Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
86
сөздер жазылған сазтақта бергенсің. Оның орнына 
қос қапшық алтын беремін. – Осы сөздерді айтқан ол 
құлдың қолынан қос қапшықты алып, әкесінің ал-
дына апарып қойды. – Бұл арқылы, әке, сенің дана-
лығыңды алтыннан да артық бағалайтынымды көр-
сеткім келеді. Бірақ кім даналықты алтынмен өлшей 
алады? Ақылсыз адамның алтыны иесінің менші-
гінде тұрақтамайды. Егер адам әуелі даналыққа бет 
бұрса, оны алтын айналып өтпейтінін мына үш қап 
дәлелдеп тұр ғой. Әке, бүгін алдыңда осылай тұрға-
ныма, сенің даналығыңның арқасында бақуатты әрі 
құрметті кісі болғаныма мен өте қуаныштымын. 
Әкесі Номасирдің басынан елжірей, мейірлене 
сипады.
– Сен сабақты жақсы игеріпсің. Байлығымды 
сеніп қалдыра алатын сендей ұлым болғанына 
бақыттымын.
Калабаб қария әңгімесін тәмамдап, тыңдарман-
дарды жағалай шолып өтті.
– Номасирдің бұл тарихы сендерге не айтады? – 
деп сұрады ол. – Араларыңда әкеңе немесе қайын 
атаңа осылайша өз әрекеттерің мен табыстарың ту-
ралы есеп беретіндерің бар ма? Егер де қарттарға 
келіп: «Көп сапар шектім, көп нәрсе үйрендім. Көп 
жұмыс істедім, көп табыс таптым, бірақ алтыным аз. 
Оның бір бөлігін есепсіз жараттым, ал қалған бөлігін 
ақылсыз іс-әрекет салдарынан жоғалттым» десең-
дер, құрметті қариялар не ойлар еді?
Біреуде көп алтын болып, енді біреуде ештеңе бол-
маса, оны тағдырдың машақаты деп санамай-ақ қо-
йыңдар. Алтынның бес заңын біліп, соны ұстанған-
дар, әлбетте, бай адамдар.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
87
Бұл заңдарды жастайымнан меңгергендіктен 
және оларды әрқашан бұлжытпай орындағандық-
тан, бай саудагер болдым. Мендегі байлық сиқыр-
дың күшімен жиналған жоқ.
Жылдам келген байлық дәл солай жылдам кетеді. 
Егер де байлық терең білім мен ерен еңбектің арқа-
сында келсе, онда ол иесіне құт болып дариды және 
қуанышқа бөлейді. Ақылды адам үшін дүние жинау 
қиын емес. Бұл міндетті ұзақ жылдар бойы арқалау 
қиынға түседі. Ақиқаты сол – алтынның бес заңын 
ұстану кез келген адамды жомарттық пен несібеге 
кенелтеді.
Бұл бес заңның әрқайсысы терең мәнге толы, хи-
каяны айтып бітіргенімше оны ұғынбасаңдар, тағы 
да қайталап айтамын. Өзім оларды жас кезімнен 
жатқа білемін және ұзақ жылдар бойы талай істе 
олардың нағыз ақиқат екеніне көз жеткіздім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет