«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
25
орынсыз еді. Өздерің айтқандай, ерекше қабілет және
ақылмен ерекшелене алмаған соң, ойлағаныма ие
болу үшін маған уақыт пен білім керек деп шештім.
Уақытты алсақ, ол басқалардағыдай менде де
ағыл-тегіл еді. Баю үшін
сендерге де уақыт барынша
жеткілікті болғаны рас қой. Бірақ өздерің мойын-
дайтындай, сендерде отбасыларыңнан басқа, шын
мәнінде, мақтан тұтатындай байлық жоқ еді.
Білімге келсек, оның екі түрі болатынын біздің
дана ұстазымыз айтты емес пе: біреуін біз мектепте
аламыз, ол есте қалады, ал
келесісі біздің өмірлік тә-
жірибемізден құралады, сол өзіміз әлі білмейтін нәр-
сенің қайдан табылатынын байқатады. Сондықтан
да мен байлықты қалай жиюды білгім келді, білген-
нен кейін оны іске асыруды өзіме міндет санадым.
Төбемізден күн сәуле төгіп, тірі жүргенімізде өмір-
дің рақатын көру ақылдылық емес пе? Қапас дүние-
ге аттанатын шақ туғанда уайым мен қайғы шақыру-
сыз-ақ жетеді.
Мен жазбалар палатасына жұмысқа тұрдым да,
күн сайын сағаттар бойы сазтақтадан бас көтерме-
дім. Солай еңбектенумен апта артынан апта, ай со-
ңынан ай өтсе де табысқа жарымадым. Ас, киім,
садақа және басқа қазір есімде жоқ шығындар тап-
қанымды жұтты да тұрды. Бірақ баюды ешқашан ес-
тен шығармадым.
Бір күні қала басшысының үйіне өсімқор
Альгамиш келді де, маған Оныншы заңды сазтақта-
ға жазып беруді тапсырды. Ол былай деді:
– Маған бұл заң екі күннен
кейін керек, егер жұ-
мыс мерзімінде орындалса, мен саған екі мыс бақыр
беремін.