1. К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика” Алматы, 1994 ж. 120-132 беттер. беттер.
2.Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров М.М. "Генетика с основами селекции" - М., Просвещение, 1979.
3.К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика және селекция негіздері” Алматы, 1996 ж.
№ 16 дәріс
Тақырып: Өзгергіштіктің жіктелуі.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу туралы айту. Генеративтік және соматикалық мутацияларға анықтама беру.
Дәрістің мазмұны:
Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу. Генеративтік және соматикалық мутациялар. Фенотиптің өзгеруіне қарай мутацияларды жіктеу. Адаптивті маңыздылығына қарай мутациялардың айырмашылықтары. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы негізгі ұғымдар. Өзгергіштіктің жіктелуі. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік.
Өзгергіштіктің классификациясы. Тұқым қуалайтын генотиптік (комбинативтік және мутациялық) өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын фенотиптік (модификациялық, онтогенетикалық) өзгергіштіктер туралы түсініктер. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялар классификациясының принциптері. Генотиптік және сомалық мутациялар. Мутацияны фенотиптің өзгеруіне қарай классификациялау – морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық. Мутациялардың өздерінің адаптивтік маңызына байланысты айырмашылықтары: летальды және жартылай летальды, нейтральды және пайдалы мутациялар, мутациялардың адаптивтік маңызына қарай әр түрлі болуының салыстырмалы сипаты.
Мутациялардың генотиптің өзгеру сипатына қарай классификациялануы: гендік, хромосомдық, геномдық, цитоплазмалық.
Гендік мутациялар, тура және кері. Көп аллелизм.
Хромосомдық өзгерістер. Хромосом ішілік өзгерістер: жетімсіздіктер (дефишенсиялар мен делециялар), ұқсас участоктердің көбеюі (дупликациялар), инверсиялар. Хромосомалдық өзгерістер – транслокациялар. Хромосом ішілік және хромосомалық өзгерістердің әр түрлі типтері кезіндегі мейоздың ерекшеліктері. Хромосомдық өзгерістерді анықтаудың цитоплазмалық әдістері.
Геномдық мутациялар. Хромосомалардың гаплоидты спанының артуы – полиплоидия. Полиплоидияның фенотиптік эффектілері. Полиплоидтарды жасанды жолмен алу. Автополиплоидия. Автополиплоидтарды будандастыру кезінде фенотип пен генотип бойынша ажырау. Аллополиплоидия.
Анеуплоидия (гетероплоидия): нулисумиктер мен моносомиктер, полисомиктер. Анеуплоидтерде гаметалардың түзілуі мен мейоздың ерекшеліктер. Анеуплоидты формалардың тіршілік қабілеті мен өсімталдығы.
Цитоплазмалық мутациялар, олардың табиғаты мен ерекшеліктері.
Дарвин, Фогель, Вейсманның тұқым қуалаушылық теорияларының негіздерінің тұжырымдары. Генетика ғылымының дамуындағы аталмыш теорияның маңызы.
Популяциялық әдіс жекелеген гендердің ел арасына таралуы мен кездесу жиелігінанықтау тәсілі екендігі. Изоляттар.
Бақылау сұрақтары:
Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу нешеге бөлінеді?
Генеративтік мутация дегеніміз не?
Соматикалық мутация дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |