Қатерсіз ағымды, циклді, сауығуымен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды.
Аурудың жеңіл ағымды витамин емі,энтеросорбенттер(микрокристалды целлюлоза 2,0-3,0 г,билигнин 0,5-1,г/кг тағайындалады.
Аурудың орташа ауырлық ағымында асқазан мен ұйқы безінің қорыту жұмысын жақсарту үшін фермент препараттарын береді.(панкреатин,креон,фестал)
Аурудың ұзақ мерзімді ағымында гепатопротекторлар 1-3 ай (карсил, силимар,гепабене)беріледі.Гепатиттен кейін пайда болған ұзақ гипербилирубинемия кезінде өт қышқылыныңи туындыларын )урсосан) адеметионин қолданылады.Тікелей емес фракциясы басым гипербилирубинемия болғанда фенобарбитал тағайындалады.
Болжам
Қолайлы.Науқастардың 90%-да толық айығып, қалғандарына аурудың “қалдық” белгілері болады. А гепатитінің өлім-жітім саны0,04 %-дан артпайды.
Санитарлық –гигиеналық шараларға фекалды-оралды механизмін үзу жатады.
Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда,күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап ауруханаға жатқызады.Науқасты оқшаулаған соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохиямиялық тексеруден өткізеді.А гепатитінің алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5 мл бұлшық етке) енгізеді,қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек.А гепатитінің алдын алуы “Хаврикс-А”, “Аваксим” вакциналары жасалады.Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер,әскери қызметкерлер т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (6-12 ай аралығы) енгізеді.Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.
Жедел В вирусты гепатиті ДНҚ вирусымен (Дейн бөлшегі)тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,адамнан адамға парентаральді немесе вертикальды жолмен жұғады.Ауру әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады, кейбір жағдайда ұзақ созылмады вирус тасымалдаушылық пайда болады немесе созылмалы гепатит және гепатиттен кейін бауыр циррозы дамиды.