Іске қосу жүйесі дегеніміз ІЖҚ-ның иінді біліктің мәжбүрлі айналуын
қамтамасыз ететін қондырғы кешені. Автомобиль жасау тәжірибесінде әртүрлі
типті
стартерлер
(инертті,
пневматикалық)
және
іске
қосудың
гидропневматикалық жүйелері кездеседі. Алайда іске қосудың электрстартерлік
жүйесі кеңінен таралған, ол бірқатар оң сапаларға ие. Бұл жүйе шағын және
жұмыста сенімді, күрделі емес электр техникалық қондырғылар кӛмегімен іске
қосу үрдісін автоматтандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол аккумуляторлық
батареядан,
стартерден,
стартерлік
тізбектен
(сымдар,
басқарудың
коммутаторлық аппаратурасы) және іске қосуды жеңілдету құралынан
құрылған.
Іске қосу және электр жабдықтау жүйелері үшін
аккумуляторлық батарея жалпы элемент болып табылады. Алайда оның аталған жүйелердегі
жұмыс тәртібі әртүрлі. Электр жабдықтау жүйелерінде батарея циклдық разряд
және заряд тәртібінде жұмыс істейді, онымен қоса тоқтар атаулы
сыйымдылықтан (0,5...0,7)С
20
аспайды (мұнда және бұдан әрі — тоқ ампермен
ӛлшенеді). Іске қосу жүйесінде батарея тоқ күші (2... 5)С
20
болғанда кідірмелі
тәртіпте разрядталады.
Стартер қозғалтқышты іске қосуға қажетті жиілікпен иінді біліктің
айналуын қамтамасыз етеді. Бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың иінді
білігі айналуының іске қосу жиілігі 40.50 мин
-1
құрайды. Конструкторлы
тұрғыда электрстартер ӛзіне электр қозғалтқышты және электр магнитті
тартылыс релесі мен еркін жүрісті жалғастырғышы бар механизмді біріктіреді
(1.11-сурет). Егер жетек тегерішінен сермер тәжіне беріліс саны жеткіліксіз
болса, стартерге қосымша редуктор орнатылуы мүмкін. Электрстартерлер
электр қозғалтқышты қоздыру тәсілі (тізбекті, аралас, тұрақты магниттерден
қозумен), жетек типі, қозғалтқышқа бекітілу тәсілі және қоршаған ортадан
қорғалу дәрежесі бойынша ерекшеленеді.
Әдетте стартер конструкциясының негізін аралас қозғышты, жетек
тегерішін электрмагнитті қосумен және қашықтықтан басқарумен негізін тӛр
полюсты, тӛрт щеткалы тұрақты тоқты электр қозғалтқыш құрайды (1.12-сурет).
Стартердің болат қаңқасында қоздыру орамымен тӛрт полюс бекітілген,
олардың үшеуі зәкір орамымен тізбектей және біреуі параллель жалғанған.
Стартер зәкірінің білігі маймен сіңдірілген, пісірілген материалдан
жасалған екі тӛлкеде айналады. Біліктің артқы жағының тӛлкесі қақпаққа
нығыздалған, ал біліктің алдыңғы жағындағы тӛлке ілініс картерінде
орнатылуы мүмкін. Зәкір білігінің алдыңғы шетінде стартер жетегі тұр, ол
еркін жүрісті жалғастырғыштан және жетек тегершігінен құралған, олар стартер
қосылғанда білік оймабілтектер бойынша қозғалып тұрады. Стартер қақпақтары
әдетте алюминий қорытпасынан құйылған. Алдыңғы қақпақта тартқыш реле
бекітілген, ол тетік және сақина арқылы стартер білігімен байланысқан.