Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту


Табысқа жету және сәтсіздіктен қашу уәждері студенттердің



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

1.2 Табысқа жету және сәтсіздіктен қашу уәждері студенттердің 
лидерлік әлеуетін дамытудағы қозғаушы кҥш ретінде 
Жетістіктер уәждемесі адам мінез-құлқын реттеуде маңызды рӛл ойнайды. 
Оның мәселелерін зерттеу психологиядағы ӛзекті бағыт болып табылады, бұл 
заманауи қоғамның дамуының белгілі бір беталыстарымен байланысты. 
Ғылыми-техникалық прогресс, кәсіпкерлік саласының кеңеюі, білімнің 
беделдігінің артуы адамды сайыс, объективті бағалау, конкурстық іріктеумен 
байланысты жағдайларда белгілі бір табыстылыққа қол жеткізу қажеттілігіне 
әкеледі. Оның мұндай жағдайлардағы мінез-құлқы кӛбіне жетістік 
уәждемесінің күші мен бағытталуына байланысты болады. 
Адамның уәжін психикалық феномен ретінде анықтау мәселесімен 
шетелдік те, отандық та психологияда тығыз айналысты. Әдетте, уәжді 


32 
уәждеме жүйесінің немесе адамның уәждемелік саласының компоненті ретінде 
қарастырады. Біз ӛз жұмысымызда бұл түсініктерді синонимдік ретінде 
пайдаланатын боламыз.
Уәждеме мәселесіне үлкен мән берген психологтардың бірі қызметтік тәсіл 
ӛкілі А.Н. Леонтьев болатын. Ол адамның уәжін оның қажеттіліктерімен 
байланыстырды [26, с. 98]. 
Қажеттіліктің белсенділік кӛзі ретінде бар болуы адамның кез-келген 
қызметіне алғышарт болады. 
Қажеттілікті шынайы ӛмір заттарына белсенді және таңдамалы 
қатынастағы біріншілікті бастапқы нысанды білдіретін тірі ағзалардың қасиеті 
ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда, шынайы әлемнің заттарына деген 
объективті қажеттіліктің субъективті жағдайы. 
Осылайша, психологиялық деңгейде қажеттілік психикалық кескінмен екі 
түрлі жанамаланған: субъективті (субъективті күй), бұл қажеттілік пен 
шиеленіс болуында кӛрініс табады, бұл ретте тұтыну пәні ашылмаған, 
сондықтан, оның ӛзі маңызды; объективті (объективті қажеттілік), бұл 
жағдайда тұтынушылықтың ӛзі емес, сырттық әлемде орналасқан оның пәні 
маңызды. 
Уәждеме – мінез-құлық пен қызметтің ішкі анықтаушысы. Ол адами мінез-
құлықтың қозғалтқыш күші ретінде сӛзсіз, тұлғаның құрылымында жетекші 
орынды алады және оның негізгі құрылымдық түзілістерін: мінез, тұлғаның 
бағыттылығы, эмоция, қызмет етушілік және психикалық үдерістерді қамтып 
ӛтеді. 
Мінез – тұлғаның тұрақты сипаты. Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша ол 
«негізгі ӛмірлік бағыттылықты кӛрсетеді және осы тұлғаға тән ӛзіндік 
әрекеттер кейпінде кӛрініс табады». Басқаша айтқанда, мінезге анықтама бере 
отырып, тұлғаның ӛмірлік жағдайларға жауап қайтарудың үлгілік тәсілдерін 
анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы. Мінездің кӛрініс табулары бұл 
танылулар нақты жағдайда қандай уәждер мен мақсаттарға қызмет ететініне 
байланысты болады [104]. Әрине, ӛзекті уәждер мен мақсаттар мінезге қалай 
ықпал ететіндігі туралы сұрақ туады. Бізді де кӛбінесе уәждеменің мінез 
ерекшелігіне ықпалы қызықтырады. Б.М.Теплов бӛліп кӛрсеткен мінездер 
қырларының топтарына (екеуі уәждемемен тікелей байланысты) сүйене 
отырып, қандай да бір заңдылықтарды анықтауға тырысамыз. Еңбек пен ӛз 
ісіне қатынасты кӛрсететін сипаттар тобынан бастау қажет. Бұған белсенділік, 
адалдық, жауапкершілік кіреді. Бұл табысқа жетуге ынталанған адамдарда 
кӛрініс табатын сипаттардың дәл ӛзі. Бұл екі аспектілер арасындағы тура 
пропорционалдық тәуелділікті байқауға болады: адамда жетістік уәжі неғұрлым 
күшті болған сайын, адамның еңбекке деген қатынасының оң қырлары 
соғұрлым айқын кӛрінеді. Жетістік уәжінің күшеюі (тек орта деңгейге дейін 
немесе ортадан сәл жоғары) бастамашылық, еңбексүйгіштік, қиындықтарды 
жеңуге және табысқа қайткенде де жетуге ұмтылушылықтың дамуына әкеледі. 
Әрі бұл қызметтің қандай да бір саласы үшін емес, жалпы қызметке тән сипатқа 
ие болады. Яғни, жаңа жағдайда табысқа ынталанған адам табандылық 


33 
танытады және мәселені шешу жолдарын іздейді. Әрине, бұл тек тұлғалық 
ерекшеліктердің дамуына ғана әсер етіп қоймайды, жоғары психикалық 
функциялардың дамуына әкеледі, мысалы, ойлау, мұның дамуының жоғары 
деңгейі стандартты емес тапсырмаларды шешудің қажетті шарты болып 
табылады; мұндай тапсырмаларға деген қызығушылық жағдайға әдеттен тыс 
кӛзқарасты іздеуге себепші болады, ал бұл барлық уақытта қиялдың дамуына 
әкеледі. Қиялы жақсы дамыған адам мәселелерді жан-жақты қарастыру 
қабілетіне ие болады, тиісінше, дұрыс шешімді таңдау ықтималдығы артады. 
Стандартты емес тапсырма бар уақытта қиындықтың біршама жоғары деңгейін 
білдіреді және шешім субъектінің тапсырмаға жинақталуын талап етеді, 
осылайша зейін және оны жинақтау мен рационалды үлестіріп бӛлу 
мүмкіндіктері дамиды. Осының арқасында табысқа ынталанған адам 
күтілмеген жағдайларда абыржымауға қабілетті. Бір тұйық шеңбер құрылады: 
жетістік уәждемесі субъектінің қабілеттерінің дамуына әкеледі, ал дамыған 
қабілеттер табыс ықтималдығын арттырады [105]. 
Сәтсіздіктен қашу уәждемесінің жағдайы мүлдем басқа. Уәждеменің бұл 
түрі жағымды немесе тиімді қозғалтқыш күш болып табылмайды. Сәтсіздіктен 
қорқу жауапкершіліктен қашуға, кӛбіне тіпті қызметтен жалтаруға әкеледі. 
Белсенділіктің жоқтығы барлық дерлік психикалық үдерістердің тежелуіне 
әкеледі, тиісінше, прогрестің болмауы, мінездің теріс қырларының дамуы да 
мүмкін, мысалы, қиындықтардың, кедергілердің алдында тізе бүгу, 
жинақылықтың жоқтығы, ебедейсіздік. Сәтсіздіктерден қашу уәждемесінің 
үстемдік етуі кӛбіне мінез-құлықтың конформдық типінің қалыптасуына 
әкеледі. Бұл жағдайда адам дербес жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге қабілеті 
тӛмен, тек қоршағандардың қолдауымен ғана әрекет ете алады. Мұндай 
адамдардың сыннан қорқатыны салдарынан олар ӛз ойларын айтпайды, 
қоршаған ортаның пікіріне кӛз жұмып ереді, тиісінше, әрдайым «жетектегі» 
болып табылады, уағызлық әсер етуге тӛтеп бере алмайды. Конформдық 
мінезді адамдардың ерекшелігі – ӛз ортасымен қарама-қайшылықтың 
болмауында. Осының салдарынан дамудың болмауы, А.Н. Леонтьев айтқандай, 
қызмет үдерісінде туындайтын қайшылықтардың нақ ӛзі тұлға дамуының 
қозғалтқыш күші болып табылады [26, с. 31].
Конформизм сипаттарын ерік-жігерді жаттықтыра отырып, еңсеруге 
болады. 
Мінез-құлықтың 
ерік-жігерлік 
реттелуі 
тұлғаның 
оңтайлы 
жұмылдырылу күйімен, белсенділіктің қажетті режимімен, бұл белсенділіктің 
қажетті бағыттағы жинақталуымен сипатталады. Бұл жағдайда табысқа жету 
уәждемесі тұлғаның ерік-жігерлік қасиеттерін дамытуға кӛмектеседі, оларға 
ерік-жігер, яғни, мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті ерік-жігерлік күштің 
дәрежесі; табандылық адамның ӛзінің мүмкіндіктерін қиындықтарды ұзақ 
уақыттық еңсеру үшін жұмылдыру қабілеті ретінде; тӛзімділік (қабылданған 
шешімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекет, сезім, ойларды тежеу 
қабілеті), қайраттылық. Бұл кӛптеген мінез-құлықтық әрекеттерін анықтайтын 
базалық ерік-жігерлік қасиеттер. Неғұрлым жоғары деңгейде табысқа жету уәжі 
табандылық (жылдам, негізделген және қатаң шешімдерді қабылдау және 


34 
жүзеге асыру), батылдық (жеке бастың аман-есендігіне тӛнетін қауіпке 
қарамастан мақсатқа қол жеткізу үшін қорқынышты жеңіп, ақталған тәуекелге 
бара білу қабілеті), ұстамдылық (ӛз психикасының сезімдік қырларын бақылау 
және ӛз мінез-құлқын саналы түде қойылған міндеттерді шешу үшін бағындыру 
қабілеті), ӛзіне сенімділік сияқты ерік-жігерлік қасиеттерді дамытуда біршама 
маңызды. Сәтсіздіктен қашу уәжінің жетекшілігінде аталып ӛткен қасиеттер ӛте 
әлсіз дамыған, бұл субъектінің енжарлығын, жиі күдіктену, айтуға қорқу, 
жасқаншақтықтың себебін түсіндіреді. Бұлар тӛмендетілген ӛзін-ӛзі бағалаудың 
жарқын кӛріністері – ӛз әрекеттеріне, олардың табыстылығына сенімсіздік, 
ӛзіне деген сенімсіздік [26, с. 12]. 
Ӛзін-ӛзі бағалау деңгейі елеулі дәрежеде табысқа жету немесе сәтсіздікке 
ұшырау нәтижесінде пайда болатын адамның ӛзіне, ӛзінің қызметіне
қанағаттануы немесе қанағаттанбауымен байланысты болады. Ӛмірлік 
табыстар мен сәтсіздіктердің қабысуы, біреуінің екіншіден басым түсуі 
біртіндеп тұлғаның ӛзін-ӛзі бағалауын қалыптастырады. Табысқа жетуге 
ұмтылысы қатты кӛрнекті болатын адамдар ӛмірде мұндай уәждемесі әлсіз 
немесе болмайтындарға қарағанда әлдеқайда кӛп нәрсеге қол жеткізетіні 
байқалады. Нәтижесінде мұндай адамдар жеңімпаз емес, жеңілген, жалпы 
ӛмірлік сәтсіздікке ұшырағандар болатыны жиі. Дәл осының нәтижесінде 
сәтсіздіктен қашуға ынталанған адамдарда әдетте, ӛзін-ӛзі бағалауы тӛмен 
болады. Бұл адамда оны әлсіз, қандай да бір нәрсені еңсеруге қабілетсіз ретінде 
сипаттайтын қасиеттердің дамуына әкеледі. Бірақ, сәтсіздіктен қашу уәжінің 
үстемдігінде де ӛзін-ӛзі бағалауы аса кӛтеріңкі болатын жағдайлар да кездеседі. 
Бұл менменшілдік, асылық, кейде бетпақтыққа ӛтіп кететін ӛзін-ӛзі 
дәріптеушілік, ӛкпешілдік, жасқаншақтық, эгоцентризм (ӛзінің әсерлерімен 
әрдайым назардың ортасында болуға бейімділік), менмендік (басым жағдайда 
ӛзінің жеке игілігін ойлауы) сияқты қасиеттердің дамуына алғышарт болады. 
Ал табысқа жету уәждемесі дұрыс ӛзін-ӛзі бағалауды қалыптастыруға 
кӛмектесуші ретінде абсолютті қарама-қарсы қасиеттерді дамытады: 
қарапайымдылық, дұрыс түсінілетін абырой және мұнымен байланысты ӛзін-
ӛзі сынаушылық, ӛз қадірін сезу [17, с. 45]. 
Ӛзін-ӛзі бағалауы тӛмендетілген тұлғалар ӛздеріне сенімсіз болғандықтан, 
ал асыра бағалағандар сыннан қорқып, оны қабылдамайтындықтан, ӛзін-ӛзі 
бағалауы дұрыс емес адамдардың ерекшелігі үрейленудің жоғары деңгейі 
болып табылады. Д.Аткинсонға сәйкес, «…қашу үрдісі негізінде алдағы 
қызметте мүмкін сәтсіздіктен сезінетін қорқыныш жатыр, әрі қашу уәжі 
күшімен тікелей байланысты үрейдің белгілі бір деңгейін тудырады» [106]. 
Үрейлілігі жоғары адамдарда жетекші болып сәтсіздіктен қашу уәжі 
табылады, бұл күйзелісті жағдайларда және тапсырманы шешуге берілген 
уақыттың тапшылығы жағдайында тӛмен жұмыс қабілеттілікті, әрекетке 
ұмтылуды тӛмендететін сәтсіздік туралы хабарламаға эмоционалды ӛткір 
реакцияны, кӛптеген объективті түрде қауіпсіз жағдайларды қауіп тӛндіретін 
ретінде қабылдау мен бағалауды анықтайды. Жеке тәжірибедегі жиі болатын 
сәтсіздіктер тіпті мінездің акцентуациясына әкелуі мүмкін. 


35 
Айқын кӛрнекті тұлғалық үрейлі адамдарда дәрменсіздік сезімі пайда 
болуы мүмкін. Ол кӛбіне ӛткен шақтағы кӛптеген сәтсіздіктер индивидтің 
санасында ӛзінде табысты және тиімді қызмет етуге қажетті қабілеттердің 
жоқтығымен ассоциацияланғанда пайда болады, бұл ары қарай талпыныстар 
жасау мен қызметті орындауға күш жұмсау ниетінің жоғалуына алып келеді. 
Бұны бірінші болып америкалық ғалым, Пенсильвания университетінің 
психология профессоры М.Селигман айтты. Бұл құбылыс «үйренілген 
шарасыздық» деп аталды. Ӛте кӛп дүние адам осы міндетті мүлдем 
шешілмейтін деп есептеуі немесе оған ӛзінің ғана қабілеті жетпейді деп 
санайтындығымен анықталады. Үйренілген шарасыздық әдетте тек соңғы 
жағдайда ғана дамиды. Оған қоса, адам тапсырманың шешімі бар, бірақ, ол ӛзі 
таласпайтын тек арнайы дайындығы бар тұлғаларға қолжетімді деп те 
мойындауы мүмкін. Жалпы, сәтсіздіктің ары қарайғы барлық мінез-құлықтарға 
әсер етпеуіне осындай ішкі нұсқама жеткілікті. Сәтсіздіктердің себептерін ішке 
жатқызу үйренілген шарасыздықтың айқындаушы кӛрінісі. Бұл ретте адам 
сәтсіздікті осы жерде және осы шақта ӛткерудемін деп есептей алады. Бірақ, ол 
сәтсіздіктерге ары қарай да ұшыраймын, әрі тек осы нақты қызметте ғана емес, 
басқа кез-келгенде де ұшыраймын леп болжауы мүмкін. Бұл жағдайда мәселе 
жаһандыққа айналады және шешілуі ӛте қиынға соғады [107]. 
Осылайша, ғалымдардың адамдарда когнитивті шарасыздық сезімінің 
пайда болуына мүмкін беретін және кедергі келтіретін ерекшеліктерді зерттеуі 
барысында табысқа жетудің қатты кӛрнекті уәждемесінде және кӛп нәрсе 
әрекет етуші тұлғаның ӛзіне байланысты болатындығына сенімділік барысында 
шарасыздық сезімі, оның теріс салдарлары сәтсіздіктен қашу уәждемесі мен 
сенімсіздіктің болуындағымен салыстырғанда сирек пайда болатыны 
анықталды. Мұндай сезімге бәрінен де бұрын берілетіндер ӛздерінің 
сәтсіздіктерін ӛте асығыстықпен және жӛнсіз жиі түрде қажетті қабілеттердің 
болмауымен түсіндіретін, тӛмендетілген ӛзін-ӛзі бағалауға ие адамдар болып 
табылады. Сондықтан, адамның тиімділігі ӛмір тіршілігінің барлық саласында 
дерлік табысқа жету уәжін жандандыру деңгейіне байланысты болады [16,58б]. 
Жоғарыда айтылғандарды жалпылай келе, тұлғаның уәждемесі мен 
қасиеттері арасында ӛзіміз кӛз жеткізгендей, шынында да ӛзара байланыс бар: 
тұлғаның қасиеттері уәждеменің ерекшеліктеріне әсер етеді, ал уәждеменің 
ерекшеліктері бекіп, тұлғаның қасиеттеріне айналып кетеді деуге болады. Бұл 
ретте уәждеме тұрақты, бірақ, қарқынды құбылыс ретінде ӛзгеріс барысында 
адамның мінез-құлықтық әрекеттерінде де ӛзгерістерге әкеледі. Тиісінше, 
уәждің күшеюі не табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу тұлғаның тиісті 
қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады. Егер сәтсіздіктен қашу уәждерінің 
үстемдік етуінде адамды әлсіз ретінде сипаттайтын қасиеттер қалыптасса, 
табысқа жету уәжінің жетекшілік етуінде қарама-қарсы қасиеттер қалыптасады, 
жетістік уәждемесінің үстемдік етуіне жағдай жасай отырып, адамның оң, 
мықты қырларының дамуын қамтамасыз етуге және оның дамыған тұлға 
ретінде қалыптасуына алғышарт жасауға болады.


36 
Жалпылай келе, біз табыс пен сәттілікке ынталанған адамдардың мінез-
құлқындағы айырмашылықтар айқын, ӛздеріне, еңбекке және ӛз ісіне қатынасы 
арқылы кӛрінеді деп айтуға болады; тұлғаның ерекшеліктері ретінде бекітілген, 
тиісінше, қызметтің барлығына ӛзіндік белгісін таңады және оларды ӛзгерту 
ӛте қиын деп болжамдауға болады.
Табысқа жетудің үстемдікті уәжі сәтсіздіктен қашуға ұмтылатын, барлық 
әрекеттері қиындықты жеңуге емес, қашуға бағытталған адамдармен 
салыстырғанда ӛзінің иесін мықты, қоршаған ортаны ӛзгерте алатын адам 
ретінде сипаттайды. Табысқа жету уәжі ӛзін-ӛзі дұрыс бағалауды 
қалыптастыруға, ерік-жігерлік қасиеттерді, зейін, ойлау, қиялдау сияқты 
психикалық үдерістерді дамытуға кӛмектеседі. Сәтсіздіктерден қашу уәжі 
мүлдем басқа ерекшеліктермен сүйемелденеді, олар тұлғаның дамуына 
кӛрнекті оң ықпалға ие емес – жасқаншақтық немесе керісінше, асқақтық, ӛзіне 
сенімсіздік және осының салдары ретінде белсенді әрекеттерді жасаудан қорқу, 
ӛз ойын айтудан қорқу, тиісінше конформдық. Сәтсіздіктен қашуға ұмтылу ӛз 
иесін үрейленгіш етеді және оны қиындық жағдайында тоқтатады, ал табысқа 
ұмтылу болса, адамды кедергілерге қарамастан алға қарай қимылдауға, 
кедергілермен күресуге үйретеді. Дәл осы тұлғаның дамуына қажетті жағдай 
болып табылады. Сондықтан, сәтсіздіктен қашудың үстемдік уәжі барысында 
дамудың тежелуі туралы және табысқа жетудің үстем уәжі жағдайында 
жетілуге белсенді түрде ұмтылу туралы айтуға болады. 
Зерттеулер барысында табысқа жету уәжі индивидте соңы жетістікке алып 
келетін әрекеттерінің қозғаушы күші ретінде түсіндірілетіні анықталған. Бұл 
тенденция 
іс-әрекеттің 
бағытталғандығынан, 
интенсивтігінен 
және 
табандылығынан байқалады. Сәтсіздіктен қашу уәжі қателіктерден, 
сәтсіздіктерден қашудың психикада жасалған механизмі ретінде анықтаған; 
сәтсіздікке ынталанған тұлға үшін ең бастысы - қате жібермеу, тіпті 
мақсатының бастапқы маңыздылығын ӛзгертсе де, немесе толық, не белгілі бір 
мӛлшерде қол жеткізе алмай қалса да. 
Табысқа жетудің және сәтсіздікті болдырмаудың басты уәжі индивид 
жұмысының қандай да бір аспектісінде ғана емес, оның барлық іс-әрекетінде 
байқалады. Бұл уәждің қалыптасқандығын және оның индивидтің бір қасиеті 
ретінде бекігенін білдіреді. Сәтсіздіктен қашу уәжінің басым болуы индивидтің 
әлсіз, аз белсенді екенін сипаттайтыны анықталған. Олай болса табысқа жетуге 
ұмтылу адамда ерік-жігер, тӛзімділік пен қайраттылық сияқты күшті қасиеттер 
бар екеніне куә болады. Бұл табысқа жетудің және сәтсіздікті болдырмаудың 
уәжі түрлі жеке бас қасиеттерін дамытуға әсерін тигізетінін білдіреді. Табысқа 
жету уәжі адамның бойында кедергілерді жеңіп, қиындықтарға қарсы тұруға 
ұмтылу қасиеттерін дамытуға жол ашады. Бұл нағыз индивидті жеке тұлға 
қылатын нәрсе. Осылайша табысқа жету уәжі әрқашан оң әсерін береді, және 
сәтсіздікті болдырмау уәжіне қарағанда жеке тұлғаның дамуына кӛп ықпал 
етеді. 
Сонымен, біз уәждің пайда болу шарттарына келдік. Заттардың қажеттілігі 
адамның ізденіс белсенділігін қамтамасыз етеді. Субъект оның қажеттілігіне 


37 
жауап беретін затты таба отырып, онда нақтыланады, қажеттіліктің заттануы 
орын алады, бұл уәждің қалыптасуының негізгі қағидалары болып табылады.
Леонтьев А.Н. «заманауи психологияда жалпы уәж деп адам қызметін 
жандандыратын мінез-құлықтың ішкі күштерін айтады» деп жазады. Ал уәжге 
келесі анықтаманы береді: «қандай да бір қажеттілікке жауап бере отырып, 
қажеттілікті нақтылай отырып немесе, әрине, қажеттілікті қанағаттандыра 
отырып қызметке түрткі болатын және бағыттайтын объективті» [26, с. 45]. 
Уәждемелік сала – ӛмір бойына дамитын қажеттілік заты мен адамның 
ӛзінің жағдайын кӛрсететін адамның ниетінің тұтас қозғалмалы иерархиялы 
ұйымдасқан жүйесі. Сонымен, тұлғаның уәждемелік саласын сипаттайтын 
басты қатынастар болып ниеттер немесе уәждер иерархиясы табылады, ол 
олардың сезіну дәрежесімен, уәждердің қарқындылығымен және олардың 
тӛмендегілерді басқару қабілеттерімен байланысты болады. 
А.Маслоу (гуманистік психология ӛкілі) тіршілік қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға жақындығының дәрежесі бойынша уәждердің иерархиясын 
құрды. Иерархия негізінде физиологиялық гомеостазды сүйемелдеу, ұстап тұру 
қажеттілігі жатыр; жоғарыда – ӛзін-ӛзі сақтау уәждері, ары қарай – сенімділік, 
беделдік, махаббат. Иерархияның тӛбесінде қабілеттердің дамуына және 
тұлғаның маңыздануына әкелетін танымдық және эстетикалық уәждер [108]. 
А.Н.Леонтьев иерархия құрудың бұл ұмтылысын сәтсіз деп есептейді. Бұл 
сызбаның негізінде тӛменде орналасқан үстем қажеттіліктер адам жоғарыда 
орналасқан қажеттіліктердің болуын жете сезініп, ынталанғанға дейін азды 
кӛпті қанағаттануы қажет деген болжамдау жатыр. Бірақ, ынталану саласы 
жеткілікті түрде қарқынды және ӛзгерістерге жеңіл ұшырайды. Сәйкесінше, 
уәждер арасындағы иерархиялық қатынастар салыстырымды болып табылады 
және субъек қызметінің қалыптасып жатқан байланысымен анықталады. Бұл 
ретте мән түзетін уәждер иерархияда әрдайым жоғары орын алады [26, с. 46- 
47]. 
Мұнда уәждердің функциялары туралы айту қажет, ол А.Н. Леонтьевтың 
сӛзіне қарағанда екі түрлі ашылады. Бір жағынан, уәждер – «ӛзіне қызметке 
түрткі болатын және бағыттайтын объективті дүние, уәждердің ниеттендіретін 
функциясы мәні осында» [26, с. 45]. Екінші жағынан, субъектінің әрекеттері 
бағытталған мақсаттар және осы әрекеттердің мазмұны осы әрекеттерді 
қамтитын қызмет уәждеріне байланысты адам үшін ерекше мәнге ие болады. 
Мән құру функциясының мәні осы. Басқаша айтқанда, жекелеген әрекеттерге, 
осы әрекеттердің жекелеген мазмұндарына жеке бастық мән беру. Яғни, 
аталмыш мақсат, аталмыш әрекеттің объективті неден тұратыны емес, олардың 
субъект үшін қандай мәні бар екенін кӛрсетеді [26, с. 47]. 
Леонтьев А.Н. бойынша мән түзуші функцияларды атқаратын уәждер 
адамның полиынталанған қызметінде жетекші болып табылады. Олар орталық 
орынға ие, мінез-құлықта жиі кӛрінеді және тұлғаның дамуы үшін үлкен мәнге 
ие. Түрткі болу функцияларын негізінен екінші деңгейлі немесе бағыныңқы 
уәждер атқарады. Жетекшілер де қозғау сала алады, бірақ, ең алдымен мәнді 
тудырады. 


38 
Мән тудырушы уәждер адамның ішкі ынталануына жатады, ол ең тиімді 
болып табылады. Ол сыртқы уәждемені береді, Леонтьев А.Н. бойынша оның 
кӛзі болып сыртқы әлем, заттық және ең алдымен әлеуметтік орта болып 
табылады. Берілгеннен кейін уәждеме субъектке ӛзіндік, ішкіге айналады [26]. 
Сӛзсіз, ішкі уәждеме адам мінез-құлқын анықтауда орасан зор рӛл ойнайды, 
бұл ретте ішкі және сыртқы уәждер ӛзекті де, әлеуетті де болуы мүмкін және 
бір күйден екінші күйге ӛтуге қабілетті. Яғни, егер уәж ӛзекті болса, ол жеке 
тұлғамен таңдалған және нақты әрекеттерді анықтайды, ал әлеуетті болғанда ол 
әрекетті ұйымдастыра алады, тұлға дамуының жақын аймағын және адам мінез-
құлқының мүмкін нұсқаларын анықтайды.Уәждеменің қызметтің түрлі 
салаларында (кәсіптік, ғылыми, оқу) кӛрініс тауып, іске шығармашылық, 
бастамашылық қатынасын анықтайтын, мінезге де, еңбек орындау сапасына да 
әсер ететін кең нысандарын зерттеу үлкен маңызға ие болуда. Мұндай 
уәждеменің негізгі түрлерінің бірі жетістік уәждемесі болып табылады. 
Уәждеменің бұл түрін зерттеу ХХ ғасырдың ортасында басталды. Жетістік 
уәждемесінің теориясы пайда болды, ол тұлғаны міндеттер қиындығының 
қандай дәрежелері ынталандыратынын анықтайды.
Кеңестік үлкен энциклопедияда жетістік уәждемесі тұлғаның тұрақты 
сипаттамасы ретінде алғаш рет Г. Мюррейдің сыныптамасында 1938 жылы 
бӛлініп кӛрсетілді. Г.Мюррей органикалық қажеттілікпен қатар тәрбиелеу мен 
оқыту нәтижесінде біріншілікті қажеттіліктер негізінде дамитын психогендік 
тізімді ұсынды. Ол бұларға 26 қажеттіліктерді жатқызды, олардың қатарына 
табысқа жету қажеттілігі де кірді. Аталмыш диспозиция (немесе уәждемелік 
қасиет) индивидтің қызметтің алуан түрлерінде жетістікке жетуге деген 
орнықты танылатын қажеттілігі және бірнәрсені жылдам және жақсы жасауға 
талпыныс, қандай да бір істе белгілі бір деңгейге қол жеткізу ретінде 
анықталды [109]. 
Г.Мюррейге сәйкес, жетістік уәждемесі қиын; физикалық объект, адамдар 
немесе идеяларға қатысты басқарумен, айла-шарғы жасаумен және 
ұйымдастырумен; мұны мүмкін болғанша жылдам және дербес орындаумен; 
кедергілерді еңсеру мен жоғары кӛрсеткіштерге жетумен; ӛзін-ӛзі 
жетілдірумен; басқалармен бәсекелестік пен озып шығумен; таланттарды 
жүзеге асыру мен осы арқылы ӛзін-ӛзі сыйлауын арттырумен байланысты. 
Сондай-ақ, жетістік уәждемесінің басқа да жағы бар, ол табысқа қол жеткізу 
уәждемесіне қарама-қарсы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл қыр сәтсіздіктен 
қашу уәждемесі ретінде анықталады. 
Г.Мюррейден кейін жетістік уәжі мәселесіне америкалық ғалым Д.С. Мак-
Клелланд назар аударды. Ол жетістік уәждемесі «әлдеқайда мүлтіксіз әрекетке, 
мүлтіксіздік стандартына қол жеткізуге санасыз талпыну болып табылады» деп 
есептеді. 50 ж. ол жетістік уәждемесінің даралық айырмашылықтарын 
тақырыптық апперцепциондық тест (ТАТ) кӛмегімен тапты. Мак-Клелланд 
жетістік уәждемесінің қалыптасуы тәрбиенің жағымды жағдайы мен әл-ауқатты 
ортаға байланысты және әлеуметтік үйрену теориясымен келісіледі деп санады. 
Жетістік елеулі уәжі бар адамдарға тән сипаттарды кӛрсетті: қол жеткізу 


39 
уәжінің максималды қозғау салатын жағдайда еңбек етуге басымдық беру 
(яғни, орта дәрежедегі қиындықты міндеттерді шешу); табыс кездейсоқтыққа 
байланысты болмайтын жоғары емес немесе қалыпты тәуекелді жағдайдағы 
қызметті орындауда жеке ӛзіне жауапкершілік алу; ӛз әрекеттерінің нәтижелері 
туралы орынды кері байланысты қалау; міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді, 
жаңа әдістерін іздеуге ұмтылу, яғни, жаңашылдыққа бейімділік [89,с. 13]. 
Қол жеткізу уәжі туралы айтқанда неміс ғалымы Х.Хекхаузеннің 
зерттеулерін айтпай кетуге болмайды. Оның түсінігінде қол жеткізу уәжі – 
табыстылық критерийі қолданылуы мүмкін болатын және осы қызметті 
орындау тиісінше табысқа немесе сәтсіздікке әкелуі мүмкін қызметтің барлық 
түрлеріне адамның ең жоғары қабілеттерін арттыру немесе сақтау талпынысы.
Х.Хекхаузен жетістік уәждемесінің когнитивті моделі «күту – құндылық» 
авторы болып табылады. Тиісінше негізгі тұрақсыздар болып субъективті 
ықтималдылық және қозғау салу құндылығы ретінде күту табылады. Уәж бүтін, 
жалпыланған диспозиция; уәждеме – уәж бен жағдайлардың оған релевантты 
аспектілерінің ӛзара әрекеттестігі барысында туындайтын күй ретінде 
қарастырылады. Тиісінше уәждемелік үдеріс тұлғалық диспозициялар (уәждер) 
және жағдайдың ерекшеліктерінің ӛзара әрекеттестігі ретінде зерттеледі. Бұл 
ретте жетістік уәжі қол жеткізу қызметінің сыртқы (жағдаяттық) әсерлерге 
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ететін жеке бастың сипаты немесе қасиеті 
ретінде кӛрінеді.
Х.Хекхаузенге сәйкес жетістік уәждемесі оның құрылымын ашатын ӛзіне 
тән сипаттарға ие: қол жеткізу қызметі қорытындысы екі мүмкіндікке ие: 
табысқа жету немесе сәтсіздікке ұшырау, бұл ретте табысқа қол жеткізу 
бағдарлануы қол жеткізудің жоғары уәждемесіне ие адамдарда кӛрінеді; 
сәтсіздіктен қашу уәждемесі қиын міндеттерді шешуден жалтарумен 
сипатталады. Қол жеткізу уәждемесі қызмет ӛзін-ӛзі жетілдіруге мүмкіндік 
беретін болса, яғни, міндеттер орта дәрежелі қиындықта болатын жағдайда 
кӛрінеді; қол жеткізу уәждемсі белгілі бір түпкі нәтижеге, мақсатқа 
бағдарланған, бірақ, мақсатқа жылжу үдерісі үзілуі мүмкін, тіпті біршама ұзақ 
уақытқа да, жетістіктің жоғары уәждемесіне ие адамдарға үзілген сабақтарға 
қайта оралу және оларды соңына дейін апару тән, бұл сәтсіздіктен қашу 
уәждемесі басымырақ адамдарға тән емес [110]. 
Сондай-ақ, Дж.Аткинсонның тәуекелдік таңдау моделі де біршама 
мазмұнды. Оның зерттеулерінде табысқа қол жеткізу уәждемесі ықпалдастық 
түзіліс ретінде қаралған, онда Х. Хекхаузен зерттеулеріндегідей екі уәждемелік 
үрдістер кӛрсетілген: табысқа ұмтылу және сәтсіздіктен қашуға ұмтылу. 
Уәждемелік үрдістер құрамы бойынша күрделі болып табылады. Оларға 
жататындар: 
1) тұрақты жеке бас диспозициясы – уәждер;
2) мінез-құлықтың жағдаяттық тікелей анықтамалары – күту немесе 
ықтималдық;
3) болашақ табыстың немесе сәтсіздіктің субъективті қозғау салғыш 
құндылығы.


40 
Тиісінше, модельде қол жеткізу уәждемесінің үш басты анықтаушылар 
бӛлініп кӛрінеді: уәж, күту, құндылық [106,с. 28]. 
Күту деп кейбір әрекеттерді орындау белгілі бір салдарға алып келетінін 
болжап білу ретінде түсінеміз. Уәждердің атаулары (мысалы, жетістік) шын 
мәнінде қозғау ниеттердің сыныптарының атауы болып табылады, оларды 
негізінен қанағаттану сезімінің: табысқа қол жеткізгендегі мақтаныштан 
әсерленуінің бір типі тудырады. Мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған мінез-
құлық екі үрдістің: табысқа ұмтылу үрдістері және сәтсіздіктен қашуға ұмтылу 
үрдістерінің бірлескен ықпалы барысында туындайтын жетістіктің нәтижелік 
үрдісімен анықталады. 
Қол 
жеткізу 
уәждемесі 
мәселесімен 
психологтардың 
арасында 
біріншілердің бірі болып айналысқан М.Ш.Магомед-Эминов болатын, ол бұл 
феноменнің қызмет ету құрылымы мен механизмдерін зерттеуге әрекет жасап 
кӛрді. Ғалым әрқайсысы қызметтің жүзеге асыру барысында нақты уәждемелік 
функцияларды орындайтын тӛрт құрылымдық компоненттерден тұратын 
уәждеменің динамикалық моделін ұсынды: 
1) бастама білдіру немесе қызметке қозғау ниет,
2) мақсатты әзірлеу,
3) ниетті жүзеге асыру
4) жүзеге асырғаннан кейін кезең – әрекетті тоқтатуға немесе бір әрекетті 
басқамен ауыстыруға бағытталған үдерістер.
М.Ш.Магомед-Эминов бойынша жетістік уәждемесін жандандырудың 
негізгі механизмдерінің бірі жағдайды уәждемелік-эмоционалдық бағалау 
болып табылады, ол жағдайдың уәждемелік маңыздылығын бағалау мен қол 
жеткізу жағдайында жалпы біліктілікті бағалаудан түзіледі. Сондықтан, ғалым 
уәждемені аффективті және когнитивті үдерістер біріккен кӛпдеңгейлі күрделі 
функционалдық жүйе ретінде қарастырады.
М.Ш.Магомед-Эминов қол жеткізу уәждемесін жетістік уәжін жүзеге 
асыруға мүмкіндік болатын жетістік жағдайларында қызметтің психикалық 
реттелуі ретінде түсінді. Яғни, жетістік уәжі – тұлғаның жалпыланған, 
салыстырмалы тұрақты диспозициясы, адамның ӛз шеберлігі мен қабілеттерін 
кӛрсетуге мүмкіндік бар барлық жерде жоғары деңгейдегі сапада істі орындауға 
ұмтылуы. Ал жетістік уәждемесінің екінші қыры – сәтсіздіктерден қашу уәжі 
қателіктен қашуға ұмтылу ретінде анықталады, түптің түбінде мақсатқа 
айналатыны табыс емес, осы болады [111]. 
Дегенмен, авторлар табысқа ұмтылу мен сәтсіздіктен қашу арасындағы 
арақатынасқа түрлі кӛзқараста болады. Біреулері бұны жетістік уәжі шамалары 
шкаласында бірін-бірі жоққа шығаратын полюстер деп есептейді және егер 
адам табысқа бағдарланған болса, сәтсіздіктен қорықпайды және керісінше. 
Екіншілері айқын кӛрініс табатын табысқа деген ұмтылыс одан кем емес 
сәтсіздік алдындағы қорқынышпен үйлесуі мүмкін дейді, әсіресе, егер ол 
субъект үшін қандай да бір ауыр салдарларға алып келетін болса. Шын мәнінде 
табысқа ұмтылудың және сәтсіздіктен қашудың кӛрнектілігі арасында оң 
коррелляция болуы мүмкін екені жӛнінде мәліметтер бар. Сондықтан, мұнда 


41 
әңгіме қандай да бір субъектіде табысқа ұмтылу мен сәтсіздіктен қашуда 
басымдық қайсысының болуына байланысты жайында. Бұған қоса, бұл 
басымдық екі ұмтылыстың да кӛрнектілігінің жоғарғы да, тӛменгі де деңгейінде 
болуы мүмкін. 
Қорытындылай келе, біз уәждеме үдерісі туралы күрделі психикалық 
феномен ретінде айта аламыз. Біз ӛз жұмысымызда кӛбіне ресейлік психолог 
Леонтьев А.Н. уәждемені зерттеулеріне сүйендік. Оның пікірі бойынша, 
уәждемелік сала қарқынды, тиісінше, жетекші уәждер тіршілік үдерісінде 
ӛзгереді. Бұл ретте орталық орынды әрдайым ішкі уәждемеге жататын мән 
тудырушы уәждер иеленетін болады. Бұл жағдайда субъект қанағаттануды қол 
жеткізілген мақсаттан емес, оған жету жолында жасалатын әрекеттердің ӛзінен 
алады. Осындай уәждемелердің бірі болып жетістік уәждемесі табылады, бірақ, 
оның екі қыры бар: табысқа ұмтылу және сәтсіздіктен қашуға ұмтылу. Бұл 
саладағы 
зерттеулерді 
Г.Мюррей, 
Д.С.Мак-Клелланд, 
Х.Хекхаузен, 
Дж.Аткинсон, М.Ш.Магомед-Эминов сынды ғалымдар жүргізді.
Зерттеу бврысында біз, топтық іс-әрекет негізінде формалды емес лидер 
қызметтері екіге ерекшеленгенін анықтадық: біріншіден, олар қалыпты топтық 
мінез – құлық эталонын орнатады, мысалы: достық, жауапкершілік, ӛзара 
түсіністік, ӛнімділік, немесе топтың негативті әрекеті, агрессия, оңашалану.
Екіншіден, формалды емес лидер норма, дәстүр, мақсаттарды орнатып 
топтық мінез – құлық эталонына мәжбүрлейтін әр топ мүшесі үшін 
мотивациялық мінез – құлық танытады.
Бұл екі негізгі қызметтен ӛзге формалды емес лидер тӛмендегідей 
қызметтерді атқарады: топтық мінез- құлық координаторы, әрбір тұлға мінез – 
құлық реттеушісі, әрекет және құралдарды жоспарлаушы, арбитр, эксперт, үлгі.
Аталған қызметтерді орындау үшін ӛзге топ мүшелерімен лидерді 
қабылдаудың ерекше шарттарын құру қажет.
Лидерлер әртүрлі болады, бірақ оған қарамастан олардың ортақ 
сипаттамалары мен қасиеттері бар.
Л.И. Уманский пікірінше ұйымдастырушы (лидер) тұлғасының жеке 
сапаларына: құзыреттілік, белсенділік, бастамашылдық, табандылық, қарым – 
қатынасқа тез түсушілік, ӛзіне деген ұстамдылық, байқампаздық жатады [25,с. 
96]. 
Формалды емес лидердің маңызды жеке қасиеттері тӛмендегідей болып 
табылады: оптимизм, коммуникативтілік, мақсаттылық, тактикалық, зейін 
қоюшылық, тұтастылық, ӛз-ӛзіне сенімділік, биязылық, объективті ӛзіндік 
бағалауға мүмкіндік.
Осылайша, ұжым лидері – бұл белгілі бір әкімшілік күш кӛрсетпестен ӛз 
соңынан ӛзгелерді ерте алатын адам. Ол ӛзгелерді ӛзіне жақтас ете білетін және 
ӛз бастамаларының қатысушысы ете алатын адам. Осының нәтижесінде 
адамдар ӛз интеллектуалды – психологиялық әлеуетін пайдаланып ұжымдық 
интеллектуалды іс-әрекетке қатысады. Осы тұрғыда ұжым мүшелерінің дербес 
интелектуалды – психологиялық мүмкіндіктерінің катализаторы еді.


42 
Лидер –топта орталы, назарда болатын, әрқашан бастамашыл, белсенділік 
пен табандалақ қабілетімен ерекшеленетін адам [112]. 
Жоғарыда келтірілгенге сүйене отырып, табысқа жету және сәтсіздіктен 
қашу уәждері студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудағы қозғаушы күш деп 
айта аламыз. Барлық ескерілген зерттеулерде жетістік уәждемесінің екі 
нәтижесі бар деуге болады: табысқа қол жеткізу немесе сәтсіздікке ұшырау. 
Осылайша, жетістікке бағдарланған мінез-құлық әрбір адамда табысқа қол 
жеткізу мен сәтсіздіктен қашу уәждері болатынын болжайды. Басқаша 
айтқанда, барлық адамдар табысқа қол жеткізуге мүдделі болу және 
сәтсіздіктен үрейлену қабілетіне ие. Дегенмен, әрбір жеке адамда жетістікке 
жету уәжі немесе сәтсіздіктен қашу уәжін басшылыққа алудың үстемдікті 
үрдісі болады. Жалпы жетістік уәжі қызметті ӛнімді орындаумен, ал 
сәтсіздіктен қашу үрейлену мен қорғаныстық мінез-құлықпен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет