Барлық құқық түрлері сияқты баланың жеке басына қатысты заңның да ерекше тақырып ретінде қаралуы немесе оның жасөспірім құқығы мен балаға байланысты мекемелерарасы қатынастар тарихы жағынан ортаға жаңа шығып келе жатқан ұғым екені белгілі. Адамзаттың пайда болуынан бастап өткен әр ғасырда қоғамның балаға деген көзқарасы да түрлі өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан бала және оның құқығын қорғау сұрақтарын мәдениет пен құқықтың даму сатыларының ішінен зерттеу қажет. Тарихи қалыптасу барысында балаға деген игі мен оның қорғау ауқымы және түрі де өзгеше бір көрініс табады. Бұл өзгешелік қоршаған ортаның экономикалық, мәдени және қоғамдық құбылыстармен байланысты болған. Бұл себептен қоғамның мақсатына, экономикалық дамуына және мәдени көзқарастың өзгеруіне тепе тең бала құқығы түсінігі де өзгеріп отырған. Әрбір қоғамдық ортам өзіне өзгеше бір балаларын қорғау мәжбүрлігін туғызатын түсінік қалыптастырған. Бала құқығы белгілі бір құқықтық ұғым ретінде адамзаттың алғашқы дінді қабылдау кезеңінен басталып, балаларға қамқорлық көрсетіле басталған. Бірақ ол қазіргі кезеңдегі жасөспірімдер құқығынан өзгеше және белгілі бір діни ұғымнан аспай қалған.