Қорытынды
Алаштанушы ғалым, профессор Гүлжаһан
Орданың сөзінше, бүкіл Алаш қайраткер-
лерінің басты мақсаты тәуелсіздік болды.
Сананы ояту арқылы ой азаттығын, ел азат-
тығын жаңғыртқысы келген «Оян, қазақ!» фе-
номені тарихи құбылыс ретінде бірнеше ұлт
пен ұлыстың рухани кеңістігіне осылайша
әсер еткен еді. Бүгінгі таңдағы қазақ қоғамын
көрсе, Міржақып Дулатұлы: «Жаңа әлем елін
дамытудың ғылым мен білімге негізделген,
адам құқығына сүйенген жаңа жолын таңдап
жатыр. Жемқорлықтан, бойкүйездіктен, қа-
тыгездіктен, немкеттіліктен, сатқындықтан ір-
геңді алыс сал! Оқы, тоқы, дамы! Кеш болмай
тұрғанда, оян, Қазақ!» дер ме еді?..
Алаш қайраткерлерінің әрбірі өз соңы-
на пассионарлық қуаттың мол мұрасын
қалдырды. Қошке Кемеңгерұлы: «Көбіміз
универсалмыз. Көп білгендігімізден емес,
мәжбүрліктен», деген. Әлихан Бөкейханнан
бастап Ахмет Байтұрсынұлының, Жүсіпбек
Аймауытұлының, Қошке Кемеңгерұлының,
Әлімхан Ермекұлы сынды қайраткерлердің
еңбектерін елеп-екшер болсақ, қоғам сана-
сын дүр сілкінтіп, оятуға бағытталған түрлі
ғылыми құбылыстарды көре аламыз. Мәсе-
лен, ғалым, профессор Несібелі Құрман
алаштықтардың, оның ішінде Ахмет Байтұр-
сынұлының данышпандық психологиясын те-
реңінен зерттей алсақ, игілікті істердің шығар
көзін тапсақ, шынайы ортақ құндылықтар-
ды сұрыптап, іріктеуге мүмкіндік туатынын
айтады. Олар туралы сөз айту үшін «...биік
сенім тұрғысынан, адами тұрғыдан, ғалымдық
тұрғыдан, ұлтжандылық тұрғыдан, шәкіртін
адалдықпен құрмет тұтатын ұстаздық тұрғы-
дан ерекше дайындық болуы керек», дейді
ол. [12] «Оян, қазақ» феноменін талдау – сол
іргелі, үлкен міндеттің бір парасы ғана. Алай-
да олардың қоғамдық құбылысқа айналған,
ұлт санасына әсер еткен идеялары мен тұжы-
рымдарын талдау барысында шалағайлыққа
жол беруге болмайды, барлығын сабырмен,
дәйекпен елеп-екшеудің мәні зор. Алаш ары-
старының аманатына адал болып, олардың
еңбектерін ел игілігі мен ұлттық идеология
қажетіне жаратып, тәуелсіздігімізді, дербесті-
гімізді, егемендігімізді баянды да, тұғырлы ету
жолында қажырлы, табанды еңбек керек.
«Оян, қазақ!» феномені: әлемдік ақпарат кеңістігінде
31
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия
Журналистика
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Journalism Series
Достарыңызбен бөлісу: |