Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Ой шебері» әдісі
Есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығу
Үйге тапсырмасын тексеру: №
Өткен сабақты қайталау:
1. Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды?
2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?
3.Берілген натурал санға еселік санды қалай табады?
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
«Ой шебері» әдісі
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
суреттері бейнеленген қима қағаздар
|
Негізгі бөлім
10 минут
Оқулықпен жұмыс
25 минут
|
(МК,Ұ) Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап.
(Топтар арасындағы диалог) Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсетемін.Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Танымдық деңгей
Тапсырма 1
7-нің еселіктерін табыңдар
9,14,32,37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар
№149 есеп Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар.мыс:5 және 45
Тапсырма 2
120-ның бөлгіштерін табыңдар
8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар
№150 есеп мыс:берілген сандардан 21-дің бөлгіштерін теріп жазыңдар
. Алгоритмдік деңгей.
(Әр топқа бір сұрақтан беріледі)
Егер натурал m саны натурал n санына қалдықсыз бөлінсе, онда:
m саны n санына .....
n саны m санына ......
Натурал сандардың бөлгішін,еселігін қалай табамыз?
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. 4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар.
2. 10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар.
3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен
1) Жай сандарды;
2) Құрама сандарды;
3) 75-тің бөлгіштері болатын;
4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар.
4. 48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер.
5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны “бөлінді”, “санның еселігі” және “санның бөлгіші” деген сөздерді қолданып айтып беріңдер.
Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады. Екі шартты да қанағаттандыратын екі санды әрбір тор көзге жазыңдар. Кестені толтырыңдар. Сан 15-тің бөлгіші 18-дің бөлгіші 32-нің бөлгіші 6-ның бөлгіші 12-нің бөлгіші 24-тің бөлгіші Сан 3-ке еселік 5-ке еселік 11-ге еселік 4-ке еселік 7-ге еселік 13-ке еселік
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны
|