Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет126/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   384
Байланысты:
Факултатив

ӨСІМДІКТЕР ГЕОГРАФИЯСЫ
7-8 сыныптарға арналған курс бағдарламасы
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Болшекбаева Куллязат Жакибаевна
№59 мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі

Пікір жазған: Т.О.Увалиев Абай атындағы ҚазҰПУ география,экология және туризм кафедрасының доценті п.ғ.к.


Түсініктеме хат мазмұны
Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 7 және 8 сынып оқушыларына және география саласы бойынша тереңдетілген гимназия және лицей оқушыларына арналған. Бұл бағдарламаны құрастырудағы бастапқы мақсатым мектеп бағдарламасында жете берілмеген тақырыптарды ашу.Сол сияқты оқушылардың дүниетанымын кенейту,тіршіліктің негізгі көзі болып табылатын өсімдік әлемінің қалыптасуы мен таралу ерекшелігімен таныстыру және түсіну. Адамдар өсімдіктерді өзінің керегіне жарата отырып,оның пайда болуы, құрылысы, көптүрлілігі мен таралу ерекшеліктері қызықтырды. Қазіргі таңда бұл құпия емес, дегенмен болашақта табиғатқа жанашыр,экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуде өсімдіктер әлемін оның таралуы мен географиялық қабықтағы ролін білудің маңызы зор. Курс бойында тек өсімдіктердің таралу заңдыдықтарымен ғана емес,олардың эндемик түрлеріменде танысады. Материктер бойынша флораның ерекшеліктеріне салыстырмалы сипаттама бере отырып, жинақталған материалдарды ақпараттық және заттық модельдеуге дағдыланады.
Міне сондықтан 7 және 8 сынып оқушылары үшін бұл курс үлкен қажеттілігін тудырып отыр. Болашақта қай салада жүрседе экологиялық сауатты болады. Бұл курс экология,биология,география, ғылымдарын біріктіреді.
Бағдарламаның өзектілігі:

  • Жер бетіндегі флора туралы оқулықта берілмеген мағлұматтармен танысады.

  • Жер шарындағы тіршіліктің негізігі көзі ретінде флораның таралуының роліне көз жеткізеді

  • адамзат қоғамының дамуындағы маңызды ролін түсінеді.

  • Қазіргі экологиялық проблемалардың қалыптасындағы флораның ролін бағалай біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет