Умкд биохимия лаб



бет1/14
Дата24.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#133160
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
УМКД биохимия лаб


Лабораториялық сабақтардың мазмұны





Мазмұны

Сағат мөлшері

Орындау мерзімі,

1.

Қауіпсіздік техникасы. «Биохимия» практикумында жұмыс істеу

2

1

2.

Ақуыздарға тән сапалық және түсті реакциялар



2

2

3.

Ақуыздарды диализ арқылы тазалау



2

3

4.

Витаминдерге тән сапалық реакциялар



2

4

5.

Ортаның рН-ының амилаза фарментіне әсері

2

5



6.

Гормондарға тән сапалық реакциялар

2

6



7

Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау



2

7

8

Коллоквиум

2

8

9



Майдағы йод санын Маргошес әдісімен анықтау

2

9

10

Нуклеопротеидтер гидролизін зерттеу

2

10

11

Дише және Шварц әдісімен РНҚ мөлшерін анықтау

2

11



12

Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мөлшерін анықтау

2

12



13

Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау

2

13



14

Қан сарысуындағы темірді анықтау

2

14



15

Коллоквиум

2

15




Небәрі:

30 сағат

15 апта



Тақырыбы: Кіріспе. Химия лабораториясында жұмыс жасау ережелері. Тірі организмнің химиялық қүрамын зерттеу.
Химия лабораториясында жұмыс жасау ережелері.

Химия лабораториясында жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы мен ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажет. Жұмыс кезінде тыныштық сақтау керек, ал жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтау керек. Жұмыс столында артық зат болмауы кажет.



  1. Тәжірибе жүргізу үшін реагенттің тәжірибені дәл жүргізуге жеткілікті минимальді мөлшерін ғана алу кажет. Тәжірибеге тек оның теориялық негіздерін игеріп және оқытушының келісімін алғаннан соң ғана кірісуге болады.

  2. Жұмыс кезінде реактивтермен ластанбаған таза ыдыстарды ғана пайдалану керек. Сондықтан тәжірибенің артынша ыдыстарды жуып, ал әрбір аспап пен реактивті пайдаланғаннан кейін өз орнына қою керек.

  3. Жұмысты жөнсіз асығыстыққа берілмей, реактивтерді төкпей-шашпай істеу керек. Солай бола қалған жағдайда жұмыс орны мен киімді сол сәтте-ақ жуып кетіру қажет.

  4. Аспаптар мен реактивтерді құнттап ұстау керек. Қымбат тұратын және улы реактивтерді: сынаптың, мышьяктың, фосфордың қосылыстарын және т.б.суағарға төгуге болмайды, оларды арнайы сауыттарға төгу қажет.

  5. Пробиркаларға ертінділерді қыздырған кезде сұйықтың шашырауын болдармау үшін, пробирканы өз өсінен айналдыра тұрып немесе ыстық суға ("су моншасы") салып қойып, қызудың біркелкілігін қамтамасыз ету керек.

  1. Жеңіл тұтанатын заттармен жанып тұрған шамның қасында жұмыс жасауға болмайды. Улы және жағымсыз иісті заттармен жеңілдеткіш шкафтарда жұмыс жасау қажет.

  2. Химия лабораториясында тамақ жеуге және реактивтер мен ерітінділердің дәмін татып көруге тыйым салынады. Көптеген химиялық реактивтер улы заттар болып табылады!

  3. Егер сілтілерден уланса, онда лимон қышқылының немесе сірке қышқылының 2%-ды ертіндісін пайдаланады. Егер қышқылдардан уланса, онда натрий гидрокарбонатының 2%-ды ертіндісін пайдаланады. Газдардан уланған жағдайда, бөлмеге таза ауаның кіруін қамтамасыз етіп жедел жәрдем шақырту қажет.

  4. Концентрлі қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда ерекше сақ болу қажет. Денеге тиген концентрлі сілтіні (немесе қышқылды) тез арада судың күшті ағынының астында жуып, егер қажет болса, лаборанттан көмек сұрау қажет.

  5. Күшті қышқылдарды сұйылту үшін қышқылды суға құю қажет, ал керсінше еш уақытта істеуге болмайды. Қатты сілтілермен жұмыс кезінде қорғаныш көзілдірігін киіп алу қажет.

  6. Қышқылдан күйіп қалған жағдайда, сумен жақсылап жуғаннан кейін, жарақаттанған жерді натрий гидрокарбонатының 2 %-ды ертіндісімен жуады, ал сілтіден күйген жағдайда, сумен жақсылап жуып, жарақаттанған жерді сірке немесе бор қышқылының 2 %-ды ертіндісімен жуады. Егер әбден қызған заттардан күйіп қалса, онда жарақаттанған жерді спиртпен, вазелин немесе глицеринмен жуады!

  7. Тіліп алған жағдайда жараны сумен шайып, шыны сынықтарының қалып қоймағанын тексеріп, сосын оны йодтың спиртті ертіндісімен немесе сутек перексидінің 3 % - ды ертіндісімен жуады.

  8. Жеңіл тұтанатын заттармен (бензол, спирт, эфир және т.б.) өрт шыққан жағдайда, оны сөндіруге өрт сөндіргіш, құм, киізді қолданды.

Суды суда еритін заттар өртенген жағдайда пайдаланады. Киімге от тиіп тұтанған жағдайда еш уақытта жүгіріп қашуға болмайды. Мұндайда еденде домалап немесе киіз не ылғал матаға оранып, отты сөндіруге тырысу қажет.
14. Электр тоғы ұрған жағдайда, біріншіден, кернеу көзін сөндіру қажет. Бұл мүмкін болмаған жағдайда, зардап шегушіні қүрғақ ток өткізбейтін заттың көмегімен зақымдану аймағынан алып кетеді.


1. Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртібі.



  1. Студент әрбір сабақтың тақырыбы бойынша оның теориялық негізін білуге міндетті.

  2. Әрбір лабораториялық жұмыстың алдында студент тәжірибенің мазмұны және оны орындау техникасымен танысуға міндетті. Оқытушы студенттің берілген жұмысқа дайындығының деңгейін тексереді.

  3. Лабораториялық жұмысқа жіберілгеннен кейін, студент жұмыс орнының дайындығын тексереді және барлық жұмыс ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оны орындайды.

  4. Жұмысты аяқтағаннан кейін, оқытушыға жасалған жұмыстың нәтижелерін көрсетеді, жұмыс орнын ретке келтіріп, берілгендер мен бақылау нәтижелерін лабораториялық журналға енгізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет