Реактивтер мен құралдар
Люголь ертіндісі
Крахмалдың 0,5 % -ті ерітіндісі
Na2HPO4 0,2 Н ерітіндісі
Лимон қышқылының 0,1 Н ертіндісі
Сілекей ерітіндісі
Колбалар – 6 дана
Пробиркалар 2-8 дана
Пипеткалар
Жұмысты орындау тәртібі
Сілекей ерітіндісін дайындау. Таза пробиркаға (2-3 мл) сілекей жинайды, оны біраз тұндырып қояды. Колбаға 29 мл су құйып, оған 1 мл таза сілекей қосады.
Бес нөмірленген колбаны алып, бірнеше буфер ерітінділерін дайындайды.
Колбалардың нөмірлері
|
0,2 Н Na2HPO4 ерітіндісі
|
рН мәні
|
Лимон қышқылының ерітіндісі, мл
|
1
|
5,05
|
5,0
|
4,85
|
2
|
7,30
|
5,6
|
2,70
|
3
|
7,70
|
6,8
|
2,30
|
4
|
8,25
|
7,0
|
1,75
|
5
|
9,70
|
8,0
|
0,30
|
Бес нөмірленген пробирканы алып, әрқайсысына 3 мл тиісті буфер құйылады, 3 мл крахмалдың 0,5 %-ті ертіндісі және 1 мл сілекей ерітіндісі қосылады. Әрбір пробиркадағы қоспаны жақсылап араластырып, бөлме температурасында қалдырады.
Әрбір 5 мин. сайын № 3 және № 4 пробиркалардан Люголь ерітіндісімен боялуға сынама алынып отырады, ол үшін осы аталған пробиркалардан 5-6 тамшы ерітінді таза пробиркаларға тамызады, оларға 1 тамшыдан Люголь ерітіндісінен қосады.
Пробиркалардың бірінде қызыл – қоңыр түс пайда болысымен барлық бес пробиркаға 1 тамшыдан Люголь ерітіндісін қосып, шайқайды, түсінің өзгеруін байқап отырады. Ең ашық түсті пробирканың рН мәні амилазаның оптималды рН-ына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |