Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

-
құзырлылық 

адамның лидер ретінде кӛрінетін саласына байланысты 
меңгерген білімі; 
-
белсенділік - адамның қажымай қарқынды әрекет ете білуі; 
-
бастама жасау - адамның шығармашылық белсенділік кӛрсетуі, идея 
(жаңа ой) және ұсыныстар жасауға дайындығы; 
-
жатырқамау – адамның басқа адамдармен ашық қарым - қатынас жасауға 
бейімділігі; 
-табандылық – адамның еркіндік күшінің айқындығы, бастаған істі соңына 
дейін жеткізе білуі; 
-ӛзін ұстай білуі 

адамның қиын жағдайларда сезімі мен әрекетін басқара 
білуі; 
-
жұмысқа қабілеттілігі – адамның шиеленіскен істерді алып жүруде 
шыдамды болуы; 
-байқампаздық
 - 
адамның бӛлшектерді байқау, кӛре білуі; 
-
дербестік 

адамның ӛзіне жауапкершілік ала білуі, пікірлерге тәуелсіздігі; 
-ұйымдастырушылық – адамның ӛз әрекетін жоспарлап, адамдарды 
жанына жинай білуі, жинақылығы жатады. 
Арнайы қабілеттерге
:
-
ұйымдастырудағы зеректік
 – 
басқа адамды түсіне білуі; әрқайсысына жеке 
қабілеті мен ерекшелігіне байланысты жол таба білуі; 
-психологиялық әсер етудегі белсенділігі 

үдерісте туындаған жағдаятқа 
байланысты адамның жеке қабілетін ескере отырып, әртүрлі жолмен оған әсер 
ете білуді игеруі; 
-ұйымдастырушылық жұмысқа икемділігі 

ӛзіне жауапкершілік алу 
қажеттілігі, лидерлік ұстанымы жатады [97, с. 56]. 
Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде лидерліктің тиімді қасиеттерін 
айқындауда барлық жағдайда жеке сапаларын қателіксіз айқындайтын 
сапаларды бӛліп кӛрсету мүмкін еместігін және қазіргі таңда лидерлердің жеке 
мінездемелер сапалары жайында нақты тұжырымдамалардың жеткіліксіздігін 
байқадық. Бұл жайында пікірталастар осы кезеңге дейін жалғасын тауып 
келеді. Жоғары мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылу, шынайылық пен ӛзіне 
деген сенімділік лидерлердің заманауи қоғамдағы мәнін ерекшелейтін сипаты 
болып табылады. Сонымен қатар, жетекшінің кәсіби білімділігі мен 


24 
шығармашылық әлеуеті, сезімталдығы мен қоғам талабына сай бейімділігі және 
оқытуға қабілеттілігі оқытушының басшылық сапасын арттырады.
Нарықтық заманда қарқынды жағдайдағы болжаусыз жағдаяттар 
басшыдан шұғыл іс - әрекетке кӛшуді қажет етеді. Лидерлікке қай кезде болсын 
белсенділік қажет және ол қажеттілік болғанда туындайды. Үнемі басқа 
адамдармен қарым – қатынас барысында агрессивтік қатынас орнату лидер 
үшін маңызды болмауы керек. Сондықтан кей жағдайлардан бас тартуы қажет 
болады (Мысалы:топқа қысым жасау, пікірталасқа араласпау). Ал кей 
жағдайларда топ алдында шешім қабылдап,бағдар ұсынуы қажет болып 
табылады. 
1900 бен 1957 жылдар аралығында жүргізілген Р.Ман зерттеулері: 
«лидерлер - қатардағы топ мүшелеріне қарағанда ӛмірге бейімделген, 
басымдыққа бейім, жоғары дәрежеде экстравертивті, аз кӛлемде консервативті, 
қарым –қатынас аймағында сезімтал адам»,- деп кӛрсетуі дәлел бола алады [79]. 
Бұл тұжырымға тоқтала отырып, адамның бойындағы қарым-қатынастағы 
еркіндік, бастамашылдық, белсенділік қабілеттерінің қалыптасуы адамның топ 
ішінде лидер болуына мүмкіндік береді деген ойдамыз. 
Әдебиеттерде кеңес әлеуметтік психологиясындағы лидерлік түсінігінің 
мәні екі ұғымда қарастырылады: лидерлік және басшылық. Лидерлік 
психологиялық қатынас құрамында топта пайда болатын басымдық таныту 
(доминирование) мен бағыну тұрғысында қарастырылады. Ал «басшылық» 
ұғымы (руководство) топ пен ұйым қызметін басқару үдерісіне қатысты 
айтылады. 
Белгілі болғандай, лидерлік пен басшылық әр салалы ғылым салаларының 
жұмыстарының зерттеу пәні болды. Ғалым Б.Д.Парыгин лидерлік пен 
басшылық ұғымдарының айырмашылығын анықтап
 
(кесте 2), ашып кӛрсетеді 
[4, с. 59]. 
Жалпы айтқанда, Б.Д.Парыгин зерттеуі басшылық пен лидерліктің 
айырмашылығын түсінуге мол мүмкіндік береді.
Ресей ғалымдары Л.И. Уманский, А.С.Чернышев, Н.С.Жеребова,
Р.Л.Кричевский топтағы және ұйымдардағы лидерлік ерекшеліктерін зерттеді 
және бұлар балалық топқа қатысты лидерлік феномені ұғымына қатысты
ғылыми жұмыс болды [25,с. 87; 5, с. 69; 6, с. 24; 7, с. 96]. 
Сонымен, лидерлік дегеніміз шағын топтағы тұлғааралық байланыста, топ 
ішіндегі белсенділік пен табиғи жағдайда кӛрінетін үдеріс екендігін атап ӛту 
қажет. Кеңес әлеуметтік психологиясы батыс зерттеушілерінің тұжырымдарын 
жоққа шығармайды. Б.Д.Парыгин лидерлікті үйлесімді мерзім мен үйлесімді 
нәтижеде шағын әлеуметтік топқа және ұйымға жетекшілік жасау арқылы 
топтың мақсатына жетуін кӛздейтін үдеріс деп пайымдайды. Лидерлік 
феномені объективті және субьективті екі фактордың бір уақытта ӛзара 
әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болуын қарастырады [4, с. 60]. А.С. 
Чернышев лидер - қажетті ұйымдастыру қабілеті бар, тұлғааралық қатынас 
құрылымында орталық жағдайда тұратын топ мақсатына жетуде жоғары 
нәтижені кӛздейтін топ мүшесі десе [5, с. 71], Н.С.Жеребова, лидер - топ 


25 
мүшелерінің ӛзара әрекетінен туындайтын ортақ мақсатқа жету үшін топтың 
нормалары мен бағдарының үйлесімділігі негізінде ұйымдастыруды 
қамтамасыз ететін топ мүшесі екендігін айтады [6, с. 78]. 
А.Н.Леонтьев лидерлік мәселесінің шешімін іздеу негізінде қай лидерлік 
стиль тиімді болатындығын айқындайтын үйлесімді әрекет жолын әзірледі 
және бұл ғалымның басты мақсаты мен міндеті болды. Бір жағынан, 
А.Н.Леонтьев 
тұжырымы 
(деятельностный 
подход) 
лидерлікті 
қалыптастыратын институт аралық байланысты қамтамасыз етуді кӛздеді. 
Екіншіден, А.Н.Леонтьев тұжырымы мақсат, міндет, құрамы ретінде топтың 
ішкі құрылымына назар аудартты [26, с. 89]. Сонымен жоғарыдағы пікірлерді 
қорытындыласақ, лидер - топта орталық назарда болатын, әрқашан 
бастамашыл, белсенділік, табандылық қабілетімен ерекшеленетін адам. 
Кесте 2 - Лидерлік пен басшылық ұғымдарының айырмашылығы ( Б.Д.Парыгин 
бойынша) 
 
Лидерлік 
Басшылық 
Тұлға лидер ретінде топтағы тұлға 
аралық қатынасты реттеуді жүзеге 
асырушы 
Тұлға басшы ретінде әлеуметтік ұйымдар тәрізді 
ұйымға ресми қатынасты жүзеге асырушы 
Лидерлікті микроорта жағдайына 
шоғырландыруға болады 
Басшылық 
барлық 
қоғамдық 
қатынастармен 
байланысты макроорта элементі болып саналады 
Лидерлік жай, жүре пайда болады 
басшылық әлеуметтік құрылым-дардың әртүрлі 
тексеруімен мақсатты, ресми түрде әлеуметтік 
топтарға сайланады немесе сайлайды 
Лидерлік тұрақты, лидер ұстанымы 
топтағы 
психологиялық 
кӛңілге 
байланысты тәуелді 
Басшы ұстанымы тұрақтылау, ресми кӛрініске ие; 
лидерге қарағанда ресми басшылық әртүрлі 
санкциялар (лат.ауд.қатаң талап, не қаулы) жүйесін 
меңгереді. Басшылық үдерісінде шешім қабылдау 
белгілі бір жағдайларға байланысты қиын болып 
жатса, кей жағдайда лидер тәрізді бастама кӛтеріп 
шешім қабылдап жатады 
Лидерліктің қызмет шеңбері – лидер 
болып тұрған топтың шеңберінде 
жүреді 
Басшының қызмет шеңбері - кең, шағын топтың 
шеңберінде және әлеуметтік ортасы кеңірек ортада 
да жүреді 
Біздің зерттеу мәселеміздің аясында негізгі ұғымымызды қарастырсақ, 
психологиялық тесттер энциклопедиясында лидер «әлеуметтік топтың 
авторитетті мүшесі ретінде, оның тұлғалық әсері әлеуметтік үдерістерде 
анықтаушы болатын, формалды емес лидер, оның беделі стихиялы түрде 
қалыптасады» деп анықталған [95, с. 47]. Дамыған әлеуметтік топтарда лидер 
ретінде ресми басшы белгіленген. Кіші топтарда, лидер рӛлі қатысушыларды 
біріктіру мен олардың іс-әрекетін бағыттау болса, бірнеше лидер болады. Лидер 
ынталандырушы немесе орындаушы (іс-әрекет мазмұнына қарай), әмбебап 
немесе белгілі жағдайға қатысты (іс-әрекет сипатына қарай), іскерлік немесе 
эмоционалды (іс-әрекет бағытына қарай) болып бӛлінеді. Барлық жағдайда 
лидер ӛз соңынан ерген адамдар ұжымынан әлеуметтік, психологиялық және 


26 
эмоционалды демеуге ие. Кӛптеген зерттеушілер пікіріне қарай, лидер – 
әлеуметтік контекст қызметі болып табылатын және ӛз пайдасын іздестіру 
арқылы қоғам дамуына әсер етуші деп түйіндеуге болады. 
Лидерлік – бұл басымдылық таныту мен бағынудың қатынасы, топтағы 
тұлғааралық қатынастар жүйесіне әсер ету және ілесу. Фрэнк Карделл 
айтуынша, «... біз барлығымыз лидерміз – отбасында, ұжымда, мектепте, 
жұмыс орнында және әлемде». Лидерліктің түрлері кӛп, олардың әрқайсысы 
белгілі бір қажеттілікке сәйкес (жеке, кәсіби, әлеуметтік аяда). Лидерді ӛзіңнен 
іздестіру мен анықтау, Ф.Карделл пайымдауынша толық жауапкершілікті қажет 
етеді. «Бұл біз аяқтауды қажет ететін жол, дайындықты керек етуші инициация, 
содан соң онда толық қатысуы керек» [98]. 
Отандық 
зерттеушілердің 
еңбектеріне 
назар 
аударсақ, 
С.А.Наконечныйдың зерттеуінде, әскери ұжымда болашақ офицерлердің тиімді 
лидерлік іс-әрекетке даярлығы – бұл интегративті кәсіби – тұлғалық білім беру, 
басқару және басшылық аясында педагогикалық және психологиялық – 
әлеуметтік білімі, біліктілігінің болуымен, әскери ұжымда лидерлікке саналы 
ұмтылысымен, 
оған 
қажетті 
тұлғалық 
қасиеттер 
мен 
сапалар 
қалыптасқандығымен, әлеуметтік байланыстардың дамуымен сипатталады, 
олар ӛз кезегінде әскери ұжым жалпы топқа бірегей мақсат – міндеттерімен 
жеке әскери қызметкерлердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін 
сәйкестендіре алуы және қызметкерлердің кәсіби – тұлғалық дамуы, -деп 
анықтаған[35, с. 49].
Баймуханбетов Б.М. «Лидер белгілі бір топты жарқын болашаққа, игі 
істерге жетелеу және тәуекелге бел буу мен батыл әрекет жасауға әзір болу 
іскерлігіне ие топ мүшесі», ал «Лидерлік
 
–топ мүшелеріне мәнді ықпал ететін, 
басшылықты қолына ала алатын, тұлғалық бағалауға, ӛзгеріс жасауға бейімді 
әлеуметтік психологиялық құбылыс» деп анықтады [36, с. 64].
Психолог Намазбаева Ж.Ы. Лидер

топ мүшелерінің мақсаттарын 
қамтитын және топтық іс-әрекеттің сипаты мен бағытын айқындайтын, 
жауапты шешімдерді қабылдауға құқықты екенін топтың қалған барлық 
мүшелері мойындаған тұлға. Сонымен, неғұрлым беделді тұлға бола отырып, 
лидер бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы арақатынастарды 
реттеуде шынайы басты рӛлді атқарады. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік 
міндетін ӛзіне алатын бір адам болады [38, с. 97]-деп түйіндейді. 
Ресейлік ғалым Шигапова Л.П. мынадай тұжырымға келеді: лидер 
сапалары ЖОО-ның оқу – тәрбиелік кеңістігінде саналы түрде студенттердің 
ӛзін – ӛзі басқарудың түрлі іс-әрекетіне енуінің негізінде қалыптасады[99] десе, 
Тайкова Л.В. ӛз зерттеуінде, мектепке дейінгі педагогтарды дайындау 
барысында мынадай маңызды ерекшелірге назар аударады: студенттер бойында 
құндылықтардың (адами, рухани, тәжірибелік) қалыптасуы, бала тұлғасына 
сыйластық, болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі ӛзіндік даму және ӛзіндік орнын 
табу (адами фактор маңыздылығының ӛсуі, бала және мектепке дейінгі білім 
беру педагогының тұлғасына зейінінің күшеюі, олардың әлеуметтік – рухани 
дамуының қажеттілігі); бағдарламалар әр түрлілігі және болашақ мектепке 


27 
дейінгі педагогтарды даярлауды ұйымдастырудың әр нұсқалылығы (мектепке 
дейінгі мекемелермен ЖОО –ның тікелей байланысы, оқыту формаларын 
таңдауда және мазмұнын іріктеуде қоғамдық – эксперттік кеңестердің іс-
әрекетінің әсері); оқытушылар мен студенттердің әлеуметтік және кәсіби 
белсенділігін ынтыландыру, ЖОО – ның мансапты білім беру ортасын 
қалыптастыру (студент тұлғасын, дербестігін дамыту және болашақ мектепке 
дейінгі педагог кәсіби ӛсу мансабын жобалау мақсатымен оқудан тыс және оқу 
іс-әрекетіне жұмыс берушілерді, оқытушыларды және студенттерді ендіру[100]. 
Тӛменде лидер, лидерлік ұғымдарның ғалымдардың еңбектерінде 
зерттелінуін қарастырамыз (кесте 3). 
Кесте 3 – Ғалымдардың еңбектеріндегі «лидер», «лидерлік» ұғымдарының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет