Жұмыстың орындалу тәртібі Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі ерітіндісі ( сұйылту дәрежесі 1:100). Алынған ерітіндінің бір бөлігін (2-3 мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин. қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған қан ерітіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ерітіндісін қосады. Екі колбаға 2 мл сутек асқын тотығының 1 % ерітіндісін құйып, оны 30 мин. термостатқа 37-40 0С қояды. 30 мин. өткен соң екі колбаға да 3 мл H2SO4 10 % ерітіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша KMnO4 0,1 Н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл айырманы 1,7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1,7 – H2O2 1 мл KMnO4 0,1 Н ерітіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері.
Қосымша нұсқау 2 мл сутек асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.