Вирус формалин мен УКС (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады.
Берілуі механизімі- фекальды-оралды.
Берілуі ауалы-тамшылы жолмен қазіргі кезде жоққа шығарылған.
Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды,сарғыштың 2-7 күнінде аяқталады.
Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштық жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі.
А вирусы гипатитке қабылдаушылық ортақ болады.1жастан үлкен балалар (3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында жиі кездеседі.Және ауру сырқаттану кезеңі күз-қыс айлары тіркеледі.
А вирусті гепатиті жалпылама таралған.аурудың таралуына көбінесе санитарлық жағдай, тұрғындардың санитарлық мәдениеті ісер етеді.
Патогенезі
Вирустық гепатит А вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.