Педагогикалық шеберлік
–үнемі жетіліп отыруды қажет ететін
балаларды оқыту мент тәрбиелеу ӛнері. Ол ӛнерге балаларды сүйетін және ӛз
қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - ӛз ісінің
шебері, жоғары мәдениетті, ӛз пәнін терең меңгерген, ғылым мен ӛнердің тиісті
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе, балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Лидер-
белгілі қоғамдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған
ортақ істе біріктіру мақсатында басқаларға ықпал ете алатын тұлға.
Лидерлік әлеует-
бұл жүйелі, интегративті тұлғалық құрылым, ол
интеллектуалды, мотивациялық, эмоционалды- еріктік, кәсіби – құндылықты
сапалар жиынтығын кӛрсетеді.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ББЖ КБА КДИ –
Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктігін арттыру
және қайта даярлау институты
БТ
- Бақылау тобы
ЭТ
- Эксперимент тобы
ЖОО
- Жоғары оқу орны
ОЖЖ
- Орталық жүйке жүйесі
Абай атындағы
ҚазҰПУ
- Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
БОПӘ
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
МдОТ
- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
П және П
- Педагогика және психология
МЖБС
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
6
КІРІСПЕ
Зерттеудің ӛзектілігі
. Қазіргі таңда әлеуметтік және экономикалық
ӛзгерістер
жағдайында
қоғам
адамгершілікті,
рухани
бай
және
шығармашылықты, кәсіби және тұлғалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие,
Қазақстанды қайта құру үдерісіне қатысуға белсенді қызығушылығы бар
адамдарға ӛткір қажеттілік пісіп жетілді. Отбасы мен мектеп жас тұлғаның
тұлғалық ӛзіндік ерекшелігінің негізін қалайды және оның болашақтағы мінез-
құлқының стереотиптерін қалыптастырады, дегенмен, тұлғаның түбегейлі
қалыптасуы студенттік жылдарда орын алады.
Студенттер – жастардың неғұрлым белсенді, ықпал етуге шалдыққыш
және болашаққа бағдарланатын бӛлігі. Сондықтан, жоғары кәсіптік білім
жүйесіне бірқатар мемлекеттік құжаттарда белгіленген ерекше талаптар
қойылады. Мысалы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Біздің болашаққа барар
жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға
байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден,
Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды
жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту
әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды»- деп әр жыл сайын
сауаттылығы жоғары бәсекеге қабілетті, белсенді, яғни лидерлер қалыптастыру
міндетін қойып отырғандығын байқаймыз [1].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде бірнеше
әлеуметтік - экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Соның бірі:
«
Жаңа формациядағы мұғалімдердің қажетті санда және тиісті
біліктілікте қалыптастыру. Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес келетін,
азаматтардың кәсіби, қызмет жолында және жеке ӛсуіне ықпал ететін адами
сапаларын дамыту қажет» делінген. Яғни, оқытушылар алдына қоғам талабына
сай жоғары интеллектуалды және коммуникативтік қабілетке ие, нарықтық
бәсекеде басқаруға бейім, қойылған мақсатқа топтың қызығушылығы мен
мүмкіндігін ескере отырып, әр түрлі жолмен жетуге қабілетті азаматтар
тәрбиелеу міндетін қойып отыр [2].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдеде
бекітілген «Бiлiм туралы» Заңында: «Оқу орындарында белсендi азаматтық
ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси,
экономикалық және мәдени ӛмiрiне қатысу қажет, жеке адамның ӛз құқықтары
мен мiндеттерiне саналы кӛзқарасын қалыптастыру қажет» - деп талап қояды
[3].
Осы жайында 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Жолдауында: «Мемлекеттің
міндеттемесі – азаматтарға олардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруға
барынша мүмкіндік беру... Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
7
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең заманауи ӛндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс....Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді
игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті ӛмірде
шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап,
ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»- деген [1, б. 19].
Қазіргі қоғам ізгілікті жолмен жағдайды сезінуге қабілетті, қарым -
қатынасқа бейім, жалпылай айтқанда қойылған мақсатқа жетуде бастамашыл
ұйымдастырушы студенттер дайындауға тырысуда, дегенмен заманауи жастар
қиын мәселелердің шешімін табуда ӛзіне жауапкершілік алып, бастама жасауда
белсенділік кӛрсете алмай жатады, сондықтан білім беру ісі жас ұрпақтың
біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында жылдам ӛзгеріп
жатқан бүгінгі дүниеге лайықты ӛмір сүруге, қызмет жасаудағы тұлғалық
қабілеттерді дамыту шараларын да іске асыруды ойластыруы қажет.
Осы міндеттерді шешуде жоғары оқу орны болашақ маманның кәсіби
қызметінің алдындағы шешім қабылдағыш, жауапты, белсенді, бастамашыл
болуын қамтамасыз ететін баспалдағы болғанымен, студенттердің лидерлік
әлеуетін дамыту мәселесінің аз зерттелуінен аталған тақырып ӛзекті мәселеге
айналып отыр.
Жалпы ұлттық деңгейдегі жоғары оқу орнының басты мақсаты – еліміздің
әлеуметтік, экономикалық және саяси ӛміріне белсенді қатысуға дайын
,
бәсекеге қабілетті, жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті, белсенді жеке
тұлға дегеніміз ӛмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты,
жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында
шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлға болып табылады.
Ӛз іс-әрекетіне маңыздылық дарыту үшін белгілі бір қабілеттерге ие болу
жеткіліксіз, оларды дұрыс кӛрсете білу қажет, жағдайды сезініп керексіз
шарттарды ӛзгерту, объективті факторларға сүйену керек. Студенттің лидерлік
әлеуетін ашуға түрлі жағдайларды тиімді кӛрсету мәселесі аса маңыздылыққа
ие. Сол себепті лидерлік мүмкіндіктер және ұйымдастырушылық біліктіліктер –
бұл азаматтық-патриоттық маңыздылық позициясынан, дербес жеке
қабілеттерін кӛрсету позициясынан адам белсенділігінің құрылу іргетасы
болып табылады.
Зерттеу жұмысы лидерлік және басқарушылық мәселесі қамтылған
ғылыми ізденістерге сүйенеді: Б.Д.Парыгин [4], А.С.Чернышев [5],
Н.С.Жеребова [6], Р.Л.Кричевский [7], Е.В.Кудряшова [8], лидерліктің
тұлғалығын қарастырған Э.Богардус [9]; ЖОО жағдайындағы кәсіби
лидерліктің ерекшеліктері В.И.Власов [10], Н.В.Голубева [11], А.Н.Жмыриков
[12], Б.И.Кретов [13], Е.С.Кузьмин [14], Дж.Берне [15], М.Мкколл [16],
Л.Понди [17], Р.Стогдилл [18], Б.Блум [19]; жоғары кәсіби білім беру
жүйесіндегі басқарушылық пен лидерлік В.Ф.Ануфриенко [20], У.Бенине [21],
М. Ломбардо [22], Н.Ф.Маслова [23], Д. Сиск және X.Россели [24] және т.б.
Аталған мәселенің шешіміне қажетті мүмкіндіктерді анықтау үшін
8
теориялық зерттеу барысында әдебиеттерге жасалған талдаулар бойынша
лидерлік туралы мәселе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шет ел
ғалымдарының зерттеу орталығына айналғандығын анықтадық. Ресей
ғылымында жастардың лидерлік мәселесі теориялық негізі екі мектеп
жағдайында, бірі Б.Д.Парыгин және оның шәкірттерінің, екіншісі
Л.И.Уманский [25] мен А.С. Чернышев мектебінде қарастырылған.
Кӛбінесе ғалымдар А.С.Чернышев, Л.И.Уманский топтағы және
ұйымдардағы лидерлік ерекшеліктерді, Н.С.Жеребова мектепке дейінгі және
мектеп жасындағы, Р.Л.Кричевский т.б. лидерлік мәселесін арналған
еңбектерінде басшылық пен лидерлік ұғымының байланысы қарастырылады
және бұл балалық топқа, лидерлік феноменіне қатысты алғашқы ғылыми
жұмыс болды. А.Н.Леонтьев лидерлік мәселесінің шешімін іздеу негізінде
әрекет жолын анықталды [26].
Қазақстанда лидерлік мәселесі бойынша зерттеу жүргізген саясаттанушы
Б.Т. Есполов [27], Б.Т. Куппаева [28], А.М.Рахимжанов [29], Н.А.Абуева [30],
В.И.Карасев
[31],
Б.Аяган,
Г.Нурымбетов
[32],
А.Н.Нысанбаев,
Р.К.Кажыржанов [33], А.Самай [34] және т.б. еңбектерінде жан-жақты
ашылған.
Отандық
педагогика
ғылымында
лидерлікті
зерделеген
С.А.Наконечныйдың [35] зерттеуінде болашақ офицерлердің лидерлік сапасын,
Б.М.Баймуханбетов [36] еңбегінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
лидерлік сапасын қалыптастыру мәселесі қарастырылған.
Сонымен бірге, жоғары оқу орнында педагогтардың кәсіби дайындығының
психологиялық негіздері, оқыту үрдісінің психологиялық астарлары, тұлғаның
қалыптасуындағы
субъектілік
мәселелерін
отандық
психологтардың
еңбектерінде Қ.Б.Жарықбаев [37], Ж.И.Намазбаева [38], С.М.Джакупов [39],
О.С.Сангилбаев [40], Х.Т.Шерьязданова [41], А.Р.Ерментаева [42] қарастырған.
Лидерлік мәселесі нақты әлеуметтік- тарихи жағдайлардағы ӛзінің ӛмірлік
жолында субьектінің шығармашылық үрдісімен, яғни жеке тұлғаның ӛзіндік
айқындалу мәселесімен байланыста ашылады.
Лидерлік әлеует – бұл жүйелі, интегративті тұлғалық құрылым, ол
интеллектуалды, мотивациялық, эмоционалды- еріктік, кәсіби – құндылықты
сапалар жиынтығын кӛрсетеді.
Әлеует категориясы жалпығылыми ұғымдар қатарына кіреді, олардың
әдіснамалық негізі педагогика үшін аса маңызды. Әлеуеттік педагогикалық
қызметі тұлғаның шығармашылық іс-әрекеті бағытында іске асады, ол ӛзіндік
ӛмірдің шығармашылық қайта құруына жауап береді. «Лидерлік әлеует»
термині «шығармашылық тұлға», «тұлға креативтілігі», «дарындылық» деген
ұғымдармен теңестіріледі.
Ғылыми әдебиетті талдау әлеует кӛп мағыналы түсінік екенін кӛрсетті.
Мысалы, әлеует туралы қажет жағдайда қандай да бір мақсатта қолданылуға
болатын барлық құралдар, қорлар, кӛздердің жиынтығы ретінде айтады. Әлеует
қандай да бір әрекет, қандай да бір функция кӛрініс табу ықтималдығы
дәрежесімен байланыстырылады. Әлеует ретінде күш ӛрістерінің кең сыныбы
9
сипатталатын шама (магнитті, эклектикалық, химиялық әлеует және т.б.)
түсініледі. Әлеует жекелеген тұлға, қоғам, мемлекеттің белгілі бір саладағы
мүмкіндіктерін де білдіреді. Гуманитарлы және әлеуметтік-экономикалық
пәндерге қатысты, әлеует әдетте адамның ресурстары, резервтері немесе
мүмкіндіктері мен белсенділіктерінің синонимі ретінде қолданылады. Әрбір
адам мұрагерлік тұқым қуалау арқылы және ӛмірлік тәжірибеге тәуелді болуы
мүмкін белгілі бір әлеуетке ие деп айтуға болады.
Жүргізілген талдау кӛрсеткендей, ғылымның басқа салаларында әлеует
әдетте ресурстардың синонимі ретінде қолданылады және «кадрлық әлеует»,
«ӛнеркәсіптік
әлеует»,
«энергетикалық
әлеует»,
«ғылыми
әлеует»,
«эстетикалық әлеует» және т.б. үйлесімде қолданылады. Дәлел ретінде
Л.И.Абалкиннің әлеует – «орын мен уақытқа байланған ресурстардың
жалпыланған, жинақталған сипаты» деп есептейтін пікірін келтіреміз [43].
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте тұлға әлеуетінің алуан түрлері
зерттеледі: шығармашылық (Л.В.Елагина [44], М.В.Корепанова [45],
П.Ф.Кравчук [46], Л.В.Мещерякова [47], К.В.Петров [48], О.Г.Степанова [49],
Е.А.Шамин [50] және т.б.); зияткерлік (В.И.Богдашев [51], Е.А.Косьмина [52]
және т.б.); коммуникативтік (Р.А.Максимова [53], С.И.Самыгина [54],
Е.Н.Сурков [55], Л.Д.Столяренко [56] және т.б.); рухани, рухани-адамгершілікті
және эмоционалды-адамгершілікті (Н.В.Попова [57], О.В.Трескина [58], т.б.);
инновациялық (Д.Ф.Ильясов [59], Е.А.Пагнаева [60], И.В.Резанович [61] және
т.б.); мансаптық ӛсу (А.А.Деркач [62], Ю.В.Синягина [63], О.В.Фаллер [64]
және т.б.)., мұғалімнің әлеуеті Б.А.Тұрғынбаева [65], маманның кәсіби-
педагогикалық әлеуеті Н.Э.Пфейфер [66], педагогтың кәсіби-педагогикалық
әлеуеті Р.К.Ержанова [67] т.б. Әртүрлі кәсіби траекторияларды қарастыра
отырып, ғалымдар «әлеует – ол әртүрлі құрамдас бӛліктері бар және белгілі бір
шарттары бар кәсіби тұлғаның кешенді, интегративтік сипаттамасы» деп
түйіндеме жасайды. Осылайша О.О.Киселева [68] оқытушының кәсіби –
педагогикалық әлеуетін дамытудың теориялық және тәжірибелік негіздерін
зерттеді; студенттердің педагогикалық әлеуетін дамыту мәселесін дене
шынықтыру оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту үрдісінде дамыту
технологиялары элементтерін қолдану арқылы зерттеумен А.В.Бондарева [69]
айналысқан; шығармашылық әлеуетті дамыту мүмкіндіктерін ӛз еңбектерінде
қарастырған В.Г.Рындак [70], Ю.В.Осколкова [71]; P.A.Муртазина [72]
студенттердің аксиологиялық әлеуетінің дамуын зерттеді; М.В.Денеко [73]
жоғары оқу орындарындағы оқытушының тұлғалық әлеуетін дамытумен
айналысты; Е.А.Леонтьев [74] болашақ оқытушының акмеологиялық әлеуетін
дамыту деңгейлерін, технологиясын құрастырды.
Жоғарыда қарастырып ӛткен жағдайлар студенттің лидерлік әлеуетін
дамыту мәселелерін тереңірек зерттеу қажеттілігін айқындайды, алайда әртүрлі
деңгейлердегі келесідей
Достарыңызбен бөлісу: |