Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі: тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі.
Клиникасы
Аурудың ағымының сипатына, клиникалық белгілердің көріністерінеғ вирустың фазасына, морфофункционалдық өзгерістерінің тереңдігіне, асқынулары мен аурудың нәтижесіне байланысты В гепатитінің бірнеше түрлері мен оның клиникалық- морфологиялық варианттарын ажыратады.