Біріншілік иммундық жауапта IgM, ал екіншілік иммундық жауапта IgG белсенді болады. Вакцинаны 2-ші рет енгізгенде иммундық жауап тез және қарқынды түзіледі, “лаг-фаза” болмайды немесе өте қысқа, антиденелер қысқа мерзімде тез жоғарылайды және ағзада өте ұзақ уақыт сақталады. 1-ші және 2-ші вакцинация аралығы – 1-2 ай