Ветеринариялық медицина кафедрасы


Патолого-анатомиялық өзгерістері



бет6/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16394
1   2   3   4   5   6   7   8

Патолого-анатомиялық өзгерістері. Өлексе қатты жүдеген. Жүйкелі түрінде-микроскопиялық өзгерістер байқалмайды немесе бұлшық етте атрофия байқалады. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері диффузды энцефаломиелит демиелинизациямен байқалады. Бас миының « ақ заты » бұзылуы және көптеген торшалардың түзілуі милы қабықта полиферация глин, димиелинизация жүйке жүйесінің ошақтары.

Өкпелік түрінде созылмалы қабыну мен қорғаныс ұлпаның өсуімен мінезделеді. Зақымдалған өкпе шеттері сау өкпеге қарағанда екі есе ұлғайған, олар сұр-ақшыл, сұрғылт-қоңыр түсті, тығыздалған, аралық сөл түйіндері ұлғайған, шырышты.Гистологиялық зерттеуде өкпеде интерстициалды пневмония белгілері байқалған: альвеолярлық қоршаудың арасы жауандау.



Балау. Клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және лабораториялық зерттеудің нәтижелеріне қарап қояды. Серологиялық реакциялар: КБР, ДПР.

Емі. Қарастырылмаған.

Иммунитеті. Ауырып жазылған жануарларда антидене қалыптасады. Оны КБР көмегімен анықтаймыз. Бірақ иммунитеттің жалғасуы әлі де толық зерттелмеген.

Адын алу және күресу шаралары. АҚШ, Канада, Исландия елдері дәлелдегендей, шараларды жүзеге асыру, шаруашылыққа немесе мемлекетімізге кірген жағдайда тез арада хабарлап, оны жою. Ол үшін аурудан сау емес шаруашылықтардан немесе мемлекеттерден қойларды әкелуге тиым салу, жүру жолдарын тіркеп, қой мен оның төлдерін беру орындарын.

Ауру пайда болған жағдайда қарсы тұру шараларды ең бастысы ауру, күмәнді жануарларды сою, жақсысы аурудан сау емес шаруашылықтағы барлық отарды жойған жөн. Аурудан сау емес шаруашылықта карантин жариялайды: шаруашылықтан қойды шығаруға және сау шаруашылықтағы жануарлармен байланысқа түсуіне тиым салынады.

Кейбір елдерде мал соятын жерлерде висна-маеди ветеринарлық-санитарлық зерттеу міндетті түрде жүргізілелді. Бірақта висна-маеди кездесетін елдерде күресу шаралары шаруашылықтағы ауру жұғуын төмендетеді. Висна-маеди ауруына ќарсы вакцина жоќ. Барлыќ күрес шаралары скрепи ауруыныкі сияќты. Ең бірінші аурудың ќоздырғышын кіргізбеу, таратпау. Шаруашылыќ субъектіде ауру шыға ќалған кезде тез арада диагнозды аныќтап аурудың көзін ќұрту. Ауру шыќќан жағдайда 30 күндік карантин ќойылады да барлыќ ќой мен ешкілерді ауыстырады сау малға. Карантинді барлыќ ауру мен күдікті малдарды сойып, ветеринариялыќ- санитарлыќ шараларды сапалы жүргізіп біткеннен кейін ғана сау малдарды әкеліп сойылѓан малдардың орнын толтырады. Сау малдарды аурудан таза региондардан алады Ауылшаруашылыќ министрлігінің 14 ќарашадағы 2002 жылѓы № 367 бұйрығына сәйкес. Сойылған малдардың еттерін ќоңдылығы жаќсы болса ќайнатады ал іш ќұрлыстарын утильге жібереді. Ал кахексиялы ұшаларды іш ќұрлыстары мен аяќ бастары мен утильге жібереді. Қойларды сою керек және басқа партия жануарларымен ауыстырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауру қоздырушысына сипаттама бер.

2. Балау, емдік шаралары.

3. Қандай патологоанатомиялық өзгерістері болады.

4. Алдын – алу үшін қандай шаралар қолданады.

.

11 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ



Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Жұқпалы ларинготрахеит /орыс. Инфекционный ларинготрахеит лат. Laringotracheitis infectiosa ағыл. Laringotracheitis/ - катарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады. Бірақ одан кейін де жұқпалы бронхиттен ажыратылмады.Бұл екі аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді.

Қоздырушысы – Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамында ДНҚ бар герписвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоалантоис қабығында, торша өсіндерінде өсіріледі. Табиғатта вирустың уыттылығы жоғары штамдарымен қатар уыттылығы төмен штамдары да айналымда болады.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жұқтыру вирусты жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына, коньюнктиваға жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған ( 2 жылға дейін вирус алып жүреді ) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен тыныс жолы арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем, құрал-жабдықтар жұқтыру факторлары болып табылады. Қан сорғыш жәндіктер вирустың қорламасы ролін атқарады.

Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет ретінде қаулайды. Тұрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті жоқ жас құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының тұрақтануына вирус алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір партиясымен екіншісін алмастырғанда үзіліс жасамай санитариялық реттілікті бұзу себеп болады.



Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті және коньюнктивитті түрде білінеді.

Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, тәбеті болмайды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған құс қырылдаған, шиқылдаған үздік-үздік дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, құс аузын ашып дем алады. Құс жөтеліп, басын сілкіп, экссудат шығарады. кейде көмейіңде іріміктенген фибринді бөлінді іркіліп қалады. Ауырған тауық жұмыртқалауын тоқтатады. Жіті өткенде өлім көрсеткіші 10-60 %-ке жетеді. Ауру жітіден төмен және созылмалы өткенде респираторлық синдром онша байқалмайды, оқтын-оқтын құстың жағдайы жақсарып, қалпына келеді.



Патологиялық – анатомиялық өзгерістер. Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас ұйынды болады. Тілдің түбінде фибринді қабыршық кездеседі. Үлпершек ағзаларда қан іркіледі, жүрек кеңіп, ішек пен клоаканың кілегейлі қабықтары қабынады.

Балау. Ауруға тән індеттанулық, клиникалық деректер, патолого-анатомиялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанмен тұжырымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Ол үшін зертханалық тексеру жүргізу кажет. Түпкілікті балау үшін ауырған құстың кеңірдегінен тауық эмбрионында немесе торша өсіндісінде вирусты бөліп алып, серологиялық реакцияларда айқындайды. Сонымен қатар балапандарға биосынама қояды. Вирустың әсерінен эмбриондар өлмейді, тек хориоалантоис қабығында өзіне тән өзгерістер тудырады. Жұқпалы ларинготрахеитті жұқпалы бронхиттен, гиповитаминоздардан, респираторлық микоплазмоздан, тұмаудан ажырату кажет.

Емі. Құс шаруашылығында емі жүргізілмейді.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін шаруашылыққа құсты, инкубациялық жұмыртқа мен бір күндік балапанды тек аурудан сау жерден ғана әкеледі. Бір күндік балапандарды ересек тауықтардан оқшаулап ұстайды. Шаруашылықтағы барлық ыдысты таңбалап, пайдаланған соң жуып, дезинфекциялайды.

Кезекті құстың тобын орналастырмас бұрын қора-жайды мұқият дезинфекциялап, құрғатып, торда ұстағанда 10 күн, еденде өсіргенде 14 күн бос қалдырады.

Жұқпалы ларинготрахеит байқалғанда шаруашылыққа шектеу қояды. Ауырған және күдікті құсты өлтіріп, құс қораны, сою цехын мұқият дезинфекциялайды. Ауру жойылған соң, 2 ай өткенде барлық сауықтыру шараларын жүргізіп барып, шаруашылықтан шектеуді алады.

ЖЛТ-ті алдын алуға Қазақстан Республикасында тіркелген, қолдану


нұсқаулығына сәйкес, құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы
вирусвакциналар қолданылады. Құстарды бір қалыпты зоогигиеналық нормада
ұстау және азықтандырумен, әрбір құс шаруашылығы қамтамасыз етуі қажет.

Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

ЖЛТ ауруына күдік пайда болған жағдайда, ветеринариялық зертханаға аурудың бастапқы сатысындағы клиникалық ауру құстардың 4-5 бас сандарын және жаңа мәйіттерін зерттеуге жібереді. Бір мезгілде аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу шараларын қолданады.

Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша таза емес болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгізіледі.

Шектеу енгізу кезінде тиым салынатыны:


  1. құс шаруашылығының ішінде аурудың оты өршіккен кезде құстарды бір орыннан келесі орынға ауыстыруға;

  1. аурудан таза емес құс шаруашылығына құстардың барлық жастағыларын тасымалдап апаруға және олардан тасымалдап шығаруға;

3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына
тасымалдауға;

4) құс шаруашылығының ішінде аурудан таза емес құс қораларынан
алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;

5) азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды аурудан таза емес
өндірістік бөлмелерден және аурудан таза емес құс шаруашылығы аумақтарынан
тасымалдап шығаруға;

6) аурудан таза емес бөлімдерден, ошақтан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына тасымалдауға және қалауға;



7) аурудан таза емес құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан адамдардың толық санитариялық өнделуінсіз және киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырмай өтулеріне.

8) құс шаруашылығының аурудан таза емес кезеңінде рұқсат етілетіні:

9) аурудан таза емес бөлімнен ас жұмыртқаларына дезинфекция жасалғаннан кейін сауда көздеріне облыс көлемінде тасымалдап шығаруға;

Аурудан таза құс қораларынан алынған жұмыртқаларды ішкі шаруашылық мақсатына қолдану үшін инкубациялау, формальдегидтің ерітіндісімен жүргізілген аэрозольдық дезинфекциядан кейін, схема бойынша: бірінші жолы - жұмыртқалағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екінші -арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйінде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшінші - инкубаторға қаланардың алдында таңдалып алынғаннан кейін; төртінші - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткеннен соң;

Құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде, облыстың мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау мекемесінің рұқсатымен, аурудан таза құс қораларынан
жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етін қайта өңдеуші
кәсіпорындарына тасымалдауға.

Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында аурудан таза емес құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Бұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететін барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.

Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда, мұқият таңдау жүргізіледі және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсіз құстар етке сойылады.

Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен, қолдану
сәйкес иммунизациялайды.

Құс шаруашылығында құстарды азықтандыруды және ұстауды жақсартады, рационға антистресстік препараттар (қоспаларды) енгізіледі.

Әрбір құс қорасына қызмет атқарушы адамдар тағайындалады, олар
жұмыс киімімен, арнайы аяқ киіммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз
етіледі.

Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай
отырып, ветеринариялық маманның бақылауымен, соңынан сойылған жерге,
құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.


Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуынан соңғы жағдайынан
соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды
ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.

Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинацияланған
асыл тұқымды құс шаруашылығына, асыл тұқымды жұмыртқаларды
формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін
барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы
құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына ғана
рұқсат етіледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауруға қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Аурудың клиникалық белгілері қалай өтеді.

Дерттенуі және қандай балау әдістерін білесіз.
12 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ ОРНИТОЗЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Орнитоз /орыс. Орнитоз, лат Ornithosis. ағыл.Chlamidiosis / - негізінен

жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен коньюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру.



Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Маранге (1895) адамға тотықұстан жұғатындығын байқап, "пситтакоз" деп атады. Кейіннен аурудың тоты құсқа ғана емес, басқа да құстарға тән екені анықталып, Мойердің (1941) ұсынысы бойынша "орнитоз" аталды.

Қоздырушысы-Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын кокктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм. Өсіп-өну циклында өте ұсақ (0,2-0,4 мкм.) элементарлық, яғни қарапайым денешіктер (инфекциялық түрі) және едәуір ірі (0,8-1,5 мкм) ретикулярлық денешік (инфекциялық емес түрі) кездеседі.

Бұлардан басқа аралық түрі - аралық денешік болады. Орнитоздың қоздырушысы иесінің торшасыңда цитоплазмалық қосындыда микроколония түзеді. Торшаға енген элементарлық денешік аралық денешік сатысынан өтіп, инфекциялық емес ретикулярлық денешікке айналады. Бинаралық бөлшектену арқылы ретикулярлық денешік қайтадан аралық денешікке, одан элементарлық денешіктің жаңа ұрпағына айналады.

Хламидиялар тауық эмбриондарында, торша өсінділерінде өсіріледі, ақ тышқанға, теңіз тышқанына, көгершінге жұқтырады.

Төзімділігі. Chl. psittaci сыртқы ортада төзімсіз, әсіресе шіріген кезде тез өледі, 60° С-та 10 мин. өледі. Кептірілгенде 5 апта, бөлме температурасьнда күн көзінде 6 күнге дейін, суда 17 күн, құстың саңғырығыңда 4 айдан артық сақталады. 3% фенол, 5% лизол, 2% формальдегид, 2% хлорамин ертінділері 3 сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Орнитозға үй және жабайы құстардың барлығы да бейім. Табиғи жағдайда тотықұс, көгершін, Үйрек, қаз, күрке тауық, қырғауыл және тауық ауырады. Бәрінен тоты құс тез ауырады, тауық басқа үй құстарына қарағанда төзімді. Ересек құсқа қарағанда балапандар сезімтал. Көптеген сүтқоректі жануарларға қолдан жұқтыруға болады. Ақ тышқанды, үй қоянын, атжалманды жасаңды жолмен оңай ауыртуға болады.

Инфекция қоздырушысының бастауы ауырған құс пен жасырын халамидия алып жүрушілер. Ауырып жазылған құс ұзақ уақыт 6 айдан астам, микроб алып жүреді. Организмнен халамидиялар тыныс жолдары арқылы және нәжіспен бөлініп шығады. Зарарланған экскреттері мен мұрыннан аққан сора құстың қауырсынын, маңайдағы заттарды ластайды. Негізгі жұғу жолы респираторлық, сонымен қатар алиментарлық жолмен де жұғады.

Құстардың көптеген түрлерінде орнитоз білінбей жасырын өтеді. Аурудың індет ошағы әдетте тұрақтанып қалады. Сонымен қатар орнитоз табиғи ошақты індет болып табылады. Оның табиғатта кең тарауына жыл құстары, олардың миграциясы әсер етеді. Хламидиоздың таралуына эктопаразиттер мен кемірушілер де қатысады. Халамидиоз адамға жұғатын қауіпті зооантропоноз болып есептеледі.

Өтуі мен симптомдары - Жасырын кезеңі 3 күннен 3 айға дейін немесе одан да ұзақ созылу мүмкін. Аурудың өзіне тән клиникалық белгілері жоқ, көбінесе инаппарантты жасырын инфекция ретінде өтеді. Әдетте жіті байқалғанда, құстың, әсіресе жас балапандардың іші өтіп, өлім көрсеткіші жоғары болады.

Орнитозбен ауырған тоты құс жабырқау тартып, жемге қарамайды, тынысы қиындап, нәжісі сұйылып, сұрғылт-жасыл түсті болады. Көзінен, танауынан серозды немесе іріңді экссудат ағады. Ауру ұзаққа созылғанда сирақтары мен қанаттары салдануы мүмкін. Өлім көрсеткіші 30 %-ке жетеді.



Патологоанатомиялық өзгерістері. Аурудың ұзақтығы мен клиникалық белгісі қоздырғыштың түріне байланысты болады. Өкпенің шашыранды қабынуы мен көкірек қуысында фибринді экссудат болуы мүмкін. Бауыр мен көкбауыр ұлғайып, түсі өзгереді, өліеттенген ошақтар мен қанталаулар кездеседі.Сірі қабықтарында жабысқақ фибринді экссудат болады.

Балау. Індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді. Ауру құстың бауыры мен көкбауырынан алынған жағындыны микроскоптау арқылы хламидияның цитоплазмалық денешіктеріне тексереді, ауру қоздырушысын бөліп алады, құстың қанын комплемент байланыстыру реакциясымен тексереді. Сонымен қатар орнитоз аллергенімен тері сынамасын қояды. Хламидиозды микоплазмоздан, сальмонеллезден, риккетсиоздан, тұмаудан ажыратады.

Емі. Құс шаруашылығында емі жүргізілмейді.

Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылған құста аз уақытқа ғана иммунитет қалыптасады. Алдын алу шаралары ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтауға негізделген. Ауырған құсты уақытында бөліп алып, оқшаулаудың орнитоздың таралуын тежеуде маңызы зор. Ауру шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы мен питомнигіне шектеу қойылады. Ауру құсты жойып, қора-жайды дезинфекциялайды. Күдікті құсқа бұлшық ет арқылы тетрациклин препараттарын береді. Бірнеше апта бойы құстың қанында антибиотиктердің 1 мкг/мл концентрациясы аурудан сақтайды. Шектеу аурудың соңғы рет білінгенінен 6 ай өткен соң алынады.

Құстардың Орнитоз ауруы кезіндегі алдын алу шаралары. Ауруды болдырмау үшін барлық ауруларға ортақ алдын алу шараларын жүргізеді және ауруды тасымалдаушы жабайы құстармен күресу жұмыстарын жүргізеді.

Құстардың орнитоз ауруының алдын алу шаралары құс шаруашылық субъектілерінде, зообазаларда құсты ұстау, азықтандыру қалыпты жағдайын жасау керек. Құс шаруашылық объектілерінде микроклимат жағдайын жасау керек, “бос - бос емес”, “таза – таза емес” тәртібін қатаң сақтау керек және Қазақстан Республикасына әкелінген құстарды 30 күн жеке ұстап оқшаулайды.

Балау, диагноз індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.

Орнитоз ауруы шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы қолайсыз шаруашылық деп Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.

Шектеу кезінде осы шараларға қатаң тиым салынады:

Шаруашылыққа сырттан жаңадан құстар әкелуге, шаруашылықтан сатуға құстарды шығаруға және оларды топтауға тиым салынады.

Ауру шығып жатқан шаруашылықтан жұмыртқа жинауға және жұмыртқаны бастыруға қатаң тиым салынады.

Ауруға күдікті және ауру құсты жойып, қора жайды тазалап, дезинфекциялайды. Ауру шыққан құсқанадан алынған жұмыртқаларды азонның немесе формальдегидтің буымен зарарсыздандырады, содан кейін пайдалануға рұқсат етіледі.

Құстарды бағып күту үшін, арнайы күтуші адамдар белгіленеді. Бұл адамдармен басқа құс шаруашылық мекемелерге кіруге болмайды.

Шектеу Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес шектеу шаралары тоқтатылады.



Бақылау сұрақтары:

    1. Аурудың сипаттамасы және қоздырушысы қандай?

    2. Тарихи деректері мен індеттік ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.

    3. Сауықтандыру шаралары. Қандай балау әдістерімен балайды.

    4. Қандай сауықтыру шараларын білесіз.

5 Адамдарға жұға ма, жұқса қандай клиникалық белгілері болады?
13 тақырып ҚҰСТАРДЫҢ МАРЕК АУРУЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Марек ауруы – (нейролимфоматоз, құстардың салдануы) онкогендік герпес вирусы туғызатын құстардың жұқпалы ауруы (тауықтарда жиірек кездеседі) және аяқ-қанаттарының парездарымен, параличтерімен, көздің мөлдір қабығының түсінің өзгеруімен, көз қарашығының майысуымен, және де ішкі органдарда, бұлшық еттерінде және терісінде ісікті жаралардың пайда болуымен көрінеді.

Қоздырғышы сыртқы ортада жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және төсеніште, қабырғаларда, қора терезелерінде, жабдықтарда және желдеткіш жүйесінде жылдан кем емес уақыт сақталынады.

Табиғи жағдайда ауруға тауықтар шалдыққыш келеді. Түйе құстар, цесаркалар, бөденелер, фазандар жұқтырып алуға бейім келеді. Құстардың балапандары бірінші өмірлік күнінен бастап жұқтырып алуға көбірек сезімтал.

Ауру құстар індеттің көзі болып табылады, және де вирусты тасымалдаушыға клиникалық сау құстар жатады.

Инкубациялық кезең 14 күннен 6 айға дейін созылады. Вирустың бөлінуі жұқтырып алынған күннен кейін 7-20 күн аралықтарында басталады. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаға асқорыту және тыныс жолдары арқылы және тері қабаты арқылы бөлінеді (қауырсын фолликулдары эпителийі). Негізгі жұғу жолы – аэрогендік. Қоздырғыш залалданған жұмырқалардың сыртқы қабаты арқылы тасымалдана алады.

Марек ауруы зпизоотия түрінде немесе спорадиялық жағдайда өтеді.

2. Марек ауруына эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық жарып-кесудің нетижелерін негізге ала отырып және гистологиялық, цитологиялық, вирусологиялық зерттеулер арқылы диагноз қойылады. Бұндай кездерде, лимфойдтық лейкоздан, ньюкаслска ауруынан, құстардың тұмауынан, жұқпалы энцефаломиелиттен, Е, В, Д авитаминоздарынан және токсикоздардан ажыратып бөліп алу қажет.



Құстардың Марек ауруын алдын алу шаралары

3. Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі – Құс шаруашылығы) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі. Аз өнім беретін және ауруға күдікті құстар бөлініп алынып, жойылады. Марек ауруына төзімді тауықтардың түрлерін (тұқымдық ерекшелігі) таңдап алып өсіру ұсынылады.

4. Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына, Марек ауруына қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.

5. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундік алдын алу жұмысын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасында тіркелген вирус-вакциналар, қолдану нұсқаулығына сәйкес қолданылады.

6. Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-алу үзілісі іске асырылады.

Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

7. Марек ауруына күдік болған жағдайда құс шаруашылығының ветеринариялық маманы диагнозды анықтауға шара қабылдайды. Осы мақсатта ветеринариялық зертханаға жаңа өлген құстың денесін немесе ауру құстарды зерттеуге жібереді (5-10 бас).

8. Марек ауруына диагноз қойылған жағдайда, құс шаруашылығына шектеу енгізіледі, оның шеңберінде ауруды жою бойынша аурудың өту сипатын ескере отырып, кешендік ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.

9. Құс шаруашылығында аурудың таралуы кең ауқымды сипат алмай және ауру шамалы ғана жалғыз ілікті шыққан жағдайларда, формальдегидтің буымен 4-реттік дезинфекция жүргізілгеннен кейін, құс шаруашылығының ішінде жұмыртқаларды инкубациялауға рұқсат етіледі. Құстардың түк-мамықтарына, қауырсындарына, инкубациялық жұмыртқаларға және бөлмелерге кәдімгі жалпы қабылданған заттармен дезинфекция жүргізіледі.

10. Марек ауруының эпизоотиялық оты кезінде (құстардың жаппай ауыруы және аурудың таралуы ұлғайғанда) келесі шаралар жүргізіледі:

1) инкубациялық жұмыртқалардың және тірі құстардың сатылуына тиым салынады;

2) инкубацияны және құстардың жас балапандарын өсіруге қабылдау тоқтатылады;

3) аурудан таза емес құс қораларындағы, цехтарындағы, фермалардағы барлық құстарды шаруашылықтың құс союшы бөлімінде немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорында сояды;

4) аумаққа кіретін инкубаторға, құс қорасына, қосалқы құс жайларына, жабдықтарға, құралдарға мұқият тазарту және дезинфекция жүргізіледі;

5) аурудан таза емес құс шаруашылықтарында құс қораларына, инкубаторияларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, өндірістік аумақтарға, көлік заттарына және басқа объектілерге күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізіледі;

6) қи-нәжістеріне және төсеніштеріне биотермиялық зарарсыздандыру жүргізіледі.

11. Балапандарды өсіруге қабылдау, құс шаруашылығында санация аяқталғаннан кейін бір ай уақыт өткеннен кейін рұқсат етіледі.

12. Өсіруге қабылданған балапандар, Марек ауруына қарсы тәуліктік уақыттағы жасында егіледі (вакцинаны қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес егеді).

13. Аурудан таза емес құс шаруашылығының тауықтарынан алынған жұмыртқалар, анықталған тәртіп бойынша формальдегидтің буымен келесі схема бойынша дезинфекцияланады:

1) инкубациялық жұмыртқалар: төрт рет – бірінші рет жұмыртқалағаннан кейін 1 сағаттан кем емес уақытта, екінші рет – инкубаторға қаланар алдында, үшінші рет – инкубаторларда 6 сағат жылытылғаннан кейін және төртінші рет – шығарушы шкафтарда жұмыртқалар бір орыннан келесі орынға ауыстырылғаннан кейінгі сәтте;

2) ас жұмыртқалары – сауда көздеріне жіберілердің алдында бір рет дезинфекциялаудан өткізіледі.

14. Марек ауруынан таза емес құс қораларындағы құстарды етке сою кезінде тұтас еттері ішкі органдарынан толық босатылады, барлық ішкі органдары утилге жіберіледі, ал тұтас еттері қоғамдық тағамға, немесе қайнатылған шұжық, консервілер дайындауға қолданады. Терілерінде немесе бұлшық еттерінде ісікті жаралар болған жағдайда, тұтас еттері техникалық утилизацияға жіберіледі және ас өнімдерін дайындау үшін қолдануға тиым салынады.

15. Марек ауруының классикалық үлгісімен құстардың 5-10 % ауырған жағдайда құстардың барлық қолайсыз топтарын сою тиімді саналады.

16. Ауру кең ауқымды таралған жағдайда инкубациялық жұмыртқаларды сатуға және балапандарды өсіруге тиым салынады. Ауру құстарды жойғаннан кейін және құс шаруашылығында өндірістің барлық технологиялық бөлімдеріндегі санациядан соң 1 ай уақыт өткеннен кейін балапандарды өсіріп ұстауды бастайды. Барлық жас балапандар тәуліктік жасында егіледі.

17. Құс шаруашылығынан 6-айлық жасқа дейінгі өсірілген құс балапандарының арасында Марек ауруы болмаған кезде, шектеу алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет