Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Иә 
 
мҥмкін 
 жоқ 
1. 
2. 
Топқа бӛлу. 2 минут 
Қалған қатысушыларға ӛз 
пікірін білдіруге, сұрақ 
қоюға дайын болу қажет 
екенін ескертемін (барлық 
қатысушы назарына 5 
мин. видео ұсынылады. 

«Иә» 
– 
пікірін
жақтаушылардан екі қатысушы,

«жоқ» 

пікірін 
жақтаушылардан екі қатысушы, 

«мүмкін» 
пікірін 
жақтаушылардан екі қатысушы аудитория 
алдына шығып 3 мин.ішінде ӛз пікірлерін
білдіреді.
«Проблеманы 
шешу» кезеңі
Видео 
топ мүшелері видео таспа материалына ӛз 
пікірлерін білдіреді. (2 мин.) 
Сұрақ –жауап алмасу
Аудитория назарындағы қатысушыға
тыңдаушы магистранттар сұрақтар қояды 
(әр сұрақ қоюшыға 1 мин.) және ӛз
пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.( 3 
мин.) 
«Проблема 
шешімін 
қолдану» 
кезеңі 
Барлық топ мүшелері-не 
бірігіп 
модель 
құрастыруға 
тапсырма 
беріледі.
3 мин. модель құрастыру - 2 мин. бір 
спикер модель мазмұнымен таныстырады, 
мұндағы 
негізгі 
мақсат 
-мұғалім 
мәртебесінің артуы үшін қажетті факторлар 
тізбегін құру,пікірталасты қорытындылау 
Бағалау 
Эссе жазу 5 мин. 
сұрақтарға 
жауап 
алу
(4 мин.) 
-Пікірталас сіздерге ұнады ма? 
-Пікірталасқа ұсынылған тақырыптың сәтті 
және сәтсіз тұстары қандай болды? 
-Пікірталас ӛз мақсатына жетті ме? 
-Пікірталас 
барысында мен қолданған 
тәсілдер тиімді бола алды ма? 
-
студенттердің оқыма және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс 
дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттау және 
анализдеу дағдыларын қалыптастыру, ӛзіндік шешімдер мен тұжырымдар 
жасай білу және оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді 
дағдыландыру. 


116 
-
студенттер арасында ӛзін-ӛзі басқару шараларын дамыту. 
Тақырыбы: 
Лидерге дау –дамайды баса білу қабілеті қажет пе

Мақсаты:бүгінгі күннің ӛзекті мәселесін қарастыра отырып, студенттердің 
деректерді дәйекті, сенімді, еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
Міндеті: 
Ақпаратты талдау, сараптауға үйрету;
Студенттердің ойын еркін жетіку, дәлелді сӛйлеу, ӛз пікірін жеткізу 
қабілеттерін дамыту;
Ұжыммен ынтымақтаса жұмыс жасауға баулу; 
Ал, дӛңгелек үстел ұйымдастырушылары:«Лидер» студенттер ғылыми 
қоғамының мүшелері ұйымдастырды. 
Модератор: Сабира , 3 курс, 2 топтың студенті 
Тӛраға: Асылзат , Гүлазия 3 курс, 1 топ студенттері
Дӛңгелек үстелді ӛткізу тәртібі. Дӛңгелек үстелде келесі сұрақтарды 
талқылау жоспарланады: 
-
топтағы лидердің атқаратын қызметі мен стильіне жалпылама сипаттама 
беру. 
-
қазіргі таңда қалыптасқан ахуалды қарастыру. 
-
себепші мәселелелерді анықтау. 
-
лидерлікке тән тиімді стильдер мен лидердің атқаратын қызметінің тиімді 
механизмін ұсыну. Тақырыптар студенттердің ӛз еріктерімен таңдалады. 
Ӛткізудің негізгі түрі - жарияланған баяндамаларды тыңдау және талқыға 
салу болып табылады. Баяндамашының сӛйлеу уақыты – 7 минут. 
Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері: 
Тӛраға – дӛгелек үстелді ӛткізеді. Ұйымдастырушылар - баяндамаларды 
талқылауға қатысады және марапаттау үшін үздік баяндамаларды таңдаудағы 
үрдіске қатысады. Соңында дӛңгелек үстелді қорытындылау, марапаттау рәсімі 
болады.
Сонымен қатар, педагогика саласында студенттердің әрекетін тиімді 
ұйымдастыру әдісінің бірі – педагогикалық ойындар болып табылады.
Педагогика саласында зерттеу жүргізген ғалымдардың басым кӛпшілігі
оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыз етудің ең тиімді әрі 
болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Ӛйткені іс- әрекет арқылы үйрену/ 
үйрету – танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адамның жадында 
бірінші мезетте ӛзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал, 
рольдік ойындар студенттердің ӛздерін басқа адамдардың орнына қойып, 
мәселені солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді ӛз «қолдарымен» 
жасауды меңзейді.
Әдебиеттерге сүйенсек, «Ойын» сӛзі сабақта инсценировканың орын алып,
әрекеттердің спектакль түрінде кӛрсетілгендігін меңзейді. Ал «рольдік» сӛзі әр 
қатысушының белгілі бір роль орындайтынын және де бұл рӛлдің басқа
рӛлдердің қатарында болып, олармен тығыз қарым –қатынаста болатындығын 
білдіреді. Бұл қарым- қатынас ӛмірде орын алған қарым – қатынастарды 
қайталайды, сол себепті де рӛлдік ойындар қоғамда кең таралған мәселелер 


117 
мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат тұтады»,- деп 
А.Х.Әлімов ӛз еңбегінде кӛрсетсе, келесі әдебиетте «Ойын – эмоциялық және 
ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның ӛзі 
әртүрлі орындалуы, әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бәрінің 
негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын, оның таңқаларлық мүмкіндігін 
түсіну – бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, ӛзіңіз бағып отырған 
балаларды түсіну», -деген түсініктеме беріледі [160]. 
Рӛлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. 
Қатысушылар карточка арқылы (тақтада,парақтарда және т.б.) тапсырма алады, 
рӛлдерді бӛледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (кӛрсетеді). 
Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рӛлді ӛздері бӛледі. 
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талап-
тарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы 
жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын 
ережесін міндетті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық кӛңіл кӛтеру емес, бұл 
оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол 
қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі 
және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет.Ойын білім алушылардың
ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек. 
Рольдік ойынның түрлеріне қысқаша тоқталар болсақ, бақыланатын рӛлдік 
ойын әлдеқайда қарапайым түрі болып табылады және диалог немесе мәтін 
негізінде құрылуы мүмкін.Бірінші жағдайда студенттер базалық диалогпен 
танысады және оны ӛңдейді.Содан кейін олар бірге диалог мазмұнын 
талқылайды,сӛйлеу эпизоды нормаларын және қажетті лексиканы ӛңдейді. 
Белгіленген шекте бақыланатын рӛлдік ойын әлдеқайда күрделі болып 
табылады,онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және ӛз рӛлдерінің 
сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рӛлдік мінез-құлық 
ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар 
олардың әріптесі қандай мінез-құлық кӛрсететіндігін табу маңызды және ӛзінің 
жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс. 
Еркін рӛлдік ойынды жүргізген кезде оқушылардың ӛздері қандай 
лексиканы пайдаланғаны дұрыс,әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс, 
ұйымдастырушы рӛлдік ойынның тақырыбын ғана атайды,ал содан кейін білім 
алушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі 
жағдайларды құрастыруды сұрайды.
Рӛлдік ойындарға қойылатын негізгі талаптар: 
1.Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы, білім алушының тапсырманы 
жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-
қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет; 
2.Рӛлдік ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы 
дайындау, дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рӛлді 
жақсы орындау қажеттілігіне кӛздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың 
сӛздері табиғи және шынайы болады; 
3.Рӛлдік ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс; 


118 
4.Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, білім 
алушының қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рӛлдік ойында білім 
алушылар ӛздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа 
қызығушылық білдіретін болады. Уақыт ӛте келе онда ӛз күштеріне деген 
сенімділік сезімі,яғни әртүрлі рӛлдерді ойнай аламын деген сенім пайда 
болады; 
5.Ойын білім алушылар белсенді сӛздік қарым-қатынасқа мүмкін-дігінше 
кӛп тиімділікпен ӛңделетін сӛздік материалды пайдалана алуы үшін 
ұйымдастырыла алады; 
6. Оқытушы міндетті түрде рӛлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек 
осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін; 
7.Оқытушының білім алушылармен байланыс орната білуі үлкен 
мәнділікке ие. 
Рӛлдік ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және 
оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті оқытушы да,
студент те жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сӛйлеу жағдайлары рӛлдік 
ойындардың құрылымдық негізі болып танылады. Мұнда студенттер
пікірталастағыдай 
ӛз 
түсініктері 
мен 
кӛзқарастарынан 
туындаған
ұстанымдарды ұстанбай, ӛздерін басқалардың орнына қояды.
Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білім, практикалық 
тәжірбие, ӛмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және 
қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Рольдік ойындарда студент ӛзінің теориялық білімдерін қолдана отырып, 
мәселенің мәні-мазмұнын түсіну арқылы ӛзінің шығармашылық (креативтік) 
деңгейін дамытады. Мысалы, ӛзіміз ӛткізген рольдік ойынның тәжірбиеде 
қолданылуын мына жоспар арқылы кӛрсете аламыз (кесте 21).
Кесте 21 - «Топтағы лидерлердің атқаратын қызметтері мен стильдері» 
тақырыбында ӛткізілген сабақтың барысы 
«Проблеманы айқындау» кезеңі 




Әдіс- тәсілдер 
Әрекет түрлері 
жабдықтары Уақыт 
Топқа бӛлу 
Ӛлең жолдары бойынша топқа бӛлу
2 мин 
Ойын. «Ӛзіңе 
және ӛзгеге 
тілек»
Ойын ережесі бойынша ӛзіне 10 – 15 с. Ішінде 
тілек айтып, одан кейін қарама – қарсы тұрған 
досына сол тілектерді тілейтіндігін айту керек! 
2мин. 
Ой қозғау,жеке 
жұмыс.
Тұлға дегеніміз кім? Нағыз тұлға бейнесі 
дегенді қалай түсінесің? 
А4 қағаз, 
маркер
3 мин 
Талқыланатын 
тақырып ұсыну
«Ақбілек» шығармасындағы тұлға бейнесі 
қандай? Қандай қасиеті арқылы тұлға деп айта 
аламыз? Қандай лидерлік стильдер байқалады?
1 мин 


119 
21 – кестенің жалғасы 
«Проблеманы шешу» кезеңі 




Рольдік ойын
1 топ
Романның бастапқы бӛлімі
Әр кейіпкерлердің 
рольін ойнау, ӛз 
кейіпкеріне 
мінездеме беру. 
Плакатқа сызба, 
сурет арқылы 
кӛрсету
15 мин 
рольді 
сомдау
2 топ
Екінші бӛлімі 
Талдау 
15мин 
3 топ
Романның соңғы бӛлімі
Қорытындылау Шығармадағы нағыз тұлға бейнесі 
кімнен кӛрінді? Қандай лидерлік 
стильдерді байқадыңдар?
6 мин 
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі 
Жеке жұмыс
Эссе жазу (Бүгінгі сабақтан не білдің?) 
Рольді сомдау барысында ӛзіңнің қандай
қабілетіңді кӛрсете алдың? Ӛзіңді 
қандай лидер ретінде сезінесің? 
Әр топтан 1 
спикер жазғанын 
оқу
4 мин 
Бағалау 
2 мин 
Тағы бір мысал ретінде ғылыми –әдістемелік әдебиет кӛзінде ұсынылған
«Лидер» ойынын ұсынуды жӛн кӛрдік.
Ойын ережесі: Студенттерді жеті адамнан тұратын шағын топтарға бӛліп, 
олардың мүдделерін ескеретін тапсырмалар беріңіз: мәселен, « Студенттік топ 
екі күнге демалуға 600 доллар жинады. Бұл ақшаны тиімді қалай жұмсауға 
болады?» осы мәселені шешу қажет.
Топтардың әр мүшесіне мынадай карточкаларды үлестіріңіз:
-
Сіз нағыз лидерсіз. Сіз әрқашанда дұрыс шешім таба аласыз.
-
Сіз кӛпті кӛрген, ӛтетәжірбиелі адамсыз. Ӛзіңіздің ӛмірлік тәжірбиеңізге 
сүйене отырып, сіз әрқашан жақсы шешім ұсынасыз.
-
Сіз ылғи да күманданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз.
-
Сіз қандай да болмасын идеяны жоққа шығара білетін сыншысыз.
-
Сіз еш келісімге келмей жүргендерді татуластыра білетін бітімгерсіз.
-
Сіз қорытындылауды жақсы білетін аналитиксіз. 
-
Сіз ӛзіңіздің жұмысқа деген жеңілтектігіңізбен қандай да болмасын 
ұмтылысты жоққа шығарасыз.
Барлық қатысушылардың ӛз рольдерін тиянықты ойнауын қадағалаңыз. 
Әр студент ӛз карточкаларын басқаларға кӛрсетпей оқып. Сол бойынша ӛз 
рольдерін ойнайды. Топтардың шешім қабылдауы үшін жеткілікті уақыт 
беріңіз.Әдетте бұл ойында топтардың біреуі де дұрыс шешім қабылдай 
алмайды, ӛйткені әр топта ӛзін лидер санайтындар аз емес.Топтардағы жұмыс
ылғи да қызу және тартысты ӛтеді. Ойынды қортындылағанда студенттерге
мынадай сұрақтар қойыңыздар:


120 
-
неліктен сіздер ортақ шешімге келе алмадыңыздар? 
-
жұмыстарыңызда қандай қиыншылықтар туындады? 
-
бұл қиыншылықтарды қалай жеңуге болатын еді? 
-
кім ӛзін лидер деп санады? 
Қорытынды ойларын айту. Лидерлік тәжірбиесін қалай иеленуге болады? 
Мұнда лидердің туа біткен қасиеттерін, жақсы сӛйлей білуін, мектепте 
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуын, «Пікірталас», «Сыни ойлау», « ХХІ 
ғасыр кӛшбасшысы» сияқты бағдарламаларға қатысуын, қарым –қатынас 
дағдыларын дамыту секілді біліктерді атауға тұрарлық...[162,с.89]. Рольдік
ойында студенттер бүкіл қоғамның кішірейтілген үлгісі немесе қоғамдық
үдерістің бір кӛрінісі ретінде қарастырылып, оларға ойын түрінде қоғамдық 
қатынастырды қайталау, үлгілеу, имитациялау, «ойнап шығу», тапсырмасы 
беріледі. Сол себепті де мұндай рольдік ойындардың басты тақырыбы- 
«қоғамды» ойнау, қоғам мәселелерін қарастыру және талқылау. Бұл рольдік 
ойындарды ойнау барысында кәсіби мамандығына қатысты сапаларды меңгере 
отырып, белсенділігі артады және студенттің ӛзін кӛпшілік ортада ұстауға,
табанды болуға дағдыланады. Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық
білім, практикалық тәжірбие, ӛмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде
меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Сонымен қатар, студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту ерекшеліктеріне 
сәйкес элективті курсты ұйымдастыру барысында студенттердің 
психологиялық ерекшелігін ескеру әрқашан маңыздылығын жойған емес. 
Н.В. Клюеваның пікірінше, студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуда
тренингтерді қолдану тиімді нәтиже кӛрсетеді [161]. 
Тренинг (ағыл. «training, train» деген сӛзден — «оқыту, тәрбиелеу» деген 
мағынаны білдіреді) — білім - дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді 
дамытуға бағытталған оқыту әдісі болып табылады. Тренингтер ӛте жиі 
қолданылады және біздің ойымызша тренинг екі жақты түсінікті қамтиды. 
Алдымен тренинг бұл әлеуметтік және кәсіби қарым – қатынасты тиімді 
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, студенттердің білімі мен дағдыларын 
дамытуға бағытталған әлеуметтік – психологиялық оқытудың тиімді әдісі 
болып табылса, екіншіден егер ол тек жаңа білімдерді алу ғана емес, оларды 
практика барысында кӛрсетуді де қамтитын оқу сабағы болып табылады. 
Сондықтан бірде тренингтердің басты кӛрсеткіші лидерлік әлеуеттің дамуына
кедергі жасайтын келеңсіздіктерді жоюдағы жеке жауапкершілікті сезіну, 
ӛзіндік қабілетін түсіну, дербес ойлы болу және жоғары әсершілдік, ішкі 
күйзелістен арылту болып табылады . Ал, екіншіден тренингтер – қысқа мерзім 
ішіндепрактикалық қолдныста қажетті әрі тиімді білімдер дағдыларды игеруге 
бағытталған оқу сабақтары болып табылады. Тренингтерде әр үйренуші кәсіби 
қызметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді 
таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. 
Тренингтер қатысушыларда арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға 
арналады, мұнда жұмыстың жалпылама әдістемесі қарастырылмайды. Тренинг 
мынадай міндеттерді шешеді: 


121 
-
әлеуметтік – психологиялық білімді меңгеру; 
-
дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету; 
-
ӛз бетінше шешім қабылдай алатын, толыққанды дамыған тұлға 
қалыптастыру. 
Ал, лидерлік немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтері 
болашақ маман және басшы ретінде студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға 
бағытталады.
Заманауи оқу – тәрбие процесінде студенттердің лидерлік әлеуетін 
дамытуға бағытталған тренингті ұйымдастырудың мынадай түрлерін атап 
кӛрсетуге болды: 
-
арнайы кездесулер ұйымдастырып, үлгі кӛрсету; 
-
шынайы жағдайларға сараптама жасату, тренингтер негізінде үлгі 
кӛрсету; 
-ойын ретінде ұйымдастыру, қабілеттің дамуына кедергі жасайтын 
қасиеттерден арылтуға бағытталған арнайы ойындарды қолдану [162]. 
Бұл аталған тренингтердің басты қағидасы – «қазір және осы жерде», яғни
жаттығулар орындау кезінде топ мүшелерінің психологиялық жағынан қолдау 
табуы, сенімділік пен белсенділікке ие болуы маңызды болып саналады. 
Сондай – ақ тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір 
ерекшеліктерімен танысып, топ мүшелерін ынталандыру, бірлесе жұмыс 
жасауды ұйымдастыру, шешім қабілдау және де басқа дағдыларды 
қалыптастыруға белсенді әрекеттері арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің 
қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рольдік 
ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.
Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне ( жоспарлау, таңдау, 
шешім қабылдау, табанды болу, болжау, ынталандыру) талдау жасап, басқару 
мәселелерін тиімді шешудің әрекеттері мен алгоритмдеріне үйренеді, ӛздерінің 
кӛшбасшылық қабілеттерін дамытады. Мұндай тренингтерде «Лидер деген 
кім?», «Бәсеке және билік», «Лидердің қасиеттері қандай болуы керек?», 
«Келіссӛздерді жүргізу», «Дау –дамайды басқару» тақырыптарын қарастыруға 
болады. Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолданылуы
күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видеожазбаларды оқу мақсатында 
қолданылуда.
Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің 
шағын тобы мәселені шешудің жолдарын іс- әрекет тұрғысынан кӛрсетіпбереді. 
Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік қатынаста 
туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сӛз сӛйлеу, 
әңгімелесу, жағдаяттан шығу т.б. әрекеттерді аудиторияда кӛрсетуді ұсынады. 
Осыдан кейін топ мәселе шешімін ӛз түсінігінен туындаған үлгіде кӛрсетеді 
де, олардың әрекеттері видеоға түсіріледі. Топ қойылымы аяқталған соң, 
студенттер оны бейне таспадан кӛреді. Мұнда ситуацияны «қоюшы» 
студенттер ӛз әрекеттерін тағы да «басынан ӛткеріп», басқа студенттермен 
бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, ӛзгертулер енгізу 


122 
мүмкіншілігін алады және студенттердің лидерлік қабілеттерін дамытуға 
арналған басқа да тренинг түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар [162,с. 76].
Іскерлік дағдыларының тренингтері үйренушілерде тұлға аралық қарым -
қатынастың тиімді дағдыларын дамытуға бағытталады. Студенттер мұндай 
сабақтарда топ құрамында бірлесе жұмыс жасаудың, ӛзгелермен тіл табысудың, 
ортақ мәмілеге келудің тәсілдерін меңгереді.
Келіссӛз жүргізу дағдыларының тренингтері қарама – қарсы жақпен
тиімді талқылау мен пікіралмасудың тәсілдерін ұсынады. Бұл тренингтер 
іскерлік қатынас дағдыларын дамытатындықтан, мұнда да ӛзгелермен тіл 
табысудың, бітімге келудің, жан жалдардың алдын алудың тәсілдерін 
меңгереді. 
Бұл аталған заманауи әдістер студенттердің лидерлік қабілетін дамытуда 
маңызды орынға ие. Ол әдістер мен тәсілдер студенттердің ұжымда бірлесіп, 
дербес пікірін білдіру, дәлелді сӛйлеу және табандылық тәрізді қабілеттері 
дамиды. Әрине бұл бір күндік жұмыс емес, сондықтан элективті курстың 
жүйелі жүргізілуі, белсенді әрекет негізінде ұйымдастырылуы студенттердің 
лидерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік берудің бір жолы деген ойдамыз.
Сонымен қатар, біз ЖОО біртұтас педагогикалық үрдісінде авторлық 
элективті курспен қоса «Кӛшбасшылар» клубының жұмысын ұйымдастырдық.
 
«Кӛшбасшылар» Клубының Ережесі мен жұмыс жоспары жасалды[163]. 
Сонымен 
бірге 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің сайтындағы Электронды парақша жасалып, ӛз жұмысын 
жасады. «Кӛшбасшылар» Клубының электрондық бет құрылымы келесідей 
болды: Клуб ережесі, Клуб жұмысының жоспары, Белгілі кӛшбасшылар,
Бейне материалдар, Хабарландырулар, Кері байланыс, Байланыс, Сынақтама 
(сурет 8, қосымша А,Ә). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет