Ветеринариялық медицина кафедрасы


тақырып ҚҰНДЫЗДАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ ЭНТЕРИТІ



бет7/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16394
1   2   3   4   5   6   7   8

14 тақырып ҚҰНДЫЗДАРДЫҢ ВИРУСТЫҚ ЭНТЕРИТІ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Құндыздардың вирустық энтериті, жұқпалы энтерит, Форта - Вильям ауруы /орыс. Вирусный энтерит норок, ағыл. Mink virus enteritis/ -жіті, жанасу арқылы өтетін, іш өтуімен мінезделінетін ауру.

Тарихи деректер. Ең бірінші құндыздардың вирустық энтериті қоздырушсын 1949 ж Ф. Шоффилд бөліп алып сипаттаған болатын. СССР бұл ауру 1965 ж Сахалинде кездескен. Алдын алу шараларын жоғары эфективті биологиялық препататтар арқылы жүргізуге байланысты құндыздардың вирустық энтериті АҚШ-та Канада да кездесіп отыратын. Қоздырушысы. Вирустық энтерит қоздырушысы ДНҚ бар Parvoviridae туысына, Parovirus тұқымдасына жатады. Жас құндықдар мен мысықтардың торшалы өсіндісінде өседі.

Төзімділігі. Қайнату кезінде вирус лезде өледі.. Формалиннің 0,5% сілтілі ерітіндісінде бір тәуліктен кейін бұзылады, антибиотиктер мен формалин әсеріне тұрақты келеді.

Індеттік ерекшеліктері. Аурумен күзеннің барлық жасы қамтылған, көптеген жағдайда олардың күшіктері ауруға бейім.

Ауру және сауығып келе жатқан мал індет жұқтырудың көзі болып табылады, сонымен бірге, індет жұққан азық, су, төсеніш, пайдалану құралдары, кеміргіштер, жәндіктер, киім, аяқ киім, транспорт құралдары. Ауру жылдың барлық кезінде кездеседі.



Дерттенуі. Ауру құндыз организмде вирус бауырда, мида, талақта және ішекте жиналып, ішектің және лимфа түйіндерінің эпителиалды ядросында көбеуеді.

Өтуі мен симптомдары. Икубациялық кезеі 3-7 күнге дейін созылады. Ең бірінші клиникалық белгілерінен дене температурасы 40-41ОС дейін көтеріледі. өсы кезде кейбңр аңдар аз қозғалып тәбеті төмендеп қызуы көтеріліп сусызданады. Кейінгі күндерде құндықдар азықтан бас тартады. Жануар депрессиялық күйде болады, құрсақ қуысын палпациялағанда ауырсыну белгілері байқалады.

Патолого - анатомиялық өзгерістері. Анус тесігінің аймағында құйрығының түгінің жүндері нәжісімен ластанған. Көз қабығының, ауыз және мұрын қуыстарының клегей қабықтары ақшыл қызыл түсті анус тесігінің аймағындағы клегей қабығы қызыл түсті. Асқорту жолында, лимфа түйіндерінде, талақта, жұлын жіне мида көптеген өзгерістер болады.

Балау. Вирустық энтеритке балау клиникалық белгілері, патоморфологиялық және вирустік тексерулер, эпизоотикалық жағдай негізінде қойылады.

Ажыратып балау. Ет қоректілердің обасынан, инфекциондық гипотиттен және азықтық уланудан ажырату қажет.

Емі. Ауру жануарларды ьөлек ұстап, жүнінің өскенінше емдейді. Құндыздардың вирустық энтеритін емдеуге арналған арайы препараттар жоқ. Ет қоректілердің обасына, инфекциондық гипотиттенке қарсы дәрі дәрмек қолданады. Басқада дәрі дәрмектер қолданады: гепатопротекторлар, витаминдер, иммуномодуляторлар және т,б.

Алдын алу шаралары. Вирустық энтеритке ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай шаралар жүргізіледі:

Вирустық энтеритке таза емес аймақтан күзен шаруашылығына азық, төсеніш, транспорттық құралдар әкелуге рұқсат берілмейді. Аурудан қолайлы шаруашылықтағы күзенді күтетін қызметкерлер, ауруға қолайсыз шаруашылық субъектісіне баруға тиым салынады.

Вирустық энтеритке таза емес аймақтарда және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар

Күзеннің вирустық энтериті ауруына күдік болған жағдайда (азықтан тартыну, іш өткенде нәжістер әртүрлі-түсті болған кезде, нәжістерде кілегейлі түтік тәрізділер байқалғанда және басқалар) шаруашылық субъектілерінде жұмыс істейтін ветеринар маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжісі бар кілегейлі түтіктер немесе ішек кесінділері) жіберуі тиіс.

Аурудың шыққаны туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринар инспекторына хабарлауға тиіс.

Барлық ауру және ауруға күдікті деген күзендерді оқшау жерге бөліп алады. Аймаққа кіретін жерде формалин немесе күйдіріліген натрийдың 2% ерітіндісі бар дезинфекциялық кедергі қою керек.

Күзен өлген үйшікті, торды, су, азық беретін құралдарды, 2% формалин ерітіндісімен сулы дезинфекция жүргізіп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргізеді. Күтуші адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдерін булы формалин камерасында дезинфекциялайды.

Көң төсеніш және азық қалдықтары күн сайын жинап, биотермикалық әдіспен зарарсыздандыруға үйіп дайындайды.

Тор астындағы топыраққа хлордың күштілігі 2% құрайтын 2% ыстық күйдіргіш натрий, формалин не хлорлы әк ерітіндісін құяды.

Күзен ауруына күдікті деген малды қарауға бөлек адамдар бөлінеді; оларды басқа аурудан таза шаруашылық субъектілеріндегі адамдармен қатынасуына жол бермейді.

Шаруашылық субъектідегі күзендерді вирустық энтеритіне қарсы вакциналайды.Егу жұмыстары күзеннің бір бөлігінде болып, екіншісіне ауысқан кезде қызмет жасайтын адамдар алжапқышын 2% формалин немесе күйдіргіш натрий ерітіндісімен сүртеді және осы ерітіндімен қолғабын, күзен ұстайтын торды өндейді.Күн сайын аңдарды күтетін құралдарды, сондай-ақ жетісіне бір рет олар тұратын тор мен үйшіктерді 2% ыстық формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Энтериттен өлген күзендердің терісін алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлінген жұмыскерлермен жүргізеді. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін өлекселерді, пайдаланған ағаш жаңқаларың және майлар өртеледі, ал орын құрал саймандар мен жабдықтар тазартылып 2% формалинмен немесе күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекцияланады.

Шаруашылық субъектісінен өлген күзендердің терілерің, ауаның температурасы 30-35 градус Мақсатысий және салыстырмалық дымқылдығы 50-60% болған кезде кептіру арқылы зарарсыздандырады. Бұдан кейін оларды 10 күн бойы бөлме температурасында ұстайды.

Аурудан таза емес шаруашылық субъектісінен шектеуді соңғы өлім тіркелгеннен 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердің вирустық энтеритінен сауыққаннан кейін және осы Ережеде анықталған барлық ветеринариялық- санитарлық іс шаралар өткізілгеннен соң алынады. Күзендерді шектеу алынғаннан кейін бір жыл уақыт мерзім бойы шаруашылық субъектіден, сонымен қатар, бұрынғы аурудан таза емес пункттерден шығаруға болмайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Аурудың себебін, таралу жолдарын айтыңыз.

2.Аурудың емдік шараларын қалай жүргізіледі?

3.Диагнозды қалай қояды?

4.Аурудың алдын алу шаралары талдап беріңіз.
15 тақырып ЕТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ОБАСЫ

Сабақтың мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Ет қоректілердің обасы Карре ауруы, иттердің обасы /орыс. Чума плотоядных, лат. Pestis carnivorum ағыл. Canine disttmper/ -қызба,тыныс және ас қорыту жолдарының көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі№ Аристотельдің еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының қоздырушысын вирус екенін 1905 жылы француз ғалымы Карре дәлелдеді.

Қоздырушысы. РНҚ - тұратын Paramyxoviridae тұқымдастығының morbillivirus туыстығына жататын Canine distemper morbillivirus. Иммунологиялық жағынан антигендік туысты болып адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен байланысты.

Төзімділігі. Вирус сыртқы ортада онша төзімді емес.Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде кемінде бір жыл сақталады. 60ºС-та 30 минутта, 100 ºС –та бірден жойылады. Дезинфектанттар және физикалық факторлар тез өлтіреді. 1% лизол, ультракүлгін сәуле 30 мин., 2% күйдіргіш натрий -60 мин., күн сәулесі мен 0,1-0,5% формалин немесе фенол ерітінділері бірір сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Ет қоректілердің обасы-фильтрленетін вирус тудыратын өте жұғымтал ауру. Обаға бейім жануарлар қарсақ, сусар, құндыз, жанат, кәмшат, иттер және басқа етқоректілер болып саналады. Ауырған немесе ауырып жазылған жануарлар инфекцияның көзі болып табылады.Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді.Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды.Жануарлардың барлық жастағылары ауырады, көбінесе 2-3 айлық күшіктер бейім келеді.Аң өсіретін шаруашылықтарда ауру жануарлардың бір түрінен басталып, 1-2 айдан кейін аңдардың басқа түрі ауруы мүмкін.

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге дейін кейде 3 айға созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті өтеді. Оба қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Көп жерге таралған, етқоректілердің аса қауіпті індетіне жатады.

Аурудың өту түріне қарай ішек, өкпе, тері және жүйке түрлеріне бөлінеді.

Дауалау және күресу шаралары. Обаға қарсы шаралар ұйымдастырғанда қолайсыз пункт, эпизоотиялық ошақ және қатерлі аймақты айыру керек.

4. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруынан алдын ала сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылық субъектісінің басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде ветеринариялық - санитариялық режимдік талаптарды міндетті түрде қатаң сақтау керек.

5. Етқоректілердің обасымен күресте аң өсіретін фермаларды, ит өсіретін питомниктер мен елді мекендерді ауру жануарлармен және аурудың тарауынан қорғау, алдын-ала егу, ал ауру басталса міндетті түрде диагноз қою секілді кешенді шаралар жүргізу керек.

Қолайсыз пункттегі обаны жою шаралары. 6. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруы шыққанда жағдайда немесе оған сезік туғанда аң өсіретін фермалардың, ит асырайтын питомниктердің басшылары, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан жедел ветеринариялық маманға немесе сәйкес аумақтың ветеринариялық инспекторына хабарлайды. Ветеринариялық мамандар келгенше жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан міндетті:

1) ауырған, ауруға күдікті жануарларды оқшаулап, жеке күтуші адамдарды бекітеді.Басқа жануарларды күтетін адамдармен жанасуды тоқтатады.Қалған жануарларды тұрған орындарынан басқа орындарға ауыстырмайды;

2) аң фермасына (ит питомнигіне) бөгде адамдардың және жануарлар мен жүктердің ферма аумағына кіруіне қатаң бақылау жасайды;

3) қаңғыбас иттер мен жабайы етқоректі жануарлардың аң шаруашылығының (ит питомниктерінің) аумағына кіруіне тосқауыл қою шараларын қолға алады;

4) күшіктеуіне 2 жеті қалғанда үйшіктерді, бөлімдерді, астауларды, су құйғыштарды, су астауларына, жұмыс құралдарына арнайы дезинфекция жасайды және күтушілердің барлық арнайы жұмыс киімдерін залалсыздандырады, қораларды және басқа құрал жабдықтарды айына кемінде бір рет дезинфекциялайды;

5) иттер мен терісі бағалы аңдарды және басқа ет қоректі жануарларды күнделікті бақылап отырады, егер ауру табылған жағдайда дер кезінде оқшаулайды;

6) Шаруашылыққа жаңадан келген терісі бағалы аңдарды 30 күн, қызмет жасайтын иттерді 21 күн жеке ұстайды және оларды шаруашылықтың ветеринария дәрігерінің арнайы рұқсаты бойынша шаруашылыққа енгізеді;

7) Шаруашылықтың, ферманың, қораның кіре берісінде, шыға берісінде дезбарьер, дезтөсеніш орналастырылады. Дезинфекциялау үшін 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісі қолданылады;

8) Шаруашылыққа жануарлар азығын дайындауды және сатып алуды аң фермалары мен питомниктер үшін етқоректілер обасынан таза шаруашылықтардан рұқсат етіледі және сатып алынатын жануарларды обадан таза, қолайлы шаруашылықтардан дайындайды .

7. Жеке меншігінде етқоректі жануарлар ұстайтын азаматтар аумақтық ветеринариялық қызметтің мамандарына етқоректі жануарларды алғаны жайлы хабардар етіп отыруы керек, олар ауырса немесе өлсе міндетті түрде ветеринария мамандарының жасаған ұсыныстарын мүлтіксіз орындап отыруы қажет.

8. Аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылықтар, олардың басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан, ветеринариялық мемлекеттік мекемелердің мамандары және жергілікті ветеринариялық инспекторлардың бақылауы бойынша тиісті нұсқауға сәйкес алдын-ала обаға қарсы егу жұмыстарын жүргізеді.

9. Шаруашылықтан барлық асыл тұқымды ет қоректі жануарларды шығарудан 15-30 күн бұрын, олардың бұрын осы ауруға егілгеніне қарамастан, обаға қарсы егу жұмыстарын жүргізеді.

10. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруы шығуы болған жағдайда немесе оған күдікті жағдайда (асқа тәбетінің нашарлауы, қызба, тыныс және асқорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалса) аурудың алдын алу сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылық басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан, ветеринариялық маманға және жергілікті ветеринариялық инспекторға хабарлайды. Ветеринариялық мамандар келгенше аң фермасына (аулаға, питомникке) бөгде адамдардың кіруіне, іштегілердің сыртқа шығарылуына, жануарлардың орындарынан ауыстыруға (жедел оқшаулаудан басқа) тиым салынады.

11. Етқоректілер обасына диагнозды клиниклық-эпизоотиялық деректерді талдау мен патологоанатомиялық және лабораториялық зерттеулер негізінде, керекті жағдайда биосынама қою арқылы қояды.



Карантиндік шаралар. 12. Етқоректілердің оба ауруына диагноз қоюға мәліметтер алғаннан кейін, шарауашылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңының 27 бабының 1тармағына сәйкес карантин қойылады.

13. Етқоректілердің обасынан қолайсыз аң өсіретін шаруашылықтарда (ит питомниктерінде) келесі жою шаралары жүргізіледі:

1) барлық ауырған және оба ауруына күдікті жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргізеді, ал қалған жануарларды (терісі бағалы аңдар мен иттер) нұсқамасына сәйкес вакцинамен егеді;

2) Аң шаруашылықтарында және ит питомниктерінде барлық күтушілерді қосымша киімдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киімдерімен қамтамасыз етеді;

3) Күтуші адамдардың киімдері күнделікті залалсыздандырылып отырылады;

4) әрбір ауру жануар бөлініп оқшауланған сайын торлар, үйшіктер, тордың астындағы топырақ және жәшіктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделікті дезинфекция жүргізіледі.Дезинфекция жасау үшін келесі ерітінділердің біреуі қолданылады: 2 % күйдіргіш натр, ағартылған хлорлы известь құрамында 2 % белсенді хлоры бар;

5) көңді арнаулы бөлінген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшін 3 ай бойы жауып тастайды.

14. Өлген аңдардың немесе лажсыздан сойылған жануарлардың терісін тек оқшауханада сыпырады.Обадан өлген аңның өлексесін, ұшаларын және құнсыз терілерін жағып жібереді.

Шаруашылықта аңдарды терісін алу үшін сойып жатқанда ауру шығатын болса, ауырған және ауруға күдікті аңдарды оқшаулағыштың ішінде өлтіреді, ал ұшаларын жоғарыда көрсетілгендей жояды.

15. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терілерді 25-33 градуста температурада 3 тәулік бойы кептіреді және 18-20 градус температурада 10 тәулік бойы ұстайды.

16. Қауіпті аймақтың елді мекендерінде мемлекеттік ветеринариялық органдардың инспекторлары және шаруашылық субъектісінің ветеринария мамандары шаруашылықтарда оба ауруының таралмауын қамтамасыз ету үшін, мына шараларды жүргізуге міндетті:

Осы мақсатта келесі шараларды іске асырады:

1) Елді мекендерде, аң шаруашылықтарында, ит бағатын питомниктерінде ветеринариялық- санитариялық жағдайдың сақталуына бақылау жасау және осы нұсқауда көрсетілгеніндей ветеринариялық іс шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету болып табылады;

2) Обаға бейім барлық ет қоректі жануарларды қатаң есепке алады және айына екі рет ветеринариялық байқаудан өткізеді. Терісі бағалы аңдарды және иттерді ет қоректілердің оба ауруына қарсы вакцинасының нұсқамасына сәйкес, вакцина егу жұмыстарын жүргізеді;

3) Елді мекендерде оба ауруының алдын алу және оны жою шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Карантинді алу және шектеуді тоқтату.17. Етқоректілердің оба ауруынан қолайсыз пункттен карантинді Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес алады.

Тәжірибелік сабақтардың жоспары:
1. Тақырып. ІҚМ індеттік ринотрахеитінде өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: ІҚМ індеттік ринотрахеитінде өткізілетін сауықтандыру шараларына

жоспар құрастыру.



Жоспары: 1. ІҚМ індеттік ринотрахеитінде алдын алу шаралары

2. ІҚМ індеттік ринотрахеитін жою мен сауықтандыру шаралары.



Әдебиет:

1 Садулдин Т:С.А.А. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы, 2009.- 279-284 бет.

2 Байқадамова Г.А. Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індетті аурулары. Қостанай, 2010.- Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.:

Колос, 1984.- стр. 300-305.


2 Тақырып. ІҚМ вирустың диареи өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: ІҚМ вирустың диареясына өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2. Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

2 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.329-334

3 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.: Колос, 1984.- стр 305-308
3 Тақырып. кампилобактериозда өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары.

2. Жою мен сауықтандыру шаралары.



Әдебиет:

1 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.145-151

2 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.: Колос, 1984.- стр 271-277
4 Тақырып. ІҚМ парагриппінде өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру. Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2. Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

1 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С»

2007.- стр.336-341

2. Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.:

Колос, 1984.- стр 296-300.
5 Тақырып. жылқылардың инфекциялық анемиясында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

1 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.411-415

2 Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.-стр. 247-256

6 Тақырып Жылқылар ортеритында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.-536 с.


7 Тақырып Шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринитте өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

1 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.178-181

2 Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.
8 Тақырып Шошқалардың репродуктивты-респираторлы синдромында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

1 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.178-181

2 Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.
9 Тақырып Қойлар мен ешкілердің инфекциялық агалактияда өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

1 Кадымов Р.А., Кунаков А.А., Седов В.А. Инфекционные болезни овец. Москва «Агропромиздат», 1987.- стр.132-141

2 Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр. 250-255
10 Тақырып Скрепида, висна-маедида өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр. 355-357, 468-470

Кадымов Р.А., Кунаков А.А., Седов В.А. Инфекционные болезни овец. Москва «Агропромиздат», 1987.- стр.218-222, 222-226.

11 Тақырып Құстардың ларинготрахеитінде өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.540-545

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.- стр. 472-479
12 Тақырып Құстардың орнитозында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.540-545

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.- стр. 472-479
13 Тақырып Құстардың Марека ауруында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.533-540

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.- стр. 472-479
14 Тақырып Құндыздардың вирустық энтеритте өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.446-449

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.- стр. 472-479
15 Тақырып Етқоректілердің обасында өткізілетін сауықтандыру шараларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Өткізілетін сауықтандыру шаралары

Жоспары: 1. Алдын алу шаралары

2.Жою мен сауықтандыру шаралары



Әдебиет:

Сидорчук А.А. Инфекционные болезни животных Москва «Колос С» 2007.- стр.430-437

Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.- стр. 472-479

Зертханалық сабақтардың жоспары:

1 Тақырып ІҚМ індеттік ринотрахеитінінің диагностиканың әдістері, дифференциальды диагнозы және биопрепараттар



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет