Унифицирленген дәріс


Электроодонтодиагностика –



бет8/11
Дата26.12.2021
өлшемі187,46 Kb.
#105604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
add2a74d-60e0-4fd8-ac18-db5f7ac1b9cb-Тіс-пен-ауыз-куысы-ауруларын-алдын-алу-және-емдеу-Стом-301-218863

Электроодонтодиагностика – тістің жүйке талшықтарының электрлік қозғыштығын зерттеу әдісі. Тістің ең аз ток күшіне жауабы тітіркену табалдырығы деп аталады. Сау тістің тітіркену табалдырығы 2-6 мкА (микроампер). Патологиялық жағдайлар туындағанда бұл көрсеткіш те өзгереді. Мысалы, пародонтоздың бастапқы стадиясы қалыпты не жоғары реакция беруі мүмкін (2 мкА төмен). Тіс қатарынан шығып орналасқан тістер қалыпты не төмен реакция береді (6 мкА жоғары). Беткей және орташа тісжегі қалыпты реакция көрсетеді. Терең тісжегіде қалыпты не төмен реакция береді, өйткені тісжегі пульпаға жақындай бастайды. Пульпа қабынғандатітіркену табалдырығы төмендейді, басында 8-10 мкА болса, сауыттық пульпа өлгенде – 60 мкА, түбірлік пульпа өлгенде – 100 мкА болады, бұл кезде периодонттың жауабы алынады.

Тіс тіндерінің электрқозғыштығын анықтау үшін ОД-1, ОД-2, ОД-3 аппараттарын қолданады. Оның активті және пассивті электродтары бар.

А лдымен науқасты стоматологиялық креслоға отырғызады. Аппараттың пассивті электродын оң полюске қосады. 10х10см мөлшерде қорғасын табақшаны (пластинка) пассивті электродтың басына қыстырады. Қорғасын табақшаны науқастың қолына (қар бөлігіне) бекітетіндіктен, оның сыртын орайтын су сорғыш (гидрофильді) төсем дайындап алады (фланельден 1см қалыңдықта). Су сорғыш төсем қорғасын табақшаның сыртына шығып тұратындай көлемі үлкенірек болуы керек. Су сорғыш төсемді жылы суға малып, сығады да, қорғасын табақшаны арасына салып, науқастың қолына резеңке таңғышпен байлайды.

Аппараттың «жерге» кететін сымын су жүретін трубаға сыммен бекітеді. Аппараттың қорғаныш шүріппесін электр жүйесінің күшімен теңестіріп қояды (127-220в). Аппаратты ток көзіне қосып, «вкл» шүріппесін басқанда, сигналды лампа жанады. 2-3 минуттан кейін микроамперметрдің көрсеткішін 0-ші шкалаға қояды. Ток күшін өлшейтін шүріппені сол жаққа толық бұрайды, өлшеу диапазонының қосқышын (переключатель) 50 мкА қояды.

Активті электрод арнайы электрұстағышта бекітілген сым, оны теріс полюске қосады. Сымның ұшына аздап мақта орап, оны суға батырады. Дәрігер қолына резеңке қолғап киіп, ерін мен ұртты пластмассалы шпательмен итеріп, тексеру жүргізуге кіріседі. Тексеретін тісті сілекейден оқшаулап, мақтамен құрғатып сүртеді де, активті электродты тістің сезімтал нүктелеріне тигізеді.

Ток импульсын жіберетін кнопканы қысқа ғана басып, сонымен бірге микроамперметрдің көрсеткішін бақылап отырады. Ток күшін науқастың сезіміне (шымшу, түйіп ауыру) қарай көбейтеді. Нақты жауап алу үшін тексеруді бірнеше рет жасайды. Алынған көрсеткіштер бойынша пульпаның жағдайына сипаттама береді.

Тексеру жасайтын сезімтал нүктелер:


  • фронтальды тістерде тістеу қырының ортасынан немесе оральды бетінің ойығынан, төбешігінің үстінен;

  • кіші азу тістерде ұрт төмпегінің ұшынан;

  • үлкен азу тістерде медиалды-ұрт төмпегінің ұшынан;

  • тісжегі қуысының түбінен (жұмсарған дентинді алып тастағаннан кейін);

  • сауыттық пульпа болмаған кезде түбір өзегінің бастауынан (устье) түбірлік пульпаны анықтау үшін;

  • үлкен пломба болғанда – пломбадан, тіс сайынан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет