ХИМИЯ ӘРБІР ҮЙДЕ
8 сынып оқушыларына арналған
8 сынып аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат
К.К Нұрпейісова
А.Байтұрсынов атындағы№139 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі
Пікір жазған: Жанбеков Х.Н. Абай атындағы ҚазҰПУ-інің академиялық мәселер жөніндегі департамент директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор
Түсініктеме хат мазмұны
«Химия әрбір үйде " элективті курсы нақты пәндік және әлеуметтік-мәдени бағытқа ие. " Химия әрбір үйде " элективті курсы оқушылардың пәнаралық байланыстарға сүйене отырып, маңызды химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, фактілерді, химия ғылымының әдістерін саналы меңгеруін және осы негізде оқушылардың жалпыадамзаттық мәдениеттің элементі ретінде химиялық білім алуын және жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды қамтамасыз ететін болады. Бұл курс оқушылар арасында тәуелсіз және шығармашылық бастамаларды дамытуға, интербелсенді коммуникацияларды енгізу арқылы практикалық дағдылар мен сол дағдыларды дамыту арқылы әлемнің табиғи ғылыми бейнелерін қалыптастыруға ықпал етеді. «Химия әрбір үйде» элективті курсының бағдарламасы химияның негізгі ұғымдары мен, заңдарымен танысу ретінде 8 сынып оқушыларына арналған. Элективті курс халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы химиялық қосылыстардың маңызы туралы пәнаралық (химия, биология, экология) сипаттағы қосымша ақпаратты тарту, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелерін қозғау арқылы оқушылардың химияға қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады, ақпаратты талдау қабілетін дамытады. Бұл курс 13-14 жастағы жасөспірімдер үшін өзекті болып табылады, себебі ол:
1.Теориялық химиялық білімді қоршаған практикамен байланыстырады, осылайша "химия" ғылымының мәртебесін көтереді;
2. 8 -11 сыныптардағы заттарды зерттеу перспективасы туралы кейбір түсінік береді;
3. Оқушыларды фармацевт, косметолог, химиялық тазалау қызметкері, сауда қызметкері мамандықтарымен танысуға және олардың қызметі жайлы білуге мүмкіндік Ұсынылған элективті курс қызықты сипатқа ие, оқушылардың химияны зерттеуге танымдық қызығушылығын және уәждемесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |