Унифицирленген дәріс


С ырттай сипап қарау (пальпация)



бет3/11
Дата26.12.2021
өлшемі187,46 Kb.
#105604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
add2a74d-60e0-4fd8-ac18-db5f7ac1b9cb-Тіс-пен-ауыз-куысы-ауруларын-алдын-алу-және-емдеу-Стом-301-218863

С ырттай сипап қарау (пальпация). Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, консистенциясын, инфильтрат, ісіктің бар-жоғын, олардың қандай тереңдікте орналасқанын, көлемін, ауру сезімін пальпация арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, пальпацияны оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең пальпацияда тері қабатын немесе бұлшық етті қатпарға жинап, олардың қалыңдығын, жиырылғыштығын және созылғыштығын бақылайды. Сондай-ақ, сипап қарау арқылы жақ асты, иек, құлақарты, мойын лимфа түйіндерінің ұлғайып, ауырғанын анықтауға болады. Ол үшін науқастың басын сәл еңкейтіп, мойын бұлшық еттері босаңсыған күйінде дәрігер науқастың оң жағында тұрып, сол қолымен оның басын ұстап, оң қолының 2, 3, 4 саусақтарымен лимфа түйіндерінің жағдайын анықтайды. Мойынның лимфа түйіндерін төс-бұғана-емізікше бұлшық еттерінің бойымен және бұғананың жоғарғы жағын саусақпен сипау арқылы тексереді. Ұлғайып, тығыздалған, аз қимылдайтын, ауырмайтын лимфа түйіндері, көбінесе қатерлі ісіктердің әртүрлі даму кезеңінде пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет