өздігінен тазалау температурасы деп атайды
. Егер білте бӛлшектерінің температурасы 850.900
°С асып кетсе, қысу кезінде қоспа ұшқын пайда болғанға
дейін мерзімінен бұрын тұтанып кетуі (шоқтан тұтану)
мүмкін.
Барлық білтелер үшін температураның ӛзгеруінің оңтайлы диапазоны
барлығына дерлік бірдей, ал олардың жұмысының жылу шарттары әртүрлі
қозғалтқыштарда елеулі түрде ерекшеленетін болғандықтан, білтелер әртүрлі
жылу сипаттамасымен (шоқтан тұтану саны) әзірленеді.
Білтенің шоқтан тұтану санын бағалау критерийі дерексіз кӛрсеткіш, ол
орташа индикаторлық қысымға пропорционал және шоқтан тұтатып оталдыру
шамасына сәйкес келеді. Шоқтан тұтану саны оталдыру білтесіне жылу
жүктемесін шоқтан тұтану пайда болғанға дейін арттыру жолымен бір
цилиндрлы қозғалтқышты сынау қондырғысында анықталады. Шоқтан тұтану
саны сандардың келесі қатарынан таңдалады: 8, 11, 14, 17, 20, 23, 26.
Оталдыру білтесі маркаланады, мысалы А17ДВ. Маркалаудағы әріптер
мен цифрлар келесіні білдіреді: А — бұранда М14 х 1,25; 17 — шоқтан тұтану
саны; Д — бұранда ұзындығы, ол 19 мм тең; В — оқшаулауыштың қаңқадан
шығып тұратын тӛменгі бӛлігі.
Атап ӛтетіні, оталдыру білтесі мен катушка — оталдырудың барлық
автомобильдік
жүйелерінің
ӛзгермейтін
элементтері.
Оталдырудың
механикалық таратқышты білтесі мен оталдыру катушкасы жоғары кернеулі
сымдармен жалғанған. Бұл сымдарда жұмыс істеу кезінде оталдыру жүйесімен
туындайтын радиокедергілерді кемітуге арналған ұзындығы бойымен
таратылған арнайы оқшаулағыш бар. Осы мақсатта оталдырудың кейбір
жүйелерінде білтелердің ұштарында кедергіні басатын оқшаулағышы бар.
1.3 Система зажигания 19