Натурал санның беогіленуі және жазу үлгісін меңгереді
Үлестірмелі қағаздар
Үлестірмелі қағаздар
Оқулықпен жұмыс 25 минут
Тапсырма №1 «Карусель» стратегиясы.Топтық жұмыс
Сынып және бөлім кестесін натурал сандармен толтырайық 783 502 197 048 натурал сандар мысалымен:
Класс
Миллиардтар
Миллиондар
Мыңдар
Бірліктер
Разряд
жүздіктер
оңдықтар
Бірліктер
жүздіктер
оңдықтар
Бірліктер
жүздіктер
оңдықтар
Бірліктер
жүздіктер
оңдықтар
Бірліктер
Сан
7
8
3
5
0
2
1
9
7
0
4
8
Әр топ класс және разряд натурал сандарының кестесін бір жарым минут ішінде толтырады.
875 124 459 158; 426 875 495 129; 751 459 324 761; 125 846 359 426; 486 265 716 184
Кері байланыс:
Барлық есептерді шығара алдық па?
Қандай қателер болды?
Ол қателер неліктен болды?
Тақырыпты түсініп, толық меңгеру үшін не жасау қажет?
Тапсырма №2 Жеке жұмыс Оқушыларға нөлден бастап кез - келген екі таңбалы натурал санға дейін жазылған кестені құруды ұсыныңыз.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
Оқушылар кестенің бірінші, үшінші, бесінші және т.с.с бағандарын көкпен, қалған бағандарды қызылмен бояулары қажет.
Боялған бағандардағы сандардың айырмашылығы қандай?
Қандай заңдылық байқадыңыз?
Қанеки, жұп және тақ сандардың анықтамасын құрып көрейік.
Оқушылар ауызша анықтаманы құрып алғаннан соң, оны дәптерлеріне жазады.
Жұп сандар – бұл бүтін сандар, 2 санына қалдықсыз бөлінетін сандар. Мысалы: 2, 6, 10, 16, 22, 28 және т.б..
Тақ сандар–бұл бүтін сандар, 2 санына қалдықсыз бөлінбейтін сандар. Мысалы: 1, 3, 5, 9, 13, 17, 25 және т.б.
5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну; 5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
Сабақтың мақсаты:
- бірлік кесінде дегенді түсінеді
- натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
- координаталық сәулені қолданып, натурал сандарды салыстыра алады
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері арқылы оқушыларға бір – біріне тілек айтқыза отырып, жайлы ахуал ұйымдастыру Үйге тапсырмасын тексеру: Сандар сыры туралы мәлімет жинау
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу 10 минут
Жаңа мәліметті түсіну «Түймедақ» әдісі Книдский Евдокс (б.ғ.д. 408-355 жж.)- ежелгі грек астрономы, дәрігер, философ және математик. Негізінен Платонның ілімін өңдеп оның идеялар дүниесін материалдық. Евдокстың көптеген ғылыми жұмыстары бар. Олардың біреуі – координаталық сәуле болып табылады. Сәуле бойында натурал сандарды орналастыру.
Мұғалім оқушыларға сандар бар карточкаларды ұсынады.Тапсырма: тақтада сызылған координаталық сәуледе карточкаларды орналастырыңыз.
1
2
0
3
5
7
15
6
10
12
25
36
28
8
11
Ойлауға уақыт беріледі.
Сұрақтарды қою:
1. Қалай ойлайсыңдар: неден бастауға болады?
2. Карточкаларды қойғаннан кейін не көріп тұрсыңдар?
3. Сандардың орналасуы туралы не айта аламыз?
4. Координаталық сәулені қолданып, сандарды салыстыра аламыз ба?
Тақтада талдау.
Істеген жұмысымызды қорытындылап, не айта аламыз? Координаталық сәулесінің анықтамасы: Санақ басы мен бірлік кесіндісі таңдалған сәуле, координаталық сәуле деп аталады. Әр нүктесінің бір ғана координатасы бар. Мысалы, санақ басынан арақашықтығы бес бірлік кесіндісіне тең болса, онда осы нүктенің координатасы беске тең болады.
Мини-зерттеу.
А) Координаталық сәулені салу үшін қандай қадамдарды жасау керек?
В) Координаталық сәулені пайдаланып сандарды қалай қосуға болады? С) Координаталық сәулені пайдаланып сандарды қалай азайтуға болады? D) Координаталық сәулені пайдаланып сандарды қалай салыстыруға болады? Е) Координаталық сәулені біздің өмірімізге қайда кездестіре аламыз?
«Түймедақ» әдісі арқылы жаңа мәліметпен өз бетінше оқып танысады. Нақты анықтамаларға (+) белгісін қояып отырады.
«Жапондық бағалау»әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады
Тапсырма №1 1. Координаталық сәулесінде белгіленген D, Е, Т және Кнүктелердің координаталарын жазыңыз.
2. Координаталық сәулесін салыңыз және келесі нүктелердің координаталарың белгілеңіз: А(8), К(12), Р(1), М(9), N(6), S(3).
3.
a) Берілген нүктелердің қайсысы координаталық түзуде солға қарай орналасқан: L(7), D(4), E(5), A(1)?
b) Берілген нүктелердің қайсысы координаталық түзуде оңға қарай орналасқан: С(3), М(8), F(6), B(2)?
Тапсырма №2 Автомобиль А нүктесінен 6 бірлікке оңға жылжытқаннан кейін В(17) нүктесіне келді. Ол қай нүктеден шықты? С(8) нүктесіне келу үшін автомобиль қалай жүру керек еді?
М (16) нүктесінен а) 14; б) 22; в) 12; г) 6; д)21; е) 0; ж)16 нүктелерге келу үшін М нүктесін неше бірлікке және қай жаққа жылжыту керек?
Тапсырма №3 1. Ауаның таңертеңгі температурасы 170С болды, ал күндіз 140С –ға көтерілді, кешке 60С-қа төмендеді. Кешкі температураны анықтаңдар..
240 С; 250 С; 260 С; Басқа жауап.
2. Берілген нүктелердің қайсысы қалғандарына қарағанда солға қарай орналасқан?
А(7); В(10); С(11); D(4).
3. Координаталық сәуледе 19 және 43 сандарының арасында неше бірлік кесінді бар?
23; 24; 25; Басқа жауап.
4. Берілген нүктелердің қайсысы координаталық сәуледе екі нүктенің ортасында орналасқан?
А(18); В(14); С(11); D(8)
5. Координаталық сәуледе 7-ден кем сандарды белгілеңдер.
6. Координаталық сәуледе 9-ден кем, 3-тен артық болатын сандарды белгілеңдер.