«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
168
Ежелгі грек саяхатшысы әрі тарихшысы Геродот
гүлденіп тұрған Вавилонды көріп, қала туралы жаз-
басын қалдырған екен. Өз еңбегінде ол бізге бұл қа-
ланың бейнесін сипаттап, тұрғындарының ерекше
әдеттері мен салттары туралы жазып қалдырған. Ол
жердің
құнарлылығын, бидай мен арпа дақылдары-
ның мол өнімін атап өтіпті.
Вавилонның даңқы өшті, бірақ оның даналығы
бізге жетті. Бұл үшін біз оның жазуды игерген тұр-
ғындарына қарыздармыз. Алыста қалған ол заманда
қағаз әлі болмаған еді.
Вавилон тұрғындары өз ойла-
рын сазтақталарға ойып жазуды әдет етіпті. Жазу
жазылған сазтақталар күйдірілген соң олар өшпес-
тей болып таңбаланып қалыпты. Бұндай сазтақта-
лардың көлемі 15-те 20 сантиметрді құраған, ал қа-
лыңдығы екі сантиметр болған.
Бұл сазтақталар сол кездің өзінде қазіргі біздің хат
жазғанымыздай, кеңінен қолданылған.
Оларға аңыз,
өлең, тарихи мәліметтер, патша жарлығының мәтіні,
меншікке деген құқық, қарыздық міндеттеме, тіпті
шалғай қалаларға жөнелтілетін хаттар да жазылған.
Бұл сазтақталар жазба
авторларының жеке өмірінен
де мәліметтер жеткізіп отыр. Мәселен, сазтақталар-
дың бірінде саудагердің жазбасы сақталған, онда бір
күні бір аларманның сиырын әкеліп, оны жеті қап
бидайға айырбастағаны, үш
қап бидайдың оған бір-
ден берілгені, ал қалған төрт қап астықтың оған тала-
бы бойынша босатылатыны таңбаланыпты.
Археологтар қала үйінділерінен жақсы сақталған
жүздеген, тіпті мыңдаған сазтақталардан құралған
кітапханалар тапты.