Умкд биохимия лаб


- жұмыс Өсімдік пигменттерін хроматография әдісімен бөлу



бет7/14
Дата24.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#133160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
УМКД биохимия лаб

4- жұмыс
Өсімдік пигменттерін хроматография әдісімен бөлу


Сабақтың мақсаты:
Студенттерді өсімдік пигменттерін қағаздағы хроматография әдісімен бөлу және пигменттердің таралу коэффициентін /Rf/ анықтау жолымен таныстыру.
Әдіс принципі:
Жапырақтың жасыл түсі оның құрамындағы әртүрлі пигменттердің болуына байланысты. Оларды бөлу үшін қағаздағы хроматография әдісін пайдалануға болады.
Реактивтер мен құралдар.

  1. Жаңа жұлынған жапырақ.

  2. Фарфор табақшасы.

  3. Құм.

  4. Сүзгі қағаз.

  5. Ацетон.

  6. Химиялық стакан.

  7. Бор.

  8. Сүзгі қағаз қиығы.

  9. Шыны таяқша.

Жұмыс орындау тәртібі:
Ұсақталған 2 г жаңа жұлынған жапырақты фарфор табақшасына салып 2-3 г құм және 0,5-1,0 г бор қосып, ұнтақтайды. Алынған қоспаға аз-аздан 10 мл ацетон құйып, шыны таяқшамен араластырады. Табақшада біртекті қоспа пайда болған кезде оны құрғақ сүзгі қағазы арқылы химиялық стаканға сүзеді. Сүзілген ацетон экстрактысына сүзгі қағаз қиығын /2х11 см/ батырып, оның бір ұшын таяқшаға бекітіп қояды. Қағаз қиығы стаканның бүйіріне жанаспауы керек. 20-30 минуттан кейін сүзгі қағаз қиығынан түрлі бояулы өсімдік пигменттерінің бөлінуін байқауға болады. Әр пигменттің Rf жылдамдықтарының қатынасын Rfln/lp формуласы бойынша анықтайды, ондағы
ln – пигменттің старттан кейінгі өткен жолы, мм
lp – еріткіштің старттан кейінгі өткен жолы, мм




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет