Ветеринариялық медицина кафедрасы отырысында қаралған және ұсынылған



бет4/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,98 Mb.
#35845
1   2   3   4   5

Балау. Диагноз қою үшін патологоанатомиялық және зертханалық зерттеулердің нәтижесі шешуші рөл атқарады. Ағзалардағы өзгерістердің ерекшеліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен қарайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен әдісімен бояу арқылы микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз болады.Тірі жануарлардың нәжісіндегі жалқақты, ішегінен алынған қырындыны микроскопиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен әдісімен боялған жағындыда микобактериялар қызыл күрең түске боялып, шоғырлана орналасады. Сиырды аллергиялық тексеру үшін құс альттубер-кулинін, ал қойды тексеру үшін құстың тазартылған ППД туберкулиннін қолданады.Серологиялық диагноз үшін КБР қойылады.

Ажыратып балау үшін туберкулезді, алиментарлық энтеритті, ішек құрттарын, кокцидиозды, молибденнен улануды, мыстың жетімсіздігін ескеру керек. Туберкулезді аллергиялық тексеру арқылы, ішек құрттары мен кокцидиозды капрологиялық зерттеумен, алиментарлық энтеритті анамнездік деректер мен клиникалық тексеру, симптоматикалық емнің нәтижесі арқылы анықтайды. Мыс жетіспегенде көздің айналасындағы жүн түседі де, атаксияға байланысты аяқтарын шатқаяқтап басады. Молибденнен уланғанда, мыс жетіспенгенде рационды ретке келтіргеңде аурудың белгілері басылып қалады.

Емі. Паратуберкулезбен ауырған малды емдемейді оларды ет комбинатына союға жібереді.

Иммунитет. Паратуберкулез кезінде жануар организмінде аллергиялық және серологиялық тәсілдермен айқындалатын иммунологиялық реакциялар байқалады. Бұл ауруға қарсы Франция мен Англияда аттенуацияланған тірі вакцина қолданылады. Қыздырылған адьювантты вакцина да иммунитет қалыптастырады. Бірақ егілген жануардың туберкулинге сезімталдығы байқалатын болғандықтан вакцинаны пайдалану шектетіледі.

Дауалау және күресу шаралары. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда жүргізілетін алдын-алу шаралары

Ірі қара малдың паратуберкулезінің пайда болуының және


таралуының алдын алу үшін шаруашылық субъектілерінің жетекшілері,
ветеринариялык мамандар, сондай-ақ мал иелері:шаруашылық субъектілеріне ірі кара малдың паратуберкулезінен таза емес шаруашылықтардан жануарларды енгізуге (кіргізуге) жол бермеу қажет;

шаруашылық субъектілеріне келетін барлық жануарларды 30 күн ішінде оқшаулап ұстау керек;

жануарларды жылына екі реттен кем емес клиникалық тексеруді қамтамасыз ету керек: жайылымға шығару алдында және күзде қыстаққа тұрғызу алдында, бұдан басқа сиырларды төлдегеннен кейін;

жайылымдарды, суару жерлерін, мал шаруашылығы фермаларын, қораларды және жануарларды ұстайтын басқа да жерлерді қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау қажет;

паратуберкулезден таза емес пункттердің жануарларымен баска ірі кара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен жанасуына, сондай-ак жануарлардың әр түліктері мен әр жастағы топтарын бірге ұстауга жол бермеу қажет;

жануарлардың организмінің резистенттілігін күшейту үшін рационды ақзат, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру қажет;

жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бір жақты азықтандыруға жол бермеу.
Паратуберкулезден таза емес пункттерде жэне эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шаралар

Шаруашылық субъектісінде паратуберкулез анықталған жағдайда ветеринариялық маман дер кезде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы паратуберкулез ауруының пайда болуы туралы хабар алғаннан кейін тез арада ауру шыққан жерге келеді және таза емес пункттің індет ошағының шекарасын анықтау мен эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастырады. Диагноз қою үшін ауру малдардан патологиялық материалдар алады және оны ветеринариялық лабораторияга жібереді.Ақырғы диагноз койылған жағдайда шаруашылық субьектісінің аумағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес карантин қойылады.Шектеу шараларының талаптары бойынша:

1. диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді;

2. аурудың клиникалық белгілері бар жануарларды шығарып, етке союға жібереді;

3. қалған ірі қара мал басын паратуберкулезге тексереді;

4. сауықтырылып жатқан табынның жануарларының қан сары суына кейінірек серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеруді жылына 2 рет көктем мен күзде жүргізеді;

5. мал басын тоқсанына бір рет клиникалық тексереді, паратуберкулездің клиникалық белгілері бар жануарларды аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамастан етке союга жібереді;

6. екінші рет зерттеген кезде оң немесе күдікті реакция берген жануарларды етке союға жібереді, калғанын жалпы табынға қайтарады;

7. сойылған жануарлардан алынган материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге жібереді;

8. паратуберкулезбен ауру сиырлардан алынған төлдерді етке союга жібереді, аурудан таза емес табынның сау сиырларынан алынған төлдерді ересек жануарлардан бөліп, 5 (бес) күн бойы уызбен азықтандырады, содан кейін арнайы бөлініп берілген фермада пастерленген сүтпен немесе көксүтпен өсіреді. Содан кейін оларды паратуберкулезге зерттейді;

9. паратуберкулезден таза емес шаруашылық субъектілерінен сау төлдерді қолайлы шаруашылық субъектілеріне шығаруға осы Ветеринариялық ереженің талаптары орындалып өсірілген және аллергиялык зерттеулері теріс нәтиже берген жағдайда рұқсат етіледі.

Паратуберкулезден таза емес пункттің жануарларын клиникалық,
серологиялық, аллергиялық және микроскопиялық зерттеулер негізінде 3
топқа бөледі:

клиникалық белгілері бар және сеорологиялық зерттеген кезде он нәтиже берген жануарлар союға жіберіледі, ауру сиырлардан алынған бұзаулар етке жіберіледі;

аллергиялық және серологиялық реакцияларда оң нәтиже берген, бірақ клиникалық белгілері байқалмаған жануарлар оқшауланып жеке ұсталады, микроскопия, серологиялық және аллергиялық зерттеулер жургізіледі, диагностикалық сынамалардың біреуі оң нәтиже берген жағдайда жануарлар союға жіберіледі;

клиникалық белгілері жоқ және агглютинация реакциясы мен комплемент байлау реакциясында теріс нәтиже берген шартты сау жануарлар 3 айда бір рет аллергиялық және серологиялық зерттеледі, оң нәтиже берген малдар оқшауланады және союға жіберледі.
Паратуберкулездік энтериттен таза емес пунктте жүргізілетін
ветеринариялық-санитариялық шаралар:

Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға тиым салады;

1 мал қоралары мен алаңдарының қалыпты санитариялық жағдайын қамтамасыз етеді;

2 мал шаруашылығы бөлмелерінде механикалық тазалау, мал бағылатын жерлердің, әр зерттеуден кейін құралдар мен басқа да жабдықтардың кезекті дезинфекциясы жүргізеді;

3 ауру малдардың және ауруға күдікті малдардың қиын жағады, шартты сау малдардың қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады;

4 сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарды күнделікті залалсыздандыруды қамтамасыз етеді;

5 сиырлардың төлдеуін арнайы төлдеу бөлмелерінде жүргізеді, жолдастарын су өтпейтін ыдысқа жинап, залалсыздандырады;

6 алғашқы уыз жеке ыдысқа сауады да, қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты сау малдардан алынған сүт 85 °С температурада 30 (отыз) минут пастерлейді;

7 жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, малдардың қиымен ластанбауы үшін арықтарды, орларды, үлкен су көлдерін қоршайды.

Паратуберкулезден таза емес пунктте соңғы ауру мал бөлінгеннен кейін 3 (үш) жыл өткен соң, диагностикалық зерттеулердің 4-рет теріс нэтижелері алынып, қорытыңды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу шараларын алу үшін сәйкес әкімшілік-аумактық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен ұсыныс беріледі.

Басқа малдардың (кой, ешкі, түйе мен басқа да күйіс қайтаратын малдар) паратуберкулез ауруына қарсы күрес шаралары - клиникалық ауру малдарды анықтау, оларды союға жіберу және осы Ветеринариялық ережеде көрсетілген ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастырушылық - шаруашылық шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары

1. Аурудың індеттік ерекшеліктері қандай?

2. Қоздырушысын сипаттап беріңіз.

3. Паратуберкулезға тән клиникалық белгілері.

4. Осы аурудың патолого-анатомиялық өзгерістерін сипаттап берініз.

5. Паратуберкулезді қандай аурулардан және қандай белгілері арқылы ажы-



ратады.

3 тақырып ІРІ ҚАРА МАЛДАРДЫҢ КЕМІКТӘРІЗДЕС

ЭНЦЕФАЛОПАТИЯСЫ
Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы /орыс. Губкообразная энцефалопатия крупного рогатого скота, ағыл. Bovine spongiform encephalitis/- орталық нерв жүйесінің дистрофиялық өзгерістерге ұшырап, малдың өлімімен аяқталатын созылмалы өтетін ауру.

Тарихи деректер. Ауру бірінші рет 1985 жылы Ұлыбританияда тіркелген. Сосын бұл ауру ағылшындардың ғана емес, бүкіл Европаның проблемалары болды және АҚШ-қа, Канадаға, Данияға, Германияға, Италияға, Францияға, Португалияға, Исландияға, Нидерландыға, Люксембургке таралды. Қазіргі кезде дүние жүзінің 30-дан астам елдерде кездеседі. (В.А. Кузьмин және т.б. 2005)

Қоздырушысы. Прион – патогенді қасиеттері бар ми ұлпаларының клеткалық ақуызы. Бұл ақуыз белгісіз әсерлердің арқасында ауырту қасиеттеріне ие болады да, өзіне тән қоздырғыштарды тудырады. Адамдар мен жануарлардың иммундық жүйесі бұл ақуызбен күресе алмайды, өйткені бұл олардың организмінен шыққан туыс болып келеді.

Төзімділігі. Қоздырушы жылуға, ультракүлгін сәулесіне, ионизир-лейтін радиацияға және дезинфектанттарға өте төзімді. Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысымен жұқтырылған ми ұлпасына 10 % - тік формалин ерітіндісімен көп уақыт әсер еткенде, тек оның уыттылығы кішкене ғана төмендегені болды. Автоклавта температурасы 134 – 138 С – та 18 минут бойы уыттылығын сақтаған. Қоздырушының қалған уыттылығы температура 134 С – та 1 сағат бойы сақталады. Осы температуралық режим ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысын өлтіру үшін қолданады. Евроодақ ветеринарлық ғылымының комитеті барлық күйістілердің ақуыздық қалдығын (ірі қара мал мен қойлар) 133 С – та 20 минут бойы өңдеуді ұсынады.

Індеттік деректер. Бұл ауруға ІҚМ, қойлар, антилопалар бейімді. Ауру зоопарктегі жабайы жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі - ньяла, үлкен қода, араб фиксы, пума, гепард және т.б. жануарлардың рационына ет-сүйек ұнтағымен және ауру сиырдың етімен азықтандырғанда ауырғаны белгілі болды. 73 үй мысықтарының ауырғаны белгілі. Аурудың төрт түрі бар. Ауру қоздырушысының бастауы – ауру жануарлар және жасырын түрде тасымалдайтын жануарлар.

Дерттенуі. Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысымен жұғу қаупі бас миының ұлпаларын, артқы мидың кейбір бөліктерін, көздің қарашығын, нерв жүйесін, тимусты, көкбауырды және т.б. мүшелерді ұстағанда пайда болады. Негізінде прионмен жұқтырылған сүтқоректіден дайындалған ет-сүйек ұнтағын жұптұяқты жануарларды азықтандырғанда жұқтырылу пайда болады. Сумен, жыныс жолымен, зақымдалған тері және кілегейлі қабықтар арқылы да жұғады.Прионды барлық мүшелерден табуға болады, бірақ көбінесе ол орталық нерв жүйесін зақымдайды. Нейрондар мен мидың күлгің затын зақымдайды, дегенеративті өзгерістер шақырады, әр түрлі формадағы, көлемдегі вакуольдер (бос) түзейді. Микроскоппен қарағанда ми кемік сияқты болады, сондықтан оны “кеміктәріздес энцефалопатия” деп атаған.

Клиникалық белгілері. жасырын кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін. Кузьмин деген ғалым жасырын кезеңі кейде 20 жылға дейін болады деген мәлімет бар. (В.А. Кузьмин және т.б. 2005). Ауру нервтік белгілермен байқалады – қорқыныш, мойынның және иық бөлігінің дірілдеуі, тісін сықырлатады, сүрініп қала береді, өнімділігі тез төмендейді. Ауру жануар жүріп келе жатқанда жолындағы қоршауды, адамды, жануарды және т.б. көрмей қалады. Содан кейін ауру қиындап, мал арықтап, өліп қалады.

Патологиялық – анатомиялық өзгерістер. Өлексе арықтаған. Мүшелерде ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясына тән өзгерістер табылмайды. Гистохимиялық зерттеулер кезінде мидың кеміктәріздес зақымдарын қарайды.

Балау. Індеттік деректеріне, клиникалық және міндетті түрде гистохимиялық зерттеулерге қарап қояды. Зерттеуге патматериал болып: сопақша миды, мишықты және мойын бөлігінің жұлының жібереді.

Электронды – микроскопиялық, иммунды – гистохимиялық әдістері және иммуноферментті анализ қолданады.



Ажыратып балау. Құтырықтан, Ауески ауруынан, листериоздан, жұқпалы ринотрахеиттен, уланудан ажырату керек.

Емі зерттелмеген. Болжамы әрқашан сәтсіз, өліммен аяқталады.

Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары:

Аурудың алдын алудың негізі, ірі қара малға өлекселерді немесе күйістелердің қалдықтарын өңдеп дайындалған ет-сүйек ұнымен азықтандыруға тиым салу болып табылады.Ірі қара малдың кеміктөріздес энцефалопатиясына күдікті малдар өлтіріледі де өлексесі өртеледі.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес ауру жұққан мал анықталған жағдайда, оны жойып, шаруашылыққа карантин қойылады. Сонан кейін шаруашьшықтағы қалған барлық малды сойып ұшаларын және ішкі құрылыстарымен бірге өртейді.

Миын, қойылған диагнозды гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық және вестерн блотинг әдістерімен дәлелдеуге қолданады.

Ауру малдарды анықтау үшін сояр алдында жасы 6 айдан асқан
барлық ірі қара малды, жасына қарамастан қой мен ешкіні жүйелі түрде тексеруден өткізеді. Инкубациялық кезеңі ұзақ және дәл уақытында ауру малдарды анықтайтын серологиялық немесе басқа да әдістердің солмауына байланысты аурудың кеңінен таралу қауыпі ұлғаяды. Осыған байланысты келесі шараларды жүргізу қажет:

1 ірі қара малдын кеміктөріздес энцефалопатиясына күдік болған жағдайларды міндетті түрде ауданның, каланың мемлекеттік аға ветеринариялық инспекторіне баяндауы тиіс;

2 ветеринариялық қызметкерлер ірі қара малдың кеміктәріздес эцефалопатиясына клиникалық белгілерін анықтай алу керек;

3 диагностикалық қызметтің Еуропалық комиссияның ғылыми ветеринаирялық комитеті дайындаған стандартталған тестерін қолдана отырып және ірі қара малдын кеміктәріздес энцефалопатиясын клиникалық белгілері ұқсас басқада аурулардан ажырата алатынын қамтамасыз ету;

4 аурудың негізгі берілу тетігі алиментарлық жол болғандықтан, ауру
жұққан мал анықталған жерде, инфекцияның жемшөп арқылы берілуін
тоқтату. Сондықтан күйісті малдарды, жануарлардан алынған белокты
азықтармен азықтандыруға тиым салынады. Мұндай шаралар зоопарктегі
және табиғи қорықтардағы жануарларды мал азығымен ауру
қоздырушысының берілуінен қорғайды. Егер, күйісті малдардың бас-сирақ,
ішек-қарын өнімдерін, басқа жануарлардың бас-сирақ, ішек-қарын
өнімдерінен, өңдеу кезінде ажырату мүмкін болмаған жағдайда, Еуропалық
одақ мемлекеттері қабылдағандай, жануарларды сүтқоректілер белогымен
азықтандыруға тиым салу қажет.

Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ластанбаған


күйісті малдардың бас-сирақ, ішек- қарын өнімдері, ет-сүйек ұнын өндіру
кезінде ірі қара малдын кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырғышымен,
өнімдерді өндіру, тасымалдау, сақтау барысында ластанбаудын шараларын
қарастыру қажет.

Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығына байланысты,қоздырушының


ірі қара мал арасында клиникалақ белгелері байқалмай ақ айналыста болуы
мүмкін. Сондықтан, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалып және басқа малдарға пато- генмен ластанған мал азығы арқылы берілуі мүмкін. Осыған байланысты бұл мемлекеттерде келесідей шарттарды сақтау қажет:

1 тәуекелдік факторының маңыздылығымен, яғни скрепидің барлығымен және таралуымен, жою әдістерімен немесе күйісті малдардың


бас - сирақ, ішек - қарын өнімдерін өңдеу әдістерімен, күйісті малдардың
белоктарының шығу тегін және оларды мал азығы рационына қосуын
шектеу;

2 ет-сүйек ұнын өндіруде қолданылатын күйісті малдардың бас-сирақ, ішек- қарын өнімдерін өңдеу технологиясын катаң сақтауға.

Шекара мен көліктегі ветеринариялық қызмет импортталатын еттерге қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырулары тиіс. Күйісті малдардын ұшаларын, басымен, талағымен, тимусымен бірге әкелуге тиым салу.

Адам және күйісті малдарға ірі қара малдың кеміктәріздес


энцефалопатиясының жұғу қауіпін азайту мақсатына әсер ететін, ағзаларға
байланысты келесі мал өнімдерін пайдаланау тиіс:

- ми, жұлын, көз, көмекей бездері, тимус, талақ, ішек, егер олар жасы 6 айдан үлкен малдардан алынған, сондай-ақ осы ағзалардан дайындалған белокты өнімдер болса және етті бөлшектеген кезде жүйке және сөл бездері ұлпаларының алынып тасталуынын кажеттілігі;

- Женевада (1996 жылы сәуірде) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы келесідей нұсқаулар қабылдады:

1 барлық мемлекеттер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы жұққан малды союды және қауіпсіз жоюды қамтамасыз етуге, өнімдерінің адамдар тамағынын тізбегіне кірмеуін және азық өнім-дерін өңдеу барысында қоздырғышты инактивациялауына толығымен көз жеткізудің қажетгілігі;

2 Парижде Халықаралык Эпизоотиялық Бюрода қабылданған
нұсқамаларға сәйкес, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының
шығуын тіркеуге және ұзақ мерзімді бақылауға қоюды;

3 ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының бірді-екілі


жағдайы байқалған мемлекеттер аурудың қоздырушының ластанған малдың
ұлпаларының адам және малдарға азық дайындау өндірістеріне түспеуіне;

4)ұсақ күйісті малдардын ұлпаларынан мал азығын дайындауға тиым


салуға. Ауру жануарларды оқшаулап, диеталық азықпен (сүрлем, быламық)
қамтамасыз етеді және симтоматикалық емдеу жүргізеді.

Ауыз қуыстарын 2 % сірке қышқылы қосылған таза сумен немесе 1:1000 перманганат калиймен, 1:5000 фурациллин ерітіндісімен жуады.3ақымданған желіндерді, тұяқ арасын, бақайларын дезинфекциялық маймен немесе эмульсиялармен өндейді. Асқынған жағдайда хирургиялық өндеу жүргізеді.

Мал қораларын, қолданылған құрал саймандарын, көліктерді,
сонымен қатар эпизоотиялық аумақтардың ошағын 5 күнде 1 рет
дезинфекциялайды, ал ауру және ауруға күдікті малдар тұрған кораларын
(кұрал-саймандар, тұратын орындары) күнделікті дезинфекцияланады.
Дезинфекциялау үшін 2 % натрий тұзы ыстық ерітіндісін пайдаланады. Ауру ошағында жұмыс істейтін жұмысшылардың киімдерін пароформалинді камерада залалсыздандырады. Қи биотермиялық әдіспен залалсыздандырылады. Жануарлар өлекселерін биотермиялық шұңқырларда залалсыздандырады. Лажсыз сойылған ауру және ауруға күдікті жануарлардан алынған ет жене ет өнімдері қаннатылғаннан кейін шектеусіз қолданылады. Аурудан таза емес шаруашылық субъектілерінен алынған сүт 76 °С температурада 15-20 секунд пастеризацияланады. Егер сүт зауыттары, сепараторлар немесе сүт қабылдайтын пункттер ортадан жүретін сүт тазалағыш пастеризациялық қондырғылармен жабдықталмаған жағдайда оларға келген сүт міндетті түрде 85 °С температурада 30 минут пастеризацнялану немесе 5 минут қайнатылу қажет.
Бақылау сұрақтары

1. Ауруды сипатап беріңіз.

2. Қоздырғышы туралы және оның төзімділігі туралы не айта аласыз?

3. Аурудың індеттік ерекшеліктері қандай?

2. Дерттенуін сипаттап берініз.

3. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына тән клиникалық

белгілері және патологоанатомиялық өзгерістерін айтыңыз.

4. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын қандай аурулардан және

қандай белгілері арқылы ажыратады.

5. Аурудың алдын алу шараларына не жатады?

6. Күресу жолдары мен қауіпсіздік шараларын айтып беріңіз.

5 тақырып ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ АРТЕРИИТІ
Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жылқылардың вирустық артериті /орыс. вирусный артерит лошадей, лат. Arteritis viralis equorum/ – дене қызуының көтерілуімен, коньюктивитпен, қабақтың ісінуімен, жарықта көзін аша алмаумен, кілегейлі қабықтардың қанталауымен, қарын мен сирақтың домбығуымен, жылқыларды іш тастаумен мінезделетін жіті өтетін аз зерттелген жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. 1957 жылы Долл және қызметтестері Огайо штатының (АҚШ) бір шаруашылығында жылқыларда аурудың жіті өтіп жатқанын мінездеді. Олардың мәліметі бойынша 30 % жылқылар өліп, 50 % биелердің іш тастауы байқалды. Бұл ауруды олар жылқылардың вирустық артериті деп атады.

Қоздырушысы. Жылқылардың вирустық артеритінің вирусы Togaviridae тұқымына, Alfa, Flavi, Pestivirus туыстастығына жатады.

Төзімділігі. Вирус трипсинге, пенициллинге және стрептомицинге төзімді. Жұқтырылған ұлпаларда -20 С – та вирус 6 жыл сақталады, -4 С – та 75 күн сақталады, жоғарғы температурада тез өледі (Мак Коллум және басқалар., 1961).

Індеттік деректер. вирустық артеритке тақтұяқты жануарлар бейімді. Табиғи жағдайда аэрогенді және жанасу арқылы жұғады. Алиментарлық жолменде жұғуы мүмкін. Індет қоздырушының бастауы – ауру жануарлар. Ауру жылқылар вирустың табиғи резервуары болып табылады. Зертханалық жануарлар ағзасына, тауық эмбрионына және гетерологиялық торша өсінділеріне егу мүмкіндігі сәтсіз аяқталды.

Вирусты біріншілік бөліп алу үшін жылқылардың мүшелерінен алынған торша өсінділері ғана жарамды. Басқа торша өсінділеріне өсіру кезінде вирус иммуногендігін сақтап, уыттылығы төмендеген. Сезімтал торша өсінділерінде цитпотикалық өзгерістерді шақырып вирус көбейеді. Вирус тасымалдаушының уақыты белгісіз. Өлген төлдің организміне қарап зерттегенде оның өкпесінде және көкбауырында көп вирус табылған.



Дерттенуі зерттелмеген. Вирус тамырлардың эндотелийіне енген соң, қабыну процесстерін, тарылу мен тромбоздың түзілуін шақырады. Вирустық артеритке организмнің барлық ұсақ артерийлерінің диссеминациялық бұзылулары, әсіресе тоқ ішек пен соқыр ішектің, өкпенің, бүйрекүсті капсулалардың, көкбауырдың және лимфа түйіндерінің бұзылулары мінезді. Дегенеративті өзгерістер ішкі мүшелердің, сирақтың және қарынның домбығуына әкеледі, сонымен қатар биелерді іш тастауға соқтырады.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 1 – 5 күн. Табиғи жағдайда ауру жіті өтеді және жасына, жынысына қарамай барлық жануарларды зақымдайды. Жас төлдер өте сезімтал. Клиникалық белгілері дене қызуының көтерілуімен, тәбеті бұзылып, танау қуысы мен коньюктивиттің кілегейлі қабықтардың қанталауымен, жастың ағуымен, танаудан серозды бөлінулермен, қабақтың ісінуімен, қарын мен сирақтың домбығуымен, бұлшықеттердің әлсіреуімен, биенің іш тастауымен және өліммен мінезделеді. (Долл және басқалар., 1957) 10 – 35 күннен кейін жұқтырылған биелер іш тастайды.

1959 жылы Джонс экспериментальды жұқтырылған жануарларда мынадай клиникалық белгілерін байқаған: дене қызуының көтерілуімен, тәбеті бұзылып, танаудан серозды бөлінділер ағып (катаральды ринит), көзден жастың ағуы, қабақтың ісінуімен, қарын мен сирақтың домбығуымен, тынысы тарылып, буындары ауырады, іші өтеді және жалпы күйзелу жағдайы байқалады. Шамамен әрбір үшінші ауру жылқыда жарықтан қорқу, қасаң қабақтың күңгірттенуі, жөтел, тынысы тарылып, тынышсыздану, әлсіреу, тәлтіректеп жүруі байқалады. Төлмен бірге шуда түсіп қалады. Экспериментальды жұқтырылғанда іш тастау 50-80 % -ға жетеді.



Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлген жануарларды сойып қарағанда организмнің барлық ұсақ тамырларының қабынғаны, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарда қанталаулар, өкпенің домбығуы, катаральды және катаральды – геморрагиялық қабынулар және тоқ ішектің қабынуы, көкбауырдың қанталауы және жансыздануы, бүйрек пен бауырда дегенеративті өзгерістер көрінеді. Гистологиялық зерттегенде артерияларда қанталаулар мен қабынуылар, өліеттенулер көрінеді. Ішектің кілегейлі қабықтардың астында тамырлардың тромбоздануы және жансыздануы көрінеді.

Коньюктивитте, танаудың, ауыздың, көздің, асқазанның, ішектің және іш тасталған төлдерде қанталаулар көрінеді. Плеврада және іш қуыстарында - ұсақ қанталаулар; аралық перде ұлпасы ісінген, ішкі плевралдық қуыстарында 50-ден 300 мл-ге дейін серозды мөлдір сұйықтық болады.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет