Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Звездное небо ПП 2019-2020исправл, Дидактика, 535-professionalno-orientirovannyy-inostrannyy-yazyk- angliyskiy , ТЕСТ ҚБжА платон Статистика каз 18-19 уч — копия, УМКД НОВЫЙ БЛАГОПОЛУЧИЕ, Социальная работа с семьей, Даму психологиясы, Даму психологиясы, Жастармен әлеуметтік жұмыс мақала, ЖӘЖ силлабус, ЖӘЖ силлабус
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


64 
6-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды кеңістік және уақыт 
ұғымдарымен таныстыру әдістемесі 
6.1 «Кеңістік» және «уақыт» ұғымдарының мазмұны 
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауы көп қырлы 
мәселе. Кеңістікті бағдарлауға шама мен пішін туралы түсінік, кеңістікті 
ажырату, кеңістікті қабылдау, әр түрлі кеңістік қатынастарын түсіну жатады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістікті ажырату ертен жастан 
басталатынын психологиялық және педагогикалық зерттеулер дәлелдеген.
Өзбетінше жүре бастаған бала кеңістікті, заттар арасындағы кеңістік 
қатынастарды таниды. Өзі қызықтарыған затқа жақындап, одан алыстайды. 
Бала өмірлік тәжірибеде заттардың кеңістікте орналасуын өзі де байқай алады, 
үлкендердің басшылығымен әуелі заттардың орналасқан жерін, кейін сол 
заттың басқа затқа қатысты орналасқан жерін өз сөзімен айтып бере алады. 
Балада бірте-бірте жақын және алыс кеңістіктер туралы қарапайым 
түсініктер пайда болады. Осындай түсініктерге сүйене отырып, оқыту 
нәтижесінде мектепке дейінгі ересек жасындағылардың кеңістіктің өлшемі 
жайлы түсінігі уақыт жайлы түсінікке ауыса бастайды. 
Кеңістік қатынастарын түсіну балада заттармен әрекет ету үстінде пайда 
болады. Ілгіштен киімді алу-ілу, қасықты алу-орнына қою, төсегіне бару.
Орын, қашықтық, заттар арасындағы кеңістік қатынастары деген сөздер 
арқылы кеңістікті бағдарлау, кеңістікті қабылдау жүзеге асады.
Кеңістікті бағдарлау – қашықтардың, өлшемдердің, пішіндер мен 
заттардың өзара орналасуын, бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау.
Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту қажет. 
Мәселен, оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен.
Балалар ересектермен қарым-қатынас жасау барысында уақытқа тән 
сезімдерді қалыптастырып кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдаланады 
және бұл сөздер сәби жастан мектеп жасына дейінгі аралықта әрекет 
нәтижесінде күшті қарқынмен өседі. Баланы кеше, бүгін, ертен ұғымы 
қызықтыра бастайды. Бұл ұғымдар үлкендердің балаға уақыттың өтіп 
кететіндігін, уақыт кезеңдерін таныстыруға, уақытты сезіне білуді дамытуға 
мүмкіндік береді [3,64]. 
Балаға кеңістікті бағдарлауда мынадай тапсырма беруге болады: 
«Парақтың жоғарғы жағына 4 парақша орналастыр», «Не қайда жатыр?» , «Не 
өзгерді?», «Кім есте сақтады?», т.б. 
Кеңістік қатынастардың алуан түрлілігі кеңістік 
көмекші 
сөздерді 
пайдалану арқылы сөйлегенде қолданылады: ішінде, үстінде, астында, алдында, 
артында, қарсысында, арасында, айналасында, үстінен, көлденеңінен, арқылы, 
бойлай, т.б., сондай-ақ үстеу сөздер: мұнда, онда, солға, оңға, алыс, жақын, 
төменнен, жоғарыдан, т.б. 
Осы көмекші сөздермен үстеулерді дұрыс пайдалана білуге математика 
оқу әрекетінде және тіл дамыту оқу әрекетінде, сондай-ақ бейнелеу 
сабақтарында әрекетінде, ойындарда және күнделікті өмірде балаларды 
тәрбиеші үйретуі қажет. 


65 
«Кеше», «бүгін», «ертең» сияқты уақытты білдіретін құбылмалы және 
салыстырмалық белгілер балалардың меңгеруіне қиындық келтіреді. Бес 
жастағы балалар бұл сөздерді шатастырады. Сондықтан тәрбиеші «Кеше біз 
сендермен бірге қайда болдық? Топсаяхатқа қашан бардық? Қазір не істеп 
жатырмыз?» және т.б. сұрақтар қоя отырып, берілген сөздердің мағынасын 
ашуы тиіс. 
Уақыт ұғымдарының сөздік атауларымен таныса отырып, бала баяу, тез, 
біршама қарқын деген ұғымдармен жете таныса бастайды. Балаларда біртіндеп 
тәуліктің бөліктері, алмасып отыратыны туралы ұғымдар қалыптаса бастайды, 
балада бір тәулікпен,екінші тәулікпен, бір күн екінші күнмен ауысып 
отыратындығы туралы түсініктер қалыптаса бастайды. 
Баланы сан алуан әрекеттерінің қатарында ол әрқашан үздіксіз 
орындайтын, қайталанып отыратын әрекеттер де бар, мысалы, жуыну, 
тамақтақтану, т.б. әрекеттер мен әрбір баланың жеке тәжірибесіне сүйене 
отырып, уақыт ұғымдарын бекітуге болады.
Кейінірек балаларды апта күндерімен таныстырады. Алдымен балалар, 
әдетте, адамдардың өз сөзінде тәулікті күн деп атайтынын біле отырып, күннің 
алмасып отыратынын біледі. Бір аптада жеті күн бар. Әрбір күннің өз аты бар. 
Апта күндері әруақытта бірдей: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі. Апта күндерін 
бала әрекеттерінің нақты мазмұнымен байланыстырады («Бізде бейсенбі сайын 
қуыршақ театры, жұма сайын спорттық ойын-сауықтар және т.б.»). Тәрбиеші 
күнделікті балаларды ертеңгілік уақытта апта күндерін, сонымен бірге өтіп 
кеткен, ертеңгі апта күнін айтуға үйретеді. Ауық-ауық апта күндерін ретімен 
атауды, бүгін қай күн, ертең қай күн болатынын сұрайды. 
Сондай-ақ балаларға апта күндерін, жыл мезгілдерін атап үйретудің 
маңызы өте зор. Апта күндерінің алмасуын бақылау балаларды уақыттың 
кезеңділігін, ауыспалығын, күн артынан күн өтетінін, апта соңынан апта 
болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Балалар «жылдың айналып» тұратынын 
өздері айтады: күз болып кетті және қайтадан күз келді. Сол сияқты өткен 
аптада да дүйсенбі болды, осы аптада да дүйсенбі болды, келесі аптада да 
дүйсенбі болады. Сонымен бірге уақыт ұғымдары, тәулік бөліктері туралы 
ұғымдарын қалыптастырғанда күннің қозғалысын, ертеңгілік, түсте, кешке 
қалай ауысатынын түсіндіру қажет. Күннің ауадағы құбылыстардың қоршаған 
болмыстың құбылысы туралы түсіндірудің маңызы зор.
Уақытты бала нақты бір белгімен тығыз байланыста ғана түсіне алады. 
Мысалы, ертең күн жарық болады, түн қараңғы болады [19]. Уақытты 
бағдарлауға күнделікті әрекет түрлерінде: атын, оқу әрекеті, серуен, үй 
тұрмысын әбден үйреніп қалыптасуға болады. Әсіресе балалармен үйде, 
серуенде немен айналысқандары туралы сұраудың маңызы зор. Сен кеше 
таңертең не істедің? Сен бүгін түсте не істедің?» - деген сауалдарға бала өз 
істеген іс әрекетін тәуліктің бөліктеріне сәйкес естеріне түсіріп уақыт 
кезендерін ажыратуға дағдыланып, уақыт ұғымдары қалыптаса бастайды. 
Бала бүгін, кеше ертең ұғымдарымен таныса отырып, тәулік және оның 
құрамы туралы жан жақты біле бастайды. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет