Унифицирленген дәріс



бет7/11
Дата26.12.2021
өлшемі187,46 Kb.
#105604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
add2a74d-60e0-4fd8-ac18-db5f7ac1b9cb-Тіс-пен-ауыз-куысы-ауруларын-алдын-алу-және-емдеу-Стом-301-218863

Термодиагностикатіс тіндерінің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын тексеру әдісі. Ол үшін суық су мен ыстық су қолданылады. Судың температурасы 150 және 580-та алынады.

Термодиагностиканы жүргізу үшін стаканға қажетті температурадағы суды құйып, термометрмен өлшейміз. Тексеретін тісті сілекейден оқшаулап, мақтамен кептіріп сүртеді. Құрғақ мақтаны домалақтап, пинцетпен қысып, дайындалған суға малып, тексеретін тістің бетіне тез қояды.

Тістің қатты тіндері жылу өткізбейді, сондықтан тексеретін аймақ үлкен және пульпа жақын орналасқан болуы қажет (тістің мойны, тісжегі қуысының түбі).

Термодиагностиканы жүргізу үшін инъекция жасайтын шприцті де қолдануға болады, бірақ оның мәліметі нақты бола бермейді, өйткені шприцке суды жібергенде оның температурасы өзгеруі мүмкін және су тіске толық тимей, жан-жағына жайылып кетеді.

Дентин мен пульпа сезімтал жүйке ұштарына бай. Дентин ауыруды сезсе, пульпа температуралық сезімталдыққа ие, өйткені ол қан тамырларына бай. Эмаль қабаты қалың болған сайын, дентиннің тітіркену табалдырығы жоғары болады. Дентин қабаты ашылғаннан кейін (тісжегі пайда болғанда, тісті егегенде) екі түрлі сезім анықталады: температуралық және ауыру. Тістердің температураны сезу табалдырығы әр түрлі, орташа көрсеткіш 11-130-тен 60-700 аралығында. Тек күрек тістерде сәл төмендеу: 150-тен 520 аралығында. 110-тен төмен немесе 700-тен жоғары температура тісте жылы не суықты емес, ауыру сезімін тудырады.

Мысалы, тісжегі кезінде тіс тіндері ыстық не суықты ғана сезеді, немесе қысқа уақытқа ауыру сезімі болуы мүмкін, бірақ ол тез қайтып кетеді. Пульпа сау болса, тісжегідегідей жауап аламыз.Пульпа қабынғанда – ауыру сезімі күшейеді: жедел қабынуда – ауыру сезімі ұстама түрінде көрінсе, созылмалы қабынуда – жай ауыру сезімі анықталады. Пульпа өлгенде – тістің қатты тіндері сұрланып, жылтырлығы жойылады, температуралық тітіргендіргіштерге жауап бермейді. Егер пульпасы алынған тістер температуралық тітіргендіргішке жауап берсе, онда тістің түбірінде пульпаның қалдығы қалғаны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет