Әңгімелесу, баяндау
- Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір - біріне деген мейірімділігі - әдептілік белгісі.
Әңгімелесу
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
- Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
- Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
- Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
-«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
«Мейірімділік гүлін» құрастыру
Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, бірлік, достық.
Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары»
Оқушылар видеодан көреді
- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
-Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Күннің көзін неге ана жүрегіне теңеп отыр?
- Сендер үшін өмірде ең мейірімді жан кім?
|