«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
17
– Айтарым жоқ, керемет түс екен, – деп, Кобби
келісе кетті. – Ендеше
сен неге осындай жағымды
ойлардан соң, дуал түбіндегі жансыз бейне секілді
қатып қалдың?
– Неге дейсің? Ояна келгенде, бос әмияным есіме
түсіп, жүрегім айнып кетті. Жағдайды бірге бағамда-
йық. Екеуміз,
теңізшілер айтатындай, бір кемеде-
гі адамбыз ғой. Бала кезімізде ғылым үйрену үшін
абыздарға бірге бардық. Бозбала шақта бірге ойна-
дық, есейгенде жақсы дос болып қалдық. Екеуміз де
шаршамастан сағаттап жұмыс істей алатынымызға
қуандық, кейін еңбекпен тапқанымызды оп-оңай
жұмсай беретінбіз. Ол жылдары біз ақшаны жақсы
табатынбыз. Енді, міне, байлықты түсімізде ғана
көретін болдық. Оу, осы біз мал сияқты емеспіз бе?
Екеуміз әлемдегі ең бай қалада тұрамыз.
Айналамыз
молшылыққа толып тұр, ал бізге содан ештеңе бұ-
йыратын емес. Жарты ғұмырыңды ауыр бейнетпен
өткізіп, сен, жан досым менің,
маған бос әмиянмен
келіп, кешке дейін екі шекел сұрап тұрғаның мынау.
Бұған қандай жауап болуы мүмкін? Мен саған «Мә,
ала ғой әмиянды. Сенімен қашан да бөлісуге даяр-
мын» дейін бе? Жоқ, досым, менің әмияным да сені-
кіндей босап қалған. Бұл арада не мәселе бар? Бізде
неге күміс те, алтын да жоқ, неге ішерге ас, киерге
киім сатып алардай дымымыз жоқ.
Оның үстіне
ұлдарымыз туралы ойлау керек, – деп
сөзін жалғастырды Бансир. – Олар біздің жолымыз-
бен жүріп келеді. Шынымен, олар да, отбасылары да,
олардың түп-тұқияндары да біз сияқты ғұмыр кеш-
пек пе, айналада қаншама алтын жатқанда олардың