31
Екінші ереже құндылықтарға негізделген лидерлікті қызмет үдерісінде
үйренуге болады, тіпті, қажет етілетіндігін кӛрсетеді. Лидер болу кенеттен
орын алмайды. Лидерлік тәжірибе жинау нәтижесінде дамиды, оған қоса,
лидерлікті зерделеу және оны оқып үйрену үдерісі тоқтаусыз болып табылады.
Авторлар лидерлікті меңгерудің ең тиімді жолы қызмет пен индивидтердің бір-
бірімен ӛзара әрекеттестігі тәжірибесі арқылы жүреді дейді. Бірақ, бұл үшін
тұлғааралық қатынастар жеткілікті түрде дамыған болуы, ұйымдық орта ашық
және тұлға үшін әлеуметтік дамуына және лидерлік әлеуетін дамытуға
мүмкіндік беруі қажет [4,с.44-46].
Лидерлік
-
ұйымның мақсаттарына жетуге барлығының күшін бағыттай
алатын, жекелеген тұлғаға да, топқа да әсер ете алуы. Лидерлік – топта орын
алатын табиғи әлеуметтік-психологиялық үдеріс; ол беделді тұлғаның топ
мүшелеріне ықпал етуімен байланысты.
Ықпал ету деп басқа адамның әрекеттері, қатынастары мен сезімдерінде
ӛзгерістерге әкелетін адам әрекеті. Ықпал идеялар, ауызекі және жазбаша сӛз,
сендіру, нандыру, эмоционалдық жұқтыру, мәжбүрлеу, жеке бедел мен үлгі
арқылы жасалады.
Елеулі мәселені шешіп жатқан топ бар уақытта лидерді таңдайды. Онсыз
бірде-бір топ ӛмір сүре алмайды.
Сонымен қатар, қарастырылған мәселелерді қорыта келе, лидерді қандай
да бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіруге қабілетті тұлға деп анықтау
қажет. Сәйкесінше, бұл түсінік басқамен – «мақсатпен» байланысты. Шын
мәнінде, мақсаты жоқ лидер қисынсыз болып кӛрінеді. Тек мақсаттың ғана
болуы және оған жалғыз жетуге ұмтылу лидер атануға айқын түрде жеткіліксіз.
Лидерліктің ажырамас белгісі – ең болмағанда бір ізбасардың болуы.
Адамдарды артыңнан ерту, олардың арасында ортақ мақсатқа қол жеткізу
бойынша нақты міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жүйелі байланыстың
болуын қамтамасыз ету қабілеті болуы маңызды.
Лидерлік - әрдайым беделді тұлғаның жеке қасиеттерінің ол ықпал етуге
тырысатындардың қасиеттерімен және осы топта орын алған жағдаймен ара
қатынасына тәуелді болатын ықпал ету күші.
Достарыңызбен бөлісу: