Проблемалық сұрақтар Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті қалай әсер етеді?
Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай өзгеріске ұшырайды?
Өз бетінші дайындалуға араналған тапсырма Оқулық пен лекция конспектілері бойынша «Ферменттер классификациясы және олардың биологиялық маңызы» тарауын дайындау.
6-жұмыс рН-тың амилаза ферментіне әсері Жұмыстың мақсаты. Амилаза ферментінің рН-қа байланысты активтілігін анықтау және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.
Әдістің принципі.Сілекейде крахмалды мына сүлбе бойынша ыдырататын амилаза ферменті бар.
амилаза С 6Н10О5 + nH2Oдекстриндер 1/2n С12 Н22О11 крахмал мальтоза Амилазаның активтілігіне ортаның рН-ы әсер етеді, өте жоғары активтілік көрсететін ортаның рН-ы оптималды рН деп аталады. Амилазаның активтілігін крахмалдың ыдырауына байланысты білуге болады. Ыдырамаған крахмал йод ертіндісімен көк түс береді, ал ферменттің әсерімен ыдырай бастағанда, оның түсі де өзгере бастайды: сарғыш болып келіп, түссізденеді.