- Мөлдір денелер -...
- Мөлдір емес денелер-...
- Жартылай мөлдір денелер-...
Төменде берілген сөздерге мысалдар келтіре отырып анықтама беріп көріңдер - Мөлдір денелер – су, ауа, шыны сияқты өздерінен жарықты өткізетін заттар
- Мөлдір емес денелер-ағаш, пластмасса, темір сияқты өздерінен жарықты өткізбейтін заттар
- Жартылай мөлдір денелер—жарықты толық өткізбейтін заттарды айтады. Мысалы, минералды шыны, воск)
- Мақсаты: Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын зерттеу
- Қажетті құралдар: май шам, 10х10 см болатын 3 картон қағаз, 3 сіріңке қорабы, кнопкалар, түйрегіш
- Жұмыстың орындалуы: түйрегішпен картон қағаздардың ортасынан саңылау жасаңдар; картондарды сіріңке қорабына бекітіп суреттегідей орналастырыңдар; май шам жалыны саңылаудан көрінетіндей етіп орналастырыңдар
- Сұрақ: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.
- Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?
Тәжірибелік тапсырма - Тапсырма: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.
- Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?
- Жауап: Біз май шам жарығын көріп тұрған жоқпыз. себебі, жарық мөлдір емес денелерден өте алмайды. Яғни, жарық өте алатындай саңылау жылжып кетті.
- Қорытынды: біз жарықтың түзу сызық бойымен таралатындығына көз жеткіздік
Көлеңке деген не? - Кеңістіктің мөлдір емес нәрсенің артындағы жарық түспейтін бөлігін к ө л е ң к е дейді.
- Экранға түсіп тұрған жарық шоғының жолына бір кішкене мөлдір емес шар қояйық. Кеңістікте шардың артында конус тәрізді көлеңке, ал экранда дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады.
- Егер жарық көздері нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ-шала көлеңкелер пайда болады
- Үлкен шамды нүктелік жарық көздерінің жиыны деп алуға болады
- Күн мен Айдың тұтылуы жарықтың түзу сызық бойымен таралуына мысал бола алады
Достарыңызбен бөлісу: |