарында – желкенше пайда болады.

Былқылдақденелілердің 130000 түрі белгілі.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №10.

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

Мақсаты: Буынаяқтылар типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Буынаяқтылдар типіне біріктірілетін жануарлардың негізгі кластары.

Алғашқы су буынаяқтылары ретінде шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері. Маңызды өкілдері, олардың таралуы.

Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Теңіз, тұщы су және жерүсті теңаяқтылары. Кәсіптік шаянтәрізділер.


Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 20000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар.

Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары -– антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады.

Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №11.

Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

Мақсаты: Өрмекшітәрізділер класы, оның негізгі отрядтары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Семсерқұйрықтылар ерте заман су хелицералылары ретінде; олардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің шығу тегін түсінуде семсерқұйрықтылардың маңызы.

Өрмекшітәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің денесінің бөлімдерге бөлінуі.

Таралуы және тіршілік әрекеттері. Улы және адаммен жануарларға қауіпті өрмекшілер.



Өрмекшітәріздер класына 10 отрядқа жататын құрлық хелицералыларының 36000 түрі біріктеріледі. Олар өкпелерімен немесе кеңірдектерімен тыныс алады және коксаль бездерінен басқа құрсақта жатқан мальпиги түтіктері түріндегі зәр шығару аппараты бар.

Өрмекшітәрізділердің денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады. Кеуде бунақтарының бірігуі көпшілік өрмекшілер мен кейбір кенелерде байқалады. Баскөкіректе 6 жұп аяқтары болады. Алдыңғы екі жұбы - хелицералар мен педипальпалар тамақты ұсату және ұсату қызметтерін атқарады. Қалған 4 жұп баскөкірек аяқтары жүргіш аяқтардың қызметін атқарады және тырнақпен аяқталады. Құрсақтарында аяқтары болмайды.

Хелицералылардың жабындары кутикуладан, гиподермадан және базаль жарғағынан тұрады. Ас қорыту жүйесі әр өкілдерінде әртүрлі. Алдыңғы ішегі кеңейіп күшті еттермен қаруланған жұтқыншақ құрады. Алдыңғы ішекке сілекей бездері ашылады. Көпшілік өрмекші тәрізділерде ортаңғы ішегі ұзын. Бұларда ішектен тыс ас қорыту, ішекте және клетка ішілік ас қорыту байқалады. Көпшілік Арахнида – жыртқыштар, бірақ омыртқалылардың қанымен қоректенетін паразит түрлері және өсімдіктердің шырынын соратын, сол сияқты өсімдік қалдықтарымен қоректенетін көптеген өсімдік қоректі түрлері де болады.

Жүйке жүйесі әртүрлі. Бас миының құрылысы күрделі. Оның құрамына екі бөлім кіреді: алдыңғы – протоцеребрум және артқы - тритоцеребрум. Сезім мүшелері де әртүрлі. Өрмекші тәрізділерге өте маңызды механикалық, сипап сезу тітіркендіргіштер сезгіш түтіктері арқылы қабылданады. Көру мүшелері көпшілік түрлерінде болады.

Қан айналу жүйесіне остиялары бар жүректен және жүректің алдыңғы және артқы ұштарынан немесе тек қана алдыңғысынан бір ғана тамыр қолқа тарайды.

Жыныс жүйесі. Жыныс бездері құрсақта жатады және қарапайым түрлерінде қосарлы. Аталықтарында әртүрлі қосымша бездері, аналықтарында тұқым қабылдағыштар дамиды. Көп өрмекші жұмыртқа салады. Бірақ құршаяндарда, жалған құршаяндарда және кейбір кенелерде тірі туу байқалады.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.

Лекция №12.

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.

Мақсаты: Бунақденелілердің құрылысының ерекшеліктері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Насекомдардың құрлыққа, ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері.

Насекомдардың жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Бунақденелілер – Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ болып саналады.

Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады.

Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен. Олардың жабындары денені кеуіп кетуден сақтайтын эпикутикуламен жабылған. Оларда барлық мүшелерге дейін оттегіні жеткізетін кеңірдекті жүйе күшті жетілген. Олар буынаяқтылардың ішінде жақсы қозғалатын жануарлар. Сол сияқты олар ұшуға да бейімделган. Ұшу – бұл бунақденелілер эволюциясындағы маңызды прогресситві жетістік болып табылады.

Бунақденелілердің денесі анық үш бөлімнен тұрады: басы, кеудесі және құрсағы. Олар тек құрамына кіретін сегменттерде орналасқан өсінділер мен аяқтардың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.



Басы кеудеден анық бөлінген. Басы өте күшті хитинделген және бас капсуласына айналған. Вентральды жағында ауыз тесігі бар. Бас капсуласы ауыз аппараты мүшелерінің, антенналардың және көздің орналасу жері болса, ал ішкі жағынан бас миын жауып тұрады. Маңдай бет жабынымен, жоғары ерінмен, көзді қоса алғанда акронға сәйкес келеді.

Басының алдыңғы жағында жұп антеннасы, немесе мұртшалары болады. Мұртшаның кейбір буындарының мөлшері бекитін жерінде іріректеу, ал қалғандары – кішілеу, саны көп болып бірікенде бұрау құрайды. Мұртшалар жануар денесімен қозғалмалы байланысқан. Олар дәм және иіс сезу функцияларын атқарады.

Ауыз аппараты жоғары еріннен, жұтқыншақастынан, екі жұп жақтан және төменгі еріннен тұрады.

Кеуде үш бөлімнен тұрады: алдыңғы бөлім – алдыңғы кеуде, ортаңғы бөлім – ортаңғы кеуде және артқы бөлім – артқы кеуде. Вентральды жағындағы сегменттер стерниттер, ал дорзальды жағынан тергиттер деп аталады.

Кеудеде екі жұп қанаттары орналасқан, олар арқа жағынан дененің көп бөлігін жауып жатады.

Морфологиялық жағынан қанаттар аталықтарында жақсы жетілген, бірақ олардың қызметі нашар дамыған, ал аналықтарында олар тіпті редукциялануға дейін барған.

Кеудесінде үш жұп жүргіш аяқтары бар; сондықтан бунақденелілерді алты аяқтылар – Hexapoda (гексапода) деп атайды. Аяқтарының құрылысы біртекті; бірінші жұп алдыңғы кеудеге, екінші жұп ортаңғы кеудеге, үшінші жұп артқы кеудеге бекініп тұрады. Аяқ бес элементтен құралады. Негізгі буын – жамбас, ол жақсы жетілген, пішіні жалпақ ұзынша тақта тәрізді. Одан кейін кішкене буыны ұршығы бар, ол қозғалмай санмен байланысқан. Санға жалғасып жатқан сирақ жақсы жетілген; бұлар аяқтың ұзын бөліктері болып табылады. Соңында табан, ол өз алдына бес бунақтан тұрады. Табанның дистальды буынында тырнақтары бар, олардың арасында астыңғы жағында жастықша – пульвилла болады.



Кеуде мен құрсақ арасындағы шекара өте жақсы білінеді. Құрсақ мөлшері әртүрлі он сегменттен тұрады. Тергиттердің барлығы жақсы көрінеді. Кейбір бунақденелілерде церкийлері бар, бұлар иіс сезу мүшелері. Церкийлер түрі өзгерген құрсақ аяқтары.

Бунақденелілердің ауыз аппаратының негізгі қызметі қоректі тасымалдау. Бірақ бұл жалпы қызмет әртүрлі формада болады, яғни оның құрылысымен және ауыз аппараттарының әртүрлі типтерінің функцияларымен байланысты. Олардың шығу тегі бір болғандықтан әртүрлі құрылысты болса да олардың өзара байланысын және сәйкес мүшелердің ұқсастығын көруге болады. Ауыз аппарттарының төмендегідей типтері бар:

Ауыз аппаратының кеміргіш типі. Осы типтегі ауыз аппараты бар бунақденелі оның көмегімен ұнтақтауды, үзіп алуды, бөлшектеуді қажет ететін қатты қорекпен қоректенеді. Бұл ауыз аппараты түзуқанаттыларға, қоңыздарға және инеліктерге тән.



Жалағыш, немесе кеміргіш-жалағыш ауыз аппараты. Бұл ауыз типі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: жоғары ерін, жоғары жақ және тұмсық. Араның ауыз аппараты өсімдіктің шырынымен қоректенуге бейімделген. Ауыз тесігіне сұйықтықтың көтерілуі жұтқыншақ пен ауыз бөлімдерінің белсенді сору қызметі арқылы жүзеге асады.

Сорғыш ауыз аппараты. Барлық көбелектерге, немесе қабыршаққанаттыларға бір типті ауыз аппараты тән. Сыртқы түрі бойынша бұл ауыз аппараты да тұмсық болып табылады.

Тескіш–сорғыш ауыз аппараты. Бұл ауыз аппараты сырт жағынан қарағанда тұмсық сияқты, бірақ алдыңғы қарастырылған ауыз аппараттарынан өзгешелігі бар. Қандалалардың ауыз аппараты жануар немесе өсімдік жабынының астындағы сұйық қоректі қабылдауға бейімделген.

Тескіш-сорғыш аппараты. Атқаратын функциясы бойынша ол қандаланың ауыз аппаратына ұқсас. Морфологиялық жағынан оны құрайтын бөліктердің ұзындығы бойынша ерекшеленеді.

Бунақденелілердің ішкі құрылысы. Бунақденелілердің ішкі құрылысы бұл буынаяқтылардың жер үстінде құрылықта тіршілік етуге көшу ерекшеліктеріне байланысты. Құрсақтың барлық сегменттерінде түтік екі шетінде жұп остиялары бар камералар түзеді, остиялардың клапандары бар. Тамырдың бұл бөлігі жүрек деп аталады, оны үлпершек қуысы қоршап тұрады. Жүректің артқы бөлігі тұйық, алдыңғы бөлігі қолқаны түзеді және ол дене қуысына ашылады.

Дене бойымен үш жұп негізгі кеңірдек бағаналары өтеді. Кеңірдекті бағаналар сыртқы ортамен стигмалар арқылы байланысады. Әр бүйірлі кеңірдек барлық тыныс тесіктерін дененің бір жағынан байланыстырып тұрады. Стигмалар арқылы ауа бүкіл кеңірдекті жүйеге еркін өтіп, кез келген мүшеге және ұлпаға барады.



Ас қорыту жүйесі және зәр шығару мүшелері. Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады; оның артқы бөлігінде сілекей бездерінің жолдары ашылады. Сілекей бездері жұп, шоқ тәрізді, күшті жетілген және жұп резервуарларымен байланысқан. Одан әрі ол жұтқыншаққа барады, ол қысқа түтік тәрізді өңешке жалғасады. Өңеш біртіндеп қап тәрізді жемсауға айналады, оның артында бұлшықетті қарын бар. Жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарын – құрамды бөліктер, немесе алдыңғы ішектің мүшелері.

Жемсауда қорек біраз бөгеледі және оған түскен сілекей әсерімен қорытылады. Шайнағыш қарынның күшті бұлшықетті қабырғалары бар.

Ортаңғы ішектің пішіні цилиндрлі түтік тәрізді. Алдыңғы бөліммен байланысқан шекарасында ол сегіз тұйық саусақ тәрізді өсінділер түзеді, олардың құрылысының және қызметінің ортаңғы ішектен айырмашылығы жоқ.

Эктодермальды артқы ішек бөлімдерге бөлінеді: ащы ішек – өте қысқа, тоқ ішек – салыстырмалы ұзын, ол кеңейген ректальды бөлімге ауысады және ол аналь тесігімен аяқталады. Артқы ішекте қорытылған қоректен судың сіңірілуі жүреді, қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылады.

Зәр шығару жүйесіне ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында радиальды орналасқан жіңішке түтіктер – мальпиги тамырлары жатады. Мальпиги түтіктері негізгі зәр шығару мүшелері болып табылады. Бөлінетін заттар несеп қышқылы, натрий және кальций тұздары және тағы басқалар. Зәр шығару жүйесінің қосымша мүшесіне майлы дене жатады, ол көптеген бунақденелілерде күшті жетіледі. Сонымен қатар, майлы дене насекомның ашығу кезеңіне қажетті қоректік заттар қорын жинауға қатысады.

Жыныс және жүйке жұйесі. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады.

Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглийлерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Бунақденелілердің постэмбриональды дамуы. Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №13.

Тақырыбы: Жасырынжақтылар класс тармағы. Толық түрленбей дамитын насекомдар.

Мақсаты: Толық түрленбей дамитын насекомдар туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Жасырынжақтылардың қарапайымдылығын және көпаяқтылармен жақындығын көрсететін құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.

Тарақандар отряды, құрылысының, дамуының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Түзуқанаттылар отряды. Инеліктер отрядының ауыз аппаратының құрылысынң ерекшеліктері, көбеюі және дамуы.

Теңқанаттылар – ауыл шаруашылығының зиянкестері. Қандалалар мен биттердің жыртқыш және паразиттік түрлері. Күресу жолдары.


Инеліктердің 3500 түрі белгілі, жыртқыштар. Басы және көздері үлкен, мұртшалары қысқа; екі жұп қанаттары күшті жүйкеленген және дене бойына жиналмайды. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; құрсағы ұзын, таяқша тәрізді.

Постэмбриональды дамуы толық емес метморфоз арқылы, дернәсілі суда тіршілік етеді және 3-тен 5 жасқа дейін дамиды. Дернәсілінің ересек күйге ұқсастығы және провизорлы мүшелері бар.



Біркүндіктердің 1000 шақты түрі белгілі. Ересек күйі қоректенбейді, жақтары редукцияланған, ішектері жетілмеген және ауаға толып тұрады; тіршілік ету ұзақтығы бір күннен бірнеше күнге дейін, қанаттары тыныштық күйде арқа үстінде вертикальды жиналып тұрады, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу, кейде рекдукциялануға дейін барады, қатты жүйкеленген; құрсағында 2-3 ұзын құйрық жіпшелері бар.

Постэмбриональды дамуы толық емес метамофоз арқылы жүреді, дернәсілі бірнеше жыл суда өмір сүреді, ересек бунақденеліге үқсас, бірақ кеңірдекті желбезектері түрінде провизорлы мүшелері бар.



Тарақандар отрядының 2200 жуық түрі бар. Қорек талғамайды, денесі жалпақ, басы жоғары жағынан алдыңғы арқамен жабылған; мұртшалары ұзын, қылтанақ тәрізді; ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; алдыңғы қанаттары терілі, үстіңгі қанаттарға айналған, артқы қанаттары жарғақты; тыныштық күйінде қанаттары құрсаққа жиналып тұрады; ақтары ұзын, жүгіргіш типті; құрсағында церкийлері бар. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.

Түзуқанаттылар отрядының 10000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректі бунақденелілер, ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш типті; екі жұп қанаттары тыныштық күйде құрсаққа жиналып тұрады; аяқтары секіргіш (артқы), кейде қазғыш (алдыңғы); құрсағында жұмыртқа салғышы бар.

Қандалалар отряды, немесе Жартылайқатқылқанаттылардың, 22000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректілер, өсімдіктердің шырынын сорады; суда өмір сүретін жыртқыш түрлері де бар; кейбір түрлері қансорғыштар. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш; екі жұп қанаттарының құрылысы әртүрлі: алдыңғылары жартылай элитраға айналған – негізгі бөлімі күшті қаңқаланған, дистальды бөлімі - жарғақты; артқы қанаты жарғақты. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №14.

Тақырыбы: Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.

Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Қаттықанаттылар отрядының ауыз аппаратының, аяқтарының және қанаттарының құрылысының ерекшеліктері. Қоңыздардың дернәсілдерінің негізгі формалары. Зиянкес және пайдалы қоңыздар.

Көбелектер отрядының құрылыс ерекшеліктері. Көбеюі және дамуы. Көбелектер – орман, бау, бақшалардың зиянкестері. Негізгі тұқымдастары.

Жарғаққанаттылар, қосқанаттылар отрядтарының құрылысының ерекшеліктері. Қоғамдық насекомдардың ерекшеліктері. Құмытылардың, қансорғыш масалардың, соналардың және т.б. таралуы, тіршілік орны, тіршілік әркеттері. Күрес жолдары.


Қоңыздар отряды, немесе Қатқылқанаттылардың, 250000 түрі белгілі. Тіршілік ету орталары және жағдайлары, әсіресе қоректену типтері алуан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; жабындары қатты қаңқаланған; алдыңғы қанаттары элитраға айналған.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі нағыз, немесе аяқсыз; қуыршағы ашық типті.



Жарғаққанаттылар отрядының 90000 түрі бар. Өсімдікқоректілер, паразиттер және жыртқыштар; тіршілік әрекеттері аулан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-жалағыш, кейде кеміргіш-шайнағышқа жақын келеді; аяқтары әртүрлі құрылысты, оның ішінде жинағыш та бар; екі жұп жарғақ қанаттары нашар жүйкеленеген; артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілдері жалғанжұлдызқұрт немесе аяқсыз типті; қуыршағы бос.



Қосқанаттылар отрядының 85000 түрлі белгілі. Биологиясы өте алуан түрлі; өсімдіктердің ұлпалық сұйықтығымен, ыдыраған және басқа заттармен қоректенеді; қансорғыштары да көп. Ауыз апараты тескіш-сорғыш, кейде шыбынға ғана тән құрылысты; бір жұп алдыңғы қанаттары жарғақты; екінші жұптарының орнында – колба тәрізді ызылдауықтары бар; дене жабындары әлсіз қаңқаланған.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі аяқсыз типті, кейде құрттәірзді дернәсіл; қуыршағы бос немесе жалған піллә типті.



Қабыршаққанаттылар отряды, немесе көбелектердің, 140000 түрі белгілі. Ауыз аппараты сорғыш түтікті, басының төменгі жағында спиральды иілген; екі жұп қанаттары бар, бүкіл денесін және қанаттарын микроскопиялық қабыршақтар жауып тұрады.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі – кеміргіш ауыз аппараты бар жұлдызқұрт; қуыршағы жабық немесе піллә типті.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №15.

Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.

Мақсаты: Тікентерілілер типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Тікентерілілер типіне біріктірілетін жануарлар кластары: теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, офиурлар немесе жыланқұйрықтылар, теңіз кірпілері және голотуриялар немесе теңіз қиярлары.

Барлық осы кластар өкілдеріне тән және тікентерілілер типін сипаттайтын құрылыс ерекшеліктері. Тікентерілілердің көбеюі және дамуы: бөліну, гаструляция, дернәсілдерің негізгі типтері және олардың метаморфозы; мезодерманың түзілу процесінің ерекшеліктері, екінші ауыздың қалыптасуы.

Тікентерілілердің таралуы және тіршілік әрекеттері.


Тікентерілілер өте үлкен, 5000-ға жуық түрлері бар, теңіз түбінде еркін қозғалып, кейде ерекше сабақшасымен судың түбіне бекініп тұратын теңіз жануарлары.

Бұл тип төмендегі белгілермен сипатталады:

Тікентерілілерде радиалды және көбінесе бес сәулелі симметрия болады, бірақ олардың ата-тектерінде билатеральды симметрия болған.

Тікентерілілердің тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртына шығып тұратын ізбесті тақталардан құралған қаңқа дамиды.

Ішкі мүшелері өте кең дене қуысында жатады. Целомның бөліктерінің бірнеше күрделі жүйкелер қатарына жіктелуі, сол сияқты целомның есебінен қозғалыс мүшелері амбулакралды жүйесінің жасалуы тікентерілілер құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді.

Қан айналу жүйесі бар; тыныс алу мүшелері нашар дамыған немесе мүлде болмайды; арнайы зәр шығару мүшерлері жоқ.

Жүйке жүйесі примитивті және бір бөлігі тікелей тері эпителиінде немесе ішке батып жатқан дене қабырғасының эпителий бөлігінде жатады.

Тікентерілілер дара жынысты. Жұмыртқалары толық радиалды бөлшектенеді. Оларға диплеврула дернәсілі тән.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.

3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
Зертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы.

Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.

Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.

Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.



Сұрақтар:

Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?

Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?

Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?

Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?

Цистаға айналу себептері неде?

Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.

Стигманың фунциясы қандай?

Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.

Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?

Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 2.

Тақырыбы: Споралылар типі. Инфузориялар типі.

Споралылар типінің жалпы сипаттамасы. Тіршілік циклінің ерекшеліктері. Классификациясы.

Инфузория дамуының құрылысы. Туфелька мысалында инфузориялардың құрылысы. Инфузория отрядтары.

Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.

Тапсырмалар:

Омыртқалы жануарлардың ішщкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.

Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.

Сұрақтар:

Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?

Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?

Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?

Ядролық дуализм дегеніміз не?

Коньюгацияның биологиялық мәні неде?

Инфузориялардың классификациясының негізі неде?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 3.

Тақырыбы: Губкалар типі.

Губка бадяга мысалында губкалардың құрылысы.

Губкалардың классификациясы.

Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.



Сұрақтар:

Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?

Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.

Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?

Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 4.

Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.

Гидраның сыртқы және ішкі құрылысы. Гидроидтылар класы.

Сцифомедузалар класы.

Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.

Тапсырмалар:

Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.

Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.

Сұрақтар:

Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.

Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?

Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).

Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?

Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?

Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 5.

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі.

Билатеральды симметрия. Жалпақ құрттардың ішкі және сыртқы құрылысы.

Кірпікшелі құрттар класы.

Дигенетикалық сорғыштар және моногенетикалық сорғыштар кластары.

Таспа құрттар класы.

Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:

Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.

Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.

Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.



Сұрақтар:

Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады?

Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?

Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?

Турбелляриялардың жүйке жүйесі.

Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай?

Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?

Аралық және негізгі ие дегеніміз не?

Партеногенез дегеніміз не?

Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?

Таспа құртар қалай қоректенеді?

Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 6.

Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі.

Нематодтар класы. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен танысу.

Нематодтар класының құрылыс ерекшеліктері.

Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:

Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.



Сұрақтар:

Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?

Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?

Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?

Жұмыр құрттардың маңызы.



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 7.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.

Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы.

Көпқылтанды құрттар класы. Құмқазар мысалында көпқылтанды құрттардың құрылысы.

Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.



Сұрақтар:

  1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?

  3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?

  4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?

  5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 8.

Тақырыбы: Буылтыққұрттар типі.

Жауын құрты мысалында азқылтанды құрттар класының құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік әрекеттері. Классификациясы.



Сүліктер класы. Сүліктердің медициналық маңызы.

Мақсаты: Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырмалар:

  1. Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу.

  2. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?

  2. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.

  3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.

  4. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.

  5. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.

  6. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 9.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі.

Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы.

Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері.

Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:


  1. Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.

  2. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?

  2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?

  3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.

  4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?

  6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?

  7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 10.

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны.

Өзен шаянының және оның аяқтарының морфологиясымен танысу.

Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: циклоп, дафниялар.



Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.

Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.

Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.

Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.

Сұрақтар:


  1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?

  2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.

  3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?

  5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.

  6. Дафнияның тіршілік циклі.

  7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?

  8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 11.

Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

Өрмекшіәтәрізділердің жалпы сипаттамасымен танысу.

Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Классификациясы.

Кенелердің паразитті түрлері.



Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу.

Тапсырмалар:

Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу.



Сұрақтар:

  1. Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде?

  2. Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?

  4. Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс 12.

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.

Насекомдар класы. Насекомдардың сыртқы құрылысы. Бунақденелінің денесінің морфологиясын оқып-үйрену. Тарақанның денесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері. Насекомдардың аяқтарын салыстырмалы түрде оқу. Мұртшалардың, аяқтардың, қанаттардың типтерін қарастыру.

Насекомдарың ішкі құрылысы. Насекомдардың дамуы. Толық түрленбей және толық түрленіп даму онтогенездері.

Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.

Тапсырмалар:

Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.

Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.

Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.

Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.

Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.



Сұрақтар:

Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?

Абдоменде қандай аяқтар орналасқан?

Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?

Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?

Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?

Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты?

Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?

Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай?

Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?

Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?

Метаморфоз дегеніміз не?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 13.

Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.

Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.



Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырмалар:

Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.



Сұрақтар:

Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?

Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?

Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 14.

Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.

Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.



Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырмалар:

Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.



Сұрақтар:

Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?

Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 15.

Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.

Теңіз жұлдызының құрылысы.

Тікентерілілер типінің жалпы сипаттамасы.

Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.

Тапсырмалар:

Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.



Сұрақтар:

Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай?

Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай?

Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?

Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай?

Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?



Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

4. Курс жұмыстарының тақырыптары
4.1 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы – жетекші  жинақтап  бір қалыпқа  түсірген  тапсырмаларды  жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың  алғашқы  кезеңінде  студенттерді  зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  үшін  топтасып орындау  әдісін қолданады.

ҒЗЖ-ына  арналған  тапсырмаларды  келешегі  бар тақырыптар  бойынша  алған  жөн. Берілетін  тапсырмалардың  көлемі мен  мәнін студенттердің жеткен  жетістіктері  мен  бейімділіктеріне  қарай  бөлу  керек.

Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған  білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.



  1. Жер үсті-ауалы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары.

  2. Сулы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары.

  3. Су омыртқасыздарының экологиялық топтары.

  4. Омыртқасыздармен өсімдіктердің зақымдануы.

  5. Шаянтәрізділер класының түрлік алуан түрлілілігі.

  6. Ксилобионттардың комплексі.

  7. Тұщы су қоймаларының зоопланктоны.

  8. Су омыртқасыздарының әртүрлі топтарының тыныс алуға бейімделу ерекшеліктері.

  9. Бунақденелілер - өсімдіктердің тозаңдандырушылары.

  10. Қоңыздар – копрофагтар.

  11. Азықтық өсімдіктің бір түрінде тіршілік ететін бунақденелілердің түрлік құрамы.

  12. Мәдени өсімідктердің маңызды зиянкестері және олармен күрес жолдары.

  13. Ескі кесілген ағаштарда кездесетін омыртқасыздар.

  14. Инеліктер, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы.

  15. Бал арасы, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және маңызы.

  16. Өрмекшілердің құрылыс ерекшеліктері және биологиясы, түрлік құрамы.

  17. Улы омыртқасыздар.

  18. Өсімдіктердің жарғаққанаттылармен тозаңдануы.

  19. Өсімдіктердің қосқанаттылармен тозаңдануы.

  20. Өсімдіктердің қатқылқанаттылармен тозаңдануы.

  21. Омыртқасыз жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері.

  22. Қысқамұртты қосқанаттылардың түрлік құрамы.

  23. Жарғаққанаттылардың түрлік құрамы.

  24. Жартылай қатқылқанаттылардың түрлік құрамы.

  25. Қида кездесетін шыбындар.

  26. Тұщы су қоймаларының былқылдақденелілердің алуан түрлілігі.

  27. Насекомдар – энтомофагтар.

  28. Өзен шаянының құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы.

  29. Топырақты ортадағы тіршілікке бунақденелілердің бейімделушіліктері.

  30. Топырақ омыртқасыздарының экологиялық топтары.

  31. Топырақ қатқылқанаттыларының комплексі.

  32. Жауын құрттарының топырақ түзілісіндегі ролі.

  33. Былқылдақденелілердің құрылыққа бейімделушіліктері. Олардың өсімдік қалдықтарын ыдыратудағы маңызы.

  34. Топырақ әртүрлі мөлшерлі категориядағы омыртқасыздардың тіршілік ету ортасы ретінде.

  35. Топырақ кенелері, олардың топырақпен байланысы.

  36. Көпаяқтылардың тіршілік әрекеттері, олардың топырақтағы ролі.

  37. Аяққұйрықтылар, немесе коллемболалар – ұсақ топырақ буынаяқтылары.

  38. Қоғамдық бунақденелілер, олардың топырақпен байланысы.


5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1 өдік жұмыс

5.1 Қанды споралылар отряды. Безгек плазмодийінің даму циклі.


5.2 Маржан полиптері класы. Рифтердің маңызы.
5.3 Былқылдақденелілер типі. Олардың кәсіптік маңызы.

Кестені толтыр.



Былқылдақденелілер типі

Бауыраяқтылар

Қосжақтаулылар

Басаяқтылар











2 өздік жұмыс

5.4 Құстардың экологиясы.


5.5 Сүтқоректілердің экологиясы.
Пән бойынша тест тапсырмалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет