Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет10/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
28
– Бір жылда тапқан табысқа тең болар еді.
– Бұл дұрыс жауаптың бір бөлігі ғана, – деп ол 
тағы қарсылық білдірді, – жинаған әрбір алтын тиын 
сенің құлың болады да, саған жұмыс істей бастайды. 
Ол әкелетін әрбір мыс бақыр сенің құлыңның ұлы 
ретінде саған жұмыс істеуге кіріседі. Егер бір кезде 
байып кетіп жатсаң, жинаған қорың түгел сен үшін 
ақша тауып, сені ғұмыр бойы тілеген молшылыққа 
кенелтеді.
Мені түнгі жұмысым үшін алдады деп есептейсің 
бе? Шын мәнінде, егер де мен айтқан ақиқатты ұға ал-
саң, саған тиісті мөлшерден мың есе көп ақы төледім.
Тапқан ақшаңның бір бөлігі ғана саған тиесілі, 
соны сақтауың керек. Бұл бөлік табыс мөлшеріне 
қарамастан, кемінде оның оннан бір бөлігін құрауы 
керек. Жағдайың оны көтерсе, одан да көп бөлігін 
өзіңе арнауыңа болады. Бірінші кезекте өзіңмен 
есептескенің жөн. Тігіншіге де, етікшіге де өзіңнен 
қалғанымен ғана есептесуге дағдылан. Тамаққа, са-
дақаға да, қайырымдылыққа және Құдайдың риза-
шылығы үшін ақша қалдыруды ұмытпа.
Байлық тарыдай тұқымнан жайқалып өскен алып 
ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған алғашқы мыс ба-
қыр кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы 
болмақ. Сол тұқымды неғұрлым тезірек ексең, бай-
лық ағашы соғұрлым ерте көгеріп шығады.
Тұрақты жиған-тергенің арқылы оның топырағын 
ынталана тыңайтып, суарған сайын оны көлеңке-
леп, рақаттана демалатын күнді жақындата түсесің.
Осыны айтты да, ол сазтақталарын алып, ұзай 
берді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
29
Оның айтқандары туралы көп ойланып, шынын-
да да онда шынайы мән барын түсіндім. Ұзатпай 
іске кірістім. Әр жолы тапқан ақшамның оннан бір 
бөлігін жекелеп алып, жинай бердім. Бір қызығы, 
одан жағдайым нашарламады. Ешқандай айырманы 
аңғармадым.
Алайда жинағым өскен сайын кемелер және тү-
йелермен финикийлер жерінен келген саудагерлер 
ұсынған әлдебір затты алуға құмарттым да тұрдым. 
Бірақ ақылға жеңдіріп, құмарлықты ауыздықтай 
білдім.
Арада он екі ай өткеннен кейін бір күні Альгамиш 
келді де былай деп сұрады:
– Қане, ұлым, айта ғой, соңғы бір жылда барлық 
табысыңның оннан бір бөлігін өзіңе төледің бе?
– Иә, ұстаз, – деп мақтанышпен жауап бердім.
– Бұл жақсы, – деді ол маған қадала қарап. – Ол 
ақшаңды не істедің?
– Жинақтаған ақшамды теңіздің арғы бетіне ат-
танған қыш құюшы Азмурға беріп, Тирден мен үшін 
сирек кездесетін финикий тастарын сатып әкелуді 
тапсырдым. Ол тасты алып келгеннен кейін оларды 
қымбат бағамен сатып, табысты бөлісеміз.
– Ақымақ, саған әлі де ақылды бола түсу керек 
екен, – деп күңкілдеді ол. – Сен қайдағы бір қыш құю-
шының асыл тасты саудалай алатынына қалай сен-
дің? Сен, немене, оған барып, жұлдыздар жайында 
бірдеңе сұрар ма едің? Ант етейін, түйірдей ақылың 
болса, жұлдызшыға барар едің. Жинағың жоғалды, 
жігітім. Сен өзіңнің барлық ағашыңды тамырымен 
қопарып тастадың. Енді саған басқасын отырғызуға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет