А гепатитінде өлім –жітім саны 0,1-0,4 %, басқа бауыр аурулары бар науқастарда кездеседі.
Диагностикасы
А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Лабораторлық зерттеу келесі нетижелерге негізделеді:
1.Перифериялық қан анаилизінің өзгеруі;
2.Пигмент тесттерінің өзгеруі;
3.Бауыр сынамаларының өзгеруі;
4.Серологиялық анализ;
5.Аспаптық.
Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5 мкмоль/л құрайды.Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелкей фракция көбеюімен байқалады.Пигмент алмасцудың бұзылысы сарғыштық алды кезеңде басталып, несепте уробилин пайда болады. А гепатитінің диагностикасы вирустың антигеннің (HAV Ag) нәжісте және вирусқа қарсы антиденелерінің қан сарысуында анықталуы негізделеді.
Салыстырмалы диагностикасы
А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:
Тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;
Энтеровирусты инфекциядан;
Сүзек топтас аурулардан;
Жедел ішек инфекцияларынан.
Сарғыштық кезеңінен А гепатитін төменде аталған аурулардың сарғыштық түрімен салыстырады;
Жұқпалы мононуклеоз;
Лептоспироз;
Псевдотуберкулез;
Гемалитикалық сарғыштық;
Токсикалық сарғыштық;
Механикалық сарғыштық;
Емі
А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі,тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар “жартылай ” төсекте жату керек, ал ауыр ағымында –төсек режимі.Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды.
№5 емдәм үстелі (Певзнер бойынша),ауыр қорытылатын майды тамақтарды (сиыр,қой,шошқа еті), қуырылған , ащы тағамдарды жеуге болмайды.Ауруханадан шыққын соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек.
Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі.Анорексия белгісімен,қайта-қайта құсатын науқастарға паренталды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.А гепатиті