Жер жүзiндегi бүкiл жануарлар мен өсiмдiктер бiр-бiрiмен эволюциялық даму процесi бойы тығыз қатынасуда сол нәтиже арқылы организмдер әртүрлi қоғамдық құрайды және келесi қарым-қатынастарды тұғызады.
Индифференттiк қарым-қатынас, тiрi организмдер жиi бiр-бiрiнен тәуелсiздiк көрiнедi, бiрақта бүкiл толы коллектив өмiрiмен тығыз байланысты болады. Мысалы, қарағайлы орман. Үстiнгi қабаты бормен корсетiлген, олардын астында бұталар оседi, содан кейiн шөп осiмдiктердiң қабаты, ал ең төменгiсi – қалын мұқ төсенiшiң күрайтын әртүрлi споралар формалары. Осындай осiмдiк байланыстығы ғасырлар бойы әр түрлi факторлар әсерiнен қиылыстырылған, ен бiрiншiден ауа райы және топырақ әсерiнен жиналған.
Достық қарым-қатынас (симбиоз – sin - бiрге, bios - өмiр) екi жақты немесе бiр жақты болады. Өте жиi бүл қарым-қатынастар бiр-бiрiмен тығыз байланысады. Симбиоз – кездейсоқтық қарым-қатынас емес, ол өмiр сүру принципiне негiзделген зандылық, реттiк қайталау байланыс.
Екi жақты симбиоз (мутуализм) екi организм бiр-бiрiмен омiр сүрiп бiр-бiрiнен пайда алады.
Бiр жақты симбиоз, немесе синойкия, екi организмнiң қарым-қатынасын айтады, одан бiреуi озiне пайда келтiредi, ал екiншiсi алмайды. Синойкияның түрлерi – пәтерлiк және комменсализм.
Пәтерлiк – омiр сүру түрі, сол кезде бiр жануар екiншiнi уақытша түрақ жайында пайдаланады (мысалы, горчак балығы тiссiз ұлының мантия куысына дұшпаннан қорғау үшiн уылдырығын салады).
Комменсализм – омiр сүру түрі, сол кезде бiр жануар екiншiнiң азық қалдықтармен коректенедi және өған ешқандай зиян келтiрмейдi, мысалы, үсақ буылтық құрттар су – шаянның азық қалдықтарымен коректенедi.
Дұшпандық қарым-қатынас. Жануарлардың немесе осiмдiктердiң осындай қарым-қатынас кезiнде бiр организм екiншiге зиян келтiредi. Осы қарым-қатынастын түрлерi: жыртқыштық және паразитизм.
Жыртқышты және паразиттi бiрлестiретiнi паразиттiк тұрмыс қалпы. Немен ендi олар айырмашылады? Жыртқыш, жөн бойы өз олжасынан кұштi болады, ол оны тез өлтiрiп жартылай немесе бүкiл жийды (арыстан және қоян). Паразит өз иесiнен едәуiр әлсiз болады, сондықтан жануар жиi өлмейдi, бiрақта ауыр тұдырады.
Паразит иенi копсанды коректену үшiн пайдаланады (жиi омiр бойы). Кейбiр кезде артықпаразитизм кездеседi, онда бiр паразит екiншiнiн дене үстiнде немесе iшiнде тiршiлiк етiп паразиттiк өмiр сүредi.
Сирек жағдайда – псевдопаразитизм (жалған паразитизм) болуы мүмкін бүл кезде тiрi жәндiк ойламанған жерден жануар организмiне түседi, мысалы, жауын қүрттар мал iшегiне.
Паразиттердiң түрлерi
Паразиттердi тоғышар тiршiлiк ететiң уақытына (мерзiмiне), локализациясына (мекендейтін жеріне) және иелерiне байланысты арнайы барысына қарай топтарға боледi.
Уақытына қарай тоғышар тiршiлiк ететiң паразиттердi уақытшылық және стационарлық паразиттерге бөледi.
Уақытшылық паразиттер сыртқы ортада өнiп-өседi және омiр сүредi, ал жануарларға коректену үшiн ғана жабылады (соналар, сар масалар және т.б.).
Стационарлық паразиттер ие организмнiң iшiнде немесе сыртында коп уақыт (кейбiр кезде омiр бойы) тiршiлiк етедi. Бүларға гельминттердiң коп түрлерiң, соналарды, биттердi, қышыма кенелердi және т.б. жатқызуға болады.
Стационарлық паразиттердi тағыда екi топқа бөледi – тұрақты және кезендi.
Тұрақты паразиттер бүкiл омiр сатысын, тұғаннан өлгенге дейiн ие организмiнде откiзеді (биттер, жұн жегiштер, қышыма кенелер және т.б.).
Кезендi паразиттер коп уақыт ие денесiнiң iшiнде омiр сүредi (толық жыныс сатысында немесе личинка сатысында). Мысалы, жануар денесiнде соналар личинка сатысында тiршiлiк етедi, ал гельминттердiң кобiсi – толық жыныс сатысында.
Паразиттердi локализация байланысына қарай эндопаразит және эктопаразитке боледi.
Эндопаразиттер, немесе iшкi паразиттер, олар иенiң iшкi мүшелерiнде және улпаларында мекендейдi (гельминттердiң кобiсi эндопаразитке жатады).
Эктопаразиттер, немесе сыртқы паразиттер, олар ие дененiң сыртында уақытша немесе тұрақты омiр сүредi (сар масалар, соналар, биттер, қышыма кенелер).
Паразитарлық аурулардан экономикалық зияны
Инвазиялық ауруларының қоздырушылары иелердiң әртүрлi мүшелерiнде және үлпаларында мекендеп залалды әсер етедi. Бүл әсерi кейбiр кезде әрен дегенде бiлiнедi, кобiсiне мүшелердiң және үлпалардын терен қызметтiк өзгерiстерi байқалады.
Мал шаруашылығына келтiрiлген экономикалық зиянын (ЭЗ) астында мал ауруынан шығынға ушырауын түсiнедi (ақша түрiнде бiлдiрiлген) ЭЗ келесi көрсеткiштерден тұрады: 1) жануарлардың, құстын, балықтын, араның өлiмiнен; 2) инвазиямен зақымдалған мүшелердi, ұшаларды браққа шығару; 3) өнiмдiлiгiң жоғалту.
Коп гельминтоздар кезiнде ауырып жазылған төлдер өсу-өнуден қалады және ауру малдын репродуктiлiк сапасы төмендейдi – iш тастау және қысыр қалу үлкейедi. Жаңа тұған төлдердiң салмағы және табиғи резистенттiгi төмен болады. Мысалы, аскаридозбен аурған торайлардың салмағы. Аскаридозбен және гетеракидозбен зақымдалған тауықтардың жұмыртқа өнiмi 15-20% төмендейдi, ал простогонимоз кезiнде жалпы айтқанда тоқталады.
Таза емес шаруашылықта жылда гиподерматозбен аурған сиыр 50-80 л сүт бермейдi.
Қоп қансорғыш жәндiктер және өрмекшiтәрiздiлер жануарлардын және адамның инвазиялық, жұқпалы, вирустық аурулар қоздырушыларының тасымалдаушылары болады. Күресу жолында емдеу-алдын-алу шараларын ұйымдастыруына коптеген қаражаттар бөлiнедi.
Сонында, инвазиялық аурулар антропозооноз болып саналады, сондықтан паразиттермен келтiретiн зияны ауыл шаруашылығында экономикалық шығыны ошiрiлмейдi, соған қоса әлеуметтiк мағынасына ие болады.
Инвазиялық аурулардын химипрофилактикасы
Эктопаразиттермен шақыруланған ауруларға қарсы әртүрлi препараттарды қолданады, оларды инсектоакарицидтер деп атайды. Жануарлардын терi үстiне жағылғанда олар кенелердi және паразиттiк жәндiктердi жойады. Белгiлi уақыт бойы олардың көрiнуiң ескертедi. Иксод кенелермен күресу үшiн акарицидтердi қолданады.
Гельминтоз ауруларына қарсы малдың азығына арнайы химиопрепараттарды беруiң ұсынады. Олар ие организмiнде личинкаларды, құрттарды немесе гельминттердiң дамуын тоқтатады.
Кейбiр протозойлық аурулардын алдын-алу үшiң малдың қанына немесе терi астына белгiлi препараттарды еңгiзедi, олар қоздырушыны жойады немесе белсендiгiң шектейдi. Химиопрепараттын әсерiнен паразиттiң биологиялық белсендiгi томендейдi және стерильдi емес иммунитет, немесе премуниция өндiрiледi.
Жануарлардың күту және азықтандыру жағдайын жақсарту өте маңызды, неге десен олардың организм резистенттiгi күшеюiне мүмкiндiк жасайды және ауру қоздырушыларына тұрақты болады. Арық немесе толықсыз азықтармен күтiлген жануарлар сау жануарлармен салыстырғанда ауру қоздырушыларына өте бейiмдi болады, қатты аурады.
Гельминттоздарға қарсы шараларының ең негiзгi жолы – дегельминтизация, яғни химиопрепараттарды қолдану арқылы организмдi гельминттерден босату. Дегельминтизацияның келесi түрлерi болады: шарасыз, профилактикалық, преимагинальдiқ және диагностикалық.
Шарасыз дегельминтизацияны инвазиялы аурудың тұтануы кезiнде емдеу және мал өлiмiң алдын алу үшiң жылдың әрбiр уақытында өткiзедi.
Профилактикалық дегельминтизацияны гельминтоздардың эпизоотологиялық ерекшелiктерiң және гельминттердiң биологиясың есепке алып белгiлi мерзiмдi күнi бұрын дайындаған жоспар арқылы өткiзедi.
Бүкiл жануарларға дегельминтизация жасайды. Дегельминтизацияның мақсаты – жануарларды гельминттерден босату және инвазияны таратудан ескерту (сақтау). Бүл дегельминтизацияны малды қорада бағу кезеңiнде өткiзедi, осы уақытта антгельминтиктердiң әсерiнен болiнген гельминттердiң жұмыртқалары мен личинкалары сыртқы ортада дамымайды.
Премагинальдiқ дегельминтизацияны мал организмiнде гельминттер толық жынысына жетпей және жұмыртқаларын немесе личинкаларын сыртқы ортаға болмейтiң кезенде өткiзедi.
Диагностикалық дегельминтизация анықтау үшiн откiзiледi .
Дегельминтазация өткiзу кезiнде диетаның белгiлi шарттарың және азықтандыру, суарту режимiң сақтау керек. Осылай, коп iшек гельминтоздарында антгельминтиктердi беру алдында 12-18 сағат бойы аш үстау керек. Дегельминтизацияны арнайы болiнген қорада немесе жайляуда өткiзедi. Препаратты бергеннен кейiн жануарларды 3-5 күн сабыр үстайды осы уақытта нәжiспен бiрге бөлiнген гельминттердi жинап жойады.
Паразиттердiң ие түрлерi
Ие деп паразиттiң уақытша немесе турақты тоғышар тiршiлiк етiтiң және сол арқылы коректенетiн организмдi айтады.
Ие түрлерi: дефинитивтiк, аралық, қосымшалық, резервуарлық, облигаттiк және факультативтiк.
Соңғы немесе дефинитивтi ие болып айтылады, егер оның денесiнде паразит толық жыныс сатысына дейiн жетсе. Паразиттiң аралық даму сатылары ие организмнiң аралық ие денесінде личинка сатысы дамиды.
Кейбiр гельминттердiң екi аралық иесi болады. Екiншi иенi қосымша деп айтады, оның денесiнде паразиттiң личинкасы инвазиондық сатысына жетедi. Аралық ие денесiнде паразиттер жыныссыз жолмен өнiп-өседi.
Паразит қысқа мерзiм iшiнде толық жыныс сатысына жетедi, үлкен мөлшерiне өседi, үзақ өмiр сүредi және коп жумыртқалары мен личинкаларды боледi. Сондықтан, осындай иелердi облигаттi деп айтады.
Факультативтiк иелер – олардың денесiнде паразиттер дамиды, бiрақта омiр сүру үшiн қолайлы жағдай таппайды. Мысалы, эхинококка ит – облигаттiк ие, ал түлкi – факультативтiк.
Резервуарлық ие – бүл иенiң денесiнде гельминттердiң инвазиондық жұмыртқалары мен личинкалары жиналады, бiрақта өсiп-өңбейдi. Мысалы, жауын құрттар жердi жеген кезде шошқаның және тауықтын аскарида жұмыртқаларын жұтып, резервуар болады – шошқалардын, күстардың жаппай зақымдалу көзi.
Иенiң организмiне паразиттiң әсер етуi
Ие организмiне паразиттiң жаңға бататың әсерi паразиттiң түрiне, оның санына, мекендейтiң жерiне және өнiп-өсу жолына, иенiң физиологиялық жағдайына және коп басқа факторларға байланысты. Келесi жаңға бататың факторларды бөлу қажет – механикалық, аллергиялық, токсикалық, трофикалық, инокуляторлық.
Ие мүшелерiнде және үлпаларында ересек гельминттердің, кенелердің және жәндiктердiң личинкалары тiршiлiк етiп миграция жасайды, сол кезде механикалық әсерi зор. Сол нәтижеде қан тамырлар бұзылады және iшек бекiтiледi, тәртiптей сияқты, олардың қызметтерi бұзылуына келтiредi.
Паразиттердiң аллергиялық әсерi мынадан қортындылады, олар омiрқызметтiк процессi бойы метаболизм азықтарын бөледi. Аллерген қасиеттерiмен иеленген осылардың әсерiнен аллергиялық реакция пайда болады.
Паразиттiк организмдерiнiң токсикалық әсерi әлсiз зерттелген. Осы күнге дейiн гельминттердiң токсиндерiн болiп шығару мүмкiн емес. Бiрақта, кейбiр гельминтоздар кезiнде ауру малдардың жалпы жағдайы нашарланады, тәбетi төмендейдi, iшек-қарын жолының қызметi бұзылады, эритроцит және гемоглобин саны томендейдi. Кейбiр гельминтоздар кезiнде токсикоз бiлiнедi.
Мысалы, iрi қараға, жылқыға жаппай шiркейлер жабылғанда гемолитикалық у әсерiнен симулиотоксикоз шақыруланады.
Паразиттер мал организмiнде өмiр сүрiп, солардын қанымен, сөлiмен коректенедi. Осындай iрi гельминттер, аскаридалар, iшек цестодалар сияқтылар, биомассасы үлкендiгiнен, ие организмнен азықтын коп бөлiгiн, микро- және макроэлементттерiн, витаминдерiң сорады да трофикалық әсер етедi.
Қоп гельминттердiң (диктиокаулюс, аскарида, стронгилоидес) личинкалары немесе жас фасциолалар, парамфистомдар миграция жасаған кезде иенiң коп мүшелерiне және үлпарына, микробтардын әр түрлерiң тасиды. Коп екi қанатты жәндiктер қанды сорған кезде сау малға сiбiр жарасы, бруцеллез және басқа жұқпалы ауру қоздырушыларың еңгiзедi, осыны паразиттiң инокуляторлық әсерi деп айтады.
Жануарлардың зақымдалу және тарату көзi
Инвазиялық ауруларының эпизоотологиясында екi түсiнiктi жақсы білу керек: тарату көзi және зақымдалу көзi. Бүл түсiнiктер аймақтық, мерзiмдiқ, жануар жасы және т.б. факторлармен тығыз байланысады. Инвазияның тарату көзi – ауру малдар және паразиттасымалдаушылар, олар сыртқы ортаға жумыртқаларды немесе личинкиналарды бөледi.
Қоздырушының түрiне қарай геогельминтоздар, эймериоздар, кезiнде тарату көзi сыртқы орта (топырақ, шөп, су коймасы), биогельминтоздар және пироплазмидоздар, кезiнде (жәндiктер, шаянтәрiздiлер, үлулар) және резервуарлық иелер болуынын маңызы өте үлкен.
Жануарлардың инвазиялық қоздырушыларымен зақымдалу жолдары әртүрлi болады. Өте кен таралған алиментарлық жолы.
Жануарлар жайляуда немесе қорада азықпен және сумен инвазиондық жүмыртқаларды жутады. Кейбiр жағдайларда олар аралық иелердi жутып зақымдалады. Осылай, иттер инвазиялық бургелердi жутып дипилидиозбен зақымдалады, ал қойлар – кенелердi жеп мониезиозбен аурады.
Контакты жолы – паразиттер ауру малдан сау малға, бiр-бiрiмен араласқанда (контакт) немесе атсайман, күту заттары, қызмет көрсету адамдармен, кемiрушiлер арқылы жуғады. Бүл жолмен жануарлар кышыма, трихомоноз, биттеу ауруларымен зақымдалады.
Терi арқылы – анкилостоматида және бөгелек личинкалары белсендi енедi, қансорғыш бұнақ аяқтылар арқылы пироплазмида, трипаносома, парафилярий және басқа паразиттердi жұқтырады.
Жәндiктер кеңсiрiк куысы және көз арқылы эстроз, ринэстроз, телязиоз және басқа инвазиялық ауруларымен зақымдайды.
Қарын іші (внутриутробный) – кейбiр паразитарлық аурулардың ұрықтары (мысалы, неоаскаридоз, токсокароз) плацента арқылы аналық организмнен iштегi төлге енедi.
Трансовариальдi жолы немесе инвазияны жыныс торшалары арқылы жұқтыру – бiрiншiден алғашқы ие ұрығына дейiн жұмыртқалар арқылы жұқтыру; осылай иксод кенелер денесiнде ауылшаруашылық жануарлардың қоп пироплазмида қоздырушылары жұқтырылады.
Инвазиялық (паразитарлық) аурулары
Жануарлардың, күстардын, балықтардын және аралардның жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық ауруларына болiнедi. Жалпы заңдылық дамуы бiрдей болса да, бiрақта коп белгiлерiмең және барыс мiнезiмен ерекшеленедi.
Инвазиялық аурулар (латын сөзiнен аударғанда invasio – ену, шабуыл жасау) жануарлардан пайда болған (қарапайымдылар, гельминттер, шаянтәрiздiлер және жәндiктер) қоздырушылар шақырады. Жұқпалы аурулар (латын созiнен аударғанда infectio – зақымдалу) өсiмдiк организмден пайда болған (вирустар, микробтар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар).
Инвазиялық ауру – жануар организмiне паразиттiң – қоздырушының патогендiқ әсер ету нәтижесi.
Паразиттiң патогендiк әсерi бiрнеше факторлардан тұрады: механикалық, аллергиялық, токсикалық, паразит санынан, ену жолдарынаң, мекендейтiң әсерiнен, даму биологиясынан.
Паразиттiқ организмнiң ауру тудырушылығы – ол қатан жеке генетикалық көрсеткіш ауру тудыратын процесi. Жеке организмдердiң арасында паразиттiң бiр түрiнiң штаммдары өздерiне ғана тән қасиеттерiң белгiлейдi. Мысалы, Қазақстанда қойларда және иттерде эхинококкустың бiр штаммы тiршiлiк етедi (қой – ит – қой), ал Белоруссияда – басқа штамм, ит – шошқа – ит жүйесiнде.
Вируленттiк – паразиттiң ерекше сапасың сипаттайды, оның ең айқын икемділігі белгілі бір нақты жағдайларда ие зақымдалуында патогендігін көрсетуі.
Инвазиялық аурудың барысы. Инвазияның экстенсивтiгi және интенсивтiгi
Инвазиялық аурулардың барыс мiнезi көп факторларға – паразиттiң түрiне, биологиясына, инвазияның интенсивтiгiне, жануардың физиологиялық жағдайына тәуелдi болады. Сондықтан, осы көрсетiлген себебтерге байланысты паразитарлық аурулар жiтi айқын клиникалық белгілері көрсетітілуі мен және субклиникалық (белгiлерi айқын көрiнбейтiн), ауру белгілерің анықтауға қиын.
Күйiстiлердiң iшек нематодоздары кезiнде инвазияның латенттiк (latentis - жасырын) барысы орнатылған. Осылай, семiздiгi жақсы қозылардың күзде диктиокаулюс личинкаларымен зақымдалуы шажырқай, сол бездерiнде паразиттiң тоқтауы мен бiтедi. Бiрақта, ерте коктемде сапалық азықтын жоқтығынан, өтпе желден және тағы басқа терiс факторлардан личинкалар иенiң нақты барьерлар арқылы еркiндiк өкпеге өтiп диктиокаулез ауруын шақырады.
Биязы жұндi қойларда қышыма күз-қыс кезенiнде жiтi түрде дененiң үлкен бөлiктерi зақымдаумен өтедi, бiрақ та жазда жақсы жайляу болғаннан және күн сәулесi молшылығынан бүл инвазия жасырын ағады.
Қоп паразиттарлық аурулар айқынемес, клиникасы белгiсiз, созылмалы түрлерде өтедi. Жануарлардың паразиттермен зақымдалуы туа биткен немесе жүре биткен иммунитетке, табиғи резистенттiгiне, түрiне, тұқымына, жасына, бағу және азықтандыру жағдайына байланысты болады. Жануарлар бiр жайляуда әрбiр мерзiмде паразиттiк организмдерiмен бiрдей емес санымен және түрiмен зақымдалады. Сол үшiн паразитологияда келесi тусiнiктердi қолданады.
Инвазияның экстенсивтiгi (ИЭ) – бүкiл зерттелген мал басынан зақымдалған жеке организм саның пайзбен есептен көрсетiледi, мысалы, гельминтокопрология кезiнде 100 мегежiннiң онында ғана аскарида жұмыртқалары табылады, ендеше ИЭ 10 % тен болады.
Инвазия интенсивтiгi (ИИ) жануарды сойып ашып паразиттiн белгiлi түрi саның айқындау және дана үшiң бағалау. Осылай, iрi қараның бауырын сойып ашып қарағанда 10 фасциола табады, немесе ИИ 10 дана болады.
Академик Е. Н. Павловскийдың трансмиссивтік
аурулары тұралы табиғи ошақты оқу
Инвазиялық және жұқпалы аурулардың қоздырушылары ауру малдан сау малға тасымалдаушылар (бунақ аяқтылармен) жұқтырылады, сондықтан трансмиссивтік (трансмиссия - беру) деп айтылады. 1939 жылы академик Е. Н. Павловский трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағы тұралы оқу дайындады.
Трансмиссивтіқ аурулардың табиғи ошағы – кұбылыс, қашан қоздырушы, оның арнайы тасымалдаушысы және жануар (қоздырушының резервуары) оздерінің ұрпақтары ауысу бойы шексіз коп уақыт табиғи жағдайда адам қызметіне және үй жануар бары тәуелсіз омір сүреді. Табиғи ошақты ауруларға жатады: кенелік энцефалит, лейшманиоз, туляремия, трихинеллез, альвеококкоз және тағыда басқа аурулар, олар адамдарға және ауыл шаруашылық жануарларға қауіп төндіреді.
Табиғи және синантропты ошағтының және инвазиялық аурулардың ошағы таралуын анық ажырату керек.
Табиғи ошағы - географиялық ландшафтын территориялық учаскесі (жиесіз қалын орманда, тундрада, жартылай бос далада), қайсыда белгілі түраралық қарым-қатынас ауру қоздырушы, жануар – тасымалдау жұқтыруының бастапқысы, ауруға бейімді жануарлар және олардың тасымалдаушылары кезінде сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары болғанда (мысалы, тундрада альвеококктың ошағы).
Синантроптық ошағы – территорияның учаскесі (елді мекен), соңдағы қоздырушының көзі болып саналады. Үйдегі және кейбір жабайы жануарлардың өз өмір сұруі адамның қызметімен байланысты (мысалы, тауықтың райетиноз ошағы).
Үй жануарлардың инвазиялық ауруларының ошақты таралуы аурулардың бір неше қатарына мінезді, оларда шектелген таралу болады (мысалы, облыстын бір шаруашылығында жылқылардың қышымасы). Табиғи ошақты аурулар жиі жазда, кенелердің және қансорғыш жәндіктердің (мерзімді) белсенді кезенінде пайда болады және таралады. Үй жануарлары мен адамдар табиғи ошаққа түскен кезде трансмиссивтіқ аурулармен зақымдалуы мүмкін. Тағыда мүмкіндік жұқтыруының бастапқысы синантроптық ошағынан табиғи ошаққа циркуляция жасауы. Уақытында аурудың табиғи ошағын айқындау қажет.
Трансмиссивтіқ аурулардың табиғи ошағы тұралы оқу ветеринарияға және медицинаға өте манызды. Көп жұқпалы және инвазиялық ауруларына қарсы тиімді алдын-алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру және практикада жұзеге асыру. Ол теориялық негізі болып саналады.
Бақылау сурақтары:
Паразитологияға анықтама беріңіз?
Паразитизм дегеніміз не?
Паразиттердің қарым-қатынас түрлерің атап беріңіз?
Паразит дегеніміз не?
Паразиттің түрлерін атаңыз?
Инвазияның интенсивтігі және экстенсивтігі түралы түсінік.
Антропозооноз дегеніміз не және ол туралы түсінік.
Паразит иелерінің сипаттамасы.
Паразитологияның негізгі қалаушысы кім?
Девастация деген не? Оның түрлерің атаныз?
Тірі кездегі диагностика
Оған кіреді: клиникалық бақылау, зертханалық зерттеулер және иммунологиялық реакциялар. Клиникалық бақылау негізінен қосымша ретінде болады. Иммунологиялық реакциялар арқылы гельминтоздарды ерте сатысында табуға болса да, ол әдіс ветеринариялық жұмыстарда күнде әлі де кен қолданылып жатқан жоқ. Зертханалық зерттеуле, өз кезегіндн гельминтокопрологиялық және қанның, қақырықтың, ұлпалардың зерттеулері болып бөлінеді.
Шаруашылықтың тәжірибелік қызметкерлері негізгі диагностиканың әдісі ретінде ең жие гельминтокопрологиялық (сапалық, сандық) әдісін қолданады. Біріншісін, гельминттер қай түрге жататының және шаруашылықта (кешен, ферма) гельминтоздық жағдайды аңықтау үшін қолданады. Екіншісін, жаңа препараттарды сараптаудан өткізу және дегельминтезация өткізгенде нәтижелерін тіркеу үшін қолданады. Паразиттердің және олардың үзінділерін макрогельминтоскопиялық зерттеулер, гельминтоовоскопиялық (жұмыртқаларды зерттеу) және гельминтоларвоскопиялық (личинкаларды зерттеу) әдістер деп ажыратылады.
Міндетті түрде материалды (нәжісті) алу ережелерін сақтау керек, сонымен бірге зерттеу мерзімідерін қадағалау керек (жылдың жылы мезгілдерінде материалды алғаннан кейін бір тәуіліктен асырмай зерттеу керек).
Көбінесе құстарды жаппай зерттеу кезінде, олардың 5-нан нәжісін алады. Жаңа алынған нәжісті зерттейді, өйткені плюстық температурада нәжістегі жұмыртқалар дамуы және мүшелері тарап кетуі мүмкін. Егер нәжісті алғаннан кейін тез арада зерттеу жағдайлар болмаса, оны 5-10 формалинде консервлейді немесе суыққа сақтайды. Алынған сынаманы бөлек қағаз немесе шыны стаканға салады, алынған күнін, шаруашылығын, блок немесе секциясын жазып қояды. Өңдірістік шаруашылық жағдайларында диагностикалық сылуларды (вскрытие) өткізу керек.
Гельминтоскопия
Жануарлар қай гельминттердің түрлерімен зақымдалғанын аңықтау үшін ең қарапайым әдісін гельминтоскопияны қолданылады. Тірі кездегі гельминтоскопияда бөлінген нәжісте жай көзбен қарап бөлек бөлшектер немесе бүтін паразиттерді табады. Жиналған нәжістерді қаранғы кювертаға салып, оған су құяды, араластырады, содан кейін үлкен емес порцияларды лупаның астында немесе көзбен қарайды.
Суда жүзетін құстарда болатын цестодалардың стробиласы өте жіңішке болады. Сондықтан нәжісті беткі қарағанда, олар көрінбей қалуы мүмкін. Осы мақсатпен зерттелетін нәжісті шыны ыдысқа салып, 10-20 еседей су құю керек, содан кейін жақсылап араластыру керек. Тұнғаннан кейін сұйықтың ұстінгі қабатын төгеді. Осыны тұнба толық жарықтанғанша дейін бірнеше рет қайталайды. Тұнбаны түбі қара немесе ақ кюветтерге төгеді, содан кейін лупа және препаровальді иненің көмегімен паразиттердің үзінділерін немесе бүтін паразиттерді жинайды.
Овоскопия
Шаруашылықтарда гельминтоздық жағдайды аңықтау үшін овоскопия әдісін қолданады. Овоскопияның жеңіл және ауырлау әдістері болады. Біріншісіне арнайы аппаратураның қажеті жоқ, ал екіншілерге центрафуга, әр түлрі қосымша құралдар және арнайы реактивтер қажет.
Нативті жұғындының әдісі. Нәжістің сынамасын қарапайым заттық шыныға салады, оған сумен жартылай араласқан глицериннің бір тамшысын қосады. Зерттелетін массаны араластырғаннан кейін, оны жапқыш шынымен жауып, микроскоппен қараймыз. Бұл әдісті зақымдалу қарқыны жоғары болғанда қолдануға болады.
Қиын әдістерге флотация жатады.
Флотация әдісі(гельминт жұмыртқаларының жүзіп шығуы). Фюллеборн әдісі ең тараған болып табылады. Ол үшін қаныққан ас тұзының ерітіндісін (тығыздығы 1,18; 1 л суға 450 г тұз), шыны таяқшалардың және стакандардың жиынтығы және де мақта, марля, металдан жасалған ілмек қажет.
Сынамана стаканға салады, оған аз мөлшерде ерітіндіні қосады, содан кейін жақсылап ысқылайды. Алынған массаға 1:20 ерітіндіні қосады. Оны шыны немесе ағаш таяқпен араластырып, таза ыдысқа метал немесе марля елек арқылы фильтрлейді. 30 – 40 минут тұндырады, жүзіп шыққан жұмыртқаларды ерітінді бетінен ілмекпен жинап, заттық шыныға апарады, жапқыш шынымен жабады және микроскоптың астында зерттейді. Бұл әдісті егер гельминттер жұмыртқаларының салыстырма өлшемі ас тұзының ерітіндісінен төмен болса қолданылады.
Осы әдісті тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында, амидостомоз, трихостронгилез, гангулетеракидоз, гименолепидоз, дрепанидотениоз аурулары суда жүзетіндердің және басқалардың гельминтоздарында қолданады.
Калантарян әдісі Фюлеборн әдісінен айырықша болады, өйткені флотоционды сұйықтық ретінде қаныққан натрии азотының қышқылын қолданады (1:1 натрий азот қышқылы және ыстық су). Оны кристалды көпіршіктер пайда болғанша дейін қайнатады, содан кейін суытады және фильтрациясыз құрғақ бутелкілерге құяды. Зерттуеді Фюлеборн әдісін өткізгендей өткізеді. Ерітіндінің салыстырмалы мөлшері жоғары болса, бұл әдіс дұрысырақ және гельминттердің көп түрін табуға болады. Ол құстардың нематодоздары мен акантоцефалездарында диагноз қою үшін қолданылады.
Дарлинг әдісі қиыстырылған әдістерге жатады және алдынғыларға қарағанда қиынырақ. Нәжістің аз бөлігін жартылай сұйық консистенцияға дейін сумен араластырады, содан кейін центрафуганың түтігіне сүзеді және 2 – 3 минут бойы центрафугтайды. Сосын сұйықтықтың жоғары қабатын төгеді, ал тұнбаға бірдей мөлшерде глицеринді және қаныққан ас тұзының ерітіндісін қосады. Кайта ценнтрафуктағаннан кейін ілмекпен жүзіп шыққан жұмыртқаларды жинап, микроскоппен зерттейді.
Щербовичтің әдісі қаныққан магнезияның күкірт қышқылы ерітіндісінің қолдануымен негізделген (1 л ыстық суға 920 г магнезийдің ерітіндісі). Нәжісті жартылай сұйық консистенцияға дейін сумен араластырады, фильтрациядан кейін массаны 1 – 2 минут центрафугтайды. Сосын тұнба үстіндегі сұйықтықты төгіп, қаныққан магнезий ерітіндісін қосады. Центрафугтағаннан кейін ілмекпен үстінгі қабатын алады және микроскоппен зерттейді. Бұл әдіс нематодалармен қоздырылатын гельминтоздардың көбін диагноздауға көмектеседі.
Жүйелік жуу әдісі. Алдын ала суға салынған нәжісті шыны стаканға марля немесе елек арқылы сүзеді. Тұнғаннан кейін жоғарғы қабатты төгеді, оны жанасымен ауыстырады. Осыны сұйық мөлдір болғанша дейін жасайды. Содан кейін сұйықтықты тұндырады, тұнғаннан кейін микроскоппен зерттейді. Дәл диагноз қою үшін әр бір жануардың бірнеше нәжістің сынамасын зерттейді. Көбінесе құстардың нематодоздары кезінде қолданады.
Зерттеулердің сандық әдістері көбінесе инвазияның қарқынды дәрежесін аңықтауға және өткізген дегельминтизацияларын тіркеу үшін қолданады. Ол үшін ең алдымен дегельминтизация жасалмаған, содан кейін жасалған жануардың 1г жұмыртқаларды санайды.
Столлдың әдісі. 100 г шыны сауытына 56 мл ащы натр (1л суға 4г) және онда 4 см3 нәжісті салады. Содан кейін түбіне диаметрі 3 – 5 мм тен шыны шариктерін салып, араластырады, соын тығындыны тез алып, градуирленген пипеткамен 0,15 мл сұйықтықты алады, онда 0,01 см3 нәжіс болады. Оны заттық шыныға жағады да, жұмыртқаларын санайды, оны 100 көбейтеді, сонымен 1 см3 нәжістегі жұмыртқалардың жалпы санын табады.
Щербовичтың және Фюллеборнның стандартталған әдістері көбінесе өткізген дігельминтізацияның нәтижелерін алу үшін қолданылады.
Зерттеу кезінде нәжістің бірдей мөлшерін, бірдей ыдысты алады, бір уақытта центрафугтайды, диаметрі бірдей ілмектерді қолданады және қабықтың бірдей санын зерттейді. Дәл болу үшін бұл әдісті үш рет өткізу керек және орташа көрсеткіштері алынады.
ЖЕКЕ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ
Лабораторлық сабақ 1
Тақырып: Оқулы паразитологиялық лабораториясында жұмыс iстеу кезiндегi сақтандырушылық шаралары
Сабақтың мақсаты: Студенттерді паразитологиялық лабораториямен, құрал-жабдықтармен және жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Қүрал-жабдықтар: инструменттер, ыдыстар, микроскоптар.
Паразитологиялық лабораторияда әртүрлi ауру жануарлардың нәжiсiн зерттейдi. Ашып сойғаннан кейiн шошқа мен iрi қараның эхинококк личинкаларын, таспа құрттарын, аскаридаларды, описторхтармен және басқа гельминтердi табуға болады. Жуылмаған қолдармен тамақ жегенде зақымдалуы байқалады. Ең қауiптi – ит, мысық, түлкi және терiсi бағалы аңдардың гельминттерлерi. Оқулы паразитологиялық лабораториясында жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк шарттарды қамтамасыз ету мақсатымен әр бiр студент келесi талаптарды орындау қажет:
халат пен колпак киiп жұмыс iстеу, қажет еткенде алжапқыш пен резеңке қолғап кию керек.
лабораториялық жануарлармен жұмыс iстегенде тынымды фиксация немесе қозғалыссыздандыруға көңiл бөлу керек.
лабораториялық жануарларда тәжiрибе iстегенде, жұмыс орнын және жеке гигиена ережесiн тазалықта сақтау керек. Тәжiрибе аяқталғаннан соң, жұмыс орнында дымқыл жинастыруды әлсiз дезинфектант ерiтiндiсiмен (хлораминнiң, көмiрқышқыл натриi және тағы басқа), ыдыс аяқ пен құралдарды жуғыш затпен жылы суда жуу, таза суда шаю және кептiру. Жануармен контактте болғасын қолды дұрыстап жуу.
лабораториялық жұмыс жасағанда, химиялық заттар ауыз үңгiрi мен киiмге тимеу керегiн сақтау. Жеке қолдану тамызғышын, жартылай автомат мөлшерлеуiшiн, бюретканы алдын-ала нұсқауын оқып, содан кейiн қолдану керек.
электрлi құрал-жабдықтар мен аспаптарды қолдану кезiнде қатаң қауiпсiздiк ережесiн сақтау.
сәуле микроскопымен жұмыс iстегенде зерттеушiнiң көзiне фокустiк сәуле түспеу керегiн сақтау.
паразитологиялық лабораторияда жұмыс iстер алдында арнайы журналда қауiпсiздiк техникасы нұсқауының тiркеуiнен өту керек.
лабораторияның шегiнен арнайы киiмiмен шықпау керек.
Қауiпсiз жағдайдағы бiрiншi көмек
Электрлi тоқпен зақымдалғанда:
· жеке қорғау заттарымен қолданып, электроэнергияны сөндiрiп, жазғырылғанды тоқтан босатады;
· дем алу тоқтаған кезде, жазғырылғанды жылы жерге орналастырып, жасанды дем алу көрсетiп, дәрiгердi шақыру.
Механикалық зақымдалу:
· соғылған жерге салқын мұзбен көмек көрсету;
· дене ұлпаның бiтеуi және қан құйылу бұзылған кезде, жараны және жараның шеттерiн дезинфициялық ерiтiндiлерiмен өңдеп, қан құйылымын тоқтатып, таңғышты салып, дәрiгердi шақырады.
· сүйек сынғанда, шыққанда, тамыр созылғанда иммобилизиялық таңғышты салу керек. Барлық жағдайда ауруды ауруханаға жеткiзу керек.
Термиялық зақымдалу:
· бiрiншi сатылы күйiкте зақымдалған жердi мiнездi күйiк кеткенше дейiн суық сумен шаяды.
Гельминтоздардың диагностикасы
Ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың көптеген гельминтоздарында емдік - профилактикалық шараларын өткізу алдында ауруға диагнозын уақытында қою керек. Гельминтоздардың диагностика әдістерін екі топқа бөледі: тіршілік кезінде және өлген кездегі, одан басқа гельминтоздарды және инвазиондық, тағыда жұқпалы ауруларды ажырату диагнозын білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістері – лабораториялық зерттеулер, олар жиі нәжісте, несепте, бөліндіде (өтте), ұлпаларда (қанда, бұлшық етте), мүшелерде (тері кесігінде), пунктаттың және абсцесстің сұйығында гельминтоздардың қоздырушыларын, жұмыртқаларын және личинкаларын табуға болады.
Маңызына байланысты лабораториялық зерттеулерді гельминто-овоскопиялық, гельминтоларвоскопиялық және гельминтоскопиялық зерттеу әдістеріне бөледі.
Гельминтоовоскопиялық зерттеу әдістері арқылы экскретте, секретте және қарында көп паразиттік құрттардың жұмыртқаларын табуға болады.
Гельминттердің личинкаларын (диктиокаул, мюллерий және т.б.) табу үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді өткізу үшін Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады.
Нәжісте гельминттерді немесе олардың мүшелерін табу үшін гельминтологиялық зерттеулерді қолданады.
Лабораториялық сабақ 2
Тақырып: Гельминтоздардың тiршiлiк кезіндегі диагностика әдiстерi
Сабақтың мақсаты: Студенттерді тірі кезіндегі жануарларға диагнозды қою әдістерімен таныстыру.
Қүрал-жабдықтар: инструменттер, ыдыстар, микроскоптар.
Жануарларда гельминттердi клиникалық диагностикалау барлық жағдайда мүмкiн болмайды, себебi түрлi аурулардың симптомдары бiрдей, ешқандай спецификалық белгiлерi болмайды.
Ондағы өзгерiстер гельминтозды емес аурулардың симптомдары болуы мүмкiн. Осыған байланысты гельминтоз диагностикасы зертханалық анализдiң спецификалық әдiстерiмен өткiзiледi.
Паразитарлық құрттар мал ағзасының түрлi мүшелерi мен ұлпаларын зақымдайды. Паразитарлық құрттардың көптеген түрi асқазан-iшек жолының және қосалқы бездерi (бауыр, ұйқы безi) бөлiгiнде болады. Олар жиi өкпеде, бұлшықетте және қан-тамыр жүйесiнде кездеседi. Зақымдалған жануарлар сыртқы ортаға көп мөлшерде гельминттердiң жұмыртқалары мен личинкаларын бөлiп шығарады. Асқазан-iшек жолында, бауырда, бронхтарда болатын гельминттер өздерiнiң жұмыртқаларын немесе личинкаларын нәжiспен бiрге сыртқа шығарады. Бүйрек және құық зақымдалғанда жұмыртқалары зәрмен бiрге шығарылады.
Паразиттердiң өзiн және оның жеке бөлiктерiн қарауға бағытталған зерттеу әдiсiн гельминтоскопия деп атайды. Гельминт жұмыртқаларын табу үшiн гельминтоовоскопиялық әдiстердi, ал гельминт личинкаларын анықтау үшiн гельминтоларвоскопия әдiсiн қолданады.
Гельминтоскопия. Гельминттердi табу үшiн нәжiстi келесi әдiспен байқайды. Нәжiстi сумен араластырып, қосындыны тұндырады. Бiрнеше уақыттан соң судың беткi қабатын тогiп, тұнбаға судың келесi мөлшерiн құяды, сойтiп бiрнеше рет қайталайды. Осылай бөтен заттың көп бөлiгi жайылып, тұнбада паразиттер мен нәжiстiң ерiмеген ауыр бөлiгi қалады. Сосын тұнбаны макроскопиялы және микроскопиялы зерттейдi.
Гельминтоовоскопия. Өңделген жұғынды әдiс – нәжiстi гельминтоовоскопиялық зерттеудiң ең қарапайым әдiсi. Оны кез-келген жағдайда, жануарлардың барлық түрiне қолданады. Оның техникасы келесiдей. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн шыны немесе ағаш таяқшамен алып, оны төсенiш шыныға салады да, 2-3 тамшы глицерин мен судың бiрдей бөлiк қосындысын қосады, сосын мұқият араластырады. Қатты бөлiгi жойылған соң, үстiне жапқыш шыныны жауып, микроскоп астында зерттейдi. Глицериннiң орнына кәдiмгi суды алуға болады. Глицерин препаратты мөлдiрлендiредi, соның нәтижесiнде зерттеу оңайға түседi және препараттың тез кеуiп қалуынан қорғайды. Бiр жануарда бiр уақытта 2-3 препарат дайындау ұсынылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi, әлсiз инвазияда терiс нәтижесiнiң үлкен пайызын көрсетедi. Берiлген әдiспен нәжiстi стронгилидоз, аскаридоз, фасциолез, трихоцефалез және т. б. Зерттейдi.
Тұндыру әдiсi. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн (5-10 г) судың 10 бөлiктi мөлшерiмен араластырады. Қосындыны металл елек (сүзгiш) немесе марлымен сүзедi де, 5 минут түндырады. Осыдан кейiн сүйықтық қабатын төгiп, тунбаға таза су қосады да, тағы 5 минут тұндырады. Сөйтiп сұйықтықтың үстiнгi бөлiгi мөлдiрленгенiнше қайталайды. Кейiн сұйықтықты төгiп, тұнбадан трематода жұмыртқаларын микроскоппен зерттейдi. Берiлген әдiспен фасциолез және басқа трематодоздарға балайды.
Флотациялы әдiстер. Фюллеборн әдiсi. 10-20 г нәжiстi банкаға немесе 100-200 мл-лiк стақанға салады да, ас тұзының қаныққан ерiтiндiсiнде шыны немесе ағаш таяқшасы мен мұқият ұнталайды (ысқылайды). 1 л суда 400 г тұзды ерiтедi, оны қайнатып, мақта немесе марлы арқылы сүзедi. Ерiтiндiнi суық қалпында пайдаланады; оның тығыздығы 1,2.
Ерiтiндiнi ақырын құяды, оған нәжiс қосып отырады. Қосылатын ерiтiндiнiң жалпы мөлшерi нәжiс мөлшерiнен 20 есе көп болады. Содан кейiн сұйықтықты металл сүзгiш арқылы сүзедi де, жарты сағатқа қояды; осы уақытта жұмыртқалар беткi қабатына шығады, себебi тұздың қаныққан ерiтiндiсiнде тығыздығы жұмыртқалармен салыстырғанда жоғары болады. Тұндырылған сұйықтың бетiнен металл таяқшамен (1 см артық емес) қабыршақты алып, оны төсенiш шыныға көшiредi де, жапқыш шынымен жабады. Алынған препаратты микроскоппен зерттейдi.
Фюллеборн әдiсiн негiзiнен дөңгелек гельминттердiң жұмыртқаларын (аскарида, стронгилида, трихоцефалят және т.б.) және таспа құрттардың кейбiреуiн (тений, аноплоцефалид) табу үшiн қолданады.
Дарлинг әдiсiне тұндыру және флотация процедуралары жатады. Нәжiстi сумен бiрге жартылай сұйық консистенцияға дейiн араластырады да, 3-5 мин центрифугалайды, соңында гельминт жұмыртқалары түбiне тұнады. Пробиркадағы сұйықтықты төгiп, тұнбаға Дарлинг сұйықтығын қосады. Тұнбаны мұқият араластырып, екiншi рет 3-5 мин центрифугалайды. Содан кейiн ғана паразитарлық құрттардың жұмыртқалары тұнбадан бетiне шығады. Металл таяқшамен қабыршақты алып, төсенiш шыныға көшiрiп, жапқыш шыныны үстiне жауып, зерттейдi.
Щербович әдiсiн жоғары тығыздықпен жұмыртқаларды табу үшiн қолданады. 920,0 күкiрт қышқылды магнезияны 1 литр ыстық суда ерiтедi.
Ертiндiнi сүзiп, суытады. Зерттеу үшiн стақанға нәжiстiң шамалы мөлшерiн алып, су қосады да, бiрқалыпты өнiм алғанға дейiн араластырады. Араластырғанда осы өнiмдi металл сүзгiш арқылы сүзiп, 1-2 мин центрифугалайды. Осыдан кейiн сұйықтықтың беткi қабатын төгiп, тұнбаға алынған ерiтiндiнi қосады. Тұнбаны араластырып, қайтадан 1-2 мин центрифугалайды. Копрологиялық таяқшамен пробиркадан үстiңгi қабатың төсенiш шыныға алып, үстiне жапқыш шыны жабады да микроскоппен зерттейдi.
Сандық гельминтоовоскопиялық зерттеулер. Копрологиялық зерттеулерде инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшiн 1 г нәжiстегi жұмыртқаларды табудың сандық есебiн жүргiзедi. Нәжiсте жұмыртқалардың саны көп болса, жануар ағзасында сол гельминттердiң саны да көп болады. Гельминт жұмыртқалары нәжiс массасында бiрдей таралмайды.
Столл әдiсi. 100 грамм қолбаға басында 56 мл су құяды да, сыртынан белгiлеп қояды, кейiн 4 мл су құяды да, қайтадан жаңа белгi қояды. Содан кейiн суды құйып алып, колбаға 56 мл 0,14 күйдiргiш натр ертiндiсiн құяды, сондай мөлшерде нәжiс қосады. Себебi сұйықтық деңгейi 60 мл-ге жетедi (4см³ нәжiс), 10-15 шыны түймелердi салады да, бәрiн дұрыстап араластырады. Араластырғаннан кейiн градуирлi пипеткамен 0,075 немесе 0,1 мл қосынды алады, оны төсенiш шыныға қойып, гельминт жұмыртқаларын санай отырып, микроскоппен зерттейдi. 1 см³ (1 г) нәжiстегi жұмыртқа мөлшерiн бiлу үшiн, табылған жұмыртқа санын 200-ге (егер 0,075 мл қосынды зерттелсе) немесе 150-ге (егер 0,1 мл қосынды зерттелсе) көбейтедi.
Гельминтоларвоскопиялық әдіс диктиокаулез, мюллериоз, протостронгилидоз және тағы басқа күйiс қайыратындардың асқорыту жолының стронгилятозын балау үшiн қолданады.
Берман және Орлов әдiсi. Нәжiс сынамасын (10 г) Берман аппараты воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала воронкаға бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6 сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс личинкалары сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк бойымен пробирка түбiне түседi. Сосын абайлы резеңкелi түтiктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны араластырмай әр пробиркадағы сұйықтықты тұнбаға дейiн төгiп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады). Пробиркаларды штативке қояды. Тұнбаны араластырғаннан кейiн төсенiш шыныға құяды да, кiшi өлшемде микроскоппен қарайды. Нематода личинкалары қозғалмалы, оңай байқалады. Берман аппаратында воронка орнына сынама салатын түбi тiлiнген резеңкелi алмурт қолдануға болады. Соңдарында гельминтологиялық пробирканы жалғайды немесе Мор қысқышымен жабады.
Лабораторлық сабақ 3
Тақырып: Гельминттердің өлген кездегі диагностикасы
Сабақ мақсаты: Студенттерді өлген кездегі диагностика әдістерімен таныстыру.
Қурал-жабдықтар: инструменттер, микроскоптар, ыдыстар.
Гельминтоздардың өлген кездегі диагностикасы жануарлардың мүшелері мен улпаларында гельминттердің әртүрлі дәрежеде олардың дамуын анықтауға тұжырымдалған. Гельминттер жануар организімің бүкіл мүшелері мен ұлпаларында паразиттейді. Сондықтан жиыны және келешекте оларды анықтау сойып-ашудың ерекше әдістемелерімен қамтамасыз етіледі, олар өлексені қалыпты патолого-анатомиялық сойып-ашудан ерекшеленеді. Толық гельминтологиялық сойып-ашудың әдістемесі академик К. И. Скрябинмен жетілдірілген.
К. И. Скрябин бойынша толық гельминтологиялық сойып-ашу және толық емес гельминтологиялық сойып-ашуды ажыратады.
Скрябин бойынша толық гельминтологиялық сойып-ашу – ең сенімді әдіс, жануарға жұқтырылған, бүкіл гельминттердің сандық жыне сапалық есеп жүргізуге жағдай жасайды. Бұл әдіс келесіден тұрады: өлексені терісінен алып тастағаннан кейін тері асты клетчатканы уқыпты қарап, содан кеуде және құрсақ қуысын ашып, асқорыту, тыныс алу, қан тамырлар, несеп-жыныс және т. б. жүйелердің бүкіл мүшелерін алады.
Осы немесе басқа жүйенің мүшелерін алып, бөлек зерттейді, дәйектілік жуу әдісін қолданады. Бүкіл трубкалы мүшелерді узынынан сойып-ашады, құрамын тазға, шелекке немесе банкаға (мүшенің молшеріне байланысты) салып, кілегей қабықтардан қырынды жасап, кейбір кезде сойып-ашқан мүше қабырғасың компрессориумның астында қарайды.
Паренхиматозды мүшелерді (бауыр, өкпе, ұйқы безі, бүйректер және т. б.) бөлек ыдысқа салып, детритке айналдырып (фарш), қолмен үзеді немесе пышақпен немесе қайшымен ұсақ кесектерге кеседі. Детрит, қырынды, мүше құрамын сумен немесе физиологиялық ерітіндімен жуып, дәйектілік жуу әдісін қолданады. Алынған материалдарды аз порциялармен бірінші қарайды, содан кейін ақ кюветтерде немесе Петри табақшаларда қара және ақ фонда зерттейді. Ірі гельминттерді визуальды таңдап, ал ұсақтарын – 8-10 рет үлкейтетін қол лупа көлегімен таңдайды. Гельминттерді тек кисточкалармен немесе арнайы инелермен жинайды, бірақ пинцетпен немесе қолмен алмайды.
Осы немесе басқа гельминттің тұрған орынның нақты мәліметтерін білу керек болса бөлек мүшелерге толық гельминтологиялық зерттеуді өткізеді, егер. Мысалы, фасциолез кезінде тек бауырды, диктиокаулез кезінде - өкпені, дрепанидотениоз кезінде аш ішекті және т. б. зерттейді. Бұл әдіс тәжірибелі, жайлы және жеткілікті нақты болып саналады.
Толық емес гельминтологиялық сойып-ашу – женілдету гельминтологиялық сойып-ашу, осы процесс кезінде мүшелермен ұлпалардан тек ғана бөлек, бірден мөлшерімен көрінетін гельминттерді алады. Мұндай сойып-ашу гельминтоздардың диагностикасында және де мұражай материалдарын алу үшін көп мағынасы бар.
Лабораторлық сабақ 4
Тақырып: Трематодалар және трематодоздар
Сабақтың мақсаты: Трематодалардың қурылысын, жүйесін, дамуын зерттеу. Трематодалардың топтарымен таныстыру.
Қүрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар.
Трематодалардың сипаттамасы. Трематодалар Plathelminthes - жалпақ құрттар түріне, Trematoda (сорғыш) класына жататын паразиттiк құрттар. Барлық трематодалар – паразиттер, олар адамдар мен жануарлардың әр түрлi мүшелерi мен улпаларында жайылады. Трематодалардың дене пiшiнi жапырақ тәрiздi және шағын (0,1 мм-ден 10-15 см-ге дейн) болады. Трематода денесi дорсо-вентральды бағытта жинақталған, үстi кутикуламен қапталған. Содан соң булшықет қабатымен бiрге терiлi-бұлшықеттi қап түзедi, онда iшкi мүшелер орналасады.
Трематодада бекiту, асқорыту мүшелерi, жүйке, экскреторлық және жыныс жүйелерi болады. Бекiту мүшесi емiзiкше боп табылады. Көбiне олар екеу (ауыз және құрсақ), сирек бiреу (ауыз) болады.
1 сүрет. Трематода құрылысы:
1 – ауыз емiзiкшесi; 2 – жұтқыншақ; 3 - өңеш; 4 – iшек бөлiгi; 5 – аналық жыныс тесiгi; 6 – аталық жыныс тесiгi; 7 – жатыр; 8 – сары дене; 9 – оотип; 10 – сары уыз ағып келуi; 11 – жұмыртқалық; 12 – шәует жолы, 13 – ен; 14 – iшек бөлiгiнiң соқыр шегi; 15 – экскреторлық қуыс; 16 – экскреторлық тесiк; 17 – Лауреров өзегi; 18 – Мелис денесi; 19 – ұрыққабылдағыш; 20 – жалпы еншығару; 21 – ен қуысы; 22 – құрсақ емiзiкшесi; 23 – жыныс бурсасы.
Асқорыту жүйесi түбiнде ауыз тесiгi бар, ауыз емiзiкшесiнен басталады. Оның соңында жұтқыншақ (фаринкс) қысқа оңеш, iшек болады. Iшек екi болiктен турады, паразит денесiнiң артында бiтеледi. Трематоданың аналь тесiгi болмайды, сондықтан қорытылмаған азық қалдығы ауыз арқылы шығады. Жүйке жүйесi жұтқыншақ маңында орналасқан түйiндерден тұрады, олар дененiң әр бөлiгiне таралады.
Экскреторлық жүйе паразиттiң денесiнiң артқы бөлiгiнiң тесiгi экскреторлы түтiкпен аяқталатын өзекшенiң күрделi бөлiгiнен турады.
Трематоданың жыныс жүйесi күштi дамыған және өте күрделi орналасқан.
Трематодалар (Schistosomatata подотрядынан басқасы) – гермафродиттер (екi жынысты).
Аталық жыныс аппараты бiр-бiр шәует жолына бөлiнетiн еннен тұрады. Олар бiрге қосылып, арнайы бұлшықет қабы – жыныс бурсасымен аяқталатын жалпы шәует жолын түзедi. Шәует жолының соңғы хитиндi бөлiгi циррус деп аталады. Ол жинақы мүшелердiң қызметiн атқарады.
Аналық жыныс аппаратында ұрық жұмыртқасының торшасын, жұмыртқа жолын жатыр түтiгi) бөлiп, жұмыртқалық пен шәуетқабылдағышты қосатын жұмыртқалық болады. Сондай-ақ оотипi сары денелермен көрiнедi, олар жұмыртқаларда қоректiк материалдарды өңдеп бөледi. Мелис денесiнiң секретi оотип пен жатырды шаяды, соның әсерiнен жұмыртқалардың жылжуын оңайлатады. Жатыры түтiкше тәрiздi болады. Оның бiр шетi оотиппен қосылған, басқа шетi қынап қызметiн атқарады. Әр түрлi трематодалардың сыртқы жыныс тесiгi әр түрлi дене бөлiгiне ашылады, жиi құрсақ емiзiкшелерiнiң алдына. Пiшiнделген жұмыртқалар сыртқы ортаға жатырдың сыртқы тесiгi арқылы түседi.
Трематода жұмыртқалары сопақ пiшiндi, сары түстi, бiр полюсiнде қақпақшалар болады.
Трематодалардың дамуы. Трематодалар – биогельминттер, олар аралық иелердiң ауысуымен (су және құрғақ жер моллюскалар), кейде қосымша (моллюскалар, балық, жәндiк) иелермен дамиды.
Жыныстық жетiлген мариттер сыртқы ортаға көп мөлшерде жұмыртқа бөледi. Жұмыртқаның сыртқы қабаты 4 бөлiктен тұрады: үш сыртқы қабаты механикалық зақымдардан, ал тортiншiсi – химиялық әсерден қорғайды. Қолайлы жағдайда жұмыртқадан 1-шi сатыдағы личинкалар – кiрпiкшемен қапталған мирацидий шығады. Мирацидий белсендi түрде моллюскаларға шауып, оның улпасына енедi немесе моллюскамен жұтылады. Кейде аралық иесi iшiнде мирацидий бар жұмыртқаны жұтады. Моллюскада мирацидий кiрпiкшелерiн жояды да, спороцистаға сосын редияға, редиядан церкарийға айналады. Церкарийлар моллюскадан шығып, құйрығының көмегiмен белгiлi бiр уақыт суда жүзiп жүредi де, өсiмдiк, тасқа жабысады, сосын құйрығын жойып, инвазиялық саты-адолескарийға айналады.
Қосымша иелердiң қатысуымен трематодалардың дамуында церкарий оның ағызасына түседi де, метацеркарийға айналады.
Дефинитивтi иелердiң ағзасына инвазиялық личинкалар шөппен немесе сумен түседi. Онда қабығы бұзылып, жас трематодалар әр түрлi жолмен маритке дамиды.
Ветеринарлық паразитологияға трематодалардың 5 подотряды маңызды болады.
Fasciolata - фасциолята – трематода дене пiшiнi мен көлемi әр түрлi. Ауыз емiзiкшелерi дененiң алдыңғы бөлiгiнде, құрсақ емiзiкшелерi оған жақын, ал сары денелер дененiң қабырға бойы орналасқан. Трематодалар бiр, кейде екi аралық иелермен дамиды.
Paramphistomatа - парамфистоматата – осы подотрядтағылардың құрсақ емiзiкшесi жақсы дамыған және дененiң артқы бөлiгiне қозғалған. Олардың дамуы бiр аралық ие қатысуы мен дамиды. Ауылшаруашылық малдарының месқарынын зақымдайды.
Heteroрhyata – гетерофиата – усақ және орташа трематодалар. Екi аралық иелердiң қатысуымен дамиды, метацеркарий балық және шаянтәрiздiлерде болады. Етқоректiлердiң бауырының өт жолдарында жиi описторхтар кездеседi.
Echinostomatata – эхиностоматата – бұл адоральды дискпен қаруланған және қаруланбаған трематодалар. Олар екi аралық иелердiң қатысуымен дамиды, сондай-ақ олардың қосымша иелерi моллюск, балық болуы мүмкiн. Суда жүзитiн құстардың көп түрiн зақымдайды.
Sсhistosomatata – шистосоматата – бөлек жынысты трематодалар. Емiзiкшелерi әлсiз дамыған, жұмыртқалары түртiкшелермен жабдықталған. Бiр ғана аралық иесi қатысумен, яғни моллюскамен дамиды. Сүткөректiлердiң және құстардың қан жүйесiн зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |