Барлық оқушылар: Оқушыларды жұп, тақ сандарды ажырата білуге,санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға, бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету
Оқушылардың басым бөлігі: Нұсқауларды пайдаланып, есептерге арналған тапсырмаларды орындайды..
Кейбір оқушылар: Білімдерін бекітеді, оны практикада тапсырмаларды орындауда пайдаланады
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім 10 минут
2 санына бөлінгіштік белгісі
Кез келген натурал санның жазылуы бойынша оның қандай санға бөлінетіндігін анықтауға болады.
Мысалы, 4568 саны 2 санына бөлінеді. Оған көз жеткізу үшін 4568 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазайық.
4568 = 4 ∙ 1000 + 5 ∙ 100 + 6 ∙ 10 +8 мұндағы әрбір қосылғыштар 2 санына бөлінеді. Себебі, бөлінгіштік қасиеті бойынша 4 ∙ 1000, 5 ∙ 100 , 6 ∙ 10 әрбір көбейтіндінің 2 санына бөлінетін көбейткіші бар және 8 саны 2 санына бөлінеді.
Сондықтан 4568 саны 2 санына бөлінеді.
Мысалы, 4563 саны 2 санына бөлінбейді. 4563 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазайық.
4563 = 4 ∙ 1000 + 5 ∙ 100 + 6 ∙ 10 +3 мұндағы алғашқы үш қосылғыш бөлінгіштік қасиеті бойынша 2 санына бөлінеді, ал соңғы қосылғыш 3 2 санына бөлінбейді. Сондықтан 4563 саны 2 санына бөлінбейді.
Осы екі мысалды салыстыра келе кез келген натурал сандардың 2 санына бөлінуі соңғы цифрына байланысты екені шығады.
• 2 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0; 2; 4; 6; 8 цифрларымен аяқталғанда ғана 2-ге бөлінеді.
• Анықтама: 2 санына бөлінетін натурал сандар жұп, ал бөлінбейтіндер тақ сандар деп аталады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады
Оқулық, жұмыс дәптері
Оқулықпен жұмыс 25 минут
І деңгей тапсырмалары 1. 25; 897; 864; 1244; 3024; 23321; 8888; 1991 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ?
2. 2485; 1056; 3455; 13484; 20550; 12048 сандарының ішінен
1) 2-ке; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.
3. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, кестені толтырыңдар.
2-ге бөлінетін сандар
5-ке бөлінетін сандар
10-ға бөлінетін сандар
63*
37*
49*
4. Оқушы 5 дәптер сатып алды. Оқушы неше теңге төлеуі мүмкін? Жауапты таңдап алыңдар.
А. 176 тг В. 183 тг С. 175 тг D. 178 тг
5. Сымбат суретке арналған бағасы бірдей 9 дәптер сатып алды. Оған Сымбат 565 тг төледі ме, әлде 567 тг төледі ме? Сурет дәптер неше тг тұрады?
Дескриптор - Натурал сандарды берілген санға бөлу амалын біледі;
- Әр көбейткіштің жеке-жеке берілген натурал санға бөлінетінін немесе бөлінбейтінін біледі;
- Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін біледі;
- Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.
Бағалау: «Ротация» әдісімен бағалайды. Әр топ басқа топтардың жұмысындағы, кескіндеген
Оқушыларға «Жұлдыздар шеруі» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
«Жұлдыздар шеруі»әдісі. Оқушылар өздері кері байланыс парағы таратылады.
Жұлдыздар шеруі»
Кері байланыс парағы.
Сабақ №18
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы
3, 9 сандарына бөлінгіштік белгілері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
Сабақтың мақсаты:
натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі, қолданады;
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары:
Бөлгіш дегеніміз не?
2-ге бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?
5-ке бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?
10-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім 10 минут
Жаңа сабақ.
Жұптық жұмыс. (10 мин)
Оқушыларды жұптастырып, оларға кейбірі 3-ке , 9-ға бөлінетін, ал кейбірі 3-ке де, 9-ға да бөлінбейтін бірнеше көптаңбалы сандар жазылған үлестірмелер ұсынылады.
Оқушының жұмыс парағы
Кестедегі толтырған мәліметтеріңізді қолданып қандай қорытынды жасауға болады?
Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 3-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 9-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
Бөлу амалын орындамай санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін анықтауға бола ма?
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады