Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет4/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16394
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

1. Жылқылардың жұқпалы анемиясы ауруының тарихи деректері мен қоздырушысын айтып беріңіз. 2. Клиникалық белгілері мен патолого – анатомиялық өзгерістері қандай?

3. Балау мен ажыратып балауды түсіндіріңіз.

4. Алдын алу және күресу шараларына және еміне не қолданады ?


6 тақырып ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ АРТЕРИТІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жылқылардың вирустық артериті /орыс. вирусный артерит лошадей, лат. Arteritis viralis equorum/ – дене қызуының көтерілуімен, коньюктивитпен, қабақтың ісінуімен, жарықта көзін аша алмаумен, кілегейлі қабықтардың қанталауымен, қарын мен сирақтың домбығуымен, жылқыларды іш тастаумен мінезделетін жіті өтетін аз зерттелген жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. 1957 жылы Долл және қызметтестері Огайо штатының (АҚШ) бір шаруашылығында жылқыларда аурудың жіті өтіп жатқанын мінездеді. Олардың мәліметі бойынша 30 % жылқылар өліп, 50 % биелердің іш тастауы байқалды. Бұл ауруды олар жылқылардың вирустық артериті деп атады.

Қоздырушысы. Жылқылардың вирустық артеритінің вирусы Togaviridae тұқымына, Alfa, Flavi, Pestivirus туыстастығына жатады.

Індеттік деректер. вирустық артеритке тақтұяқты жануарлар бейімді. Табиғи жағдайда аэрогенді және жанасу арқылы жұғады. Алиментарлық жолменде жұғуы мүмкін. Індет қоздырушының бастауы – ауру жануарлар. Ауру жылқылар вирустың табиғи резервуары болып табылады. Зертханалық жануарлар ағзасына, тауық эмбрионына және гетерологиялық торша өсінділеріне егу мүмкіндігі сәтсіз аяқталды.

Вирусты біріншілік бөліп алу үшін жылқылардың мүшелерінен алынған торша өсінділері ғана жарамды. Басқа торша өсінділеріне өсіру кезінде вирус иммуногендігін сақтап, уыттылығы төмендеген. Сезімтал торша өсінділерінде цитпотикалық өзгерістерді шақырып вирус көбейеді. Вирус тасымалдаушының уақыты белгісіз. Өлген төлдің организміне қарап зерттегенде оның өкпесінде және көкбауырында көп вирус табылған.



Дерттенуі зерттелмеген. Вирус тамырлардың эндотелийіне енген соң, қабыну процесстерін, тарылу мен тромбоздың түзілуін шақырады. Вирустық артеритке организмнің барлық ұсақ артерийлерінің диссеминациялық бұзылулары, әсіресе тоқ ішек пен соқыр ішектің, өкпенің, бүйрекүсті капсулалардың, көкбауырдың және лимфа түйіндерінің бұзылулары мінезді. Дегенеративті өзгерістер ішкі мүшелердің, сирақтың және қарынның домбығуына әкеледі, сонымен қатар биелерді іш тастауға соқтырады.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 1 – 5 күн. Табиғи жағдайда ауру жіті өтеді және жасына, жынысына қарамай барлық жануарларды зақымдайды. Жас төлдер өте сезімтал. Клиникалық белгілері дене қызуының көтерілуімен, тәбеті бұзылып, танау қуысы мен коньюктивиттің кілегейлі қабықтардың қанталауымен, жастың ағуымен, танаудан серозды бөлінулермен, қабақтың ісінуімен, қарын мен сирақтың домбығуымен, бұлшықеттердің әлсіреуімен, биенің іш тастауымен және өліммен мінезделеді. (Долл және басқалар., 1957) 10 – 35 күннен кейін жұқтырылған биелер іш тастайды.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлген жануарларды сойып қарағанда организмнің барлық ұсақ тамырларының қабынғаны, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарда қанталаулар, өкпенің домбығуы, катаральды және катаральды – геморрагиялық қабынулар және тоқ ішектің қабынуы, көкбауырдың қанталауы және жансыздануы, бүйрек пен бауырда дегенеративті өзгерістер көрінеді. Гистологиялық зерттегенде артерияларда қанталаулар мен қабынуылар, өліеттенулер көрінеді. Ішектің кілегейлі қабықтардың астында тамырлардың тромбоздануы және жансыздануы көрінеді.

Коньюктивитте, танаудың, ауыздың, көздің, асқазанның, ішектің және іш тасталған төлдерде қанталаулар көрінеді. Плеврада және іш қуыстарында - ұсақ қанталаулар; аралық перде ұлпасы ісінген, ішкі плевралдық қуыстарында 50-ден 300 мл-ге дейін серозды мөлдір сұйықтық болады.



Балау. Бұрында ауруды балау клиникалық белгілеріне және патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарап негізделген. Бірақ ол тұмау (инфлюенца) және жылқылардың ринопневмониясына ұқсас келеді, сондықтан ол қате болып табылады.

Қазіргі кезде ауруды зертханалық зерттеумен балайды. Торша өсіндісінде қоздырғышты өсіреді. Нейтрализация, компемент байланыстыру реакциясын және гистологиялық зерттеуді өткізіп, антиденелерді табу үшін ауырып жазылған жануарлардың қан сарысуын зерттейді. Ауырған және өлген жануарлардың мүшелеріне суспензия дайындап, жылқыларға жұқтырып, биосынама қояды. Індеттік деректертерге, клиникалық белгілеріне және патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарап уақытша балау қояды. Вирусты оқшаулау үшін көкбауырдың, өкпенің, лимфа түйіндерінің, бүйректің, сонымен қатар танаудан аққан сораның және коньюктивит қапшығынан дайындалған суспензия пайдаланылады. Вирусты жылқының бүйрек торша өсіндісінен бөліп алады. Жылқылар мен понидан оң сарысуды алады да вакцина егеді, содан кейін уытты вируспен зақымдайды.Комплемент байланыстырушы реакциясы үшін антигендерді өкпенің экстрактынан және іш тасталған төлдердің бауырынан дайындауғы болады.

Ажыратып балау. Вирустық артеритті жылқылардың ринопневмониясынан (биелердің іш тастауы) және жылқылардың африкалық обасынан ажырату керек. Клиникалық және патологиялық-анатомиялық өзгерістерінің белгілеріне қарап бұл өте қиын және олардың кейбіреулері ұқсас келеді.

Вирустық артериттің вирусы вирустық ринопневмониясының вирусына қарағанда уыттылығы жоғары. Ішкі мүшелердің көптеген закымдарын және жануардың өлімін шақырады. Ринопневмония респираторлық індет сияқты жеңіл өтеді. Аурудың белгісі көптеген іш тастаулар байқалады. Өкпе ұлпаларының клеткаларында және төлдің бауырында ядро ішіндегі Каудри А типінің қосылымдарын табады.



Емі негізінен симптоматикалық; емнің химиотерапиялық заттары жоқ.

Иммунитет және өзіне тән алдын алу шаралары. Ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасады. Алдын алу үшін тірі аттенуирленген вакцина қолданады. Жылқыларды әрбір жасында вакцинирлейді, тек қана буаздықтың соңғы сатысында вакцинирлемейді.

Күресу және өзіне тән емес алдын алу шаралары. Шаруашылыққа вирусты кіргізіп алмау керек. Ветеринарлық-санитарлық ережелерді ссақтау қажет. Ауру шықса сау емес шаруашылықтан жылқыларды шығаруға және кіргізуге болмайды. Ауру жылқыларды оқшайлайды. Өлекселер мен іш тасталған төлдерді өртейді. Ауру малдар тұрған бөлмелерді хлоры бар ерітінділермен дұрыстап дезинфекциялайды. Іш тастаған биелерді басқа шаруашылықтарға, осы аурудан сауықтанғаннан кейін іш тастауы біткен соң 2 айдан кейін аударуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жылқылардың вирустық артериті ауруының тарихи деректері мен

қоздырушысын айтып беріңіз.

2. Клиникалық белгілері мен патолого – анатомиялық өзгерістері қандай?

3. Қандай аурулардан ажыратады?

4. Алдын алу және күресу шараларына және еміне не қолданады?


7 тақырып ШОШҚАЛАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АТРОФИКАЛЫҚ РИНИТІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жұқпалы атрофикалық ринит /орыс. инфекционный атрофический ринит, лат. Rhinitis atrofica infectiosa, ағыл. Rhinitis atrophica infectiosa suum/– созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі қабығының сірі-іріңді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш 1830 ж. ауруды неміс ғалымы Франк сипаттады. Ұзақ уақыт бойына ол жұқпайды деп есептелінді. Л.Радке 1938 жылы ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде жұқтырып, аурудың жұқпалы екенін дәлелдеді. Бірақ көп уақытқа дейін оның негізгі қоздырушысы анықталынбады. Әртүрлі ғалымдар аурудың негізгі қоздырушысы ретінде микоплазманы, вирусты, пастерелланы, бордетелланы, т.б. қабылдады. Соңғы жылдары көптеген мамандар аурудың негізгі қоздырушысы Bordetella bronchiseptica деген тоқтамға келді. Оған негізгі дәлел микробтың таза өсіндісі арқылы торайларды осы ауруға тән клиникалық белгілері бар дертке шалдықтыруға болатындығы.

Қоздырушысы - Bordetella bronchiseptica - Brucellaceae тұқымдастығының, Bordetella туыстастығына жатады. Көлемі 0,4-0,5 х 1,5-2,5 мкм, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грамтеріс таяқша. Құрамында ыстыққа төзімді О-антигені және ыстыққа төзімсіз К, Н-антигендері бар. Теріні өліеттендіретін экзо - және эңдотоксиндер түзеді, тыныыс жолдарының кілегейлі қабығына жабысып өсуге бейім /адгезивтік/ келеді.

Зертхана жағдайында қоздырушының таза өсіндісін немесе ауру шошқаның танау қуысының кілегейлі қабығының жуындысын 1-15 күңдік торайдың, көжектің, күшіктің, мысықтың танау қуысына жіберіп, оларды ауыртуға болады.



Індеттік ерекшеліктері. Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына қарамай бейім келеді, алайда клиникалық белгілері 1-2 айлық торайларда анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ бұл ауруға қоян, егеуқұйрық, тышқан, теңіз тышқаны сияқты кемірушілер бейім келеді. Аурумен сиректеу ит, қой, құлын ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар оны сыртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа шошқалар көбінесе жасырын түрде ауырып, қоздырушының таралуына себепші болады. Әсіресе бұл тұрғыдан мегежіндер жас торайларға аса қауіпті ауру қоздырушысының басиауы болып есептелінеді.

Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе тұқымдық малмен енеді. Харристің (1968) деректері бойынша аурудан сау емес шаруашылықтарда бордетелла алып жүрушілер 25-50 % болады.

Атрофикалық ринитте індеттік процесс жай өрбіп, 2-4 жыл өткесін ең шырқау шегіне жетеді. Әдетте шаруашылық ауру жөнінен тұрақты сау емес болып есептелінеді. Ауру алғашында жеке мегежіндердің бауырындағы торайлардың арасында байқалады, кейіннен олардың саны көбейеді. Ауру мегежіндер қоздырушыны сыртқы ортаға 2-3 торайлағанша бөліп шығарады.

Індеттің шығуына және таралуына шошқаларды жемдеу, күтім жағдайының талапқа сай болмауы әсерін тигізеді. Әсіресе жемнің құрамында минералды заттар, витаминдердің жеткіліксіздігі, қораның ішіндегі ылғалдылықтың өте жоғары ( 90-100% ) болуы, серуеннің жоқтығының нәтижесінде торайлар арасындағы ауруға шалдығу 50-80 % - ке жетеді.

Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тәулік. Ауру негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің беттік бөлігіндегі деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгілері өзіне тән болмайды.

Әдетте торайлар ауруға туғаннан кейінгі алғашқы күңдері шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін торайлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты зақымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі-ірііңді болып, көзінен жас ағып, төменгі қабағы ісіп, көздің ішкі бұрышында қара дақтар пайда болады. Бұл кезенде мегежіндер мен торайлардың жем-күтімі нашар болса торайлардың басым көпшілігінде /10-90 %/ өкпе, бронханың қабынуы және іші өту белгілері байқалады. Нәтижесінде торайлардың бір бөлігі өліп, қалғандары титықтап өспей қалады.

Кейбір торайларда танаудың кілегейлі қабығы жіті қабынғаннан кейін /2-3 аптадан аспайды / ауру жасырын түрге ауысады. Ондайда аурудың негізгі белгісі - кеңсіріктің семуі байқалмайды, байқалған күнде де анық білінбей тек кейбір торайларда жақтардың беттесуі қалыптағыдай болмайды. Басқа торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кеңсірігінің және бас сүйектің беттік бөлігінің семуі анық байқала бастайды, соның .салдарынан күрек тістердің бір-біріне беттеспеуі 1-2 айлық торайларда 0,5-1 см болса, ал 3-6 айлық торайларда ол 1-3 см жетеді. Ауру торайлардың көпшілігінің қаңсарының арт жағының терісі қыртыстанып, жиырылып, төменгі ерні жоғары айқайып, малдың жем жеуін қиындатады.Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей зақымданғанда торайдың тұмсығы жоғары қайқайып /мопсовидность/, кежірейеді, ал бір жағы зақымданған торайдың жоғарғы жақ сүйегі бір жағына /не оң, не солға/ қарай қисаяды. Мұндай өзгерістер ауру торайлардың 3-4 айлығында тең жарымыңда кездесуі мүмкін.Егерде қабыну процесі торлы сүйек пен ми қабыктарын қамтыған жағдайда, торайларда Ауески ауруына ұқсас жүйке жүйесінің закымдану белгілері білінеді. Торайлардың дағдылы, жүріс қимылы бұзылып, аяқтары жартылай салданып, не сал болады. Кейбір торайларда өкпенің, ішкі және ортаңғы құлақтың қабынуы байқалады. Құлағы қабынған торайдың басы сол ауырған жағына қисайып, құлағы салбырап кетеді. Ыссы кезінде торайлардың танауынан қан кетеді. Ауру торайлар 4_5 айлығында өсу жағынан сау торайлардан көп кейін қалыл, бірден көзге түседі. Ауру торайлардың қанында лейкопения болып, ядро слоға ауысады, гипохромды қан аздық байқалып, кальций мен фосфордың мөлшері төмеңдейді, арақатынасы бұзылады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойғанда міндетті түрде бас сүйегінің беттік бөлігін ұзынынан және көлденеңінен кесіп, тексеру керек. Аурудың бастапқы кезеңінде танау қуысыңда қою шырыш жиналып,оның кілегей қабығына қан толады. Аурудың соңғы кезендерінде, әсіресе аурудың жасырын не анық білінбейтін түрінде әр түрлі дәрежедегі танау кеңсірігінің семуі анықталып, кейде жоғарғы жақ сүйектің қысқарғаны байқалады. Аурудың ауыр түрінде танау кеңсірігі толық семіп, кеңсірік қуыстары бір-бірімен қосьілып кетеді. Сүйек ұлпасы ыдырап, жоғарғы жақтың қуыстары бір-бірімен және азу тістердің қуыстарымен қосылып, Малдың тістері босап түсіп қалады. Кеңсірік шеміршегі қисайып, өзгереді. Танау қуысында иісі жағымсыз бөлінділер жиналып, кілегей қабық өліеттеніп, сыдырылып, астынан сүйегі көрінеді. Кей малдарда ортаңғы құлақтың сүйектері ыдырап, ірің жиналады.

Ауру шошқалардың басым көпшілігінде өкпенің, ішек-қарынның қабынуы, мида іркілімдер кездеседі. Маңындағы сөл бездеріне іріңдіктер, ішкі ағзаларда лимфоидты-ретикулярлы торшалардың көбейгендігі /жиынтықтары/, дегенеративті-өліеттенулік өзгерістер кездеседі.



Балау. Аурудың өзіне тэн клиникалық белгілері болған жағдайда балау қою қиынға түспейді. Соңдықтан ауруды балағанда індеттанулык дерекгер, клиникалық белгілер және өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты өзгерістер ескеріледі.

Ауру табында жаңа басталған кезенде балау қою белгілі шындыктар туғызады. Ондайда барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, ауруға күмәнді 3-4 мал басын сойып, тексеріп қарайды. Ауруды анықтау мақсатында рентген және риноскопияны пайдаланып, танау сорасын ауру қоздырушысына тексереді. Сондай-ақ аурудың танау кілегейлі қабығының қабынуы, жақ тістерінің беттеспеуі сияқты белгілеріне көңіл аударады. Бір ескеретін жәйт, кейбір шошқа тұкымдарында /әсіресе қысқа тұмсықтыларда/ жоғарғы танау терісінің қатпарлануы, жақ сүйектерінің дұрыс беттеспеуі олардың өзіндік тұқымдық ерекшеліктері болып есептелінеді. Серологиялық реакциялар ауруды балауда кең қолдану таппады.



Ажыратып балау. Атрофиялық ринитті тұмаудан, өліеттенулік танау қабынуынан, энзоотиялық өкпе қабынуынан ажыратады. Тұмау жылдам таралып, жіті түрде өтеді.

Өліеттенулік танау қабынуында танаудың жұмсақ ұлпалары, шеміршегі, сүйегі ыдырап, ойық жаралар кездеседі.

Энзоотиялық өкпе қабыну жөтелмен, дене қызынуымен сипатталып, жай таралып, көп шығын болмайды.

Емі. Емдеу ауру жаңа басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақсатта антибиотиктерді, сульфаниламидьерді, Д витаминін пайдаланады.Танау қуысына йодтың 1/500, Люголь, ашудастың, фурацилин, АСД, 3% сутегінің қос тотығының, риванолдың 1/1000, т.б. ерітінділерін жіберіп емдейді.Ауру жаңа білінген малдарды емдеп, кеңсіріктің семуін болдырмауға болады.Бірақ жазылған шошқалар көп уақытқа дейін бордетелла алып жүрушілер болатындықтан, оларды тұқымға қалдыруға болмайды, семіртіп етке өткізеді.

Иммунитет. Ауырып жазылған сақа шошқалар қайталап ауырмайды, және олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады.Жапонияда, АҚШ-та өзіндік дауалау үшін тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады.Вакцинамен мегежіндерді торайлауға 8-9 және 4-5 апта қалғанда екі қайта егеді.Олардан туған торайларды 3-4 және 5-6 апталығында тағы да екі реттен вакциналайды.

Дауалау және күресу шаралары. Ауруды дауалауда шошқалардың күтімін, жемін дұрыс ұйымдастырып, ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау қажет. Жаңа келген малдарды мұқият клиникалық тексеруден өткізіп, карантинде ұстап, ал буаз мегежіндерді қосымша торайлағаннан кейін екі айға дейін оқшау ұстайды.

Г.Яновский жаңадан әкелінген малды биосынама қойып тексеруді ұсынады.Ол үшін әкелінген шошқаның танауынан 20 мл физиологиялық ерітінді жіберіп, жуынды алып, оны таза 10 күндік екі торайдың танау қуысына 4 күн қатарынан 0,5 мл тамызады. Оларды оқшау ұстап, 6-8 аптадан кейін өлтіріп, танау қуысын тіліп тексереді.

Торайлар мен мегежіндерге қысқы күңдері жемге тұз, бор, ағаш көмірі, балық майы, трикальций фосфат, йодты калийді косып беру керек.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық атрофиялық риниттен сау емес деп есептелініп, шектеу енгізіледі.

Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, үш топқа бөледі:

1. Аурудың анық клиникалық белгілері бар шошқалар, оларды оқшаулап, семіртіп етке өткізеді.

2. шарты сау шошқалар, яғни ауру шыққан топтағы басқа шошқалар. Бұларды әр 5-6 күн сайын клиникалық тексеруден өткізіп отырады, ауруларын оқшаулап, семіртіп етке өткізеді. Мегеженнің бауырындағы торайлардың біркуі ауырған күннің өзінде қалғандарын енесімен бірге оқшаулап, семіртіп, етке өткізу керек.

3. Ауру байқалмаған сау топтағы шошқалар.Оларды аурудан сақтандырудың шаралары жүргізіледі.Ол үшін мегежіндерге торай-лағаннан күннен бастап жемге қосып (премикс ретінде) антибиотиктер береді.Бір басқа шаққанда 10-15 күн бойына, әр күн сайын биовит-40 – 12-20 г, биомицин немесе террамицин 0,5-1 г.

Торайларға 10-15 күңдгінен бастап тірі салмағының әр кг шаққанда биовитинді 0,08-0,1 г күніне 2 рет, 3-4 күн қатарынан береді.Сондай-ақ торайлардың бұлшық етіне А, Д витаминдерінің майдағы ерітінділерін салмағының әр кг шаққанда 100 ӘБ егеді.

Егер ауру табындағы малдың 50% тен артығын қамтыған жағдайда мал басын өсіруді тоқтатып, барлығын семіртіп, етке өткізеді.Тұқымдық мақсатқа сақа мегежіндерді қалдырады.Шаруашылықты толықтыру үшін торайларды сатылап, оқшаулап өсіру жүйесі пайдаланылады, мегежіндерді алынған торайлардың сапасына қарай тексеріп отырады.

Шошқа қораларды жүйелі түрде жаңа сөндірілген әктің 20 % судағы тұнбасымен, 2 % күйдіргіш натриймен зарарсыздандырады.

Шаруашылықтан шектеуді табындағы малдан ауру мал бөліну тоқтағаннан кейін және негізгі мегежіндерден екі соңғы туғанында алынған торайлар атрофиялық ринитпен ауырмаған жағдайда бір жыл өткеннен кейін алады. Шаруашылықты аурудан ада деместен бұрын, нұсқауға сәйкес шаралардың толық кешені орындалуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Аурудың себебін, таралу жолдарын айтыңыз. 2. Тарихи деректері мен індеттік ерекшеліктірін сипаттап беріңіз. 3.Аурудың емдеу шараларында не қолданады.



4. Аурудың алдын алу шаралары.
8 тақырып ШОШҚАЛАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ – РЕСПИРАТОРЛЫҚ СИНДРОМЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромы – /орыс. синее ухо, ағыл. Porcine reproductive and respirstoro sundrjme;/ шошқалардың індеттік кеш іш тастауы. Шошқалардың торайлары өлуімен және өмір суруге қабілеті жоқ торайларды туумен сипатталатын және тыныс алу жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауру XX ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында Америка құрама штаттарының шошқа шаруашылығы дамыған Айова және Миннесота штаттарында кездесті. 1990 жылы ғана голландық ғалымдардың зерттеуімен қоздырушысы вирус екені анықталды.

Қоздырушысы. Arterivirus suisбұл ұсақ (28,4 нм),шар тәрізді құрамында РНҚ бар вирус. Ол вирустың екі генотипі бар американдық және еуропалық. Вирусқа барлық қоздырушыларды өлтіретін дезинфектанттар әсер етеді.

Індеттік ерекшеліктері. Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромының қоздырушысына барлық жастағы шошқалар биімді келеді. Бірақ репродиктивті қызметінің бұзылуы тек ғана аналық шошқаларда байқалады. Ал респираторлық барлық жастағы топтарды қамтиды. Инфекция қоздырушысының бастауы – ауру және ауырып жазылған шошқалар. Олар вирусты мұрын қуысынан аққан сорасы, нәжісі, несебі, шәуеті арқылы сыртқы ортаға бөліп шығарады.

Патогенезі. Асқазан және жыныс жолдарының кілегей қабықтары арқылы организмге енген вирустар инфекция қақбасының маңайында көбейеді. 7 күннен кейін альвеолярлы макрофактардың 40% жояды. Торша қорғанысының компонентерідегі вирустардың көбеюі уақытша жергілікті резистентілігін төмендетеді.

Өтуі мен симптомдары. Әр түрлі жастағы жануарлардың экубациондық кезеңі 4-7 күннен 35 күнге дейін созылады. Жіті инфекцияның үш фазасын айырады: алғашқы фаза, клиникалық белгілері айқын көрінетін фаза және соңғы. Аурудың клиникалық белгілері жасырын түрінде кездеседі. Алғашқы белгілері сау шаруашылықта шошқалардың тек ғана дем алу органдарының немесе репродуктивті органдарын ғана зақымдайды.респиратор синдром мегежіндерде, торайларда және бордақылауда тұрған шошқаларда байқалады. Кейін басқа жастағы шошқаларға жұғады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Торайларды сыртынан қарағанда өсуінің баяулағанын көруге болады. Тамырларын қарағанда әртүрлі геморрагиялық өзгерістерді және ісіктерді көре аламыз. Шошқа көкшіл тартып көгереді. Тораулардың көздерінің тұсы көкшіл немесе қызыл түсті болады. Ал мегіжіндер де жатырларында патологиялық өзгерістер байқалады. Аурудың созылмалы түрінде сүт бездерінде абцесстер байқалады.

Балау. Балау және ажыратып балауды клиникалық белгілерін, індеттік ерекшеліктерін патолого анатомиялық өзгерістерін және лабораторлық зерттеулерді ескере отырып, кешенді түрде жүргізеді. Лабораторлық зерттеулерге қан сынамасын, өкпе, кеуде және құрсақ қуысының эксудатын жібереді.

Ажыратып балау. Ажыратады: бруцеллезден, лептоспирозден, хломидиоздар, Ауески ауруынан, лестириоздан, туляремия ауруларынан ажыратады.

Емі. Арнайы емдеулер жоқ. Өлімді тоқтату үшін электролиттер және глюкоза, уыз ішкізеді. Ауру торайларды ауырып жазылып кеткен шошқалардың жанына қояды. Қоздырушысын әр түрлі антибиотиктерменде емдеуге болады. ШРРС – ны қоздыратын басқада аурулардан мысалы: Ауески, лептоспироз, сальмонеллез сияқты аурулардан вакцинация жасайды.

Дауалау және күресу шаралары. Шошқаларды сыртқа шығару және сыртқа апару рұқсат етілмейді. Шаруашылық ішінде ауырған шошқаларды союға етке тапсыруға болмайды. Етін шикі күйінде емес өндірілген күйінде құртуға болады. Санитарлық ветеринарлық шаралар ШРРС қоздырушысын зарарсыздандырады. Нәжіс қалдықтарын биотермиялық жолмен зарарсыздандырады. Шошқалар тұратын орындарды 3% натрийгидроксид ерітіндісімен, 5% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Энергиясы көп витаминдерге бай сапалы азықтармен шошқаларды азықтандырады. 18 апталық торайларға ШРРС-ға қарсы вакцинация жасайды. Бірінші рет 2-3 айлығында, екінші рет – 5-7 айлығында, үшінші рет – 2-3 апта қалғанда.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауруды мінездеп беріңіз. 2 Тарихи деректері қандай?

3 Қоздырушысына сипаттама беріңіз. 4 Клиникалық белгілерін сипаттап беріңіз

5 Патологиялық өзгерістері қалай көрінеді? 6 Аурудың алдын алу шараларын айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет