Сабақтың мақсаты.. Малдарды диспансеризациядан өткізудің тәртібі мен жұқпалы емес ауруларды болдырмауда жүргізілетін негізгі ветеринариялық профилактикалық іс шаралар. Малдарды емдеудің жолдары мен әдістері.
Сабақ жүргізілетін орын. Кафедра клиникасының манежі, лабораториясы, жақын орналасқан шағын шаруашылықтар.
Керекті құжаттар: мүмкіншілігінше әртүрлі әртүрлі малдар (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық). Малдарды ұстайтын арқан-жіл, тұсау, ноқта, басқұр, ауыздық және т.б. Студенттерге халат, бас киім, жаулық, қолғап, етік. Ірі малдарды жығуға қолданылатын аспаптар, залалсыздандыратын дәрілер.
Сабақты жүргізу әдістемелігі. Сабақты толық топқа (15-20 студент) екі оқытушы жүргізеді. Алдымен студенттерді сабақтың мақсатын және жүргізу барысымен таныстырады. Әртүрлі малдарды қалай ұстап, қалай оларға жақыпау керек екенін түсіндіреді. Студенттердің жеке бастың қауіпсіздігіне аударады. Студенттер бірнеше топтарға бөлніп, кезек-кезек, әрбір малды ұстау, байлау және т.б. әдістерімен айналысады. Сабақтың барысында студенттер өз жұмыстарына оқытушьшың қатысуымен қорытынды жасап, бір-бірімен пікір алысады. Сабақ жүргізуші оқытушының сұрақтарына жауап береді
Еске алатын жай: ауру малды тексергенде тексеруші малдәрігеріне ешқандай кедергі болмауы керек (айғай-шу, мотордың жұмысы, басқа да стресс тудыратын жағдайлар). Әрбір малды ұстамас бұрын кісінің келе жатқанын білдіріп барып жақындау керек. Малдарды жуасыту үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Ол әдістерді сөйлей жүріп іске асырған жөн, Мысалы: астыңғы жақ сүйектерінің аралығын, жылқылардың жалының астын, жауырын-жанбас тұстарын, иттер мен шощқалардың әр жерлерін сипалау, мысықтардың құлақтарының арасын, арқасын қасу және т.б. әдістер.
Ауру малды тексеру барысында, тексергеннен кейін студент өз басының гигиенасын толық сақтауы керек. Ол ушін су, зарарсыздандыратыга ертінділер және т.б. керекті құжаттар кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |