Жаңа құқық жүйесінде бала құқығы негізгі екі принципке сүйенуде. Олардың біріншісі: Жасөспірім бір адамзаттың баласы екендігі. Бұл принципке байланысты балаға адам ретінде қажетті қамқорлық пен мейірім көрсету. Екіншісі: Бірлік принципі. Баланың бір мемлекеттің және қоғамның айрылмас бөлігі ретінде қарау. Бұл екі принципке байланысты қазіргі модерн құқықтық системасы баланы қоғамдық қажеттілік үшін қорғау түрінде дамуда. Бұл себептен бала қоғамдық қажеттілік үшін қорғауға алынады және мемлекет осы бағытта шығарылған заңнамалармен қамтамасыз етеді. Бала құқығын қоғамдық қажеттілік үшін қорғау десек те, кейбір мемлекеттерде, мәселе Германия, Австрия және Франция сияқты елдерде заңшығарушылар ұлттық заңдарының ішінде бала мен жасөспірімге байланысты бірнеше баптар болғанмен, жүйелі түрде шығарылған заңнамалар жоқ. Ал бұған қарсы Италия, Швецария және Түркие сияқты мемлекеттер өздерінің ұлттық заңдарында, соның ішінді азаматтық кодекстерінде бала мен жасөспірімнің құқығын толығымен қамтып жазған. Қазақстан Республикасы Бала құқығы жөніндегі заңында да баланың міндеттері белгіленіп, оның құқықтық кепілдігі және баланың денсаулығын қорғау, жеке басының бостандығы мен өмірі, қоғамдағы рөлі, жеке меншік пен білім алу құқығы сияқты негізгі қағидалар белгіленген. Баланың бағылып қағылуына, дамуына, білім алуына және қоғамдық өмірге қатысу үшін жетілуі кімнің мойнындағы міндет екендігі, бізді отбасы және мемлекет атты құрылыммен бетпе бет қоюда. Бірақ, бұл арада тағы да айта кететін жайт баланың дамуына мемлекетпен отбасының қосатын үлесі бірдей, өйткені олардың мақсаты да ортақ. Сондықтан басқа құқық системаларында сияқты біздің ұлттық құқығымызда, соның ішіндегі ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясының