В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата12.09.2024
өлшемі0,85 Mb.
#204213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
әдеби аударма

Слескович
,
М. Ледерер және т.б.) түпнұсқа мәтінмен жұмыс істеу әдісін атайды, сонымен 
қатар тілдегі сәйкестіктерді таңдай отырып, шығарма тудыру әдісін осы 
терминмен атайтындар да (В.Н. Комиссаров) бар. Р. Якобсон сияқты 
ғалымдардың көпшілігі интерпретация мен аударманы бір термин ретінде 
қарастырады. Бұл жерде шығарманы түсіну үдерісін де, сондай-ақ осы үдеріс 
нәтижесін де интерпретация деп атау қиындық тудырады. Осы тәрізді шатасу 
зерттеушіні өз тұжырымы шеңберінде аталмыш терминнің мағынасын 
нақтылауға мәжбүрлейді.
Интерпретация – мәтін мен аудармашының бір-біріне бірлесе бағытталған 
қозғалысы десек, оның басты көздеген мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу
ал оның соңғы нәтижесі аударма мәтін болып табылады. Аудармашының 
интерпретациясына әсер ететін басты фактор – бұл қабылдайтын мәдениеттегі 
сын пікірлер, әдеби зерттеулер арқылы автор мен шығарма туралы қалыптасқан 
пікірлер мен көзқарастар жүйесі.
Толықтай 
сәйкес 
аударманың 
болуы 
мүмкін 
еместігі 
тілдік 
айырмашылықтарға, тілдік аяға ғана емес, аудармашының шығармашылық 
тұлғасына да байланысты. Себебі, мәтін, соның ішінде аударма мәтін өз 
авторының сипатын, даралығын білдіреді.
Олай болса, түпнұсқа мәтінінің интерпретациясы және оның аударма 
мәтінмен арасындағы арақатынас проблемасы сәйкестік тұрғысынан алғанда 
үш факторға тәуелді. Атап айтсақ:
1) түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің тілдік құрылымдарының 
әркелкілігі; 
2) шығарманың мазмұнына жүктелген мағына интерпретациясының кең 
ауқымдығы, олардың алуан түрлілігі; 
3) интерпретатор рөліндегі аудармашының шығармашылық тұлғасының 
жеке даралығы. 
В.Н. Комиссаров сәйкестік теориясы туралы теориясында коммуникация 
мақсаты деңгейін ең жоғары деңгей деп санайды. Авторлық ой шығармашылық 
үдерістің ең бастапқы кезеңі болып табылады. Аудармашы түпнұсқа мәтін 
оқырманы мен аударма мәтін авторы, былайша айтқанда, қайта жаңғыртушысы 
сияқты екі рөлді атқарады.
Нәтижесінде, кез келген аударма интерпретация болып табылады.


16 
Түпнұсқа тілі мен мәдениетін жақсы білу негізінде түпнұсқа мәтінді 
интерпретациялау аудармашының түпнұсқа тілінде мәтінді өзінше түсінуін 
білдіреді. Осы ретте аудармашылық түсіру, қосу, сондай-ақ синононим 
құралдары мен басқа да тілдік құралдар арқылы жекелеген сөздердің, кейде 
мәтіннің үзінділерін интерпретациялау ауқымын тарылту немесе кеңейту 
сияқты үдеріс көрініс табады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, аудармашылық интерпретацияның 
анықтамасы жайлы былайша саралауға болады: 
– интерпретация – түсінудің алғышарты, яғни мәтін мен аудармашы
арасында диалог орнатудың алғышарты;
– интерпретация – аудармашылық сананың елегінен өтіп, байытылған
жасырын мағынаны айқындау;
– интерпретация – шығарманы диалогқа жетелеп, осы диалогты жүзеге 
асыруға бағытталған түсіну жолындағы қабылдау, түсіну, талдау, жетілдіру
бағалай сияқты бірқатар әрекеттер жиынтығы.
Сонымен, көркем мәтінді интерпретациялау дегеніміз – көркем 
шығарманың идеялық-эстетикалық, мағыналық және эмоционалдық ақпаратын 
авторлық таным мен көзқарасты қайта жасау арқылы меңгеру деп түйіндейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет