Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет15/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

 
1.3
 
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің лидерлік әлеуетін 
дамытудың психологиялық ерекшеліктері 
Аталмыш бӛлімде педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің 
лидерлік әлеуетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін қарастыруды жӛн 
кӛрдік.
Ең алдымен негізгі субъектіміз студент болғандықтан біз оның 
сипаттамасына және дамуының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталуды жӛн 
кӛрдік.
Тұлға, топ, ұжым, қоғам – адамзат дамуы логикасымен ӛзара байланысты 
құбылыстар. Сондықтан, адам тұлғасын ол мүше болып табылатын әлеуметтік 
контекст, органикалық кіші жүйеден тыс қарастыруға болмайды. Мұнда 
әлеуметтік орта барлық қоғамдық жүйеде теңдей рӛл ойнамайтын, адамға 
ықпал ету күші мен сипаты бойынша айтарлықтай алуан түрлі элементтерден 
тұрады. Қоғамда кіші де, үлкен де әлеуметтік топтар бар. Адам екеуінің де 
ықпалына түседі. Микроорта, кіші топтардың әлеуметтік факторларының 
тікелей ықпалы үлкен мәнге ие, ӛйткені, макродеңгей факторларының 
әрекеттерін ӛз призмасы арқылы сынуымен жанамалайды.
 
«Студент» термині латыннан шыққан, қазақ тіліне аударғанда ынтамен 
жұмыс істейтін, яғни, білімді меңгеріп алушы деген мағына береді.
Егер студентті тұлға ретінде зерттейтін болсақ, 18-20 жас – адамгершілік 
пен эстетикалық сезімдерінің неғұрлым белсенді дамуының, мінездің қалануы 
мен тұрақтануы және ерекше маңыздысы ересек адамның әлеуметтік 
рӛлдерінің (азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б.) толық кешенін меңгеру 
кезеңі. Бұл кезеңмен адамның дербес еңбек қызметіне қосылуы мен ӛз отбасын 
құруы түсінілетін «экономикалық белсенділіктің» басталуы байланысты.
Бір жағынан ынтаның, құндылықтың, бағдар жүйесінің барлығының 
түрленуі, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттердің 
қарқынды қалыптасуы бұл жасты мінез мен интеллекттің қалыптасуының 
орталық кезеңі ретінде бӛліп кӛрсетеді. Бұл спорттық рекорд, кӛркемӛнер, 
техникалық және ғылыми жетістіктердің басталу уақыты.


43 
Студенттік жастың ӛзіне тән ерекшелігі бұл кезеңде интеллекутуалдық 
және физикалық күш дамуының кӛптеген оптимумдарға қол жеткізіледі. 
Дегенмен, бұл мүмкіндіктер мен оларды шын мәнінде жүзеге асыру арасында 
қарама-қайшылықтардың да бір мезгілде кӛрініс табуы да сирек емес. 
ЖОО оқу кезеңі жастық шақтың екінші кезеңімен немесе кемелденіп 
есеюдің бірінші кезеңімен сәйкес келеді, бұлар тұлғалық сипаттың 
қалыптасуының күрделілігімен ерекшеленеді, бұл үдеріс Б.Г.Ананьев [104,c. 
89], И.С.Кон [113], В.Т.Лисовский [114] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
талданған. Бұл жастағы адамгершілікті дамудың ӛзіне тән сипаты мінез-
құлықтың саналы уәждерінің күшеюі болып табылады. Жоғары сыныптарда 
толықтай жетіспеген қасиеттер – мақсатқа талпынушылық, батылдық, 
табандылық, дербестік, бастамашылық, ӛзін ұстай білу елеулі түрде нығаяды. 
Моральдық мәселелерге (мақсат, ӛмір салты, борыш, махаббат, адалдық және 
т.б.) қызығушылық артады. 
Жастық шақ – ӛзін-ӛзі талдау мен ӛзін-ӛзі бағалау уақыты. Ӛзін бағалау 
мінсіз «менді» нақтымен салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Бірақ, мінсіз 
«мен» әлі де салыстырылып тексерілмеген және кездейсоқ болуы мүмкін, ал 
нақты «мен» тұлғаның ӛзімен әлі де жан-жақты бағаланбаған. Бұл жас адам 
тұлғасының дамуындағы объективті қарама-қайшылық, оның ӛзіне деген ішкі 
сенімсіздігін тудыруы мүмкін және кейде сыртқы агрессивтілікпен, әдепсіздік 
немесе түсінбестік сезімімен ілесіп жүреді.
Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және жеке-тұлғалық таңдаулар, 
сәйкестендіру және ӛз тағдырын таңдау топтамаларынан тұратын сәйкестілік 
дағдарысы шеңберінде құрылады. Егер жасӛспірім бұл міндеттерді шеше 
алмаса, онда ақылға қонымсыз сәйкестілік қалыптасады, оның дамуы тӛрт
негізгі бағыттар бойынша жүруі мүмкін [115]: 
1) 
психологиялық 
сырластықтан 
алыстау, 
жақын 
тұлғааралық 
қатынастардан қашу;
2) уақыт сезімінің бұзылуы,ӛмірлік жоспарларды құруға қабілетсіздік, 
есею мен ӛзгерістерден қорқу; 
3) ӛнімділікті, шығармашылық қабілеттердің шайылуы, ӛзінің ішкі 
ресурстарын жұмылдыруға және қандай да бір қызметке жинақталуға 
қабілетсіздік; 
4) «жағымсыз сәйкестіліктің» қалыптасуы, ӛз тағдырын таңдаудан бас 
тарту және еліктеу, үлгі тұтуға жағымсыз кейіптерді таңдау.
Ӛзін-ӛзі сыйлауы тӛмен жас олардың ӛзін-ӛзі бағалауына қандай да бір 
тиіп кететін барлық дүниеге әсіре сезімтал және жаралы келеді. Олар 
басқаларға қарағанда сын,күлкі, жазғыру жаны ауырып қабыл алады. Оларды 
қоршаған ортаның ӛздері туралы жаман пікірі қаттырақ мазалайды. Олар 
жұмыста бірнәрсе қолдан келмей жатса немесе ӛздерінен қандай да бір 
кемшілікті байқаса жаны ауырып қабыл алады. Осының салдарынан олардың 
кӛбі ұялшақтық, психологиялық оқшаулануға, шынайы ӛмірден арман әлеміне 
кетуге, бейімділік тән, оның үстіне, бұлай кету ӛз еркімен бола бермейді. 


44 
Тұлғаның ӛзін-ӛзі сыйлау деңгейі тӛмен болған сайын оның жалғыздықтан 
зардап шегетіндігі ықтималдырақ.
ЖОО түсу жас тұлғаның ӛзінің күші мен қабілетіне деген сенімін 
арттырады, толыққанды және қызықты ӛмірге деген үмітті тудырады. Сонымен 
қатар, ІІ және ІІІ курстарда ЖОО, мамандық, кәсіпті таңдау дұрыстығы туралы 
сұрақтар жиі туындайды. ІІІ курс аяғына қарай кәсіптік ӛзіндік анықталу 
туралы сұрақ түбегейлі шешіледі. Дегенмен, бұл уақытта болашақта мамандық 
бойынша жұмыстан қашу шешімі қабылдануы да орын алады.
Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың 
пайда болуы мен шешілуінің, сыртқының ішкіге ӛтуінің, ӛзіндік қозғалыстың, 
ӛзін дамыту бойынша белсенді жұмыстың диалектикалық үдерісі. 
Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының ауқымы мен деңгейі бойынша артатын 
бірігу – кіші құрылымдар мен олардың күрделенетін синтезінің туындауы 
ретінде кӛрсетті. Екінші жағынан психикалық функциялардың артатын 
дифференциациясының параллельді үдерісі (психикалық үдерістердің, күйлер 
мен қасиеттердің дамуы, күрделенуі, «тармақтануы») жүреді [104,c. 56]. 
Талдаудың бастапқы нүктесі ретінде практикалық қызметті ала отырып, В. 
Т.Лисовский [114,c.78] пікірі бойынша студенттің неғұрлым толық 
сипаттайтын 4 топ таңдалды, олар нақты келесілерге бағдарланды: 
1) оқу, ғылым, кәсіп;
2) қоғамдық-саяси қызмет (белсенді ӛмірлік ұстаным); 
3) мәдениет (жоғары руханият);
4) ұжым (ұжымдағы қатынас).
Студенттікті «жоғары білім институтымен ұйымдаса біріккен адамдардың 
ерекше қауымдасуы, ерекше әлеуметтік санаты» ретінде қарастыра отырып,
И.А.Зимняя оларды халықтың басқа топтарынан ерекшелейтін негізгі 
сипаттары жоғары білімділік деңгейі, танып білудің жоғары ынтасы, неғұрлым 
жоғары әлеуметтік белсенділік және зияткерлік пен әлеуметтік кемелдіктің 
жеткілікті үйлесімі деп бӛліп кӛрсетті. Студенттіктің жалпы психикалық дамуы 
тұрғысында 
адамның 
қарқынды 
әлеуметтенуі, 
жоғары 
психикалық 
функциялардың дамуы, зияткерлік жүйенің барлығының және жалпы тұлғаның
қалыптасуы кезеңі болып табылады. Егер студенттікті тек биологиялық жасты 
есепке алып қарастыратын болсақ, оны балалық пен есею арасындағы ӛтпелі 
саты ретінде жастық кезеңге жатқызу қажет. Сондықтан, шетелдік 
психологияда бұл кезеңді есею үдерісімен байланыстырады [116]. 
Жастық кезең бұрыннан адамның ересек ӛмірге дайындық кезеңі ретінде 
қарастырылды, әйтсе де, түрлі тарихи дәуірлерде оған түрлі әлеуметтік мәртебе 
берілді. Жастық кезеңнің жастық шекаралары айқын болмай, жастық шақтың 
психологиялық, ішкі критерийлері туралы түсінік аңғырт және әрдайым 
бірізділікті болмағанына қарамастан жастық мәселесі философтар мен 
ғалымдарды бұрыннан ойландыратын.
Жастық физикалық, жыныстық жетілудің аяқталуы мен әлеуметтік 
кемелдікке жету сатысы ретінде бағаланды және есеюмен байланыстырылды, 


45 
әйтсе де бұл кезең туралы түсінік уақыт ӛте дамыды және түрлі тарихи 
қоғамдарда ол түрлі жастық шекаралармен белгіленді.
И.С. Кон «жастық санаттар кӛптеген, тіпті барлық тілдерде болуы мүмкін 
бастапқыда хронологиялықтан гӛрі әлеуметтік мәртебе, қоғамдағы орынды 
білдірді» дейді [113,c.78]. Жастық санаттардың әлеуметтік мәртебемен 
байланысы қазір де сақталуда, мұнда осы хронологиялық жастағы индивидтің 
болжамды даму деңгейі оның қоғамдағы орнын, қызметінің сипатын, 
әлеуметтік рӛлін анықтайды. Жас ӛзіне әлеуметтік жүйенің ықпалын сезінеді, 
екінші жағынан индивидтің ӛзі әлеуметтену үдерісінде жаңаны меңгеріп, 
қабылдайды және ескі әлеуметтік рӛлді қалдырады. К.А. Абульханова-
Славская ересек жастағы әлеуметтік шарттылыққа меңзей отырып, тұлғаның 
ӛмірлік жолының кезеңге бӛлінуі жастықтан бастап жаспен сәйкес келуді 
қойып, тұлғалық болып кетеді деп есептеді [117].
Жастықтың психологиялық мазмұны ӛзіндік сана-сезімінің, кәсіптік 
таңдау жасау міндеттерін шешудің дамуымен және ересек ӛмірге аяқ басумен 
байланысты. Ерте жастық шақта танымдық және кәсіптік қызығушылықтар, 
еңбек етуге қажеттілік, ӛмірлік жоспарды құру қабілеті, қоғамдық белсенділік 
қалыптасады, тұлғаның дербестігі, ӛмірлік жол таңдауы бекітіледі. Жастық 
шақта адам ӛзін таңдаған істе бекітеді, кәсіптік шеберлікке ие болады және 
нақты осы жастық шақта кәсіптік дайындық, тиісінше, студенттік кезең 
аяқталады [13,с. 46]. 
А.В.Толстых жастық шақта адам максималды жұмысқа қабілетті, ең үлкен 
физикалық және психикалық жүктемелерге тӛзе алады, зияткерлік қызметтің 
күрделі тәсілдерін игеруге неғұрлым қабілетті дейді. Таңдап алынған кәсіпке 
қажет барлық білім, дағдылар мен қабілеттер игеріледі, талап етілетін тұлғалық 
және 
функционалды 
қасиеттер 
(ұйымдастырушылық 
қабілеттер, 
бастамашылық, ерлік, тапқырлық, бірқатар кәсіпте қажетті нақтылық пен 
мұқияттылық, реакция жылдамдығы және т.б.) дамиды [118].
Студенттік жас адам ӛмірінің ерекше кезеңі. Бұл жетістіктер, білімнің 
қарқынды жинақталатын, адамгершіліктің қалыптасуы, жаңа әлеуметтік 
позицияға ие болу кезеңі. Студенттің тұлғасына аса зор қалыптастырушы 
ықпалды тұлғааралық, эмоционалдық және іскерлік ӛзара қатынастардың 
құрылымдалуы, қалыптасуы мен ӛзгеруі, топтық рӛлдерді бӛлу мен лидердің 
ұсынылып шығуы үдерістері жүретін студенттік орта, студенттік топ 
ерекшеліктері кӛрсетеді. Осы барлық топтық үдерістер студенттің тұлғасына, 
оның оқуының табысты болуы мен кәсіптік қалыптасуына қатты ықпал етеді.
Студенттердің тұлғааралық қатынастары біріншіден, аталған әлеуметтік топтың 
жастық ерекшеліктерімен, екіншіден, оның қызметіне тән ерекшеліктермен 
шартталады. 
Отандық психолог Намазбаева Ж.И.: Әр студент – болашақ мұғалім ӛз 
тұлғасын зерттей алуы қажет. Ӛз психикалық күйін, ӛзіндік зияткерлік және 
эмоционалды – еріктік үдерістерін басқара алуы қажет-деп анықтаған[38,86б].
Ерментаева А.Р.тұлғаның объект немесе субъект ретіндегі позициясына 
байланысты оның ӛзара әрекеттестік пен ӛзара қатынас тәсілдері әрқалай 


46 
болады. Ӛзін субъект ретінде сезінетін тұлға қарым-қатынастың бастамашысы, 
ұйтқысы бола алады. Ал ӛзіне объект тұрғысынан қарайтындар әрқашан 
қарапайым орындаушы ретінде танылады-деп тұжырым жасап, субъектілік 
тұлғаның белсенділігін жетілдіру әлеуеті екенін кӛрсетеді [42,с. 114]. 
Жоғарыдағы ойын дамыта келе, Ерментаева А.Р. осыған байланысты 
«ӛзіндік даму», «ӛзіндік жетілу», «дербестік», «белсенділік» сияқты тұлғаның 
субъектілігін сипаттайтын ұғымдардың маңыздылығын ашады.
Лидердің тұлғасы кӛп жағдайда жеке тұлға немесе жалпы топтың 
тағдырын шешеді және адамның әлеуметтенуіне әсер етеді. Адамдар мен 
топтар қалай әр түрлі болып келсе, дәл солай лидерлер мен олардың іс-
әрекеттері де әр түрлі болып келеді. Лидерліктің белгілерін кез - келген топтан 
байқауға болады.
Зерттеуші Ю.Н.Емельянов барлық лидерлік жағдайларында кездесетін 
заңдылықтарды: «лидер ретінде ұсынылған адам, оның лидерлік ету стилін, 
басқаратын топ мәнін, сонымен қатар, лидер мен оның ізбасарларының 
тұлғалық ерекшеліктерін бейнелейді» - деп кӛрсетеді [119]. Алайда, лидерлік 
феноменінің айқындылығына қарамастан, топтағы лидерді анықтау қиындық 
туғызатын жағдайлар да болады. Топтағы лидерді анықтаудың екі негізгі әдісі 
бар: 
1) топ мүшелерінің пікірін сұрау арқылы олардың топтың бағытын 
таңдаудағы ең ықпалды тұлға ретінде кімге артықшылық беретінін анықтау 
(сауалнама);
2) сырт бақылаушылардың (немесе арнайы шақырылған кеңесшілердің) 
басқаларға ықпалы жоғары топ мүшелерін атауды сұрау арқылы анықтауға 
болады. 
Лидерді анықтаудың осы екі әдісінің ортақ белгісі тұлғаның басқа топ 
мүшелеріне әсер ету факторы болып табылады. Демек, алдымен, лидерлерді 
топ қызметіне әсер етуші адам ретінде анықтауға болады. Ю.Н.Емельянов бұл 
анықтаманың алдамшылығын кӛрсетеді [119,с. 56]. Оның ойынша, әдетте 
лидерлік 
мәселесін 
зерттегенде 
назар 
аударылмайтын, 
мұндай 
тұжырымдаманың маңызды үш салдары болады. 
Біріншіден, лидерлік белгілі бір қасиеттің бар болуы немесе жоқ болуы 
емес, сандық кӛрсеткіш екендігін есте сақтау қажет. Яғни, студенттік топ 
мүшелерін «лидерлер» мен олардың «ізбасарлары» деп бӛлмей, олардың 
бойында қабілеттіліктің бар болуына ғана емес, сонымен қатар олардың 
кӛлеміне мән берген дұрыс. Сондықтан, топ қызметіне айтарлықтай әсер ететін 
топ мүшелерін лидерге жатқызуға болады.
Екінші салдар, лидерліктің кӛрінуі тұлғалар арасындағы қарым-қатынас 
әрекеті: ізбасарға лидер ғана әсер етіп қоймай, ізбасар да лидерге әсер етеді. 
Лидерлердің 
іс-әрекеті 
айтарлықтай 
деңгейде 
топ 
мүшелерінің 
құндылықтарымен шарттасқан. 
Студенттік топ – күрделі және әр қилы әлеуметтік құбылыс, ол объективті 
қолданыстағы заңдар, қарым-қатынас заңдары бойынша дамиды. Студенттік 
топтар формалды және формалды емес лидерлер жүйесі арқылы ӛзін-ӛзі 


47 
басқару негізінде де, оқытушы тарапынан басқарушылық ықпал ету негізінде де 
қызмет етеді. 
Топтарда қалғандарына қатысты неғұрлым маңызды рӛлдер болады. 
Мұндайға лидердің рӛлін жатқызуға болады. Лидерлік ӛз алдына индивидтің 
лидер рӛліне сәйкес келетін ӛз қабілеттерін, мінез-құлықтағы тұлғалық 
қасиеттерін таныту. Индивидтің лидер рӛлін атқаруы оның топтың басқа 
мүшелерімен салыстырғанда кӛрнекті жеке қасиеттерді танытуы арқасында 
немесе оның жоғары формалды мәртебеге ие болуының арқасында болуы 
мүмкін. Барлық жағдайларда лидерлікке ұсынылып шығу түпкі есепте топ 
мүшесінің топтық міндеттерді шешуше қосатын үлесінің тиімділігімен 
шартталады. Басқаша айтқанда, лидер топ мүшелері қандай да бір индивидтің 
қызметін неғұрлым маңызды, ал оның топтың қызметіне үлесі неғұрлым 
бағалы деп танитын болған жағдайда пайда болады. 
Топтағы лидер оның кӛрнекті қасиеті мен қабілеттерін мойындайтын топ 
мүшелерінің қолдауынсыз пайда болып, қызмет ете алмайлы. Кӛшбасшы 
әлеуметтік субъект ретінде топтың мүдделері, оның бүтіндігінің тұлғалық-
рӛлдік нақтылы түрдегі кӛрінісі мен бейнесі. Лидердің функциясы – топтың 
міндеттері мен мүдделерін біртұтас ретінде тұрақты түрде жүзеге асыру және 
қадағалау. Ол топтың беделі, ұйымшылдығы, бірігуі үшін тікелей жауапты. 
Оның қызметі, құзіреті, құқығы мен міндеттері бірінші кезекте дәл осы топтық 
ортақ міндеттер, функцияларды білдіреді. Адамның лидер болу қабілеті кӛбіне 
оның ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттеріне байланысты 
болады. Лидер келесі мінез-құлықтық белгілерге ие болу керек: ерік-жігер, 
психикалық тұрақтылық, сыншылдық, тӛзімділік, оптимистілік, табандылық, 
бейімділік, ӛзіне және басқаларға талап қоюшылық, жаңа дүниені қабыл 
алғыштық, батылдық, бастамашылдық, тәуелсіздік, ӛзіне сын кӛзбен 
қараушылық, сенімділік, сабырлылық [120]. 
Зерттеулер кӛрсеткендей, теңдікке бет алған топтарда лидер 
демократиялық қағидаларды ұстанады, керісінше, күшті билікке мән берілетін 
топтарда лидер бір ӛзі билеп-тӛстеуші диктаторға айналуы мүмкін. Яғни, 
лидер ретінде танылған студент белгілі бір білім ордасының бӛлімшелерінде 
жұмыс жасайтын адамдардың алдында беделді кӛрінуді мақсат тұтып, топ 
мүшелеріне бұйрық беруді ұстанатын болса, бұл диктаторлықтың айқын 
кӛрінісі. Аталған жағдайда студенттің тек ӛзінің қажеттілігін ғана 
қанағаттандыруды кӛздеуі мүмкін. Үшіншіден, біз маңызды әсері бар лидер 
ретіндегі адам мен кейде әсері әлсіздеу ресми басшының арасындағы 
айырмашылықты есепке алуымыз керек. Басқаша айтқанда, ресми 
басшылардың, яғни арнайы сайланған студенттік топтардың басшыларының 
бәрін лидер деп айта алмаймыз. Лидерліктің пайда болуы мен оның топтағы 
қызметі топтың құрылымымен, жағдайымен және мақсат-міндеттерімен 
анықталады. Ӛздерінің басшылық жағдайларының арқасында топтық мақсаттар 
мен кӛзқарастарды құруда, сонымен қатар, топ мүшелерінің ортақ әрекетін 
ұйымдастыруда лидер маңызды роль атқарады. Кӛбінесе топ ішіндегі ықпал ету 


48 
мүмкіндігі бір немесе бірнеше адамдардың қолына шоғырланады, бірақ топтың 
барлық мүшелерінің арасында тең таралмайды.
Ю.Н.Емельянов лидерліктің топ ішінде шоғырлану үрдісінің келесі 
айырмашылықтарын кӛрсетеді. 
Лидерлер және топтың дәрежелік иерархиясы сандық ӛсу, топтық 
мақсаттардың нақтылануы мен қызметтерінің ӛсуі үрдісінде топ мүшелерінің 
арасында әсер ету деңгейі иерархиясы дамиды. Иерархияның жоғары 
сатысында бірінші дәрежелі лидер болады, ортасында екінші және үшінші 
дәрежелі лидерлер орналасады, және тӛменгі сатыда ізбасарлар орналасады. 
Кіші топтарда, тәртіп бойынша, аралық лидерлер да, ізбасарлар да ӛз 
деңгейлерінен жоғары лидердің негізгі ерекшеліктерін кӛрсетеді [119,с.94].
Бұл лидерлікті педагогикалық тұрғыдан қарастырар болсақ, топтың 
белсенді мүшесі лидер ретінде танылып, оның деңгейі жоғары болуы мүмкін. 
Бірақ топтың басқа мүшелерін дәрежесі тӛмен деп танудың қажеттігі жоқ.
Мұндай жағдайда дәрежелік бӛлінуді болдырмас үшін оқу – тәрбие 
үдерісіндегі қарым –қатынас объективті болуын қамтамасыз ету керек. Ал, 
қиын жағдайларға байланысты лидердің топ ішінде қалыптасуы лидерге 
мұқтаждық, топтық мақсатқа жету жолында қандай да бір қиындық-кедергілер 
пайда болған жағдайларда немесе топ ішінен қатер туындағанда, яғни қиын 
жағдайларда сезіледі.
Мұндай жағдайларда әрдайым қауіп-қатерге тойтарыс беріп, мақсатқа 
жету үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы топ мүшелері арасында 
келісілген түсінік жетіспеушілігі байқалады. Егер осындай жағдайда қандай да 
бір индивид ӛзінің жеке қасиеттерінің арқасында (батылдық, ептілік, білім т.б.) 
мақсатқа жетуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, онда сол адам топ лидер 
болуы ықтимал. Топ душар болған қауіп пен қиындық деңгейі лидерліктің 
пайда болуын ғана емес, сонымен қатар, оның кӛлемі мен түрін анықтайды. Аса 
қиын жағдайларда лидерлік бір адам қолына топтасады.
Егер топтың мәселелері мен қиындықтар кӛлемі бойынша күрделі болса, 
лидерлік қызметі бірнеше адамдар арасында бӛлінеді. Кей жағдайда лидердің 
пайда болуы тек сыртқы қатерден ғана емес, топішілік қақтығыстар салдарынан 
да пайда болады. Қақтығысқан кіші топтар жоғары лидерге қатысты күштердің 
теңдігіне жетеді, егер топ ыдырап кетпесе, жоғарғы лидер кіші топтардың 
лидерлерін ығыстыруы мүмкін [119,с.56]. Сонымен қатар, лидер сырт ортада 
топ ӛкілі қызметін орындай алмаса, онда топ жаңа лидер ұсынатындығы 
дәлелденген.
Топ ішінде жетекші рольге ие болғысы келетін топ мүшесі жеке 
мұқтаждықтарына байланысты топтық мақсаттармен қатар, жеке, қосымша 
мақсаттарды кӛздеуі мүмкін [117,с.89]. Демек, бұл жағдайда ӛзінің 
мұқтаждықтарын сезіну деңгейі, құндылық бағыттарына байланысты болашақ 
лидер мақсатты түрде басшылық рольге талпынады немесе стихиялы түрде 
лидер ретінде ұсынылады, яғни, топтағы адамдар қандай да бір қасиеттерге ие 
топ мүшесін лидер ретінде ұсынады. Болашақ лидер жетекшілік дәрежеге ӛзі 


49 
ұмтылған жағдайда, лидердің әлеуметтік ӛзін - ӛзі ұйымдастыру механизмі 
бағытты іс - әрекетке жол береді.
Мұқтаждықтардың қатарына билікке ұмтылу, ӛз әлеуметтік мәртебесін 
кӛтеру сияқты басқа мақсаттар түрін жатқызуға болады. Тек топта осы 
мақсаттарға ие тұлға болған жағдайда ғана лидер пайда болады деп күтуге 
болады. Егер топ ішінде лидерлер әлеуеті жоғары болса, лидерлік бірнеше 
адамдар арасында бӛлінуі мүмкін, егер топтың лидерлік әлеуеті тӛмен болса, 
билік бір адамның қолына шоғырланады, егер ондай әлеует жоқ болса, онда 
лидер пайда болмайды, мұндай топ ыдырап кетуі мүмкін [116,с.74]. 
Сонымен, лидерліктің пайда болу мәнін түсіну үшін топ ішіндегі 
факторларды ғана емес, сонымен қатар, топ мүшелерінің мүдде-
мұқтаждықтарын, болашақ лидерлердің психологиясын да ескеру қажет. 
Лидерлер ізбасарларсыз болмайды. Егер топта лидерлікке бағыт алған тұлғалар 
болмаса, онда топ мүшелері ізбасарлар емес, жай қатысушылар болады. 
Мұндай топта ресми басшы болуы мүмкін, алайда ол топ қызметін тек 
ұйымдастыру - құқықтық тәсілдер арқылы ғана реттейді. 
Лидер қызметінің ерекшелігі топ стильдері ӛзара байланысты болады. 
«Демократиялық» топтар мен «авторитарлық» стиліндегі топтардың қызметтері 
әртүрлі болып келеді. Аталған стиль түрлеріне байланысты Ю.Н.Емельянов 
лидердің келесі қызметтерді атқаратындығын анықтаған [119,с.56]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет