Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҒАЖАЙЫПТАРЫ



бет120/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҒАЖАЙЫПТАРЫ
5-6 сыныптарға арналған
аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат


Журымбаева Д.А.
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ
география және биология пәндерінің мұғалімдері

Пікір жазған: Алматы Технологиялық университеті «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,биология ғылымдарының кандидаты А.Божбанов




1. Түсініктеме хат
Экология және табиғат ғажайыптары элективті курс бағдарламасы 5-6 сынып оқушыларына қосымша тереңдетілген түрде білім беруге арналған. Бағдарламаның оқу мақсаты: оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Бағдарламаның міндеттері: 1.Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан шешу. 2.Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану арқылы жергілікті жердің табиғатын қорғауға баулу. 3.Табиғатқа, жан-жануарларға қамқорлық жасауға дағдыландыру. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан табиғаттың құпиясы мен ғажайыптарын тереңірек оқытып, ұғындыру. Курстың өзектілігі: оқушыларды іздендіру,ғылыми-шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Қоршаған ортаның ғаламдық проблемаларын бақылау, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Ақпараттық техниканы пайдалана отырып, ғаламтордан алған білімдерін интертақта мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қоршаған ортамен ұштастыру. Адамзаттың қазіргі заманғы проблемаларын шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы күрделі қарым-қатынастарды түсіне білуге, қоршаған орта табиғатының қыр-сырын тани білуге, табиғатты қорғай білуге, экология және табиғат арасындағы байланысты ажырата білуге ынталандыру. Бүгінгі таңда адамзат алдына тұрған аса күрделі экологиялық проблема – биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау тұр. Бізді қоршаған орта ол – табиғат. Ал адамдар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі табиғатпен тығыз байланыста болу керек. Сол себепті де бұл бағдарлама оқушыларға өте қажет деп ойлаймын. Бағдарламаның базалық білім беруден ерекшелігі - құрастырылған тараулар мен тақырыптар өзара тығыз байланысты, қарапайымнан күрделіге бағытталған.Табиғаттың – бізді қоршаған ең күрделі құбылыс екендігін нақтылай түсіндіру үшін спиральдік қағида логикасымен 5-6 сынып оқушыларына экология және табиғат ғажайыптары бағдарламасын жеңілден ауырға өту арқылы ұсынып отырмыз. Себебі бұл бағдарлама оқушылардың ой-өрістерін дамытады, білімдерін тереңдетеді, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады, өз бетінше жұмыс істеуге, қамқорлыққа, жанашырлыққа, табиғатты аялай білуге, табиғаттың ғажайып сырларын танып білуге үйретеді. Әсіресе оқушыларға туған өлкенің табиғатын, өсімдіктері мен жануарлар әлемінің өздері біле бермейтін құпияларынан сыр шерте отырып, қоршаған ортаға деген сана сезімдері мен сүйіспеншіліктерін, білім-білік дағдыларын қалыптастырады. Экология ғылымы барлық ғылымдармен, әсіресе жаратылыстану, биология, географиямен тығыз байланысты. Оқытудан күтілетін нәтиже сынып бойынша ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар құру, әр бөлімді -- Экология ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет