«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
90
Бұл орайда ниневиялық байлардың негізгі қор
жинағын нар тәуекелмен еш уақытта күдікті істерге
жұмсамайтынын ұмытпаңдар.
Алтынның бес заңы осындай. Сабақ болар оқиға-
ларды
айта отырып, сендерге өз байлығымның құ-
пиясын да аштым.
Алайда бұл шын мәнінде байлықтың құпиясы
емес, ақиқат шындық. Күйкі тіршіліктен құтылғы-
сы, аш шибөрілер сияқты қарын тойдыруды ғана
ойлауға бас қатырғысы
келмейтін әр адам бұларды
білуге тиіс.
Ертең біз Вавилонға жетеміз. Әне, Ваала шіркеуі-
нің төбесінде өшпейтін оттың жарық сәулесін көр-
діңдер ме? Алтын қала қол бұлғап тұр. Ертең әрбірің
қалтқысыз қызметтерің үшін алтын аласыңдар.
Он жыл өткен соң ертең қолдарыңа тиетін алтын-
дар туралы не айта аласыңдар?
Араларыңда Номасир
секілді қолдағы алтынды
Аркадтың даналығына сай байлыққа апарар ал-
ғашқы қадамға айналдыратындар табылса, онда он
жылдан кейін олар Аркадтың ұлы сияқты ауқатты
да құрметті адам санатына қосылады.
Біздің саналы іс-әрекеттеріміз өмірде тура жолға
бастап, көмектесіп және қуанышқа бөлеп отырады.
Сол сияқты, асығыс қадамдарымыз мазамызды қа-
шырып, үрейлендіреді де тұрады.
Өкінішке қарай,
оны киім секілді шешіп тастап, ұмытып кете алмай-
сың. Қолға алған ісіңді аяқсыз қалдырғаның туралы
естеліктер үнемі қос өкпеңді қысып, тынысыңды
тарылтады.