В. Г. Доронкин автомобиль



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

Оталдыру катушкасы
(1.9-сурет) 12 В тӛмен кернеулі тоқты жоғары 
кернеулі тоққа түрлендіреді, ол оталдырудың түйіспелі жүйесінде 16... 20 кВ 
және түйіспелі-транзисторлы және түйіспесіз оталдыру жүйесінде 20.25 кВ 
жетуі мүмкін. 
Электр техникалық жұқа болат жаймалардан тұратын түйіспелі жүйенің 
оталдыру катушкасының жүрекшесінде екінші орам оралған, онда диаметрі 0,07 
мм оқшауланған мыс сымды оралым саны (21 000) кӛп. Бірінші орамда диаметрі 
0,57 мм оқшауланған мыс сымының 308 орамы бар. Алюминий қорытпасынан 
құйылған қаңқаның ішкі жағы трансформаторлық маймен толтырылған, ол 
оталдыру катушкаларының орамын салқындатуды және оқшаулауды 
жақсартады. Катушканың пластмасса қақпағында бірінші және екінші орам 
шығыстары бар. Катушканың сыртқы қаңқасында қосымша кернеу бар, ол 
бірінші орамға қосылған және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне 
байланысты орамдағы тоқты автоматты түрде реттейді.
Осындай қондырғы басқа оталдыру жүйелерінде де қолданылады. 
Ерекшелігі оралатын деректерінде (бірінші орамда анағұрлым тӛмен кедергі, 
екенші орамда орамдар саны кӛп және т.б.). Кейбір заманауи 
микропроцессорлық жүйелерде катушкалар екі немесе тӛрт жоғары вольтты 
шығыстан тұратын, оталдыру модулі түрінде орындалған. 
Оталдыруды таратқыш 
(1.7-суретті қара) тӛмен кернеулі тоқ тізбегінің 
механикалық ретті тұйықталуын және тұйықталмауын қамтамасыз етеді және 
жоғары кернеулі тоқты қозғалтқыштың цилиндрларына таратады.
Оталдырудың түйіспелі жүйесінде озу оталдыру бұрышын орталықтан 
тепкіш және вакуумды реттеуішті оталдыру таратқышы қолданылады. Ол 
алюминий қорытпасынан құйылған бір жалпы қаңқада орнатылған үзгіштен 
және таратқыштан құралған. Таратқыштың қаңқасында үзгіш жұдырықшасы, 
таратқыш роторы және орталықтан тепкіш реттеуіш жетегінің білігі орнатылған, 
ол қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты озу оталдыру 
бұрышын автоматты түрде ӛзгертеді. Білік айналған кезде жұдырықша үзгіш 
түйіспелерін ағытады. Білікпен бірге ротор мен ортадан тепкіш реттеуіш 
айналады. Орталықтан тепкіш жүгі металл керамикалық, ол үзгіш 
жұдырықшасымен байланысқан тірек пластинада осьтерде орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет